Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Габитов-Философия_pih

.pdf
Скачиваний:
105
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

делiнетiн менсiнбей қараушылықпен белгiлi. Бұл Гегель концепциясында тiркелген, онда Батыс философиясы Шығыс философиясынан əлдеқайда жоғары бағаланған. Бiр жағынан, Шығыс тұрғындары отаршылдыққа қарсы күрес барысында „мəдени империализммен” əртүрлi күрес тəсiлдерiн тапты. Бұл Шығыс ұлтшылдығының əртүрлi қалыптарында жалпыланды.

Шығыс философиясына үңiле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үндi, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көремiз (Степаняц М.Т.Своеобразие типов восточного философствования // Вопросы философии. 1987, N 6. 158-бет).

Сондай-ақ рационализмнiң, материализмнiң, активизмнiң, экстраверттiлiктiң, тағы да басқа бағыттардың əртүрлi қалыптары Шығыста өмiр сүргендiгi белгiлi. Шығыс философиясының ерекшелiгiнiң өзi - қатып қалған, қатаң бұлжымас флософия түрлерiнiң болмауында. Сондықтан да, жаңа европалық ойлау əдiсiнен шығатын өлшемдердi қолдану дұрыс емес.

Егер мейлiнше жалпылай қарасақ, философия адамзат мəдениетiнiң, оның дүниетанымдық əмбебаптылығының түпкi негiзiнiң рефлексиясы. Бұған бақсақ,

философия адамдар үшiн мiндеттi емес, тек оның тiршiлiгiн қалыптастыратын, əмбебап дүниетанушылық қана қажеттiлiк екендiгi белгiлi. Философия тек мəдениеттiң күйзелу кезеңдерiнде ғана қажет. Ол кезде мөлдiр, айқын даналық əдiстерi қажет болады. Ал дəстүрлi салыстырмалы түрде жай дамитын мəдениетке тура философиялық емес қалыптағы даналықтың өзi керек.

Бұл əдiс Шығысқа тəн, өйткенi даналық бұл жерде орта ғасырларда туындап, оның кəсiпқой философия ретiнде қалыптасқан университеттiк түрi болмады. Сондай-ақ рационалдық бағыттағы даналықтың басқа да түрлерi кездеспейдi. Философия мəдениеттiң дүниетанымдық негiздерiн толғағанда жаңа мəндердi дүниеге əкелетiнi белгiлi. Бұл əмбебапшылықты бейсаналықтан суыртпақтайды, оларды ой елегiнен өткiзiп, „философем” қабатын, яғни философиялық ұғымдар мен категорияларды түзедi. Бiрақ, Шығыста философиялық емес қабаттардың басымдығына байланысты бұл ұғымдар (текстердiң) көркем жəне дiни мəндегi əдебиеттердiң дəстүрлi түрлерiнде малтығып қалады. Бұл философиялық дүниенiң зерттелуiн əлеуметтiк мəдени (контексте) мəнде

құруға мəжбүр етедi. Дүниетанымдық бағыттағы мұралардан „философемдi” жiктеп алуға көбiрек күш жұмсауды қажет етедi.

Қазақ қоғамы үшiн философиялық емес қалыптағы даналық тəн. Ол адам тiршiлiгiн қалыптастыратын дүниетанымдық əмбебаптылық дəрежесiнде қолданылады. Сондықтан да шығыс „философемi” дəстүрлi көркем жəне дiни əдебиеттерде малтығып, философия тарихшыларын философиялық жүйенi əлеуметтiк аспектiде зерттеуге, дүниетанымдық бағыттағы текстердi тануға итермелейдi.

 

 

2.2. Қазақ философиясының қалыптасуы

 

Мемлекет

негiзi əлсiз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа

ықпал ететiнi

белгiлi. Ал қазақтың ата

тектерiнде жəне

қазақтарда да

мемлекеттiлiктiң

тарихи жағынан əлсiз болғаны

белгiлi. Табиғат

əрқашан Қазақстан

тұрғындары үшiн абсолюттiк жəне мəңгiлiк дүние

бастауы, бiрден бiр ақиқат болды.

Ол өздiгiнен

жаратылған, тiршiлiк етудiң имманенттiк себептерi мен

факторларының,

белсендiлiк

пен

эволюцияның негiздерi болды. Адамдарға

алғашында табиғат

заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана қалды. Оның себептерiн түсiнiп жəне соған өз болмысын құрып, табиғат катаклизмаларынан қашқақтап отырды. Табиғат бұл жерде адамдарға тұрмыстың формалары мен əдiстерiн, көшпендiлiктiң немесе егiншiлiктiң таңдауларын белгiлеп беретiн ғалам ретiнде көрiнедi.

Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық ұстанымына адалдығын дəлелдеп отыруға мəжбүр еттi, өйткенi тiршiлiк етудiң ауыр жəне қатал жағдайлары руластардың əлеуметтiк бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермедi, əйтпесе оларға рудан аластауы, көп жағдайда мұның арты өлiмге апарып соқтыратын едi. Дүниенi сезiну айқындала түстi, дүниенi түсiну айқын əрекеттерге итермеледi, дүниетаным нақты жағдайдан туатын, шын айқын болды. Табиғат дүниенiң аяқталған қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бiр бөлшегi ғана болды.

Алайда,

адамзат

баласының

 

даму эволюциясының нəтижесiнде еңбектiң

практикалық жəне жаңғыртушылық қызметi бiрте-бiрте түсiнiктi

бола

түстi, сөйтiп

табиғи ортаны

адам қажетiне

бейiмдеп,

қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Егiншiлiк

пайда болады, жинаушылық бау-бақша

өсiруге

айналады.

Үй

малдарына

шөп

шабу iске асады.

Табиғи ортаны

бейiмдеуден адамдар

оны

өңдеуге ауысады.

Оның ендi бiр формасы

аңдарды

қолға

үйрету

болды.

Жабайы

жылқыны

қолға

үйрету

жабайы

мал

өсiру

мен

 

көшпендiлiкке

жол

ашты.

Бұл

сол

заманда

прогрестiк құбылыс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи ортаны өзгертудiң

пайда

болуы

философиялық

көз-қараста адамның

айқын мақсатты қызметiн, мақсат

 

қою факторын өмiрге

келтiрдi.

Мұның өзi

адамның

табиғаттан

 

бөлiнiп

 

дербес

(сущность)

тiршiлiк

иесi

 

болып

қалыптасуының алғы шарты едi. Адамның мақсаткерлiк

қызметi

объективтiк

процестiң шешушi

формасы болып

 

табылады. Бiртұтас,

бiрақ қарама-қайшылықты

процесте

ол

табиғи

заңдылық

жəне

адамдардың

мақсаткерлiк

қызметi

ретiнде

көрiнiс тапты. Тұтас дүние қалпы

ендi

үнемi адамдардың

мақсатты

қызметiмен,

оның „табиғи бөлшегi”

емес,

оның

əмiршiсi,

өзгертушiсi

болуға

 

ұмтылған

əрекетi

нəтижесiнде бұзыла бастады. Əзiрге

мұнда ешқандай оғаштық

жоқ едi бiрақ

көп

ғасырлардан

кейiн бұл

əрекет

экологиялық

жəне

антрапологиялық

дағдарысқа

əкеп соқтырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат əлемi адамдардың мақсаткерлiк қызметiнiң барысында адам əлемiне

айналады. Ендi қажеттiлiктiң „темiрдей ерiк-жiгерiн” талап ететiн табиғи

заңдылықтар емес, адамдардың ерiктi қызметi шешушi рөл атқарды. Олар сыртқы жағдайлардың детерминациясы сияқты емес, бостандық заңы бойынша əрекет еттi.

Мүлiктiк теңсiздiкке негiзделген қоғамдық құрылыстың ұйымдасуы материалдық өндiрiс процесiнде танымдық баға беру жағдайларының енгенiн көрсетедi. Осының өзi жалпы алғанда кейiннен тiршiлiк етудiң дүниетанымдық бағдарына жеткiзедi. Қоғамдық санада олардың өзi-ақ əлеуметтiк мiнез-құлықтың нормалары, салты, дағдысы ретiнде қалыптасады да, адамдардың қауымдастығының, сондай-ақ қазақтың арғы тегiнiң де өмiр сүруiн реттеп отырды.

Бұл жердегi көзделген мақсат жартылай көшпендi мал өсiрудiң өндiрiстiк қатынастары қазақтың ата тегiнiң дүниетанымдық бағдарының қалыптасуына қалай əсер еткенiн өткiзу немесе адамдардың өндiрiстiк қызметi „нақты тұрмыс жағдайымен”

қалай

байланысты

болғанын бiлу. Ал

кез-келген қоғамда

тұтыну

үшiн ұдайы

өндiруге тиiс, бұл

əрбiр қоғамдық құрылыс үшiн

де, сондай-ақ қазақтың арғы тегi

өмiр

сүрген қоғам

үшiн де бұлжымас заң

болып

табылады.

Қандай

да болмасын

өндiрiс процесiндегi қоғамдық форма барлық жағдайда үздiксiз болу керек, яғни барлығы да мезгiл-мезгiл қайталап сол кезеңде өтуге тиiс. Қоғам тұтынуды тоқтата

алмайтыны сияқты, өндiрiстi

де тоқтата алмайды. Сондықтан да өндiрiстiң кез-келген

қоғамдық процесi өзiнiң жаңғыруының

тұрақты

байланыста

жəне үздiксiз

тасқынында

бола отырып,

сонымен бiрге

ол

ұдайы

өндiрiс процесi де болып

табылады.

Көптеген ғасырлық шежiресi бар,

ал

Қазақстанда осы

күнге дейiн өмiр

сүрiп отырған жартылай көшпендi мал өсiру кəсiбi осы халықтың өмiр сүруiнiң аса

терең тамырларына

нəр бередi. Мұның өзi болмыс принциптерi мен адам баласы

жасаған игiлiктерге

келiп

қосылады. Оның үстiне бұл

игiлiктер ежелден келе

жатқандығы сонша,

олар

адамға нəресте күнiнен қанына

сiңген қасиет, сондықтан

да көбiнесе санасыз əрекеттерге барғанымен, оның түпкi мəнiн түсiне алады. Бұл адам санасында жиi кездесетiн, қанында бар, туа бiткен жəне атадан қалған мiнезқұлықтың формалары, оларды жеке адамның өзi өмiрi арқылы түсiндiруге болмайды. Бұл дүниедегi барлық заттардың өз тарихы бар, яғни ақыл-ойдың да өз тарихы болуға тиiс. Оған адамның антогендiк сатыдағы санасы даму кезеңге жол салады.

Дамудың бұл сатыларында дамудың нақ сол филогенетикалық тұрақтылығы жасалады, бұған адамның ақылесi болған; өзiнiң қатысы болмайды, бiрақ қайта жаңғыртып отырады. Басқаша айтқанда, баланың өзiндiк даму барысында оның арғы тегiнiң филогенетикалық сатылары қайта жаңғырады. Бұл тəрбие барысында жүзеге асады, сонан соң санасыз түйсiк құрамына кiредi де санаға əсер етедi. Яғни психика мен сана екеуi екi басқа нəрсе. Оның құрамында сонымен қатар

адамның өмiр сүруiне ықпал ететiн үлкен санасыздық бөлiгi

бар

болып

шықты.

Бұл архаистiк (көненiң)

қалдықтар (З.Фрейд) адам

психикасының

ескi бөлiгi

жəне „коллективтiк

образдар” мифологиялық тақырыптар

арқылы оның негiзiн

құрайды. Нелiктен бұдан екi

мың жыл бұрын өмiр сахнасынан

кеткен

мифтер үнемi

жаңғырып отырады

жəне

бұл құбылыс бүгiнде де

неге

бiздiң

санамызда

белсендiлiгiн сақтап қалған деген сұраққа жауап iздесек, ол мынадай болмақ. Мифтер адамның ойлау аппараттарында үнемi базистiк бiлiм ретiнде қатысып отырады. Кейiннен бұл архаистiк қалдықтар психикалық талдаудың басқа мектептерiнде мифологиялық бейнелер мен тақырыптардың саналы көрiнiсi болып табылатын архетиптер немесе прообраздар ретiнде танылады. Мыңдаған жылдарға созылған жартылай көшпендi мал өсiру кəсiбi, оның батыр, ат, көш, киiз үй, алыс елдер, замана, көш-қоныс кеңiстiгi, жылы оңтүстiк аймағы, „сарғая күткен қалыңдық” тағы да басқа көптеген тақырыптары тек қана тiкелей өндiрiстiк қатынастардың ықпалымен ғана емес, қоғамдық мəдениеттiң болуымен, яғни белгiлi бiр тiршiлiк салтының əсерiнен пайда болады.

Қазақтың ата тегiнiң болмыс шындығына тiкелей жақын болуы – олардың бақылайтын, қабылданатын, дүниеге сезiмдiк тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңiстiктi, адамның iшкi дүниесi, тiршiлiк етудiң басқа да жақтарын, болмыс мəнiн, ар-ождан бастауларын түсiнуiнен өз көрнiсiн тапты. Мұның бəрiнiң нақты өмiрде нақты түп тамыры бар, осыдан келiп басқа ешбiр дүние түсiнiгiмен шатыстыруға болмайтын дүниенiң ұлттық образы, дүниетанымы пайда болады.

Қазақтың ата тегiнiң мəдениетiне назар аудару ондағы этностың менталитетi ұғымын түсiнуге мүмкiндiк бередi. Яғни, бұдан қоғам мүшелерiнiң барлығына қатысты жəне индивидуалдық деңгейде көрiнетiн қоғамда ұжымды түрде қалыптасатын ойлау жəне психика құрылымын ұғынамыз. Мəдениеттiң бұл „ферментi” əрбiр адамның əлеуметтiк мiнез құлқында шешушi рөл атқарады. Өйткенi ол оның санасында орныққандықтан оған қоғамдық қозғалыстың жолын айқындайды, сан қилы өмiр сəттерiне бағдар бередi, ең бастысы, барлық объективтi мүмкiндiктердiң iшiнен өз қалауын таңдауға жөн сiлтейдi. Егер түйсiк дəрежесiндегi қалау архетиптiк қалыптың базасында жүзеге асып, инстинктер импульстерде көрiнiс тапса, ал менталитет „ғылыми мiнез-құлық” пен əдет-ғұрыптардың жиынтығы негiзiнде бағдар таңдауы талап етедi, бұларды тəрбие мен бiлiм беру т.б. арқылы коллектив бередi.

Адамдардың материалдық-өндiрiстiк қызметi процесiнде танымдық қатынас практикалық тiршiлiк ету қызметiнiң мұраты ретiнде көрiнедi. Қоғамдық өндiрiс процесiнiң өзiнде адамның мақсаттары мен қажеттiлiгi, қызметтiң заты, құралдары мен нəтижелерi туралы ұғым пайда болады. Сондықтан сапа өз бойына тiкелей материалдық өндiрiс саласымен тiкелей байланысты жəне материалдық мəдениет ескерткiштерiнде өз iзiн қалдырған өзiндiк болмыс категориясы болып табылады.

Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар, тас дəуiрiнен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезiмге негiзделген заттың əрекет процесi басталды. Көне адам Қаратау жотасының салаларына орналасты; мұны шелль-ашель дəуiрiнiң ескерткiштерiнен көремiз. Бұл жерде көне кремниден жасалған ежелгi тас құралдары табылды. Одан бас жағының жартысы соғатын шүйде етiп жасалған шоқпардың нобайын байқаймыз. Бұдан кейiн пайда болған шоқпардың немесе

сойылдың белгiсiн көремiз. Көне екi қырлы шабу құралы-қырғыш, өткiр ұштықтар

табылған. Бұдан кейiнгi ашель-мустьерлiк кезеңде құралдар күрделiленiп бизонға, бөкенге, марал мен тарпаңды аулауға қолданылатын түрге ендi. Кремниден жасалған құралдармен қатар халцедон пайдаланылады. Өндiрiс қызметiнiң нəтижесiнде тастың сапасы да өзгере бастайды. Тас құралдарды өңдеу үшiн сүргiш жəне жонғыш ретiнде сүйек пен мүйiзден жасалған құралдар пайдаланыла бастады. Заттың жаңа қасиеттерi мен сапасын анықтау оны адамның заттық қызметiне тартудың негiзгi жолы болды. Тас құралдарды одан əрi дамыту оның сапасын жетiлдiру жолымен жүзеге асырылды.

Тас құралдар уақыт өте келе өзiнiң сапасы жағынан дамып отырған өндiрiстi қанағаттандыра алмады. Сөйтiп мыстың жəне қалайының қорытпасын, қорғасын , мырыш қосып дайындалған қоланы еңбек құралдарын, аңшы қаруларын жасаудың негiзгi шикiзаты ретiнде пайдалану кең тарады. Тас шапқыштардан əдемi де берiк металлға көшуден қазақтың ата тегiнiң де сапалық артықшылықтарды пайдалануда алғаш басушылық болғанын көремiз.

Қола дəуiрi барлық халықтар арасынан бақташы тайпалардың бөлiну жəне

алғашқы iрi қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң болу тарихымен байланысты. Бұл бiрден материалдық мəдениеттiң дамуында қозғаушы күш болды. Терi шалбарлар пайда болды, ал, көршi халықтар мұны тез-ақ қабылдап алды. Ауыздықтың, айыл, құйысқан, ер-тоқым, найза, жебе ұштарының қажеттiлiгi металлургия мен тау кен өндiрiсiнiң жедел дамуын туғызды. Қоғамның неғұрлым сапалы өндiрiс құралдарына жəне қаружараққа зəрулiгi Жезқазғанда, кендi Алтайда, Қаршығада, Жалтырда, Ащылыда, Ұратөбеде-мыс; Атасуда, Қалбада, Нарымда - қалайы; Степнякта, Қазаншұңқырда, Балажалда, Ақжалда, Далбада, Майқапшағайда, Ақабекте - алтын өндiрiсiн дамытты.

Қоланың сапасы еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға ғана емес, сондай-ақ тұрмыс заттары мен əшекейлiк заттарды дайындауға да мүмкiндiк бердi. Мұның өзi құю, нақыштау, жылтырлау, майдалау заттарды əрлеу өнерiн көркемдiкке жеткiздi. Əйткенмен бiраз уақыттан кейiн Қазақстанның байырғы тұрғындарын қоланың сапалық қасиеттерi қанағаттандырмады жəне солақ дəуiрiнде жалпы адамзат баласы дамуында революциялық рөл атқарған аса маңызды шикiзат темiрге көштi. Темiр құю өндiрiсi қызыл жəне қоңыр темiр рудаларын қорытудан басталды. Өндiрiлген шойын мен темiр ат əбзелдерiн, қару-жарақ, тұрмыс саймандарын дайындауға кеңiнен пайдаланылды. Акинак пен пышақ дайындауда темiр қоланы тез арада ығыстырып шығарды.

Ғұндардың өзi заттары мен тiршiлiк иелерiне сапа тұрғысынан қарады. Мейлiнше күштi, күтiм тiлемейтiн, алыс жорықтарға төзiмдi асыл тұқымды жылқыларды өсiргендi дұрыс көрдi. Тайпа көсемiн оның сапалық қасиеттерiн бағалай отырып сайлады. Оның қасиеттерi неғұрлым күштiлiгiмен, айлалығымен жəне көргендiгiмен бағаланды. Мұндай сапалық қатынас мынадан да көрiнедi. „Күштiлерi айлалы жəне дəмдiнi жейдi, қартайғандары солардың қалдықтарымен тамақтанады. Жастар мен мықтыларды сыйлайды, қариялар мен əлсiздерге құрмет аз” (Бичурин Н.Я. Собрание

сведении о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. М., 1950, т.1. 40-бет).

Жауынгердiң қылыш шабу өнерi-жауынгерлiк сапаның шығу формасы болды. Жiгiттiң сапасы ретiнде батыр таңдап алынды. Халық тарихында оның орнының зор екендiгi белгiлi. Оның өз басына тəн сапасы мен қасиетi, ерлiгi мен қаһармандығы, өрлiгi мен өжеттiгi ерекше мəнге ие болды. Мұның халықтың қалыптасуында орасан зор мəнi болғандығы сондай, басқаларда, тiптi көршiлес халықтарда да батырлардың, бағадүрлердiң маңызы зор болғанымен, батырлар қоғамдық мəндiлiгi жағынан қазақ қауымындағыдай дəрежеге жете алмады. Бұл мекендеген аймақтың кең байтақ кеңдiгi мен оны қорғап сақтау қажеттiгiнен, қорғаныс факторының маңыздылығымен байланысты.

Қабанбай жəне Бөгенбайдың, Наурызбай жəне Сыпатайдың, Малайсары мен Тайлақтың, Жəнiбек пен Өтегеннiң, Саурық пен Əбiлқайырдың, Құлашбек пен Естербектiң, Баян мен Таукеннiң, Бұхарбай мен Ағыбайдың жəне басқа көптеген батырлардың қазақ халқының есiнде сөнбес ерлiктiң үлгiсi ретiнде қалып, ерлiк бейнелерi батырлық эпостарда көрiнiс тапты. Бұл батырлық дəрежеге жетiп, қол бастап қана емес рулар мен тайпаларды аузына қаратып, билiк айтқан жiгiт сапасының қандай мəнге ие болғандығын көрсетедi. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасы ерлiкпен қолбасшылық таланттың жарқын үлгiсi болғанын Кiшi жүз ханы Əбiлхайырдың абырой - атағының бастауы болғандығын айтса да жеткiлiктi.

Тарихи деректер көрсеткендей, Жетiсу қазақтарының арғы тегi асыл тұқымды жылқылар өсiрдi. Бұл көршiлес елдерде, əсiресе Қытайда қызу қанды жүйрiк тұлпарлар ретiнде аса жоғары бағаланды. Үйсiн жылқылары, теңлiк қорғанынан табылған алтын (пластинка) тақташада бейнеленгендей iрi жəне биiк, бұлшық еттi, басы үлкен жалы мен құйрығы өрiлген немесе күзелген. Олар, əрине, Персеполь рельефiндегi жəне Петров коллекциясындағы Сiбiрден табылған алтын тақташада бейнеленген сақ жылқысына ұқсайды. Бұл жылқылардың құндылығы сондай, олармен бекзада қалыңдықтардың, хан қыздарының қалыңмалын берген. Бұл уақытта Изюцюань бекеттер мен бекiнiстердi Юймыняға дейiн қойды. Үйсiн 1000 бас жылқыны ханшаның қалыңына айдатты. Хан сарайынан император тегiнен Цзян дуесiмдi ханшаны ұзатты. Сапаны айқындаудағы осы дағды қазақтарда осы күнге дейiн сақталған.

Сан ұғымы заттарды есепке алуды қалыптастырумен жетiлдiрумен, оларды өлшеумен, объектiлерге əртүрлi сандық сипаттамалар белгiлеу жолымен пайда болады. Былай айтылады: „Үйсiндерде жылқы көп, олардың ең бай адамдары төртбес мың жылқы иелендi” (Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961 120-бет). Мал өсiрудiң дамуы сандық айқындылықты дүниеге əкеледi. Санның онтологиялық сипаттамасы барлық кезде кеңiстiк пен уақыт

болды. Сандық қатынастар алғашында өлшеу барысында жiктеледi. Бұл бiрден-ақ сезiмдiк құрметке пайдаланылды, яғни мал басын түгендеуде, өзен жағалауларындағы, аңғарларындағы егiн салынатын жерлердi бөлiскенде қолданылды.

Қазақтың ата тегiнiң еңбекқорлық қызметi кеңiстiк ұғымының дамуына алып

келдi, яғни мың шақырымнан астам көш жолдары талай ай мен күнге

созылғандықтан кеңiстiк ұғымы пайда болды. Тiптен күндiк көш жолы бiркөш, сондай-ақ қозы көш, апталық көш т.б. қашықтық мөлшерi белгiлендi. Қыстаулар мен отырықшы мекендерде нақты белгiленген, арықтармен бөлiнген, отбасы мүшелерiнiң санына байланысты 60-150 шаршы метрден бөлiнген жер иелiктерi болды. Бұл кеңiстiктi геометриялық игеру мен оны өлшеу қызметiн, сондай-ақ суармалы жердегi егiстiң тиiмдi көлемiн көрсетедi. Ал ендi тəлiм егiстер, зерттеу жұмыстары көрсеткендей, əлдеқайда көп мөлшерде игерiлдi. Өйткенi бұл жерлер онша құнды болмады, тəуекел жағы басымырақ болды (тəуекелдi егiншiлiк аймағы). Сондықтан, сан ұғымы мал өсiру мен егiншiлiк процестерiнде қатар қалыптасты. Бұл қазақтың ата тегiнде бiрыңғай таңбалы жүйе болғандығын көрсетедi. Мұнда адамдардың əлеуметтiк тəжiрибесiнiң коды тiркеледi. Қарапайым санау операциясынан бастап, санның негiзгi субкатегориялары – сан, шама, құрылым т.б. қалыптаса бастады.

Тауар өндiрiсiнiң дамуы, ақшаның пайда болуы өмiрдi сандық тұрғыдан игерудiң жолындағы маңызды кезең болды. Қазақтың ата тегiндегi өндiрiстiң əртүрлi формалары

– мал өсiру, егiншiлiк, бағбандық, бақша өсiру – отырықшы жəне көшпендi халықтар арасында сауда қатынасының кең қанат жаюына жағдай жасады. Яғни мал өсiру мен егiншiлiк тауарларына сандық арақатынас белгiлендi. Қоғамның өз iшiндегi саудасаттықтың кең таралуы, көршiлес елдермен айырбас үшiн оның мəнi, Ұлы Жiбек жолының, Еуропа мен Қытай аралығындағы керуен жолдарының болуы – сандық айқындылықты жоғары орынға қойды.

Iс жүзiндегi арифметиканың қажеттiлiгi саудадағыдай сияқты соғыс iсiнде де қажет болады. Қытай жалнамашылары былай деп жазады: „Үйсiн басы шабылғаны бар, əскери тұтқыны бар, 40000 жауды қолға түсiрiп, жылқылар, бұқалар мен қошқарларды, есектердi, түйелердi 700000 бастан астамын олжалап, тұтқындарды айдап, өз елдерiне қайтып келдi” (Кюнер Н.В. Китайские известия. 82-бет). Əскери қажеттiлiктер, қол жинаудағы, контрибуция жəне олардың төленуi сандық көрсеткiштердiң қолдануы аясын кеңейтудi қажет еттi. Əйтсе де сандық ұғымдардың негiзгi қолдану аясы – сауда мен айырбас болды. Бұл жеке меншiктiң шығуымен байланысты одан ары дамыды, ал оның қазақтың арғы тегiнде ежелден келе жатқаны күмəн туғызбайды. Жеке меншiктiң пайда болуына орай байлық ру басылары иелiгiндегi жылқы санымен өлшене бастады. Адамдар асқан

байларға (4 – 5 мың жылқы), орташа байларға (1–2 мың жылқы ) жəне аздаған малы бар қатардағыларға бөлiндi. Жеке меншiк өлшемiнiң осы тенденциясы XX ғасырдың басына дейiн қолданылды. Жекелеген феодалдардың жеке меншiгiндегi жылқы саны 17 – 18 мың болды.

Сезiмдiк-заттық қызмет барысында малшы мен диқаншы күнделiктi кездесiп отыратын бастау сандық шамалар пайда болды. Олар жылқы саны мен игерiлетiн жер

көлемi. Тiптi ежелгi түрiктердiң өзiнде-ақ санның бiр формасы ретiнде кеңiстiк пайда болады, ол көлем өлшемiнiң көрiнiсi ретiнде ғана емес, сонымен қатар көшi-қон кеңiстiгi ретiнде үлкен маңызға ие болды. Көшпендiлердiң шығыстан батысқа дəстүрлi түрде жылжуына, сонымен қатар олар күндi құдiрет тұтуына байланысты шығыстың олар үшiн қадiр-қасиетi басым болды, жердiң басқа бөлiктерi оған тəуелдi деңгейде тұрды,

көшпендiлiктiң дамып өркендеуiне байланысты бұл шығыс ырымын онша ұстана бермейтiн болды. Мұны киiз үйдiң есiгiнiң орналасуынан көруге болады. Алғашында ол шығысқа бағытталатын, ал кейiннен орналасқан жердiң бедерiне тəуелдi болды. Иакинф былай деп жазды: „Тұрақты мекен-жайы жоқ, бiрақ əркiмнiң өз жер иелiгi бар (жайылым болса керек). Хан əрқашан Дугинь тауын жайлайды. Оның ордасына шығыстан кiредi, елге күн нұрының шапағы төгiлетiн жақтан” (Бичурин Н.Я. Собрание сведений…т.1.230бет).

Кеңiстiк бағдары қазақтардың ататегi мен ежелгi түрiктердiң басқа халықтардан ерекшелiгiн үйлерiнiң есiгi шығысқа қарауынан-ақ байқауға болады. Ғұндар жайлы да былай делiнген: „шаньюй ертемен қосынан (лагерь) күнге табыну үшiн, кешке айға табыну үшiн шығады. Ол жүзiн сол жаққа солтүстiкке берiп отырады” (Бичурин Н.Я. 50-бет). Ғұндардан қалған бұл дəстүр түрiктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түрiктер екендiгi жайлы болжамды қуаттайды. Киiз үйлерiнiң есiгi əрқашан оңтүстiкке ашылған моңғолдардан айырмашылығы осында.

Бiр қызық жəйт, моңғол қазақтарының киiз үйiнiң есiгi осы жергiлiктi тұрғындардың үйi

сияқты оңтүстiкке қарайды, ал түндiгi түрiк дəстүрiндегiдей шығысқа қарайды.

Таным бағдарында шығысты құрмет тұту ежелгi тас балбалдардан да көрiнедi. Түрiктердiң ежелгi молаларының барлығының жүзi шығысқа қаратылады. Тiптен көне түрiк тiлiнде шығыс алдыңғы жақ, батыс – арқа бет, ал оңтүстiк – оң, солтүстiк сол жақ болып есептеледi. Күлтегiн ескерткiшiнде былай делiнедi: „Iлгерi – күншығысқа, оңға – түстiкке, кейiн – батысқа, солға - терiстiкке” (Малов С.Е. Памятники древней тюркской письменности. 27-бет). Əйткенмен көшпендiлiктiң дамуымен бұл бағдар өз мəнiн жоғалта бастады. Егер есiк пен түндiктiң шығысқа бағытталуы күннiң алғашқы сəулелерiн сезiнуге мүмкiндiк берсе, ал бұдан кейiн күн сəулесiнiң шаңырақ шеңберiн бойлай жылжуы жəне уықтар ерекше бiр уақыт өлшеушi сағат ретiнде қызмет атқарады. Ал бұл кеңiстiкте орналасудың қатаң тəртiбiн жасады. Тек кейiннен басқа мекендерге көшкенде түрiктiң ататектерi есiктi еркiн, желдiң ығына, киiз үйлерiн алдын кең көрiп отыратындай етiп тiгетiн болды. Қазақтардың өздерiнiң басым бөлiгi киiз үйдiң есiгiн оңтүстiк-шығысқа қаратып тiктi. Бұл солтүстiктен батысқа бағытталған желдiң əсерiне, табиғаттың жағдайларына байланысты болды. Киiз үйдiң есiгi мен оның орналасуы киiз үйдi тiгудi есiктен бастаумен түсiндiрiледi (Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. А.,1964). Киiз үйге егжейтегжейлi тоқталуымыздың себебi, ол бағзы заманнан көшпендiлердiң дəстүрлi тұрақжайы, өзiндiк ерекшелiктерiмен осы күнге дейiн сақталды. Сондай-ақ көшпендiлiкке мейлiнше жақындылығы тұрғысынан əлем бiтiмiнiң үлгiсi болды.

Киiз үйдiң неғұрлым кейiнгi түрлерiнде айтарлықтай дəрежеде шындық пен символдың бiрлiгi жоғалған. Сондықтан да өн бойында, жарық сəулесiне бет-бағдар алуында, iшкi жасау-жиhаздардың жиналуында күнделiктi пайдаланылуы мен отбасы мүшелерiнiң орындарының белгiленуi жəне т.б. өн бойына маңызды сипат сыйғызған киiз үйдiң алғашқы формаларын зерттеу ерекше маңызды.

Киiз үйдi зерттеу, оның əлемнiң үлгiсi ретiнде көшпендi үшiн жоғарыдан төңкерiлiп,

адамды өзiнiң iшiне енгiзетiн көк күмбезiн құрайтынын көремiз. Бұл киiз үйдiң мəнiн жаңа қырынан аша түседi. Материалдық жəне рухани салттар мен дəстүрлердiң бiрлiгiнiң жарқын үлгiсi болған киiз үй бұл тұрғыда шындықтың, символдың жəне оны пайдаланудың бiрлiгi ретiнде көрiнiс тапқан. Мұны тұрғындардың өзi көбiне мойындай бермейдi немесе осы үшбұрыштың бiр қырын ғана мойындап, басқаларын жоққа шығарады. Киiз үй кеңiстiгi жайлы ой елегiнен өткiзе отырып, оны көп ғасырлық тəжiрибелiк саралаудан өткен шығармашылық еңбектiң нəтижесi ретiнде, көшуге аса қолайлы тұрақ-жай ретiнде бағалауға болады. Оның берiктiгi, құрылысының сəулеттiлiгi мен нықтылығы, ағаш сүйегi мен туырлығы, үзiгi, оның жасау-жиhазының əсемдiгi мен үйлесiмдi бояуы, жабдығы, тоқыма бұйымдары киiз жəне басқұр баулардағы, ағаш, терi жəне басқа да заттардағы кесте, ою-өрнегi – шығармашылық туынды ретiнде айтуға тұрарлық.

Бiздi киiз үй кеңiстiгi қызықтырады, бұл тұрғыда оны ежелгi грек ғарышына ұқсатуға болады. Грек ғарышы сұлулық заңдылығы бойынша салынған, сондықтан да ол кеңiстiктiң артықша нүктелерi арқылы қиыстырылған. Дəл сол əлем жаратылысының жемiсi табиғатпен бiте қайнасқан жер мен көк, су мен от, жоғары мен төмен сияқты киiз үй кеңiстiгi жасанды жəне хас шеберлiкпен жасалынған табиғаттың бiр бөлшегi iспеттес. Киiз үйдегi ең сыйлы орын төр болған. Қатаң түрде əйел жəне еркек болып бөлiнедi. Осыған сай еркек жақта Радлов жазғандай „ер адам қолданылатын заттардың барлығы iлiнiп тұр: мылтық, оқшантай, жүген, белбеу, ат əбзелдерi, ертоқым, жүк ершiктерi, қамшылар т.б. Ал төсектiң оң жағында əйелге тəн бұйымдар орналасқан. Əйелдердiң ер-тұрманы, содан соң есiкке жақын шаруашылық жабдықтары мен ыдыс-аяқтар”.

Бұл кеңiстiктегi барлық жасаулар мен орындар белгiленiп қойылған. Бұл тұрғындар мен қонақтарға ырымдық тежеулер мен шектеулер жасайды. Мəселен, табалдырықты басу отағасын қорлау, сыйламау болып саналады. Қонақтарға ошақты айнала күн жолына ұқсас сағат тiлiне қарсы жүруге тыйым салынады. Көне түрiктерде мынадай салт болған: „Хан көтерiп таққа отырғызғанда жақын билер мен бектер ақ киiзге отырғызып күн бағытымен тоғыз рет айналдырады. Əр айналдырғанда ел басшылары тағзым етедi. Бiрақ əйел адамдарға үйдiң артымен шығуға рұқсат етiледi. Өйткенi оларға құрметтi жақтан, төрден, ошақ пен қонақ арасынан жүруге рұқсат етiлмедi.”

Ортадағы ошақ барлық көшпелi елдерде құрметке ие болды, қасиеттi орын деп саналады. Отағасының қаза болуы немесе ұрпақтың болмауы, от басының құруы – ошақтың сөнуi, ұрпақ - түтiн түзетушi деген ұғымдар қолданылуы бекер емес. Оған түкiруге, сүт немесе су төгуге болмайды. Күлiн шашуға, үстiне отын жағуға, қоқыс тастауға, одан от тұтатып, шашуға тыйым салынады. Əйтпесе от басына ауру, бақытсыздық келедi деп ырымдап отырған. Киiз үйдiң басқа орындары да назар аударуға тұрарлық. Халықтың жылсанағы бойынша жыл қайыруды тышқаннан бастайды.

Сондықтан да оның атымен тұрақ-жайдың құрметтi орны сандық жиналатын, қонақ жайғасатын төр аталады. Тышқаннан кейiн сиыр атымен төр мен кебеже аралығындағы орын аталады жəне сиырмен бiрге от басына келетiн молшылық бейнеленедi. Отағасы отырар жер „жолбарыс” аталады. Өйткенi ерлiк пен билiктiң символына одан басқа ешкiм таласа алмйтын. Одан əрi əйелдiң (қоянның) нəзiктiк пен бой ұсынуды көрсететiн орны

белгiлендi. Əйелдiң жанында ас, дəм, көк пен жер тартуы – тағамы еңбекқор ұлумен бейнелендi. Одан əрi жыланның кеңiстiгi орналасты. Жерден шыққан жылан ыдыс-аяқ, шелек, құман орналасқан жерге су əкеледi деп ұғылды. Жылқы кiре берiсте қозғалыс символы ретiнде орналасты. Одан соң жетiм-жесiр, кем-кетiктiң, кедейдiң қайыр немесе күтiм тiлейтiн босағасы - қойдың кеңiстiгi деп саналды. Одан əрi дана, жақсы сапар тiлеушi, ерекше жануар мешiн кеңiстiгiнде қымыз құйылған күбi мен қару-жарақ жəне ат əбзелдерi орналасты, осы жерден сусындап, атқа ер салып, қаруды қолға алуға болушы едi. Одан соң құстың орны белгiлендi. Бұл жердi үйдегi жастар мен өз бойларында өсiпөну қуаты бар қонақтар иелендi, одан соң жоғарырақ еркек қонақтар орналасты. Бұл жер иесiне берiлгендiктiң символы, иттiң кеңiстiгi, одан жоғары төрге жақын доңыз кеңiстiгi деп саналды. Бұл орынға неғұрлым құрметтi қонақтар отырғызылып, неғұрлым құнды жүк жиналды. Шеңбер тағы да ең сыйлы орын төрге, тышқан орнына тiрелдi. Бұл жерде жыл санау басталып уақыт пен кеңiстiк түйiседi. Киiз үйдегi кеңiстiктi осылай түсiну барлық көшпендi халықтарға тəн болды. Дегенмен, кейiннен доңыз сыйлы орыннан ығыстырыла бастады. Бұл түрiктердiң мұсылмандануына байланысты арақ-шарап пен доңызды аластауды көрсеттi.

Егер киiз үйдiң сыртына қазiргi физика терминдерiн қолданып, оны əр тектi жəне анизатропты кеңiстiкке бөлсек, басқа дүниеге тап боламыз. Өйткенi бұл жерлерде киелi орындар бар, кейбiр бағыттағы қозғалыс (күн бағытымен қозғалу) ерекше құрметтi иелендi. Көшу кеңiстiктi талап етедi, ол көшпелi үйге, киiз үйге, қозғалысқа ыңғайлы шаруашылыққа, күш-көлiкке, тағам қорына, арнайы киiм мен аяқ киiмге зəру. Осы құрамдас бөлiктiң кез келгенi мəлениет бөлшегi, дүниетану сəтi, халық ғарышының құрамдас бөлiгi. Егер кеңiстiктi алып қарасақ, көшу құрамдас бөлiгiне ұқсастығы бар өзiнөзi жасайтын кеңiстiктi талап етедi. Басқаша айтқанда бiр тектi кеңiстiктен əр бағытқа қарай қозғалыс жасау бiрдей негiзделген, яки изотропты болуын талап еттi. Көшпендiнiң арманы – тұрақты бiр жердi мекендегiсi келгенiмен, ол өзiнiң тұрағын үнемi ауыстырып отыруға мəжбүр болды.

Көшпендi үшiн кеңiстiктiң кең немесе тар болуы аса маңызды емес, ол өзiнiң жайлылығымен жəне қажеттiлiктi өтеуiмен пайдалы əрi қолайлы. Ұлы дала осындай қажеттiлiкке сай мекен болды. Сондықтан да Жетiсу қазақтарының ата тегi (түп қазық)

„жазды Бұлғар аймағында (Волга – Едiл ) өткiздi, ал қыста Баласағұн аймағын мекендедi” (Ибн ал-Асир. Хроника. 1863. Т. IX // История Казахской ССР. Т II..1979, 22 - бет). Əрине, қазiр Шудан Едiлге дейiнгi көш жолы ұғымға сыймайды, бұның шындыққа жақындығы да күмəндi. Əйтсе де бұл көштiң ауқымы мен қашықтығы ой салады. Əдетте көш жолының қашықтығы мың шақырымға дейiн жетсе керек. Бұл жағдайда малдың негiзгi түрi жылқы болғаны шүбəсiз. Баласағұн былай деп жазды: „Олар табындаған жылқы бағады. Жылқыны тамаққа, сусынға, мiнiске пайдаланады, айғырлар мен биелер, сондай-ақ жүк артар жылқы солардан келедi. Қымыз, сүт, жүн, май, iрiмшiк жəне құртты тамаққа, киiмге жəне үй жабдықтарына қолданады.”

Аса маңызды философиялық категориялардың бiрi уақыт ұғымы болып табылады. Қоғамның бiртiндеп дамуымен, тайпаның тарихи есiнде қалған жекелеген құбылыстар мен