Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Габитов-Философия_pih

.pdf
Скачиваний:
93
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

ұшырайды.

Этникалық қайта түлеу процестерiнiң ғаламдық сипат алуы қоғам өмiрiндегi этникалықтың орны мен рөлiн ұлғайтып, экономикалық болсын, саяси немесе əлеуметтiк болсын, рухани болсын, барлық құбылыстар этникалық кейiпке ене бастайды.

Этникалықтың үнемi бүкiл қоғам өмiрiнде, оның барлық салаларына осы уақытқа дейiн күштi ықпал етiп келгендiгiн айта кету керек. Этникалық процестердiң дүниетанымға, философияға ықпалын Л.Н.Гумилев тарихи айғақтардың негiзiнде нық сенiмдiлiкпен көрсетiп бердi. Ол өзiнiң этникалық "өрiстер" концепциясында қарама-қайшы екi этникалық ырғақтың бiр-бiрiне қабаттасуы барысында какофония, яғни химера (химера - бұл бiр-бiрiне сəйкес келмейтiн əртүрлi суперэтникалық жүйеге жататын екi этностың бiрi өз ерекшелiгiн жоғалтатын контактының формасы) қалыптасады. Химералық этностардың пайда болуы философияны терiске шығаратын антижүйелердiң құрылуына əкеледi. Мысалы, эллиндер мен иудейлердiң ирандармен қақтығысы III ғасырда манихейлiктiң қуатты антижүйесiн дүниеге əкелдi. Б.з. II ғасырында кушандар мен сақтардың

Үндiстанға басып кiруi авторы Нагарджуна болып табылатын, өзiнiң өмiр сүруiн де сағым деп есептейтiн "бос кеңiстiк" туралы дүниенi терiске шығарушы iлiм құрылды. Онан да жаман қорқынышты антижүйе ғұндар мен сянбилердiң қоныс аудару тұсында Қытайда III ғасырда пайда болды. Бұл жерде тiптi əлемдi терiстеушi философия қалыптасып та үлгермедi, себебi үш ғасыр бойы тайпааралық соғымтардың нəтижесiнде 27 этнос, оның iшiнде ертеқытай (хань) этносы да жойылып кеттi. Б.з. Х ғасырында Араб халифатында гаремдер құру барысында арабтар өзге суперэтностармен араласып, нəтижесiнде исмаилиттердiң антижүйесi пайда болды.

4.3.2. Ұлт теориясының марксшiлдiк интеграциясы

Ұлт жəне ұлттық қатынастардың маркстiк-лениндiк-сталиндiк теорисы

қалыптасуының қайнар көздерi ең алдымен осы мəселенi түсiндiрудегi жаңа бағыттың негiзiн қалаған немiс зерттеушiлерi О.Бауэр жəне К.Каутскийдiң есiмдерiмен байланысты

болды. В.И.Лениннiң жəне өзге марксшiлдердiң олардың теориясын буржуазиялық ұлтшылдық, оппортунизм, психологизм, идеализм жəне т.б. түрiнде айыптағандықтарына қарамастан ұлттың марксшiлдiк теориясы жоғарыдағылардың теориялық тұжырымдарына негiзделедi. Бұл мəселеге байланысты марксизмнiң негiзгi тұжырымдары О.Бауэрдiң жəне К.Каутскийдiң көзқарастарымен сəйкес: екеуiнде де, француздық үлгiден айырмашылығы (онда ұлт азаматтық қоғам ретiнде түсiндiрiледi), ұлт этникалық түзiлiм ретiнде

қарастырылады жəне ұлттың негiзгi белгiсi ретiнде тiл мен территорияны мойындауы екi

көзқарасқа да ортақ. Бiз ұзақ жылдар бойы этникалық жəне этнос аралық процестердi зерттеу барысында ұлт жəне ұлттық қатынастарының маркстiк-лениндiк-сталиндiк теориясын басшылыққа алып келдiк. Бұл теория бойынша тарихи қауымның мынадай негiзгi типтерi бар: ру, тайпа, халық, ұлт.

Мұндай типология қоғамды дамудың белгiлi бiр сатыларына бөлуге, яғни қоғамдық-экономикалық формацияларға бөлуге негiзделдi, əрбiр қоғамдық-

экономикалық формацияға адамдардың тарихи қауымының нақты бiр типi

сəйкес келдi. Алайда тарихтың көрсеткенiндей, қандай да болмасын бiр қоғамдық-экономикалық формацияда адамдардың тарихи қауымының тек бiр-ақ

типi ғана өмiр сүрмейдi, оның үстiне əлеуметтiк-экономикалық формациялардың алмасуының этногенез процестерiмен сəйкес келуiнiң мiндеттi еместiгiн

Л.Н.Гумилев тарихи айғақтарға сүйене отырып дəлелдедi: "мысалы, Францияда феодализмнен капитализмге өту 1789-1791 жылдары аралығында жүзеге асты

жəне əлеуметтiк күштердiң орналасуы өзгердi, бiрақ француз щаруаларының этникалық мəнi сол күйi қалып қойды... Жəне де, ақырында, қазiргi жағдайда

қоғамдық-экономикалық формация теориясының өзi күйзелiске ұшырады жəне қазiр бүкiл əлемде көбiне өркениеттiк принциптер қолданылады.

Бұл мəселеге қатысты кеңестiк этнографияда, тарихта жəне философияда келiсiм

болмады. Алғаш рет, 1980 жылдардың басында адамзаттың бүкiл тарихи дамуы

барысында адамдардың тек үш негiзгi қауымы туралы идея қалыптасты. Н.Н.Чебоксаров жəне М.Г.Левин адамдардың этникалық қауымдары тарихи дамудың əр түрлi

сатыларында бiр-бiрiнен түбiрлi ерекшеленедi жəне тарихи дамудың əрбiр сатысына этникалық қауымның ерекше типi ғана тəн болады деп есептедi: алғашқы қауымдық құрылыс үшiн – тайпа, құл иеленушiлiк жəне феодализм үшiн – халық жəне ақырында, буржуазиялық жəне коммунистiк қоғамдар үшiн - ұлт. Мұндай жiктелiс

(классификация) кеңiнен таралды жəне осы соңғы уақытқа дейiн жалғыз жəне үстем болып келдi, тiптi бүгiнгi күнi де оның iзбасарлары табылады. Бiрақ, кеңестiк қоғамтану ғылымы дамуының əртүрлi кезеңдерiнде адамдардың қауымының тарихи типтерiн бөлудiң осы дəстүрiн пайдалана отырып, этникалық қауым типологиясының өзге де критерийлерiн ұсынған зерттеушiлер де болды.

Адамдар қауымының тарихи типтерiнiң өзiн алар болсақ, этникалық қауымдастықтардың барлығы да мiндеттi түрде осы сатылардың барлығынан өтуi тиiс емес екенi анықталды. Мысалы, этностардың барлығы ру-тайпалық құрылымға бөлiнген жоқ: француздар, ағылшындар, испандар, гректер, жəне т.б. Оның үстiне Л.Н.Гумилевтiң пiкiрiнше кландық немесе рулық жүйенi ерте дəуiрге апарып тiреу мiндеттi емес, өйткенi

"византиялықтар немесе сасанидтiк парсылар моңғолдардан 1000 жыл бұрын, қазақтардан 1200 жыл бұрын қалыптасқанымен, оларда рулар мен фратияларға бөлiну болған жоқ".

Халықты зерттеу мəселесi де тұйыққа тiрелiп отыр. Бұл ең алдымен "халық" терминiнiң көп мағыналылығымен байланысты. Бұл ұғым "этникалық қауымның" белгiлi бiр типiнде, қанаушы топқа қарсы тұрушы халық көпшiлiгiн де, немесе жай ғана тұрғылықты халықты да бiлдiре алады. Сонымен қатар əртүрлi қоғамдық-экогомикалық формациялардағы этностарды да "халық" терминiмен белгiлеу зерттеушiлер арасында əр алуан пiкiр туғызды. В.И.Козлов өзiнiң "Этникалық қауымдардың жiктелуi туралы (мəселенiң жағдайы)" еңбегiнде этникалық қауымдарды жiктеудiң формациялық принципiн ескере отырып жəне əлеуметтiк-таптық құрылымның ерекшелiктерiнен шыға отырып,

соған сəйкес былайша атауды ұсынады: "алғашқы қауымдық құрылымды" этнос, "құл иеленушiлiктi құрылымды" этнос жəне т.с.с. немесе қысқартылған түрiнде –АҚЭ, ҚҚЭ,

ФҚЭ, КҚЭ, СҚЭ.

Онан ертерек, 1964 жылы С.А.Токарев құл иеленушiлiк жəне феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияларға қатысты, ең алдымен əлеуметтiкэкономикалық құрылымының ерекшелiктерiне орай этникалық қауымдардың принципиалды айырмашылығы туралы идеясын ұсынды. Осыған байланысты "халық" ұғымын феодализм тұсындағы этникалық қауымды белгiлеу үшiн

қалдырып, ал құл иеленушiлiк құрылыс үшiн жаңа "демос" ұғымын енгiзудi

ұсынды. Соңғы жылдары М.В.Крюков "халық" ұғымының көп мағыналылығына орай, оны қолданудың мүмкiн еместiгi туралы мəселенi көтердi. Осыдан туындата отырып Ю.В.Бромлей "халық" ұғымын құл иеленушiлiк қоғамның этникалық қауымына қатысты "палеос" жəне феодалдық қоғамға қатысты "мезос" терминдерiмен алмастыруды ұсынды... "Халық" (народ) жəне "халықтық" (народность) ұғымдары арасындағы қайшылық нақты

мəселелердi шешуге келгенде де күшейе түстi. Кеңес зерттеушiлерi "Кеңестiк

тарихи энциклопедияны" баспаға даярлауы тұсында (1967-1976 жылдары) осы мəселеге байланысты қиындықтарға тап болды. Ең бастысы КСРО халықтар мен

ұлттарының арасындағы айырмашылықты бекiту қиынға түстi. Берiлген энциклопедияда КСРО-ң 20 этникалық қауымдары "халықтыққа жатқызылып, ал ал өзге жиырмасы

"халық" деп белгiлендi. Оның үстiне қатар деңгейдегi этникалық қауымдар əр түрлi типтерге жатқызылған, мысалы, манси, "халықтық", ал ханты "халық" разрядтарына кiрген

(қараңыз, СИЭ.М.: Советская энциклопедия, 1966. 9т. 39-бет; 1974, 15т. 515-бет). Сол сияқты бiр этникалық қауымдар əртүрлi мақалаларда əрқилы жiктелген: "халықтық" деп аталатын шолушы мақалада, олардың қатарына эвенкiлер, эвендер жəне чукчалар жатқызылса, (сонда 9т. 969-бет), ал олардың əрқайсысына арналған жеке мақалаларда - "Эвенкiлер" (сонда, 16т. 396-бет), "Эвендер" (16т. 397-бет), "Чукчалар" (16т. 395-бет)

"халықтар" қатарына енгiзiлiп кеткен.

Этникалық қауымның тағы бiр күрделi жəне шатастырылған типi - ұлт. Ұлттың классикалық анықтамасын И.В.Сталин бердi жəне ол бүгiнгi күнге дейiн

түбiрлi өзгере қойған жоқ. Ол бойынша, халықтардың этникалық ерекшелiктерiнiң барлық алуан түрлiлiгi оның төрт белгiсiне əкелiп танылды жəне қатаң сақталынды жəне, егер де, ол белгiлердiң бiреуi қай ұлтта болмаса, онда ол ұлт ретiнде есептелмедi. Ал бұл, өз кезегiнде бiрқатар негативтi, оның iшiнде саяси салдарларға ұрындырды: ол халықтың өзiндiк сара жолын анықтау құқығынан, белгiлi бiр мемлекеттiк құрылымын құру мүмкiндiктерiнен айырды.

Ұлттың дəл осындай түсiнiгiнiң батыста да орын алғанын ескеруiмiз қажет. Мысалы, осы мəселеге қатысты американдық мамандардың - С.Дж.Х.Хайестiң, Л.Снайдердiң еңбектерiнде ұлтты анықтаудың сталиндiк варианты қырқылған күйiнде берiледi. Өзге де факторлардың қатарында, əдетте, территорияның, тiлдiң, дiннiң ортақтығы да бiрге көрсетiледi жəне ұлттың осы берiлген анықтамасын қазiргi этноұлтшылдықты зерттеу барысына қолданады.

4.3.3. Ұлттың қазiргi түсiндiрiлуi

Ұлттың табиғаты мен оның анықтамасын беруде Ж.Б.Абылхожин, Н.Масанов сияқты зерртеушiлер өзге көзқарасты ұстанады. "Өткенмен болашақтың арасындағы Қазақстан" деп аталатын Н.Əмреқұлов пен

Н.Масановтың бiрiгiп жазған еңбегiнде ұлт елдiң барлық азаматтарының құқығының

теңдiгiне негiзделген мемлекеттiк-азаматтық қауым ретiнде түсiрдiрiледi. Бұл мəселенiң онан ары кеңiнен ашылуы Ж.Б.Абылхожиннiң көптеген мақалалары мен сөйлеген сөздерiнде орын алады. Оның пiкiрiнше, ұлт - бұл этникалық емес, мемлекеттiк-саяси категория, этникалық емес, азаматтылық. "Ұлттық бiрегейлiк тұлғаның өзiн бiртұтас азаматтық қоғамға, мемлекетке қатыстылығын сезiнуi мен бағалауы арқылы сипатталатын жалпыадамзаттық ментальдылық". Ұлттың бұл түсiнiгi қазiргi заманғы əлемдiк "стандартқа", батыстық, əсiресе англо немесе франкотiлдiк түсiнiкке сəйкес

келедi. Мысалы, ағылшын-орыс сөздiгiнде (проф. Мюллердiң редакциялығымен, М.1962) nationality ұлт, ұлттық азаматтылық деп аударылады. Сол сияқты қазiргi батыстық саясаттануда "ұлттық" (национальность) ұғымы "берiлген мемлекеттiң азаматы", ал "ұлт" (нация) ұғымы азаматтардың сəйкес мемлекеттегi əлеуметтiк қауымдастығын бiлдiредi. Демек, "ұлт", "ұлттық" түсiнiктерi этникалық емес саяси, мемлекеттiк мағынаны бiлдiредi. Бұл ұғымдар, батыстағы түсiнiгiне орай этатистiк (франзузша e’tatмемлекет) мағынада қоланылады: байрақ, елтаңба, əнұран жəне т.б. Бiздiң əлемдiк өркениеттен

тысқары қалғанымыз, дер кезiнде əлемдiк ғылыми қауымдастықпен бiрiкпегенiмiз тек теориялық деңгейде ғана емес, тұрмыста да аңғарылады. Алыс шетелге жаппай қоныс аударудың нəтижесiнде бiздiң бұрынғы отандастарымыз анкетадағы ұлттық деген бағананы толтыру кезiнде өздерiнiң этникалық тегiн көресететiнi жиi кездеседi, ал олардың үлгiлерi бойынша азаматтылықты көрсету талап етiледi.

Батыстағы ұлттың қазiргi түсiнiгi Э.Ренанның өзiнiң "Ұлт дегенiмiз не" деген еңбегiнде

келтiрген ұлттың классикалық анықтамасына айналған сөзiне сəйкес келедi: "Ұлт - бұл жан, рухани принцип… Жанды қалыптастыратын екi нəрсе бар… Бiрiншiсi - бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екiнiшiсi - бұл шын келiсiм, бiрге тұруға ұмтылу жəне барынша өз үлесiңдi қосуға ұмтылу". Бұл берiлген анықтамада ұлтты қалыптастырудың маңызды екi сəтiне көңiл бөлiнедi; бiрiншiден, тарихи тағдырдың бiрлiгi туралы ортақ тарихи жадының болуы; екiншiден, бiрге тұру жəне өз ұлтыңның болашағы үшiн ерiктiң, келiсiмнiң жəне ұмтылыстың болуы. Мұнан шығатын қортынды ұлт қалыптастырудың

бастапқы кезеңiнде бiрегейлiк деңгейiнiң қаншалықты екендiгiне ұлттың болашағы бағынышты. Бiзде мұның алғашқы белгiсi, тарихи жадының ортақтығы, тарихи тағдырдың

бiрлiгi бар: ең болмағанда, соңғы 80 жыл бойы қазiргi Қазақстан территориясын мекендейтiн халықтардың тарихи тағдырлары ортақ жəне аштықты да, бүлiншiлiктi де, ұжымдастыруды да, тың игерудi де, соғысты да жəне т.б. бiрге бастан кешiрдi. Алайда, бiзге əлi ұлт болып қалыптасу қажет, өз елiңнiң азаматы ретiнде Отаныңның ырысы үшiн еңбек етiп, бiрге өмiр сүруге ұмтыла отырып бiртұтас Қазақстан халқына айналу қажет.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, ұлт - бұл бiр мемлекетте өмiр

сүретiн жəне осыған орай кейбiр ортақ белгiлерi бар адамдардың бiрлiгi, этникалық қауымы емес. Полиэтникалық қоғамда этникалық, конфессионалдық, мəдени жəне тiлдiк

айырмашылықтары бар адамдар тек ерекше азаматтық қауымға, яғни ұлтқа бiрiге отырып

қана бейбiтшiлiк жəне келiсiммен өмiр сүре алады. Бұл түсiнiктi басшылыққа ала отырып ұлттың мынадай анықтамасын беруге болады. Ұлт дегенiмiз - бұл жалпы территориямен жəне бiртұтас мемлекетпен бiрiккен, экономикалық жəне тарихи бiрлiгiнiң терең байланыстары бар, этникалық, конфессионалдық жəне тiлдiк айырмашылықтарды құрметтейтiн жəне ақырында бiртұтас мемлекеттiк тiлi бар, жалпы өзiндiк санасы мен

патриотизмге ие азаматтардың қауымдастығы. Демек, ұлттық бiрлiк тарихтың, экономиканың, территорияның, өзiндiк сана сезiм мен патриотизмнiң бiрлiгiн бiлдiредi, яғни этникалық, конфессионалдық, мəдени жəне тiлдiк айырмашылықтар сақталғанымен, бұл айырмашылықтар құрметтелетiн отанның ортақтығы болып табылады. Х.М.Энценсбергер ұлт қалыптасуына байланысты былай деп жазды: "Оның пайда болуы

неғұрлым жасанды болса, ұлттық сезiм де соғұрлым күдiктi. Бұл отаршылдық жүйесiнiң құрсауынан шыққан жаңа мемлекеттер мен "жас" европалық ұлттарға, сондай-ақ зорлықпен бiрiктiрiлген, құлдырау мен азамат соғыстарына қарай қозғалып бара жатқан КСРО жəне Югославия сияқты мемлекеттерге қатысты". Бiр мемлекеттiң iшiнде тұратын

этностардың одағы өзара құрметке, азаматтық келiсiм мен татулыққа негiзделуi тиiс жəне ерiктi болуы керек. Х.М.Энценсбергер ұлт пен этностың арасындағы түбегейлi айырмашылықты көрсетедi: "Кландар, тайпалар жерде адам пайда болғалы берi өмiр сүрiп келедi. Ал ұлттар мұнан екi ғасыр бұрын ғана қалыптасты. Айырмашылығы айдан анық. Этностар өз-өзiнен, табиғи жолмен пайда болады. Ұлттар болса, саналы күшжiгердiң нəтижесi, көбiне олар арнаулы идеологиясыз өмiр сүре алмайтын жасанды құрылымдар ретiнде көрiнедi. Бұл идеологиялық негiз, сəйес ғұрыптар мен эмблематикамен қатар (байрақтар, əнұрандар жəне т.б.) ХIХ ғасырда ғана қалыптасты жəне Европа мен Солтүстiк Америкадан бүкiл əлемге таралды".

4.3.4. Этнос. Адамдар қауымының этникалық формалары.

Ұлт жəне ұлттық қатынастардың теориясының шеңберiндегi жоғарыда келтiрген терминологиялық шатасулар кеңестiк қоғамтану ғылымына этникалық терминологиясының енгiзiлуiне мұрындық болды. 50-шi жылдардың өзiнде-ақ "этностың" мəнi туралы мəселердi шешу қажеттiлiгi туындады. С.А.Токарев пен Н.Н.Чебоксаров бұл мəселенi шешудi күн тəтiбiне қойды, бiрақ өзiнiң абстракциялық ерекшелiгiн бүкiл адамзат тарихы бойында сақтайтындай өзгермейтiн жəне тұрақты категориялар ретiндегi ерекше "этнос" ұғымын тырнақшаға алды. "Этнография жəне салалас пəндер" (М., 1988, 121-122 беттер) кiтабының авторларының пiкiрiнше, бұл көзқарастарда 20-шы жылдардыңаяғынанбастап"этнос" ұғымынатыйымсалғаншектеудiңсалдарыаңғарылады. Бұлэтнос теориясымен алғаш айналыса бастаған белгiлi орыс этнографы С.Ш.Широкогоровтың (1887-1939) есiмiмен байланысты. 1921-1922 жылдары ол өзiнiң Қиыр Шығыс университетiндегi лекцияларында этностың типологиялық белгiлерiн беруге тырысты. Бiрақ бұл мəселенi кейiнiрек шетелде (Қытайда)

жан-жақты қарастырып, бұл тақырыпқа арнайы "Этнос, Этникалық жəне этнографиялық құбылыстардыңнегiзгi принциптерiнзерттеу" деп аталатын монографиясын арнады (Шанхай, 923).

Оның анықтауынша, этнос - "бiр тiлде сөйлейтiн, өзiнiң түпкi тегiнiң ортақтығын мойындайтын, дəстүрлерiнен көрiнетiн жəне сақталатын, сонымен қатар осы сияқты өзгелерден ерекшеленетiн өмiр тəртiптерi мен əдет-ғұрыптарының жиынтығы бар адамдар тобы". Бiрақ онда бұл түсiнiк этносты ерекше биологиялық түр ретiнде қарастырумен атасып жатыр. Этностардың болашағы туралы мəселегебайланыстыолбылайдепжазды: "Адамзатжақынарадаболашаққабейiмделеалатындай өзiненжаңатүршығарыпүлгереалмаса, ондаоламмониттерсекiлдi өзiнеiзбасардақалдыраалмай

өмiрденөтедi, мұндайкульминациялықкезеңжақынтұр".

Этникалық проблематикаларға арналған зерттеулер тек 50-60 жылдары ғана қайта жалғасты. Олардың қатарына этностардың қызмет ету барысындағы территорияның рөлi мəселесi негiзiнен сөз болатын П.И.Кушнер жəне оның "Этникалық территориялар жəне этникалық шекаралар " (М., 1951) атты монографиясын; этностың анықтамасы берiлген, этностың негiзгi бөлiгi ретiндегi этникалық сана-сезiмнiң маңыздылығы келтiрiлген жəне тайпа, халық, ұлт типiндегi этникалық қауымдардың типологиясы ұсынылған

Н.Н.Чебоксаровтың зерттеулерi мен оның бiрлесiп жазған еңбектерiн (қараңыз, Толстов

С.П., Левин М.Г., Чебоксаров Н.Н. Очерки общей этнографий. М.,1957) атап өтуге болады. 60-жылдардан бастап этникалық терминология ғылыми айналымға толығымен енедi,

бiрақ бұл мəселеге байланысты пiкiрталастар əлi күнге дейiн толастаған жоқ. Барлық көзқарастарды екi топқа бөлуге болады: этносты əлеуметтiк құбылыс ретiнде түсiндiру

жəне оны жаратылыстанымдық ғылыми позициядан түсiндiру. Бiрiншi топқа үстем концепция болып табылатын этнос теориясын жасап шығарған Ю.В.Бромлей бастаған ғалымдардың негiзгi тобын жатқызуға болады; екiншiсiне, ең бастысы Л.Н.Гумилев жəне оның iзбасарларының шағын тобы жатады. Ю.В.Бромлей жəне өзгелерiнiң көзқарасына,

жалпы алғанда, этнос əлеуметтiк, тарихи қауым, өздерiнiң ұжымды өмiр сүруiнiң ерекше жəне өзге аналогиялық қауымдардан айрықша формасы ретiнде қарастырылады.

Этностың бiзде қалыптасқан осы берiлген теориясына ұзақ жылдар бойы негiзгi

концепцияларын өзiнiң фундаменталды "Этногенез жəне Жер биосферасы" еңбегiнде

жəне басқа да көптеген басқа да шығармаларында жариялаған Л.Н.Гумилев болды. Ю.В.Бромлей жəне оның iзбасарларына қарсы Л.Н.Гумилев "этносты" əлеуметтiк емес

құбылыстардың қатарына жатқызады: "Этнос...əлеуметтiк емес құбылыстың қатарына жатады, өйткенi ол бiрнеше формацияларда сүре алады жəне ол мұны көптеген тарихи айғақтармен дəлелдейдi. Бiрақ Ю.В.Бромлей де тарихи процестердiң этникалық процестермен сəйкес еместiгiн айтып, осыған байланысты "этникос" ұғымын енгiзедi.

Л.Н.Гумилев өз тұжырымында В.И.Вернадскийдiң биохимиялық энергия туралы концепциясына сүйенедi: "Бұл энергия қоршаған ортаны өзгертушi жəне сол ортада кедергiлердi жойып жiбере алатындай қысым көрсететiн энергия болып табылады". Л.Н.Гумилевтiң пiкiрiнше", этнос биосфераның феноменi бола отырып биохимиялық энергиямен тығыз байланыста болады, дəл осы энергия этникалық теңiздердiң толқындарын көтередi. Əрбiр асау толқын су бетiнде пайда болғаннан кейiн, өзiнiң жолына дейiн жетедi де қайта пайда болу үшiн бұрқырай қайта құлайды. Мыңдаған жылдар бойғы тербелiстерде халықтардың үздiксiз алмасуы жүзеге асып жатады. Бұл жағдайда осы энергияны қабылдау этногенездiң əртүрлi кезеңдерiнде əрқилы болып табылады жəне бұл пассионарлықпен жəне субпассионарлықпен байланысты".

Л.Н.Гумилев этногенездiң пассионарлық теориясын негiздедi. Оның пiкiрiнше əрбiр этнос белгiлi бiр пассионарлыққа жəне субпассионарлыққа ие, яғни этнос дамуындағы өрлеу мен құлдырауды туғызатын биохимиялық энергияны қабылдаудың əртүрлi деңгейлердегi қабiлетiне ие болады.

Этносфераны жан-жақты зерттеудiң нəтижесiнде Л.Н.Гумилев этностың мəнiн белгiлердiң жиынтығы арқылы (тiл, мəдениет, психикалық қыртысы, психология, экономикалық жалпылық, территория жəне т.б.) анықтау мүмкiн емес деген қорытындыға келедi, өйткенi барлық этносқа қатынасында жəне тiптi этногенездiң əртүрлi кезеңдерiндегi бiр этносқа да қатынасында бiр деңгейде сəйкес келетiндей универсалды этнобiрiктiрушi белгi жоқ. Жəне мұны белгiлi дəрежеде оның қарсыластарды да қолдайды (қараңыз, Бромлей Ю.В. Этнос "Этнография". М.,1973, 31-бет; Белков П.Л. О методе

построения теории этноса // Этносы и этнические процессы. М., 1993, 59-60 беттер). Л.Н.Гумилевтiң пiкiрiнше "этнос ұғымын қатаң анықтауға жүйелiк тəсiл ғана мүмкiндiк

бередi" жəне "жүйенiң нақты ықпалдары заттар емес, олардың арасындағы байланыстар болып табылады". Мұнан шығатыны "этнос - өздерiн өзге ұжымға қарсы қоятын жеке даралардың ұжымы". Бұл жерде "бiз - өзiмiз, ал қалғандары - өзгелер" деген этникалық ұжымның өз бүтiндiгiн мойындауы белгi емес, адамдар арасындағы жүйелiк байланыстың бiр түрi болып табылады. Л.Н.Гумилев этностың мынадай неғұрлым толық анықтамасын бередi: "этнос - өздерiн өзге аналогиялық ұжымдарға қарсы қоятын берiк, табиғи жолмен

қалыптасқан адамдар ұжымы жəне бұл комплиментарлық сезiмталдықпен анықталды

жəне тарихи уақыттарда заңдылықпен өзгерiп отыратын өзiндiк стереотиптi жүрiстұрыстармен ерекшеленедi" (Гумилев Л.Н. Этносфера: История людей и история времени. М., 1993, 540-бет).

Этникалық дамудың ырғақтарын тарихтың ырғақтарымен, яғни, ең алдымен қоғамдық-экономикалық формациялармен сəйкес еместiгiн алға тарта отырып, "этносты əлеуметтiк емес" құбылыс ретiнде анықтаған Л.Н.Гумилевтiң пiкiрiмен келiсу қиын. Иə,

шындығында этногенез жəне социогенез дамуының кезеңдерi бiр-бiрiне сай келмейдi

жəне бұл зерттеушi ғалымның жоғарыда жəне жалпы келтiрiлген айғақтармен дəлелденедi. Бiрақ, бiрiншiден қоғамдық-экономикалық формация теориясының уақыт

сынына шыдай алмай, өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтқаны жалпыға мəлiм. Екiншiден, этногенез жəне социогенез даму ырғағының бұл сəйкестiгi этностың "əлеуметтiк еместiгiн" бiлдiре

алмайды, этногенездiң шарттылығын, салыстырмалылығын, яғни этносфераның өзiне тəн заңдылықтарға бағынатындығын бiлдiредi. Үшiншiден, этникалық қасиеттердiң негiзгi

тасымалдаушысы мен субъектi адам болып табылады, сондықтан оны бұл сапада

"этнофора" деп белгiлеу ұсынылды (Э.Л.Василева, В.В.Пименов, Л.С.Христолюбова). Əрбiр адам белгiлi бiр этностың өкiлi болғандықтан, оның экономикалық қасиеттерi болатыны жалпыға белгiлi, ал бiрақ адам биопсихоəлеуметтiк салалардың тұтастығы,

оған қосымша "этнофора" ретiнде географиялық ерекшелiктер қосылатын күрделi жəне

қайшылықты жан болғандықтан этносты не "əлеуметтiк", не "əлеуметтiк емес" деп қарастыру бұл мəселеге деген бiржақты көзқарасты ғана бiлдiредi. "Этностың"

географиялық, биологиялық құбылыс екендiгiн, этногенезге биохимиялық жəне биофизикалық процестердiң ықпал ететiндiгiн Л.Н.Гумилев өте орынды пiкiрлермен дəлелдеген. Ол "этностың" əлеуметтiк табиғатын терiске шығарғанымен, оның анықтамасы керiсiнше мұны дəлелдейдi. Ол этносты адамдардың ұжымы ретiнде

сипаттайды, ал ұжымның, əрине, "белгiлi бiр жалпы мақсатты шешу барысында адамдарды бiрiктiретiн əлеуметтiк қауым" екендiгi белгiлi. Демек, бiрiншiден этнос тобыр емес, ұжым, яғни əлеуметтiк қауым. Екiншiден, бұл анықтамадан шығатыны, этнос тарихи уақытта заңдылықтарға сай өзгерiстерге түсiп отырады, яғни əлеуметтiк өлшемде өмiр сүредi.

4.3.5. Шетел зерттеулерiндегi этнос мəселесi.

Қазiргi шетел зерттеулерiнде этнос мəселесi қалай қойылған?

"Этнос" терминiнiң өзi ғылыми əдебиетте ХVIII-ХIХ ғасырлардың аралығында пайда бола бастады жəне оның қолданылуы осы сөздiң өзiнен туындайтын "этнография",

"этнология" деген терминдермен шектелдi. Тек ХIХ ғасырдың соңынан бастап ғылыми əдебиетте "этнос" ұғымы əртүрлi мағынада қолданыла бастады: адамзат тарихының ерте кезеңiн белгiлеу үшiн (Л.Г.Морган), тарихи-мəдени провицияларды (А.Бастиан), қарапайым мəдени бiрлiктердi (Ж.В.Ляпуж), жəне т.б. белгiлеу үшiн. Этникалық терминологияның қазiргi ұғымына жақын түсiнiктi ХIХ-ХХ ғасырлардың аралығында француз антропологы Ж.Деникер бердi. Ол "этникалық топтар" ретiнде тiлi, өмiр сүру тəртiбi мен жүрiс-тұрысы жағынан бiр-бiрiнен ерекшеленетiн халықтарды түсiндi. Бiрақ ол өз жұмыстарында "этнос"терминiнiң орнына "нəсiл", "халық" ұғымдарын көбiрек қолданады.

Этникалық терминологияға деген келесi бiр қызығушылықтың толқыны бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн жандана түстi. 1919 жылы Францияда осы мəселемен

айналысқан Ф.Рено "этнос" жəне "үлкен этнос" ұғымдарын ажыратуды ұсынды. Дəл осы уақытта Германияда бұл мəселемен белгiгi əлеуметтанушы М.Вебер айналыса бастады.

Оның "Шаруашылық жəне қоғам" еңбегiнiң жеке бiр тарауы этникалық қауымдар қатынастарына арналды.

Этникалық терминологияның таралуы мен қалыптасуындағы ерекше қарқынды даму 60-жылдары орын алды жəне бұл, ең алдымен, батыс əлемiндегi этносаралық қатынастардың өрши түсуiмен байланысты болды. Бұл кезең этникалық терминологияның мəндi түрде жасақталуымен сипатталады. Əсiресе "ethnos", "ethnische Gruppe" (немiс

тiлiндегi ғылыми əдебиеттерде), "еthnic" (француз тiлiндегi əдебиеттерде), "ethnic group",

"ethnic community", "ethnic unit" (ағылшын тiлiнде) сияқты ұғымдар кеңiнен тарала бастады. Сонымен қатар, бұл сөздерден туындайтын "ethnic identity" (этникалық идентификация), "ethnic relations" (этникалық қатынастар), əсiресе ағылшын тiлдес ғылыми əдебиетте көп кездесетiн "ethnicity" (этникалық) терминдерi де кең танымал терминдерге айналды. Осы уақыттан берi қандай да болсын бiр ұғымды жалпы қабылданған деп айту қиын, этноболмыстың ұғымдық жүйесiнiң көптеген маңызды мəселелерi бойынша осы күнге дейiн толық келiсiм, бiрауыздылық жоқ. Осыған

қарамастан Ф.У.А.Риггс, Дж.Сартори сияқты əлемдiк ғылыми қауымдастықтың өкiлдерi этносфераны терең əрi жан-жақты зерттеу үшiн этникалық терминологияны

универсалдандыруды ұсынады.

Қандай да болмасын бiр этникалық бiрлiктi анықтаудағы бұл алуан түрлiлiк ең

алдымен субъективизмге негiзделедi. Мысалы, канадалық əлеуметтанушылар Р.Бретон жəне М.Пинард этнос - бұл "эмоционалдық жəне символикалық байланыстармен

бiрiктiрiлген адамдардың қауымы" деп есептейдi, немiс этнологы В.В.Мюльманның пiкiрiнше, этнос – "бұл адамдардың өзiндiк сана-сезiмiмен бекiтiлген тұтастық", ал француз зерттеушiсi М.Маже этносты "кейбiр құндылықтық сипаттамаларды өздерiне ұжымдық жəне бейсаналық түрде таңатын физикалық тұлғалардың бiрлiгi" тұрғысынан қарастырса, американдық зерттеушiлiр Л.Вернер жəне Л.Срола этнос ұғымы "өзiн белгiлi

бiр мəдениетi бар топтың мүшесi сақтайтын жəне сол топтың əрекетiне қатыса алатын"

кез-келген адамға қатысты қолданыла алады.

Алайда, этностың субъективтiк негiздерiне баса назар аудара отырып, шетелдiк

зерттеушiлiрдiң оның объективтiкқырларын да терiске шығармайтынын ескерген жөн. Бұл тұрғыда əлеуметтiк психологтар Т.Сибутани мен К.Квананың позициялары ерекше қызығушылық тудырады. Олар өздерiнiң "Этникалық стратификация. Салыстырмалы тəсiл" дегн еңбектерiнде былай деп жазады: "Этникалық категориялар субъективтi,

өйткенi олар тек адамның ойында ғана өмiр сүредi, бiрақ адам өзiн қалай болса солай жариялай алмайтындығы себептi объективтi. Бұл категориялар объективтi, өйткенi олар сенiм ретiнде адамдар арасында терең тамырлаған жəне жекелеген индивидтердiң қалауынан тыс өмiр сүредi. Олар этносты "шығу тегiнiң ортақтығына қарай өздерiн туыс деп есептейтiн жəне оларды өзгелердiң де солай деп санайтын адамдардың жиынтығы" деп қарастырады. Алайда, Т.Сибутани мен К.Кван да жалпы қабылданған субъективтiк тəсiлден тысқа шығып кете алмайды. Олар берiлген ұғымды онан ары анықтай отырып, былай деп жазды: "этникалық топ эмоционалдық байланыстармен бiрiккен жəне өздерiнiң типiн сақтап қалуға ұмтылатын адамдардан құралады". Шетел əдебиетiнде этнос ұғымына неғұрлым толық анықтама бергеннiң бiрi американдық зерттеушi Энтони Смит

болып табылады. Ол мынадай анықтама ұсынады: этнос - "бұл шығу тегi мен тамырының ортақтығы туралы мифтi ұстанатын, ортақ тарихи, бiр немесе бiрнеше ерекше мəдениетi бар, территориялық бiрлiгi мен топтық ынтымақтастық сезiмi ортақ белгiлi бiр ұжым.

Бүгiнгi күндерi ұлтшылдық идеяларының көрнектi авторларының бiрiне саналатын Э.Смиттiң позициясын сипаттауға К.Г.Юнгтiң ұрпақтар жадында сығымдалып сақталып қалған "ұжымдық бейсаналық" ұғымы неғұрлым сəйкес келедi. Э.Смиттiң пiкiрiнше, этникалық топ қоршаған ортаның талабына жауап ретiнде қалыптасады жəне бұл ұжымдық тəжiрибе этникалық топтың дамуын анықтайтын этникалық мифтер мен тарихта сақталады. Ұжымдық жадыда, əдетте, мына нəрселер сақталады: топ пайда болған өздерiн этникалық территориясына алып баратын жол, өздерiнiң жəне өзгелердi қарсы қою арқылы этникалық топтасуға жағдай жасайтын топтар мен соғыстардың шығу тегi

жөнiндегi мифтер.

Қазiргi жағдайларда этносаралық байланыстардың қарқынды дамуына байланысты

этносаралық процестерге деген қызығушылық өсе түстi. Бiрақ бұл саланы зерттеуде шетелдiк қоғамтанулық əдебиетте жалпы қабылданған этнос теориясының жоқтығынан қиындықтар туып отыр. Осыған байланысты, əсiресе ағылшын тiлдес, оның iшiнде американдық ғылымда этникалық концепциясы кеңiнен қолданыла бастады. Алайда мұнда да осы терминге қатысты бiрауызды пiкiр жоқ. Зерттеушiлердiң бiр бөлiгi этникалықты нəсiлдiк, дiни, ұлттық немесе аймақтық бiрлiкке негiзделген топтың ұжымдық

сезiмi ретiнде қарастырады. Д.Робертсонның "Саяси сөздiгiндегi" берiлген этникалықтың

анықтамасы осы түсiнiкке сəйкес келедi: "Этникалық дегенiмiз нəсiлдiк, мəдени жəне тарихи сипаттамалардың негiзiнде қоғамның уақыт өткен сайын жекелеген, кейде бiрбiрiне жау саяси достастықтарға бөлiнетiн күрделi құрылымы болып табылады". Өзге зерттеушiлердiң пiкiрiнше, этникалықты тұлғаның этникалық қасиеттерiн белгiлеу үшiн, ал үшiншiлерiнiң ойынша этникалық бiрлiктердi белгiлеу үшiн қолданады. П.Ван ден Берг этникалықты əуел бастан адамзатқа тəн қасиет ретiнде сипаттайды. Өзiнiң "Этникалық

феномен" кiтабында ол этникалықты табиғи сұрыпталу принципiне негiзделген əлеуметтiк

биологиялық құбылыс ретiнде қарастырады. Оның пiкiрiнше бұл сұрыпталу бiр-бiрiне жақын əрi ұқсас ағзалардың топтасуына жəне дұшпандық əлемде өздерiнiң сақталынып

қалуына жағдай жасайды. Ол адамдардың бiрiгуiнiң бастапқы формасы қандас-туыстық байланысқа негiзделген ру жəне үлкен отбасылық қауым болып табылады жəне ол

кейiнiрек өзiнiң мəнiн жоғалтып, этникалық топқа айналды деп есептейдi (Знаменский А.А. Этнонационализм: основные концепции американского обществоведения // США., 1998,

№8, 6-бет). Бiрақ, жоғарыда айтылғандай, соңғы 10-15 жылда ғылыми қоғамтанулық

əдебиетте американдық ғалымдар терминологиялық шатасушылықты игерiп, келiсiмге

келу барысында "этникалық" терминi құрамына қауымдастықтар, процестер, əрекет түрлерi енетiн əлеуметтiк объектiлердiң ерекше класы – этникалық шамалар жүйесiндегi ұғымдардың бастапқысы ретiнде қолданыла бастады. Қазiргi шетелдiк қоғамтанулық ғылымда этникалық қауымның былайша жiктелуi мойындалған: "этникалық қауымдастықтың" өзi "этникалық категория", "этникалық топ", "этноұлт" деген түрлерден құралады.

Соңғы анықтамалық басылымдар мен американдық қоғамтанушылардың зерттеулерiн талдай отырып, Т.В.Таболина этникалық бiрлiктерге мынадай анықтама бередi: "этникалық категория" барлығының бiр əлеуметтiк сипаттаманы – мойындалған əлеуметтiк категорияның мүшелерi ретiнде бiрегейлендiретiн индикатор мен маркердi

кабылдайтын адамдарды қамтиды. Мұндай маркерлерге нəсiл, терiнiң түсi, тiл, дiн, географиялық шығу тегi жатады. Р.Х.Джонсон былай деп жазады: "Индивидуумға мұра болып қалған маркерлердi олардың өздерi мойындамаған жағдайда да бұл маркерлер этнткалық категорияларды жедел түрде таныта алады". Сонымен қатар маркерлер – бұл объективтi нақтылықтар. Қалай болғанда да этникалық қауымның басым бөлiгi мұндай сипаттамалардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн бөлiсетiн тұлғалардан құралады. Бұл тұлғалар материалдық теңсiздiк жүйесiнде жалпы платформаны иеленетiн тұлғалардың тобын бiлдiретiн əлеуметтiк тап сияқты жалпы этникалық платформада орналасады. "Этникалық топ" – бiрегейлiк пен ұйымдасушылықтың қосымша сипаттамаларына ие болатын этникалық категория. Бұл жерде бiрегейлiк тұлғаның əлеуметтiк категорияға

қатысын өзiндiк саналы түрде сезiнуi мен бағалауын бiлдiредi. Американдық зерттеушi Дж.М.Уингердiң пiкiрiнше, этникалық топтар мынадай параметрлерi бойынша ерекшеленедi: тiл, дiни наным-сенiмi, нəсiлдiк белгiсi жəне шыққан отаны. Бұл берiлген топтың мүшелерi өздерiнiң қауымы мен қоғамның арасындағы айырмашылықты жете сезiнедi (Смелзер Н. Социология.М., 1994, 306-бет). Бұл түсiндiрме бiздiң ғылыми əдебиеттегi этникалық топ ұғымымен сəйкес келедi.

Этникалық категория мен этникалық топтың арасындағы айырмашылық былайша сипатталады: егер этникалық категория белгiлi дəрежеде перманенттi жəне өзгерiссiз (немесе өте жай өзгеретiн) əлеуметтанымдық феномендер болса, ал этникалық топтар - əлеуметтанымдық емес, өзгерiстерге түсiп отыратын тарихи шамалар. Р.Х.Джексон "Этникалық категориялар саяси қысымға өте берiк болса, этникалық топтар басқа күйге

ауыса алады, реттеле алады жəне жойылып кетуi де мүмкiн" деп саналады. Этникалықты бақылаудағы негiзгi тарихи қажеттiлiктердiң бiрi əлеуметтiк тұрғыда берiк этникалық

категорияларды неғұрлым кең мəдениеттiң құрамына сiңiру саясаты болып табылады. "Этноұлт" елдiң iшiнде жеткiлiктi саяси статусқа ұмтылатын этникалық топты бiлдiредi.

4.3.6. Этникалық қауымдардың жiктелуi.

Кеңестiк жəне кейiнгi кеңестiк қоғамтанушылық ғылыми əдебиетке талдау жасау этникалық қауымдардың бұрынғы жiктелуiнiң қазiргi этноболмысты бейнелей алмай

ескiргендiгiн немесе бiржақты сипат алатындығын көрсетедi. Əсiресе, экономикалық

детерминизм мен формациялық принципке негiзделетiн этникалық қауымдардың дəстүрлi жiктелiсi қазiргi кезде өзiн-өзi ақтамайды. Бұл бiрiншiден, қоғамдықэкономикалық формация теориясының дағдарысы себептi этникалық қауымның тайпаға, ұлтқа бөлу көзқарасы ескiрiп қалса, екiншiден, тек экономикалық детерминизмге негiзделу нақты шындықтың толық емес, қиылған кейпiн ғана бiлдiредi. Сол сияқты, өзiнiң қалыпты жақтарының бар екендiгiне қарамастан, Ю.В.Бромлейдiң ұсынған этникалық

қауымдардың жiктелiсi де қазiргi талаптарға толық жауап бере алмайды, өйткенi ол,

жоғарыда көрсетiлгендей этникалық қауымдағы табиғи бастаудың рөлiн төмендетiп, оны əлеуметтiк құбылыс ретiнде ғана сипаттайды. Соңғы қазақстандық жұмыстардың iшiнде

этникалық қауымдардың типологиясы туралы мəселенi қарастырған К.Е.Көшербаевтың "Қазақстанның этносаясаты: жағдайы мен келешектерi" (А., 1996) еңбегiн атап өтуге

болады. Бұл жұмыстың авторы Ю.В. Бромлей жəне оның iзбасарларының көзқарасын ұстанады. Бiрақ К.Е.Көшербаев өзге де авторлармен қатар этникалық топтың iшкi

бөлiнiсiн (этникалық азшылықтың) ирридентке жəне диаспораға жiктей отырып, берiлген классификацияны толықтырды. Л.Н.Гумилевтiң классификациясы (жiктелiсi)

жаратылыстанымдық-ғылыми принципке негiзделiп, өзiнiң даралығымен ерекшеленгенiмен, ол этникалық қауымның əлеуметтiлiгiн терiске шығарғандықтан өзiнiң шектеулiгiмен көзге түседi. Жоғарыда айтылғандай, этникалық қауымның субъектi,

тасымалдаушысы адам болғандықтан оның табиғи бастауын əлеуметтiк негiздерден

ажыратып алу мүмкiн емес жəне адамның табиғи қасиеттерi де терең əлеуметтендiрiлiп кеткендiктен оның табиғи қасиеттерi мен əлеуметтiк қасиеттерi бiр-бiрiнен ажырағысыз.

Адам этнофор болғандықтан, яғни белгiлi-бiр этникалық қасиеттерге ие болғандықтан, ол осы екi жақтың да ажырамас тұтастығы түрiнде көрiнедi.

Л.Н.Гумилев этникалық қауымдардың күрделiлену деңгейiне қарай өзiнiң классификациясын жасады, оның iшiнде ең қарапайым этникалық бiрлiк консорция болып

табылады. Алайда, оның анықтамасына қарап, консорцияны этникалық бiрлiкке жатқызу қиын. Оның пiкiрiнше, консорциялар "əр түрлi тұрақсыз бiрлестiктер - үйiрмелер, артельдер, секталар, содырлар жəне т.б., тез пайда болып, тез жойылады, кейде бiрнеше ай ғана өмiр сүредi. Консорциялар бұл бiр тарихи тағдырлармен бiрiккен адамдардың тобы". Келесi таксономикалық бiрлiк конвиксия болып табылады, оның қатарына "не этностық өзегiне, не бiр субэтностың құрамына кiретiн бiр сипаттағы тұрмыспен жəне отбасылық байланыстармен бiрiккен адамдардың тобын жатқызуға болады" (Гумилев Л.Н. Этнос –состояние или процесс? // Этносфера: История людей и история природы. М.,1993, 210-бет). Конвиксиялар бiрнеше ұрпақтардың алмасуында өмiр сүредi. Келесi таксономикалық бiрлiктерге ол субэтнос, этнос, суперэтнос, гоминидтi жатқызады.

Этникалық қауымдардың бұл түрлерi жалпыға мəлiм болғандықтан, оларды толығымен қарастырудың қажетi шамалы. Бұл берiлетiн жiктелуден көрiнетiнi, таксономикалық бiрлiктердiң алғашқы екеуiн этникалық бiрлiкке жатқызу қиын, дұрысы бұлар этносқа дейiнгi түзiлiмдер, сол сияқты екеуi де жеке этникалық қауымға жатпайды. Мұндай жiктелiстiң нəтижесiнде этнографиялық топтар, этникалық топтар, метаэтникалық қауым жəне т.б. этникалық түзiлiмдер мен оның маңызды түрлерi классификациядан тыс қалады. Сондықтан да бiз бұрынғы жiктелiстердi талдау барысында ашылған ақтаңдақтар мен кемшiлiктердiң орнын толтыратындай этникалық қауымның классификациясын беруге тырысамыз.

Демек, кеңестiк, кейiнгi кеңестiк жəне қазiргi шетелдiк қоғамтанулық ғылыми əдебиеттерге талдау жасау бар этникалық терминологияны универсалдандыру мен

унификациялауға ұмтылудың, этносаланы терең жəне жан-жақты зерттеу мақсатында оларды тəртiпке келтiру мен жүйелеуге талпынудың барысында, əлемдiк ғылыми

қауымдастыққа тез жəне бейiмделе ену үшiн төмендегiдей классификация жасауға мүмкiндiк бередi.

Этникалық қауымдарды жiктеуге кiрiспес бұрын "этникалық қауым" жəне "этнос" ұғымдарының айырмашылығын бiлу қажет. Осыған байланысты "этникалық қауым" ұғымы этникалық түзiлiмдердiң барлық түрлерi мен олардың таксономикалық деңгейлерiнiң (субэтностардың, негiзгi этникалық бөлiктер мен метаэтникалық қауымдардың) "тектiк"

ұғымы ретiнде көрiнедi деп есептейтiн Ю.В.Бромлейдiң жəне В.И.Козловтың пiкiрiмен

келiсуге болады. "Этнос" терминi болса этникалық қауымдардың негiзгi бөлiгiн белгiлеу үшiн ғана қолданылады. Этникалық қауымдардың классификациясын құрастыруда бiз қарапайымнан күрделiге өту принципiн басшылыққа аламыз. "Этникалық категория" жəне "этнофор" ұғымдары бiр мағынаны бiлдiредi, бiрақ "этнофор" түсiнiгi авторлардың өздерiнен басқа əдебиеттерде қолданылмағандықтан бiз шетелдiк этнологияда кеңiнен қолданыс тапқан "этникалық категория" ұғымын пайдаланамыз. Бұл ұғым жоғарыда

көрсетiлгендей өздерiн белгiлi бiр этноспен бiрегейлендiретiн бiр немесе бiрнеше

маркерлердi мойындайтын тұлғалардан құралатын этникалық қауымды бiлдiретiнi белгiлi.

Күрделiлiгi жағынан келесi бiр таксономикалық деңгейдiң қатарына "этнографиялық топтар" жатады. "Этнографиляқ топ" ұғымы айқын өзiндiк санасы мен өзiндiк атауы жоқ

этностың iшкi бөлiгiн белгiлеу үшiн пайдаланылады. Оларға, мысалы, солтүстiк жəне оңтүстiк орыстарды жатқызуға болады. Келесi этникалық қауым да iшкi бөлiнiспен

байланысты, бiрақ бұл күрделi қауым, өйткенi олар этностың негiзгi массасынан ауызекi тiлi, мəдениетi мен тұрмысы жағынан жергiлiктi сипатта ерекшеленедi жəне кейде өзiндiк атауы мен дүбара болса да өзiндiк санасы болады. Мұндай этникалық қауымды "субэтнос" ұғымымен белгiлейдi жəне олардың қатарына мысалы, орыс халқының субэтностары ретiнде казактарды, поморларды жатқызуға болады. Мұндай бөлiнiстiң

барлығына тəн емес екендiгiн ескерте кеткен жөн, бұл көбiне өткенiнде де, қазiргi уақытта

да тiлдiк-мəдени қатынасында бiртұтас бүтiндiктi бiлдiрмейтiн iрi этностарда болады. Бұл этникалық қауымдармен салыстырғанда "этникалық топтар" барлық этностарға тəн.