
Габитов-Философия_pih
.pdfболу процесiн анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзiн-өзi тану күрделi диалектикалық процесс деген тоқтамға келедi. Ақиқат өзгермейтiн нəрсе емес жəне абсолюттiк бiлiммен мəңгiге берiлмейдi, оған таным процесiнде жетуге болады жəне ол əрекетпен байланысты.
Гегель бойынша адам əлемi өлi, дайын, өзгермейтiн жəне абсолюттiк заттардың жиынтығы емес, өзiнiң адами əрекетiнiң нəтижесi болып табылады. Адамды қоршаған нəрсенiң бəрi—өзгертiлген əлем, адамның əрекетiнiң барысында қалыптасқан əлем.
Гегельдiң пiкiрiнше, тарих—бұл адамның адам болу, əлеуметтену процесi жəне адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзiн-өзi тану үшiн қажеттi негiз болып табылады. Сонымен, тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нəрсе емес, нақты тiрi адамдар онда өмiр сүретiн, болатын, ойлайтын, сезiнетiн нəрсе. Адам тарихи өзiндiк дамудың нəтижесi болғандықтан, осы алғышарттың негiзiнде тарихты зерттеумен айналысады. Гегельдiң түсiнiгiнше тарих рефлексия процесi сияқты, оның барысында адам белгiлi бiр негiзге келiп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.
Белгiлi бiр затқа жасалынған рефлексия дайын, априорлы схемалармен,
методтармен емес, сол заттың өзгерiсiнiң нəтижесiмен берiледi. Заттың барысының өзi рефлексияның қозғалысын айқындайды. Рефлексия терiстеумен сипатталады, яғни бiлiмнiң бұрынғы нүктелерiнен кемшiлiктердi алып тастауға деген ұмтылыспен ерекшеленедi. Алып тастауды Гегель өмiр сүрiп отырған көзқарастың кемшiлiгiн жою арқылы позитивтiлiктi сақтау одан жоғары көзқарасқа өту деп түсiндiредi. Демек, гегельдiк мағынада диалектикалық алып тастау позитивтiлiктi өзге жəне одан жоғары сатыда сыни тұрғыда сақтауды бiлдiредi. Демек, рефлексия үнемi алға бағытталған жəне неғұрлым жоғары, неғұрлым шынайы негiзге үнемi бағдар ұстанады, əрбiр потенциалды шынайы негiздiң мəнiн ашуға жəне меңгеруге ұмтылады. Ақиқатты толығымен меңгеруге жете отырып адам жоғары рационалды танымға ие болады, базистiк негiздердiң мəнiн игередi.
Егер Гегельге дейiнгi ойшылдар тарихты қателiктер мен адасушылықтардың тарихы деп есептесе, Гегель салыстырмалы шындық ұғымын енгiзе отырып, ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау жəне олардың даму процесi деп есептеп, ақиқаттың осы түсiнiгiнсiз ғылымның мүмкiн болмайтындығын айтады.
Гегельдiң ойынша жоғары ақиқатты философия ашады, өйткенi ол өзiнiң жеке даму жолына рефлексия жасай отырып болмыстың шынайы мəнiне қол жеткiзедi. Ал өнерге, дiнге жəне ғылымға келер болсақ, олар бiздi ақиқатқа тек қана жақындатады. Тек философия, Гегельдiң түйiндеуiнше, болмыстың шынайы картинасын берiп, əлемнiң негiзiн игередi. Ал əлемнiң негiзi болмыс пен ойлаудың бiрегейлiгi болып табылады. Ол “Логика ғылымында” (1812-1814 ж.ж.) болмыстың идеалды негiзi мен оның өзiндiк даму тəсiлдерiн ашады. Гегель бойынша дамушы ойлау мəндiлiктiң нақты негiзi. Ақыл-ой танымының құралы - ұғым. Ұғымның қозғалысы қайшылықтар арқылы жүзеге асады. Қоғам қозғалысы процесiнiң өзi қарапайымнан күрделiге қарай жүрiп, абстрактылыдан нақтылыға, бүтiндiкке немесе категориялар жүйесiне шығуымен сипатталады. Бiлiмнiң жүйесiн қалыптастыруға септiгiн тигiзетiн логиканың формасы (мұнда таным теориясы
мен диалектика қосылады) диалектикалық логика болып табылады. Диалектикалық логика, деп түйiндейдi Гегель, əлемдi қарапайым тұрғыда бақылаудан оның мəнiн ғылыми түсiнуге дейiн көтерiлуге мүмкiндiк бередi. Сонымен, Гегель өзгерiстер философиясын ойлап тауып, алғаш рет тарихты диалектикалық секiрушi процесс ретiнде танытты жəне ол туралы бiлiм үнемi өзгерiстегi нəрселер бiткеннен кейiнгi ой толғаулар нəтижесiнде жинақталады. “Даналықтың күнi бататын мезгiл” жеттi.
Көптеген философия тарихшылары К.Маркстi де (1818-1883 ж.ж.) гегельдiк философияның жалғастырушысы деп есептейдi. Гегельдiң ойлап тапқан диалектикалық процесс ретiндегi əлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен салыстырғанда идеяларды емес материалдық өмiрдiң дамуын мойындайды. Егер Гегель тарихта мəденитарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс материалдық-экономикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.
Маркстiң философия дамуына қосқан үлесi тек рухани фактордан экономиканың басымдылығы фактын, қосымша құн құпиясын, тауар-ақша қатынастары жүйесiндегi адамды қанау мен эксплуатациялау механизмiн ашуында ғана емес, бөлектенудiң экономикалық формаларын да айқындауында едi. Л.Фейербахтың дiни бөлектену туралы
идеясымен келiсiп жəне оны қабылдай отырып, К.Маркс оны капитализмдегi жалпы бөлектенудiң бiр қыры деп санады. К.Маркстiң пiкiрiнше, капитализм жағдайындағы бөлектенудiң ең жалпылама формасы экономикалық бөлектену болып табылады. Бөлектенудiң бұл формасын тек революциялар мен онан кейiнгi əлеуметтiк-экономикалық қайта құрулар арқылы ғана алып тастауға болады. Нəтижесiнде, заттану мен бөлектену алынып тасталынған соң əрбiр адам өзiн еркiн, саналы жəне шығармашылық қалыпқа айналдырады. Адам өзiн өз өмiрқамының субъектi ретiнде саналы түрде сезiнiп, белсендiлiгi артады, өзiн толық көрсетуге қабiлетi ұлғаяды. Жаңа əлеуметтiкэкономикалық жағдайларда социум жəне адам “рационалды, бiлiмдi жəне рационалды басқарылатын адамға” айналады.
Маркстiк философияның тағы бiр жаңалығы еңбектi эпистемологиялық ұғым ретiнде негiздеуiнде. Еңбектiң арқасында жəне нəтижесiнде адамдар ойлауға, тануға қабiлеттi болады, ал таным процесiнiң өзi белсендi шығармашылыққа айналады.
Маркстiң еңбек адам санасының қалыптасуы мен дамуының материалдық негiзi
деген, сондай-ақ адамзат қоғамының дамуындағы экономиканың басымдылығы туралы идеялары Ф.Энгельстiң (1820-1895 ж.ж.) “Маймылдың адамға айналу процесiндегi еңбектiң рөлi”, “Отбасының, жеке меншiктiң жəне мемлекеттiң шығу тегi” (1884 ж.) деген еңбектерiнде жалғасын тапты. Ф.Энгельс өзiнiң осы соңғы еңбегiнде қоғамдағы отбасы мен əйел статусының меншiк формалары мен өндiрiс тəсiлдерiнiң эволюциясының ықпалымен тарихи дамудың барысында өзгерiстерге ұшырағанын дəлелдеуге тырысады. Ф.Энгельс отбасы мен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, əйелдердiң эксплуатациясы мен маргиналдануының күшейгенiн жан-жақты ашып бердi. Ф.Энгельс экономика негiзiндегi гендерлiк рөлдердiң (еркек жəне əйел) айырмашылығы туралы пiкiрталастың қалыптасуына ықпал етiп, əйел статусы мен оның эмансипациясы, дəстүрлi неке институтының өзгерiсi мен əйелдердiң еркектерге
бағыныштылығын жою туралы мəселелердi көтердi.
Ф.Энгельс сондай-ақ табиғаттың диалектикасы, болмыстың субстанциясы ретiндегi материя туралы идеяларды, материя қозғалысының формаларының классификациясын, материяның атрибуттары ретiндегi уақыт пен кеңiстiк туралы жағдайды, əлемнiң материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды (“Анти-Дюринг”, “Табиғат диалектикасы”). Ф.Энгельстiң пiкiрiнше, диалектика – бұл табиғаттың, қоғамның жəне адамзат ойлауының жалпы байланысы мен дамуы туралы iлiм. Диалектикалық даму – бұл материалдық процестердiң, қоғамдық жүйелердiң, сондай-ақ теориялық идеялардың өзгерiсiнiң күрделi, қайшылықты, үдемелi процесi. Сонымен, бүкiл əлем – бұл өзгерiстер мен алмасулардың үнемi жəне шексiз процесi, ал осы өзгерiстердiң қайнар көзi қарамақайшылықтардың күресi болып табылады. Ф.Энгельс “Анти-Дюрингте” диалектикалық дамудың жалпы заңдарының сипаттамасына арнайы тоқталады: қарамақайшылықтардың бiрлiгi мен күресi заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терiстеу заңы.
Егер қарама-қайшылықтардың бiрлiгi мен күресi өзгерудiң өзiндiк қозғалысы механизмiн ашса, саннан сапаға өту заңы жаңаның қалыптасу механизмiн сипаттаса, ал
соңғысы, яғни терiстеу заңы дамудың бағытын сипаттайды. Бұл заңдар тұрғысында даму бағыты бар, үдемелi, қайшылықты, секiрмелi жəне керi қайтпайтын сипаттағы жаңа түзiлiмдер процесi ретiнде, өзiндiк даму ретiнде көрiнедi. Сонымен, Энгельстiң ойы бойынша диалектика оның қандай екендiгiне (онтология), қалай ол танылатындығына жəне санада бейнелену формасына (таным теориясы мен диалектикалық логика) қарай даму туралы iлiм болып табылады. Диалектика философияның үш бөлiмiнiң тұтастығы болып табылады: онтология, гносеология жəне диалектикалық логика. Диалектикалық логиканың өзi дамушы теориялық ойлаудың заңдары туралы iлiм. Ал теориялық ойлау адамның практикалық əрекетiн идеалды-шығармашылық жəне сыни тұрғыда қайта қалпына келтiру болып табылады. Осылай адам практика процесiнде “ненi” жəне “қалай” өндiретiнiн бiлуге қабiлеттi. Қозғаушы күштерге, негiздерге, шарттарға теориялық талдау жасаудың негiзiнде жəне практикалық əрекет арқылы əлемдi түбiрлi өзгертуге болады. Осылайша табиғатты, қоғам мен ойлауды теориялық философиялық талдау Энгельстi адамзат қауымдастығы өмiрiнде экономика басым рөл атқарады деген ойға əкелдi, ал
сана мен оның мазмұнына талдау жасау алғаш рет адамзат əрекетiнiң заттанған формаларын игеру арқылы жүргiзiлдi.
Егер Маркс қоғамда əлеуметтiк қайта құру жолымен адам санасын өзгертiп, “əлеуметтiк психоаналитик” (Э.Фромм) ретiнде көрiнсе, ал Энгельс табиғат пен қоғам философиясын белсендi-шығармашылық жəне теориялық ойлаудың материалдық негiзi ретiнде дəлелдеуге тырысты. Бұл теориялық ойлау өзiнiң материалдық-табиғи негiздерiнiң iшкi логикамен ұғынған жағдайда əлеуметтiк қайта құрылымдар жасауға қабiлеттi. Сонымен, К.Маркс пен Ф.Энгельстiң қоғам, табиғат жəне теориялық ойлау заңдылықтарын ашуы, қоғамдық даму барысындағы экономиканың басымдылығын түсiндiруi, индивид санасының заттай практикалық əрекетке тiкелей бағыныштылығын дəлелдеуi жəне тағы басқа идеялары батыстық əлемнiң көптеген ойшылдарына
жақтаушылық жағынан болсын, даттаушылық жағынан болсын, өзiнiң теориялықидеялық ықпалын тигiздi.
Алайда немiс философтарының əр түрлi деңгейде адамзат ақыл-ойын негiздеуiн А.Шопенгауэр жəне Ф.Ницще қабылдамады. Немiстiң бұл екi философының ақылды сынаған iлiмдерiн ХIХ ғасырдың интелектуалдары қабылдамай, оны маргиналдық мəдениетке қарай ығыстырғанымен, А.Шопенгауэр мен Ф.Ницщенiң идеялары ХХғасырдың басынан қайта жанданып, бұл “метафизикалық үрей” философиясы революциялық азат ету мен əлеуметтiк қайта құру немесе өзгерiстер философиясын кейiнге ығыстырып шығарды.
“Үрей метафизикасын” пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бiрi А.Шопенгауэр (1788-1860 ж.ж.) болып табылады. Философтың пiкiрiнше, бұл əлемде ешқандай объективтi шындық та, əдiлеттiк те жоқ, тек бiр-ақ нəрсе бар ол - өлiм алдындағы үрей. Бiздiң өмiрiмiз қаншалықты жемiстi, толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бəрiбiр əрқашанда өлiммен аяқталады. Алайда, өмiрдiң осылай шарасыз жəне бақытсыз аяқталатынына қарамастан адамдарды өмiр сүруге ерiк мəжбүрлейдi. Ерiк
– бұл онсыз өмiрдiң жалғасуы мүмкiн емес, онсыз ешнəрсе де мүмкiн емес болатын
нəрсе. А.Шопенгауэр бойынша ерiк “бейсаналы” жəне мəңгi, ол жалғыз нағыз нақтылық болып табылады. Əлем, философтың пiкiрiнше, ерiк жəне елестету болып табылады. Əлемде үстемдiк ететiн еркiндiк те, ақыл-ой да емес, ерiк қана. Ерiк қай жерде болса да, қасiрет те сол жерде, өйткенi бұл екеуi бiр-бiрiнен ажырағысыз. Адамның неғұрлым өмiрге деген құштарлығы көп болса, соғұрлым еркi де көп жəне адамның онан сайын қасiретi де көбейе түседi, адам бақытты болатындай жер бетiнде бiрде-бiр орын жоқ деп түйiндедi А.Шопенгауэр.
А.Шопенгауэрдiң iзiнше ақыл-ойды сынаған ХIХ ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрген ықпалды философтың бiрi Ф.Ницше (1844-1900 ж.ж.) болды. Ф.Ницше ақыл-ойға қарсы өзiнiң “барлық құндылықты қайта бағалау” лозунгысын көтердi. Адамның iшкi əлемiне “үңiле” отырып, Ницше өз замандастарының барлық “iзгiлiктi” күнəларын жалаңаштап көрiп, мынадай қорқынышты тұжырымға келедi: “Құдай өлдi!”. Адамзатқа тəн күнə, қызғаныш, кещелiк, азғындық жəне құндылықтардың құнсыздануы сияқты терiс қасиеттер, Ницшенiң ойынша, христиандықтың салдарынан. Христиандық идеология
жəне əлсiздердiң өмiр тəртiбi ретiнде көре алмаушылық, екiжүздiлiк, бейшара адамның мəңгiлiкке ұмтылған түкке тұрғысыз қиялын тудырады. Христиандық, нигилистiк декаденттiк мəдениеттiң ықпалынан құтылу үшiн оның мұрасынан бас тартып, өзiне тəн асқақтығы мен абыройы бар, қайғы қасiреттен қорықпайтын, билiкке деген еркi жоғары жаңа мəдениетпен кездесу керек.
Осылайша христиандық дəстүрдiң басты құндылығы - Құдай идеясының терең жайылған тамыры екендiгiн дəлелдеп, Ницше “Құдай өлдi!” идеясын жариялау арқылы “билiкке деген ерiк”, “мəңгi айналым” принциптерiн бекiтедi. Ницше үшiн “Құдайдың өлiмi” трансценденталдық сипаттағы барлық құндылықтардан бас тартуды, дiн мен этиканы жəне барлық бұрынғы метафизиканы бұзуды бiлдiредi. Бұл адамның осы уақытқа дейiн нанып, бас иiп келген түсiнiк формаларынан бас тарту. Бұл Құдай идеясынан, ескi
моральдық құндылықтардан, Абсолюттiк идеядан, ақыл-ойдан, субстанциядан бас тарту деген сөз. Құдай да, субстанция да жоқ. Шындығында осы дүниедегi ғана əлем өмiр сүредi. Шындығында əлемнiң мəңгi қайта айналымы ғана бар. Ницше қалыптасу жəне тұрақты, трансценденталды əлем арасындағы қайшылықты түсiндiруге тырысқан бүкiл ескi метафизиканы дуалистiк iлiм ретiнде терiске шығарады. Немiс ойшылының айтуынша метафизика əлемдi “болмыс” пен “көрiнiске”, “мəндiлiк” жəне “көрiнудiң формасына”, “нақты” жəне “нақты емеске” бөлiп, болмысты құрылымдық сатыларға бөле отырып (Абсолют, Құдай, Игiлiк жəне т.б.) отырып, оны құнсыздандырды, оны фикциямен алмастырды. “Құдай өлдi” идеясы барлық дуалистiк теориялардан бас тарту арқылы шатасудан арылуға мүмкiндiк бередi. Ницше өз философиясын “эксперимент”, ал өзiн “экспериментатор философ” деп есептедi. Оның экспериментi бiз сыни тұрғыда емес сол бойында қабылдайтын құндылықтарды қиратуында. Ницше философиясы ХХ ғасыр философиясында ақыл-ойды сынауды бастаудың негiзiн қалады.
1.8. Орыс философиясы
1.8.1. Орыс философиясының ерекшелiктерi
Философия тек адамның таза ақыл-ойының əрекетiнiң өнiмi ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нəтижесi ғана емес, ол ұлттың рухани тəжiрибесiнiң көрiнiсi, əр алуан мəдениет туындыларынан көрiнетiн оның интеллектуалдық потенциалының көрiнiсi. Ол философиялық жəне тарихи бiлiмнiң синтезi бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның iшкi мəнiн ашуды мақсат тұтады. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмiрдегi Ресейдiң ерекше орны мен рөлiн негiздеу жəне iздестiру болды. Жəне бұл орыс философиясын түсiну үшiн маңызды, өйткенi ол тарихи дамуының өзгешелiгiне орай өзiнiң ерекше белгiлерiмен көзге түседi.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңi – XI-XVII ғасырлар, өзiнiң пайда болған кезiнен ол əлемдiк философиямен байланыстылығымен сипатталады, бiрақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да терiске шығаруға болмайды. Ол Киев Русiнде
пайда болады жəне 988 жылы Рустiң шоқынуынан басталған христиандандыру процесiмен байланысты болды. Өзiнiң пайда болуында ол бiр жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бiрқатар белгiлерi мен бейнелерiн қабылдаса, екiншi жағынан, христиандықты қабылдаудың нəтижесiнде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антикалық философияның көптеген идеяларын бойына сiңiрдi. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философияның тұжырымдамаларының бекiтiлуiне ықпал еттi. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негiзгi бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйiнде болса да антикалық, византиялық, ертеболгар дүниетанымының идеяларын бойына сiңiрдi. Оның үстiне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзiнiң жеке жазба тiлiн əуел бастан қолданды.
Философиялық бiлiм дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметтi де атқарады, ал Ертедегi Рустiң рухани өмiрi монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық iлiмнiң сипатына өз əсерiн тигiздi. Жалпы
алғанда, философиялық жəне тарихи ой христиандықтың принципiне негiзделдi. Адамзат пен орыс халқының тағдырларын философиялық пайымдауда əуел бастан-
ақ патриотизм мен тарихи тереңдiк орын алады. Ең алғашқы орыс философы – киевтiк митрополит Илларион (XI ғасыр) „Заң жəне береке туралы” сөзiнде-ақ „орыс жерiнiң” қасиеттi дүние құдiретiнiң жалпыəлемдiк процесiне енуiн дiнтанулық тарихи тұрғыда негiздейдi. Оның жұмысында Ресейдiң тағдыры жəне орыс халқы мен орыс мемлекетiнiң əлемдегi мəнi мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседi. Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы адамгершiлiк-практикалық уағыздардың дамуы ағымында жəне əлемдiк өркениеттiң дамуындағы православиелiк Рустiң ерекше мақсаты туралы ойды негiздеу түрiнде жүрдi. Ресейдiң ерекше миссиясы туралы идея XVI ғасырда „Москва - үшiншi Рим” доктринасының пайда болуына алып келдi. Доктринада нағыз шынайы iлiм
ретiндегi православтiк христиандық барлық билiктiң негiзi екендiгi бекiтiлдi. Алғашқы екi Рим де өмiр сүрулерiн тоқтатты, бастапқы ескi Рим IV ғасырда варварлардың (тағылардың) шабуылы нəтижесiнде христиандық iлiмнiң орталығы ретiнде күйресе, ал екiншi „жаңа Рим”– Константиполь христиандық идеялардың жалғастырушысы бола отырып XV ғасырда түрiктердiң тегеурiнi нəтижесiнде Византиямен қатар құлады. Ресей христиандықтың мұрагерi ретiнде „Москва - үшiншi Рим” доктринасында бiрiншi жəне екiншi Римнiң iзбасары түрiнде көрiнедi. Өзiн үшiншi Рим, ал төртiншiсi болмайды деп есептейдi. Филареттiң айтуынша алғашқы екi Римнiң күйреуiнiң себебi нағыз шынайы дiн – православиенi сатып кеткендiгi жəне сол үшiн құдайдың қарғысына ұшырағандығымен түсiндiрiлдi. Бұл доктрина мемлекеттiк өзiндiк сананың басты доминанты болды.
Сонымен орыс философиясындағы ой „орыс идеясының” ағымында қалыптасты. Ресейдiң ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзiндiк санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан ары қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдан бастапқы кезеңдерiнде сөз болды. Бұл кезеңдегi оның негiзiн салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. „Орыс идеясы” əлем халықтарын бүтiндей
бiртұтастыққа бiрiктiретiн жалпыадамзаттық идеяның терең көрiнiсi болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандықтың негiзiнде бүкiл адамзаттық өркениеттiк қозғалыстың басында болуы тиiс.
Орыс философиялық ойындағы қызықты iзденiстер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты жəне екi тенденцияның (үрдiстiң) қарама-қайшылығы негiзiнде өттi. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмiрiнiң өзгешелiгiмен байланыстырады. Екiншi тенденция Ресейге европалық мəдениеттiң даму процесiн таңуға тырысты. Бұл тенденцияның өкiлдерiнiң айтуынша Ресей Европаның даму жолына барлығынан кейiн түскендiктен, Батыстан көп нəрсенi үйренiп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиiс.
Бұл екi тенденцияның өзiнiң айқын теориялық жəне қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Бiрiншiсiн славянофильдер, екiншiсiн батысшылдар бiлдiрдi. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екi бағыт қалыптасты. Бұл екi бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл
атқарды. Өзiнiң көзқарастарын ол атақты „Философиялық хаттарында” баяндады. Чаадаев католиктiк Батысты дəрiптеп, оны Ресейге үлгi тұтты, ал екiншi жағынан,
Ресейдiң Батыстан айырмашылығы оның ерекше „Ғаламдық миссиясында” деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегi славянофильдiктiң де, батысшылдықтың да негiзiн қалаушы болып табылады. Əрине Чаадаев өз позиясының екiжақтылығын түсiндi жəне осыған байланысты орыс халқы өзiне тиеселi идеяны iздестiру үстiнде деп айтты. Ұлттық идея сипатының белгiсiздiгi туралы автордың пiкiрi кейiнгi орыс қоғамдық ойының өкiлдерiнiң көзқарастарды талдауында айқындала түседi. Бұл екi бағыт та Орыс идеясының мəнi мен мағынасын қарама-қайшы кейiпте түсiндiредi.
Ресейдiң дамуын европалық үлгi бойынша насихаттайтын бағыт – бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкiлдерi қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский,
Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шiркеудi сынап, материализмге сүйендi, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсiп шықты.
Батысшылдар Ресейдiң „европаландыру” идеясын насихаттады жəне қорғады. Олардың пiкiрiнше, ел Батыс Европаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың iшiнде экономикалық жəне мəдени артта қалушылығын жойып европалық жəне əлемдiк өркениеттiң толыққанды мүшесi болуы тиiс.
Славянофильдiк болса орыстың ерекше филсофиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофилдер Ресейдiң əлемдегi ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негiздедi. Славянофильдiктiң өкiлдерi батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан дiни орыс философиясы өсiп шықты.
Славянофильдiктiң негiзiн қалаушылар А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерiнiң шығармашылығы бойынша философия Ресей өркениеттi елдермен бiр қатар болу үшiн Батыстан алынған үлгiлердiң бiрi емес, ұлттық дамудың рухани жетiстiктерi шеңберiндегi қажеттi элемент.
Олардың жұмысында тарихтың өзiнен туындайтын дербес сара жол мен ерекше мiндеттердi шешу үшiн орыс ойының қажеттiлiгi туралы ойы бекiтiледi. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл мiндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды.
Славянофильдер Ресей дамуының бүкiл Батыс өркениетiнен түбiрлi айырмашылығы туралы тезистi ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға дiни бастау шығады.
Ресей православиелiк рухани негiзге сүйене отырып, оны əлемдiк жетекшiлiкке əкелетiн ерекше жолмен жүруi тиiс. Ресейдiң бұл жоғары мақсаты мен парызын оның азаматтары сезiне бiлуi керек. Славянофилдер өз отанының тарихына бет бұра отырып, орыс қоғамы құрылуындағы оның толықтығы мен жан-жақтылығын дəлелдеуге тырысады. Олардың пiкiрiнше, батыстық мемлекеттер жасанды құрылымдар. Керiсiнше Ресей органикалық тұрғыда қалыптасты, ол „құрылған” жоқ, ол „өсiп шықты”. Ресейдiң бұл табиғи дамуын славянофилдер православиенiң ерекше əлеуметтiк ұйым–селолық (ауылдық) қауымды тудыруымен түсiндiредi. Орыстың қауымдық құрылымы, олардың пiкiрiнше,
ерекше тарихи жолды айқындайтын орыс халқының ең маңызды принципi.
Жоғарыда айтылғандай славянофилдердiң бастапқы тезисi Православиенiң шешушi рөлiн бекiту болып табылады. Олардың пiкiрiнше, дəл осы орыс жерiн жаратқан „орыс рухын” қалыптастырды.
Православиенiң өзге дiндерден артықшылығын көрсететiн қандай қасиеттерi бар? Бұл сұраққа жауап беру үшiн славянофилдер əлемдiк тарихтағы əртүрлi дiндердiң рөлiн бағалайтын зерттеулер жүргiзедi. Христиан дiнi үш iрi бағытқа бөлiнедi: Католиктiк, Православиелiк, Протестанттық. Бұл бөлiнiстен кейiн „еркiндiк бастауы” бұл шiркеулердiң кейбiреуiнде өзiнiң мəнiн жоғалтқан. Славянофилдер католицизмде шiркеу еркiндiгi жоқ деп есептейдi, өйткенi онда Рим папасының күнəсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шiркеудiң жойылуына əкелетiн адами еркiндiктi, индивидуалдық
бастауды абсолюттендiре отырып, өзге бiржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркiндiк пен қажеттiлiктi үйлесiмдi түрде үндестiредi.
Еркiндiк пен қажеттiлiктiң үйлесiмдiлiгi мəселесiн шешу үшiн славянофилдер өздерiнiң философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип – соборшылдық (еркiн қауымдастық) ұғымын енгiзедi. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Рустегi патриархалдық өмiрдi қалпына келтiру, „Қасиеттi Рустiң” идеалдарына бет бұру, православиенi ең жоғарғы бастау ретiндегi концепциясын бекiту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шiркеу „бастапқы нақтылық” болып табылады. „Соборшылдық” ұғымы да осымен байланысты. „Соборшылдық” принципiн бекiту индивидуализмдi ғана терiске шығару емес, жеке еркiндiктен айыратын ұжымды да мойындамайды. „Соборшылдық жəне қауымға табынумен” (культ) сипатталатын Хомяковтың философиясы индивидуализммен қатар, казармалық коллективизмге қарсы бағытталған жəне орыстың православиелiк шiркеуiнде бар еркiндiк пен сүйiспеншiлiк принциптерiн бекiтуге бағытталған. Соборшылдық адам өмiрқамының барлық салаларынан көрiнедi: шiркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркiн адамзаттық бастау („адамның еркiндiк ырқы”) мен адамның құдайға тəн құдiреттiк бастауының („ырыс-
береке”) өзара əрекетiнiң нəтижесi болып табылады. Славянофилдердiң айтуынша „соборшылдықты” православиелiк „шiркеулiк қоршаудағылар” ғана, яғни православиелiк қауым мүшелерi ғана игере алады, ал „бөтендер мен дiнсiздер” оны қабылдай алмайды. Ауылшаруашылық қауымын славянофилдер асыра дəрiптейдi. Қауымның экономикалық əрекетi жеке жəне қоғамдық мүдделердiң үйлесiмдi бiрлiгiн бiлдiредi. Селолық қауымның басты артықшылығы өз мүшелерiн тəрбиелейтiн рухани адамгершiлiк принциптерден көрiнедi: ортақ мүдденi сақтауға дайын болу, патриотизм. Славянофилдердiң пiкiрiнше, қауым мүшелерiнiң бойында бұл қасиеттердiң пайда болуы ертедегi дiни дəстүрлердi бейсаналы инстинкттi түрде сақтау жолымен жүзеге асады.
Қауым өмiрдiң əлеуметтiк ұйымдасуының ең жақсы формасы деген принципиалды тұжырымға негiзделе отырып, славянофилдер қауымдық принциптi барлығын қамтитындай етуге, яғни оны қала өмiрiнiң ортасына да енгiзуге тырысты. Қауымдық құрылым сонымен қатар мемлекеттiк өмiрдiң негiзiн құрауы тиiс, олардың пiкiрiнше ол „Ресейдiң тұрпайы əкiмшiлiгiн” алмастыруға қабiлеттi.
Славянофилдердiң тұжырымдауынша „ресейлiк қоғамда қауымдық принциптiң таралуына байланысты соборшылдық рух беки түседi”. Əлеуметтiк қатынастардың негiзгi принципi „барлығының мүддесi үшiн өзiнен бас тарту” болып табылады. Осының арқасында дiни жəне əлеуметтiк талпыныстар бiртұтас ағымға құйылады. Нəтижесiнде, славянофилдер „халықтық қауымдық бастаудың шiркеулiк қауыммен жандануы” деп анықтайтын iшкi тарихтың мiндетi атқарылатын болады.
Сонымен ертедегi Русь жəне феодалдық бытыраңқылық тұсындағы Ресейдiң философиялық ойы антикалық жəне византиялық өркениеттердiң жетiстiктерiн игере отырып, бiр мезгiлде өзiнiң бастапқы дербес қадамдарын да жасай бастады. Ол дiни дүниетанымның шеңберiнде дамыды. Алайда осы дiни қабықтың астында практикалық сұрақтарға теориялық жауап беруге тырысқан төлтума ойды да табуға болатын едi.
XIV-XVI ғасырларда феодалдық Рустегi философиялық ой əлi де болса дiни идеологияның шеңберiнде дамиды. Сонымен қатар бұл тарихи кезеңде православиелiкхристиан дiнiнiң догматтары мен православиелiк шiркеудiң əрекетiне ақыл-ой тұрғысынан сыншыл түрде келген рационализмнiң пайда болуымен байланысты iрi қадам жасалды. Бiрақ бұл рационализм философияның дiн жəне дiнтанудың бөлiне бастаған тенденциясының iшiнде ғана өмiр сүрдi.
1.8.2. Орыстың дiни философиясы
Дiни философия – коммунистiк идеологияның үстемдiгi жағдайындағы кеңестiк философияда бiржақты түсiндiрiлiп келген XX ғасырдың басындағы орыс мəдениетiнiң аса маңызды бөлiгi.
Философияның мiндетi барынша кең, ал оларды шешу қабiлеттерi адамда сонша тар дамыған, философия бүгiнгi күндерi математика немесе физика сияқты ғылымдармен салыстырғанда төменгi деңгейде дамыған. Мұны философия тарихындағы бiр-бiрiне қарама-қарсы көптеген философиялық мектептердiң бар екендiгi туралы дəлел айғақтайды. Бүгiнгi күндерi əртүрлi мектептер мен бағыттар жалпы мақсатқа – ақиқатқа
жету барысында өзара түпкi келiсiмдерiн табуға тырысады. Орыстың дiни философиясының да ақиқатты өзiндiк түсiнуi мен оған деген өз жолы болды.
Арнайы ғылымдармен салыстырғанда, яғни əлемнiң əртүрлi қырымен айналысатын жекелеген ғылымдармен салыстырғанда философияда əртүрлi халықтардың мүдделерi өзiнiң таңбасын қалдырады.
Сондықтан да немiс, француз, ағылшын, американ жəне орыс философтарының ұлттық ерекшелiктерi туралы айтуға болады. Əртүрлi елдердегi философиялық мектептердiң арасындағы айырмашылықтар зерттеу пəнiн арнайы таңдауға, философиялық ой-толғауға деген қабiлетiне, тəжiрибенiң əр алуан түрлерiне, саналы, сезiмдiк немесе дiни жəне т.б. бағынышты болады.
Ресейде қазан төңкерiсiне дейiн философияның барлық салаларында – гносеологияда, логикада, этикада, эстетикада жəне философия тарихында зерттеулер жүргiзiлдi. Онан кейiнiрек те орыс философтары этика мəселелерiмен ерекше айналысты.
XX ғасырдың бас кезiндегi қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бiрi дiни
философия болды. Бұл бағыттың өкiлдерi – Николай Бердяевтiң, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдiң жəне т.б. ойшылдардың есiмi əлемге белгiлi болды. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дəстүрлерiмен қатар (славянофилдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейiн), əртүрлi мистикалық жəне пессимистiк көңiл-күйлерге толы сол дəуiрдiң өзi де үлкен ықпалын тигiздi.
Орыстың дiни философиясында сыртқы əлемнiң танымдылығы туралы көзқарас кеңiнен таралған. Бұл көзқарас өзiнiң шеткi формасында, дəлiрек айтқанда объекттi сол күйiнде интуитивтi тiкелей пайымдау iлiмi формасында көрiнедi.
Гносеологиядағы интуитивизмнiң əр түрлi формаларын В.Соловьев, кн.С.Трубецкой, кн.Е.Трубецкой, Л.Лосский, П.Флоренский, С.Франк, Е.Бабунин, Ф.Бережков, А.Огнев,