Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

4 Кесте Ауыз судың радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өлшем бірліктері

Нормативтері

Қауіптік классы

Жалпы

α- радиоактивтігі

Бк/л

0,1

Радиация

Жалпы

β- радиоактивтігі

Бк/л

1,0

Радиация

5 кесте Ауыз су сапасының органолептикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өлшем бірліктері

Нормативтері, аспауы керек

Иісі

Балл

2

Дәмі

Балл

2

Түсі

Градус

200 (350)

Лайлылығы

ЕМФ ( бұлдырлықтың формазин бойынша бірліктері) немесе мг/л (каолин бойынша)

2,6 (3,5)

1,5 (2)

СУДЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СУ КӨЗДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Халықты сумен қамтамасыздандыру – ағзаның физиологиялық қызметтерінің қалыпты өтуі және тіршілігінің жағымды жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті компонент.

Жердің беткі қабаты және жер асты су көздерінің түрлері бар:

  1. Тұщы сулардың жер беткі көздері:

  • Өзендер, көлдер;

  • көлтоғандар, тоғандар, арналар;

  • атмосфералық жауын-шашындар, мұздақтар, қар т.б.

  • Жер асты сулары:

    • грунт сулары;

    • пластаралық қысымсыз және қысымды (артезиандық) сулар.

    Халықты шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатымен жер беткі су қоймаларын пайдалану қалалардың және қала тұрғындары санының өсуімен байланысты туындап отыр, себебі суды пайдалаудың өсуімен байланысты оларды жер асты су көздері суымен қамтамасыз ету қиындауда.

    Жер бетіндегі сулар аз минералдығымен, қалқымалы заттардың көп болуымен, органикалық және микробтық ластармен жоғары деңгейде ластануымен сипатталады. Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық суларды ағызу, су қоймаларын демалыс аймағы ретінде пайдалану нәтижесінде олардың антропогендік ластану қарқындылығы өсе түсуде. Барлық ашық су қоймалары елді мекендердің аумағынан түсуші атмосфералық жауын-шашын және еріген қар суларымен қатты ластанады, әсіресе тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық суларды ағызу орындары.

    Жер беткі су қоймаларындағы судың органолептикалық қасиеттері және химиялық құрамы бірқатар жағдайларға байланысты болады. Судың жоғары түстілігі өзеннің батпақты жерлерден ағуында байқалады. Егер өзеннің арнасы сазды топырақтардан құралған болса судың лайлығы тұрақты болады. Ашық су қоймаларындағы су сапасының жағымсыз өзгеруінің табиғи факторы болып судың «гүлденуі» саналады, әсіресе жылы және ыстық климатта. Судың «гүлдену» кезеңінде суды пайдалану жағдайы нашарланады, су құбырының тазалау қондырғыларында оны тазалауы қиындайды. Сондай-ақ, көк-жасыл балдырлардың жаппай өсуінде суда уытты органикалық заттар жиналады, жаман йіс пен дәм пайда болады, су түсі өзгеріп, ауыз су қажетіне жарамсыз келеді. Әр түрлі ластардың үздіксіз түсуіне қарамастан, ашық су қоймаларының көпшілігінде судың сапасының прогрессивті ластануы байқалмайды. Оның себебі – су қоймасының өзіндік тазалануына келтіретін, көптеген физикалық-химиялық және биологиялық процесстер. Ол ең бірінші кезекте ластардың су қоймасы суымен сұйытылу және қалқымалы заттардың түбіне шөгу нәтижесінде жүреді. Суға түскен органикалық заттар су қоймасындағы микроорганизмдер тіршілігінің арқасында минералданады. Органикалық заттардың биохимиялық тотығуы суда еріген оттегінің қатысуымен жүреді, оның қоры атмосфера ауасынан суға диффузиялану арқасында толықтырылып тұрады. Ластанған судың өзіндік тазалануы оның органолептикалық қасиеттерінің жақсаруына және патогенді микроорганизмдерден тазалануына ықпал етеді. Өзіндік тазалану жылдамдығы судың ластану дәрежесіне, жыл мезгіліне және басқа жағдайларға байланысты. Шамалы ластануында су негізінен 3-4 тәулік ішінде өзіндік тазаланады.

    Жер асты сулары. Шаруашылық-ауыз су қажетіне жарамды тұщы жер асты сулары негізінен 300-500м тереңдікте жатады. Грунт сулары астыңғы жағынан су өткізбейтін қабаттан құралған, ал үсті су өткізбейтін қабатпен қорғалмаған. Оларға жоғары қабат сулары және грунт сулары жатады (1 сурет).