
Габитов-Философия_pih
.pdfөмiр сүрулерiн тоқтатты.
Эллиндiк философияның жарқын беттерiнiң бiрi Эпикур шығармашылығы жəне б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негiзiн қалаған "Бақ" мектебiнiң өкiлдерiнiң философиясы болды. Эпикур жəне оның iзбасарларының философиясы грек философиясындағы түбiрлi өзгерiстерiнiң айшықты көрiнiсiн бiлдiредi. Оның iлiмiнде каноника да (ақиқаттың өлшемi жəне таным ережелерi туралы iлiмi), физика да (болмыстың құрылысы туралы iлiмi) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни бұл адамның мақсаты туралы iлiм бақыт жəне оған жетудiң тəсiлдерiне негiзделедi. Тiптi атомизмге негiзделген Эпикурдың онтологиясы да атомдарға жаңа сипаттамалар (салмақ жəне көлем) енгiзгенiмен, минимумдар теориясы мен ауытқулар теориясын қосқанымен, оның мақсаты осылар арқылы этиканы негiздеу едi. Эпикур бойынша ғаламның табиғатын бiлмей өмiр мен өлiм, тағдыр жəне т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкiн емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкiн емес. Эпикурдың айтуынша бақыт – бұл ешнəрсемен бүркемеленбеген лəззат, ол "денеге тəн қасiреттiң жоқтығынан" (aponia) немесе жанның тебiренiссiз қалпынан (ataraxia) көрiнедi. Сондықтан Эпикур үшiн нағыз идеал практикалық даналық болып табылады, яғни моральдық өмiрдi басқаруға жағдай
жасайтын ақыл-ой. Саяси өмiрге деген, құндылықтарға жəне заңның, құқықтың, əдiлеттiлiктiң мəнiне деген Эпикурдың көзқарасы классикалық дəуiрдiң теорияларына түпкiлiктi қайшы келедi. Платондық идеалдық əлем мүлдем төңкерiлдi. Адам-азаматтың орнына тарихи аренаға адамзатқа тəн байланыстардың iшiнде тек достықты ғана қадiрлейтiн адам-индивид келдi. Эпикур тағдыр мен фатализмге қарсы шыға отырып, өз замандастарына бақытқа жетудiң жаңа жолын көрсеттi: бақыт iштен туындайды жəне ол тек бiздiң қолымызда, ал қалған нəрсенiң бəрi iш пыстыратын бос дүние.
Эпикурдың идеялары Римде республикалық жəне империялық кезеңдерде кеңiнен таралады. Римде эпикуреизм сол қалпында игерiлуiмен қатар, оның гедонизм рухындағы түсiндiрiлуi де кездесiп отырады. Эпикуреизмнiң нағыз iзбасарларының бiрi Тит Лукреций Кар болды. Оның еңбегiнiң маңыздылығы эпикуреизм мен атомизмдi тарихқа таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, ақылмен ғана емес, жүрекпен де ұғынуға лайықтап тамаша поэзиялық-образдық формада жеткiзуiнде болды.
Б.з.д. IV ғасырдың аяғында "Бақ" мектебi құрылғаннан кейiн-ақ Афиныда тағы бiр
атақты философиялық стоиктер мектебi пайда болды. Ол б.з. III ғасырына дейiн өмiр сүрiп, дүниеге Зенон, Сенека, Марк Аврелий жəне т.б. ұлы ойшылдарды əкелдi.
Егер Эпикур онтологияда атомизмдi ұстанса, ал стоиктер гераклиттiк от-логосқа сүйенедi. Бiрақ ең басты айырмашылық олардың этикасында болды. Стоиктер iлiмiнше кедейлер мен құлдардан бастап императорға дейiн бейiм болып келуi оның кең танымалдығына себеп болды. Эпикур адамға үнемi қауiп төндiрiп отыратын тұрақсыз, аумалы-төкпелi болмыстан, белгiсiздiк пен сенiмсiздiктен құтылудың құралы ретiнде жоғары еркiндiкке жетуге мүмкiндiк беретiн, данышпанның жан тебiренiссiз, толқыныссыз қалпын, яғни атараксияны ұсынғаны белгiлi. Бiрақ оны Эпикурдың "Бағына" енген тек кейбiр "таңдаулылар" ғана пайдалана алды. Стоицизм болса мұндай данышпанға да, қоғамдық жəне саяси өмiрге қатыса алатын қарапайым адамға да лайықты неғұрлым кең
идеалды алға тартады. Стоиктiк адам – бұл жазмышқа да, құдайдың еркiне де бағына отырып, өз үлесiн салқынқандылықпен жəне абыроймен көтере бiлетiн адам. Ол қарсы тұрудың мəнi жоқ екендiгiн түсiнедi, өйткенi "тағдыр ұмтылғанды жетелейдi, ал қаламағанды сүйрейдi" (Сенека). Сондықтан "төзiмдiлiк сұлулығының" идеалы үмiтсiздiктiң өзiн тiршiлiк пен жағдайлардан үстем жеңiске, ал бағыныштылықты iшкi еркiндiкке айналдырады. Жарты мың жыл бойында философиялық аренада стоицизмнiң үстемдiк етуi де осы алғышарттарға байланысты болады.
Эллиндiк дəуiрде стоицизммен салыстырғанда азырақ таралған тағы бiр философиялық бағыт – скептицизмнiң негiзiн қалаушылар Пиррон жəне Тимон болды. Олардың iлiмiн Академия (Аркесилай, Карнеад) жалғастырды, кейiнiрек Энесидем мен Агриппа "жол-сүрлеу" (тропы)-скептикалық аргументация жүйесiн ойлап табуы нəтижесiнде қайта өркендеттi, ал оның тарихын Секст Эмпирик жəне т.б. эмпиризммен байланыстыра отырып аяқтады.
Скептицизм эллинизм дəуiрiнiң полемикалық ұстанымын бiлдiредi: ол бүкiл жəне жалпы "догмаларға" қарсы өз дəлелдерiн келтiре отырып пiкiр таластарды, антикалық философтың өмiрi мен күресiн аша отырып, оның бiлiмге деген ұмтылысын аша отырып,
оның жалпы мүмкiндiгiне терең күмəн келтiрдi.
Скептицизмнiң идеалы – теория туралы пiкiрден бас тарту, практикада мүмкiн болатын парасаттылыққа ғана, əдет-ғұрыпқа ғана сүйену. Бұл бағыт ақырында нигилизмге алып келдi.
Кейбiр мектептердiң өмiрлiк потенциалының түгесiлуi, олардың проблематикаларының бiржақты шектелуi, скептицизмнiң əсерiмен теориялық барьерлерiнiң бұзылуы эклектизмнiң (грекше ek-legein "бұзу жəне қайта жинақтау" дегендi бiлдiредi) қалыптасуына ықпал еттi. Эклектизм классикалық жəне эллиндiк философияның əртүрлi жүйелерiнiң "ең жақсы" жəне келiсiлген түйiндерiн таңдап алып, ал жалғандарын алып тастайтын философияның түрi болып табылады. Бұл тенденция б.з.д. II ғасырда басталғанымен эклектизмдi ресми түрде Филон Академияға б.з.д. 87 жылы енгiзiп, оны Антиох қолдады. Эклектизм академиялық философияның негiзiнде дами отырып, табиғатпен қатар қоғамдық танымды да қамтитын энциклопедизмнiң шекарасына ұласты.
Римде бұл бағыттың ең көрнектi өкiлi атақты шешен жəне саясатшы Цицеронның шығармашылығы эклектизмнiң принципсiз жəне қайшылықты емес екендiгiн дəлелдейдi. Онда əсiресе, бiртұтас синтетикалық дүниетанымға деген қажеттiлiк айқын көрiнедi, ал бұл синтезге объективтi түрде қол жеткiзу бөтен əңгiме. Цицеронның мəдениет феноменi ретiндегi баға жетпес маңызы грек мəдениетiн рим өркениетiмен, кейiннен жалпы батыспен байланыстыруында едi. Латын ғұламасының маңызы осы грек ақыл-ойының бүкiл əлемдегi триумфын жасауда, оның тiрiлтушi жəне қозғаушы күшiнде.
Рим империясының алғашқы ғасырлары əртүрлi дүниетанымдық бағдарлардың бiрбiрiмен араласа дамуымен сипатталады. Эллиндiк философияға монотеистiк идеаларды ендiрудегi шешушi қадамды Александриядан шыққан Филон жасады. Оның дүниетанымында грек философиясының иудейлiк мифологиямен тұтастана бастауы
байқалады.
Эллинизм дəуiрiндегi дiни емес даналықтың соңғы бағытының бiрi б.з. III-IV ғасырларында дамыған неоплатонизм болып табылады. Оның Александриялық-Римдiк (Аммонии Саккас, Плотин, Порфирий), Сириялық (Ямвлих) жəне Афиналық (Прокл) мектептерi болды.
Неоплатонизм өз дəуiрiне тəн философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының əлеуметтiк тəжiрибесiн дəл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете бiлдi. Бейнеленбейтiн Тұтастық пен оның алуан түрлiлiкпен байланысын iздеу, Тұтастықты абсолюттендiру жəне Тұтастық пен материалдық ғарыш, Құдай мен адам арасындағы шексiз аралық сатыларды iздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда реконструкциялауға əкелдi. Тəнге қатысты барлық нəрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы iлiмге басымдылық беру тек ертехристиандық философияға ғана емес, бүкiл ортағасырлық теологиялық ойлауға өзiнiң едəуiр ықпалын тигiздi. Филон Александрийскийдiң Көне Өсиеттi грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзiнiң жалғасын таппады. Христиан дiнiнiң жеңiске жетуi ертедегi гректердiң ойлау тəсiлiн игере отрып, терiске шығару арқылы
жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антикалық-христиандықты, ал кейiнiрек европалық христиандықты даярлады.
1.4. Ортағасырлық батысевропалық философия
Ортағасырлық батысевропалық философия дүниетаным дамуындағы өзiндiк ерекшелiгi бар кезеңдердiң бiрi. Бұл ерекшелiк философиялық ой дамуының тiкелей дiнитеологиялық шеңбердiң iшiнде, христиандық дiни iлiмiнiң апологетикасы төңiрегiнде өрбуiмен сипатталады. Ортағасырлық батысевропалық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер жəне Аврелий Августин өздерiнiң интеллектуалдық ықпалдарын тигiздi. Рим шiркеуi əулие Августиндi сенiм мен ақылдың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан христиандық дiни iлiмдi негiздеудегi орасан зор сiңiрген еңбегi үшiн “əкей” ретiнде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушiлер оны “батыстық ортағасырлық мəдениеттiң ұлы құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзiнiң “Құдай қаласы туралы” еңбегiнде атақты формуласын – “credo ut untelliyam, intellido ut credam” (ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын) формуласын негiздейдi. Бұл ақыл мен сенiмнiң өзара бiрiн-бiрi толықтыру принципi V-XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Европаның бүкiл ортағасырлық философиялық ойының ең негiзгi дүниетанымдық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шiркеуiнiң “əкейi” болса, онда Боэций (480-526) М.Грабманның берген дəл сипаттамасы бойынша “соңғы римдiк жəне бiрiншi схоласт” болып табылады жəне сонымен қатар ортағасырлықтың негiзiн қалаушы ретiнде де (Э.Рэнд) орынды саналады. Боэций антикалық дəуiрдiң рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мəдениетпен байланыстырушы, антикалық интелектуалдық-философиялық дəстүрдiң ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы ұлы транслятор болып табылады. Боэций аристотельдiк iлiмнiң ұғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мəдениетiне теологиялық проблематиканың негiзгi қаңқасын да енгiздi: универсалийлер мəселесi, тринитарни (Құдiреттi Құдай, оның Ұлы жəне Қасиеттi Рух арақатынастары), субстанция мəселесi жəне акциденция. Боэцийдiң айтуынша субстанция – бұл барлық атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мəндiлiктердiң негiзi. Егер субстанция – бұл заттардың жалпы негiзi болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мəнi. Олар ақылоймен абстракциялаудың нəтижесi болғанымен, əлемде бар жəне нақты өмiр сүретiндердi
бейнелейдi.
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есiмiмен байланысты (810-877). Эриугена өзiнiң “Табиғаттың бөлiнiсi туралы” деген жұмысында əлемдiк үйлесiмдiлiк туралы идеясын негiздейдi. Онда құдай барлық бастаудың түпнегiзi бола отырып, болмыс процесiн өзi аяқтайды: “Құдай өзi танылмағанымен өзi таратқан нəрселерiнде ашылады, ал Құдайға иланудың өзi – таңғажайып жаратылыс” (Эриугена).
Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қосқан Ансельм Д' Аоста (1033-1109) болды. Ол өзiнiң “Прослогион” деген еңбегiнде құдайдың өмiр сүруiнiң априорлық немесе онтологиялық дəлелдерiн негiздейдi. Сол сияқты П.Абеляр (10791142) заттардың мəнiне сəйкес келетiн жəне сөздердiң мағынасын бiлдiретiн универсалийлер туралы идеяны дайындап шығарады.
Ф.Аквинский (1225-1274) өзiне дейiнгi ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзiнiң радикалды қадамымен ерекшелендi. Бұл қайта пайымдаудың мəнi табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негiзделдi. “Тəн туралы ой жан туралы ойға, жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бұл ой құдай туралы ойға жетелейдi” – деген Ф.Аквинскийдiң кредосы аристотелизмдi христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңдi бiлдiредi. Ол сондайақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдiң iлiмi – христиандық дiни iлiм мен перипатетизм философиясының, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушiлiк.
Бiрақ бұл компромисс XV ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға ұшырайды, томизм мен номинализм арасындағы пiкiрталасқа Р.Гросетест (1168-1253),
Р.Бэкон (1210-1294), У.Оккам (1290-1349/50) белсене араласады. Фомамен салыстырғанда У.Оккам концептуалды номиналист болып табылады. Əлемде санаға бағынышты емес заттар да өмiр сүредi. Ұғымдар – бұл ментальды феномендер. Осы жағдайларды теориялық тұрғыда дамыта отырып У.Оккам теологиялық спекуляция
жасауға негiз жоқ деген шешiмге келедi, өйткенi олар универсалийлер туралы ойға сүйенедi. Оккам дiни мəселелердi шешуде Папаның сөзiнiң абсолюттiгi туралы тезиске оппонент болды. Оның пiкiрiнше ақиқатқа жету жолында барлық нəрсеге де сын болуы шарт. Универсалийлердi сынай отырып Оккам философия мен теологияның ара жiгiн ажыратады. Номиналистiң пiкiрiнше философия теологияның қолжаулығы. Философияның өз мiндетi бар: тəжiрибе арқылы табиғи əлемдi зерттеу. Ал теологияның философиядан ерекшелiгi ол құдайға бет бұрған жəне сенiмге ғана сүйенедi.
1.5. Мұсылман əлемiнiң философиясы
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық жəне мəдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам əлемiнiң данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия жəне Шығыс мəдениетi мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дəстүрлердi онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дiндi идеологияландыру, философиялық интоксикациялау жəне негiздеу процесi жүрiп өтсе, ал мұсылман аймағында, əсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы бiлiм салаларының дамуына əл-Хорезми, əл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям жəне т.б. ойшылдар өздерiнiң үлкен үлестерiн қосты. Мысалы, əлБируни Жердiң өз осiнен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бiрi болды, сондай-ақ көптеген өзге əлемдердiң өмiр сүруi туралы идеялар мен бiрнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы
үшiншi дəрежеге дейiнгi теңдеулердiң шешiмiн жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.
Мұсылман əлемiнiң философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жəне теориялық үлкен ықпалын тигiздi. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мəдени мұрамен, сонымен бiрге Шығыс мəдениетiнiң прогрессивтi жетiстiктерiмен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетiстiктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивтi рационалистiк философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман əлемiнiң ойшылдары араб тiлiнде жазғанымен, олардың бiразы этникалық шығу тегi жағынан араб емес, түркi жəне парсылар болды.
Осылай, Батыс əлемi Шығыспен рухани диалогының нəтижесiнде ерте грек дүниесiмен қатар, шығармашылдық жəне жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мəдениеттiң есiгiн ашты. Шығу тегi түрiк философтар мен ғалымдар əл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар əл-Хорезми, əл-Бируни, ибн Сина, əл-
Кинди, Габари, əл-Газена, əл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есiмдерiмен танысты.
Ислам философиясының бастапқы негiзiн қалаушылар қатарына əл-Кинди жəне əлФараби жатады. Əл-Киндидi ортағасырлық дəуiрде “арабтардың философы” деп жиi атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебi əл-Кинди мұсылман əлемiнiң көптеген философтары iшiнде шығу тегi жөнiнен араб. Əбу-Жүсiп Якуб ибн Исхак əл-Кинди (800879) Басра қаласынан шыққан, жетiк бiлiм алған, тек философ ретiнде ғана емес, дəрiгер, математик, астроном ретiнде де белгiлi, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Əл-Кинди еңбектерiнен бiздiң заманымызға дейiн аз ғана бөлiгi жеттi. Логикалық-гносеологиялық мəселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгiлi: “Аристотель кiтаптарының саны жөнiнде
жəне философияны меңгерудiң шарты, бастапқы философия туралы бес мəндiлiк туралы кiтап, пайда болу жəне жойылудың себептерiн түсiндiру туралы трактаттар”. ƏлКинди жұмыстарының қалған бөлiктерi туралы оның замандастары мен iзбасарларының жекелеген сiлтемелерi, əр түрлi тақырыптар мен үзiндiлер арқылы бiлемiз. Оның мұрасының осы үлкен бөлiгi Х-ХI ғасырлардағы дiни реакция тұсында жойылған. ƏлКинди мынадай мəселелерге үлкен көңiл қояды: Құдай мəселесi, ақыл-ой мəселесi мен философияның мəнiн анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзiнiң шығармаларында əл-Кинди Құдайдың мынадай түсiндiрмелерiн бередi: 1. Құдай түп-негiз, барлық нəрсенiң абсолюттiк бастауы ретiнде;
2. Құдай мақсатты себеп ретiнде; 3. Құдай кеңiстiктегi абсолюттiк шексiздiк жəне уақыттағы мəңгiлiк ретiнде. Философтың пiкiрiнше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңiстiктi жəне уақытты жаратқан. Пайда болған нəрсе қозғалыстың нəтижесiнде өзгередi жəне ақыры соңында жойылады, ол нəрсе мəңгiлiк емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берiлгендiктен ол өзiн-өзi танып қана қоймай, өзiн қоршаған дүниенi де таниды. Ақылдың көмегiмен адам заттар мен құбылыстардың себептiк байланысын, олардың мəнiн ұға алады. Адамның əлемдi танудағы ақылдың рөлiн анықтай отырып əл-
Кинди ақыл-ойдың төрт түрiн жəне танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. ƏлКинди ақыл ойдың мынадай төрт түрiн ерекшелейдi: активтi, пассивтi, жинақтаушы, жариялаушы.
Егер əл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал əл-Фараби Х ғасырдағы Аристотельдiң iзбасары болып саналады. Əбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг əл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрiк отбасында дүниеге келдi. Фараби жоғары бiлiмдi оқыған адам едi, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдiң алғашқы комментаторларының бiрi. Ол Аристотельдiң “Категориялар”, “Герменевтика”, “Аналитика. Софистика. Поэтика” сияқты шығармаларына түсiнiктеме бердi. Бiрақ əл-Фарабидiң дара философ ретiндегi даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшiлiгi қазақ тiлiне əлi аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, əлемдi ғылыми танып бiлу мүмкiндiгiне сенiп, қоғамдағы зорлық-
зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетiнде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз жəне соғыссыз қоғам идеалын жер бетiндегi халықтардың бейбiт жəне достық қатынастарын идеялық теориялық тұрғыда негiздедi. Өзiнiң “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Адамдық саясат” еңбектерiнде Фараби саясат пен мораль мəселелерiн қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық жəне саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мəселесiн көтерiп, аббасидтер халифатындағы əлеуметтiк қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсiнiк бередi. Əл-Фарабидiң көптеген философиялық идеялары батысевропалық философияның идеялары мен концепцияларының қалыптасуы мен дамуына, əсiресе Б.Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигiздi. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман əлемiнiң көптеген
ойшылдарының, мысалы ибн Сина, Ж.Баласағұн жəне тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да əсер еттi.
Философия мен ғылымның дамуына түркiстандық Бұқарадан шыққан энциклопедист-ойшыл Əбу-Əли ибн Сина (980-1037) өзiнiң үлкен үлесiн қосты. Ибн Сина əл-Фарабидiң кейбiр идеяларын шығармашылық тұрғыда онан ары жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея жəне т.б. Шығыста ибн Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх – рухани ұстаз, ал ар Раис—басшы дегендi бiлдiредi), ал Батыста атақты “Медицина ғылымының канондарының авторы” Авиценна деген атпен белгiлi болды. Ибн Синаның философиялық көзқарастарына əл-Фараби үлкен ықпалын тигiздi. Ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдiгi үшiн күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Əр түрлi бiлiм салаларындағы қажырлы еңбегi жəне орасан зор шығармашылық əдеби, ғылыми-философиялық мұрасына орай ибн Синаны энциклопедист ғұлама деп орынды атайды. Ғалымдардың мəлiметi бойынша ибн Сина 450-ден аса еңбектер жазған, онан бiздiң заманымызға дейiн 240-ы жеттi. Ибн Синаның тiрi кезiнде-ақ өзiнiң философиялық идеяларын баяндаған “Шығыс философиясы” жəне 20 томнан тұратын “Əдiлеттiлiк” деп аталатын философиялық энциклопедия жоғалып
кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина канондары” деп аталатын капиталды еңбегiнде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мəселелерi қарастырылған. Өзiнiң философиялық жүйесiн ибн Сина платондық iлiмнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесiндегi ғылымдар классификациясы өзiнiң ерекшелiгiмен қызықтырады. Əбу Əли философиялық бiлiмдi екi салаға бөледi: теориялық жəне практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, ал практикалық философия – игiлiкке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика – бұл əлемдi танудың құралы, ол барлық ғылымдарға тəсiл бередi. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады (метафизиканы ол бiрде философия, бiрде теология деп түсiндi). Жильсонның пiкiрiнше
теологияның статусы туралы авиценалық шешiм iзгi хабарға жол ашады, бiрақ əрбiр құндылық туралы мəселеге толық жауап жоқ.
Газалидiң айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретiнде өзiнiң пайымдауларында кейде дiнсiздiкке жақын жағдайларға дейiн барады. Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келедi: егер философия ақыл-ойдың мəлiметiне, дəлелге негiзделген шындық туралы бiлiм берсе, ал теологиялық бiлiм сенiмге негiзделедi. Өзiнiң батыл жəне ерекше дара идеялары үшiн ибн Сина үнемi қуғынға ұшырап отырды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезiндегi əл-Фарабидiң философиялық iзденiстерiнен өзiнiң бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан ары дамытқан оның заңды жалғасы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жiгiн ажыратып, олардың статусы туралы идеясын онан ары ибн-Рушд
өзiнiң, қосарланған ақиқат туралы теориясында жалғастырды.
Орталық Азиялық əлемнiң келесi бiр iнжу-маржаны Баласағұн қаласынан шыққан түрiк “Құтадғу бiлiк” (“Құтты бiлiм”) деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсiп Баласағұн (ХI ғасыр). Өлең түрiнде жазылған бұл шығарма 6520 бəйiттен тұрады. Оның негiзгi тақырыбы моральдық-этикалық мəселе. Баласағұн əл-Фарабидiң iзгi қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттiң формасы билеушiнiң адамгершiлiк тазалығы мен асқақтығына, билеушi мен бағыныштылар арасындағы iзгiлiктi қарымқатынастарға байланысты деп есептедi. Өзiнiң еңбегiнде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекетi үшiн қажеттi (ол сол заманда өмiр сүрдi) билеушiнiң идеалды портретiн беруге тырысты. Баласағұн билеушiге мынадай ақыл кеңестер бередi: “Бiлiп ал: адамдар алдында сенiң үш парызың бар. Соны орында – күшпен ұзаққа бармассың. Ең алдымен күмiстей тазалықты сақта… Екiншiден – адамдарға əдiл заң бер… Жəне үшiншiден – күзетiңдi мықта”. Баласағұнның түрiк тiлiнде жазылған “Құтты бiлiк” еңбегi сол заман энциклопедиясын бiлдiредi. Бұл жұмыс этика, саясат мəселелерiне арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық, ертедегi түрiктердiң дiни наным сенiмдерiне байланысты материалдарға да толы.
Қарахан қағанатының гүлденген дəуiрiнде өмiр сүрген тағы бiр философ Махмұт Қашқари. Ол өзiнiң 1072-1083 жылдары жазылған “Дивани лұғат ат-тюрк” (“Түрiк тiлiнiң сөздiгi”) еңбегiнде түрiк рулары мен тайпаларының тiлi, əдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмiрiнен де мол мағлұмат бередi. Ол адамдардың қоғамдық өмiрiндегi адамгершiлiктiң, тəрбиенiң, бiлiмнiң маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен бекiтудегi қуатты тетiк ретiндегi тiлдiң рөлiне де үлкен көңiл қояды. Қоғамдық өмiр мен мемлекеттi нығайтуда түрiк философының айтуынша ер мiнездiлiк, адалдық, патриотизм жəне т.б. адамгершiлiк қадiр-қасиеттер де маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрiк халықтарының бiр-бiрiмен жақындасуы мен қатынасуының негiзгi құралы ретiнде Қашқари ана тiлiнiң маңызды рөлiн баса көрсетедi.
Философия дамуындағы рационалистiк бағыт əл-Фараби, ибн Сина, Баласағұн есiмдерiмен қатар, мұсылмандық Шығыстың мынадай танымал ғалымдары мен философтары арқылы сипатталады: Закария əл-Рази, əл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди. Бұлардың соңғы екеуi туралы замандастарының қалдырған кейбiр
естелiктерiнен өзге мəлiметтер өте аз. Алайда олардың өмiрiнiң трагедиялық жағдайда аяқталуы ибн Абдаллах пен ар Раванди өз идеяларын қорғау жолындағы олардың батылдығынан, рухы мен еркiнiң жоғары күш-жiгерiнен хабар бередi. Бұл аталғандар 760 жылы халиф əл-Мансұрдың бұйрығы бойынша еркiн ойлары үшiн жазаланып, бастары кесiлген. Ибн Абдаллах (724-760) жəне Ибн ар-Равани Əбу-л-Хусейн Ахмед ибн Яхия
(827-864) ежелгi грек тiлiн бiлген бiлiмпаздар едi, сонымен қатар олар ертегрек, ертеүндi, ертеиран жəне еврей философияларын меңгерiп, антикалық жəне шығыс философтарының шығармаларын араб тiлiне аударды. Мысалы, Əл-Мукаффа Абдаллах Аристотельдiң “Категориялары” мен “Аналитикасын” араб тiлiне аударды. Ибн əл Мукаффа Абдаллах пен ибн ар-Раванди бастапқыда мутазилиттердiң идеялары мен көзқарастарын мойындаса, кейiнiрек ар-Раванди шиизмге қызығушылық танытып,
ақырында мүлдем дiннен алшақтайды, ал ибн Абдаллах исламнан бiрте-бiрте түңiлiп, зороастризмге ден қояды. Бұл екi философ та исламға күмəнмен қарап, Құранның қасиеттiлiгiне күдiк келтiрiп, оның кейбiр жағдайларының қайшылықтары мен əдеби тұрғыда жетiлмегендiгiне назар аударады.
Ибн Абдаллахтың қаламынан мынадай шығармалар туды: “Əл-Адаб əл-Кабир” (“Ұлы iстер үшiн насихат”), “əл-Адаб ал-Сагир” (“Кiшi iстер үшiн насихат”). Ибн Абдаллахпен салыстырғанда ар-Раванди өзiнiң радикалды көзқарастары мен идеяларымен ерекшелендi, ол оның мынадай жұмыстарынан көрiнедi: “Китаб ат-тадж” (“Тəж кiтабы”), Аз-Зумурдат” (“Маржан тас”), “Ад Дами” (“Төгiлген жастар”), “Албасирет” (“Алғырлық”).
Əл-Разидiң еңбектерi бiршама көп мөлшерде сақталған жəне бiздiң заманымызға дейiн жеткен. Əбу-Бекр Мухаммед ибн Закария əл-Рази (латынша аты Разес, 865925/934ж) Тегеран маңындағы Рея қаласынан шыққан. Оны замандастары ғалым энциклопедист ретiнде бағалайды. Жалпы көлемi 184 жұмыс жазды, оның бiздiң заманымызға дейiн жеткенi 61. Əл-Разидiң шығармашылық мұрасы философия, медицина мəселелерiне қатысты туындылармен байланысты. Оның онтология мен гносеология мəселелерi бойынша идеялары ерекше қызығушылық тудырады. Мысалы, ол
онтологияда бес мəңгi бастау туралы идеяны негiздейдi: жаратушы, жалпы рух, праматерия, абсолюттiк кеңiстiк жəне абсолюттiк уақыт, мiне осылар əлемнiң өмiр сүруiнiң қажеттi алғышарттары болып табылады. Əл-Разидiң пiкiрiнше жан мен тəн бiр-бiрiмен ажырамас байланыста. Жəне адам ақыл-ойға ие болғандықтан табиғи құбылыстарды танып-бiлуге қабiлеттi. Адам тiрi мақұлық ретiнде бiлiмнiң қуанышын сезуге құштар. Адамдар арасында ақиқатқа жетуге қабiлеттiлерi философтар болып табылады. Разидiң ойынша философ жаратушыға ұқсас болуға тиiс, ол адамдарға əдiлеттi жəне олардың қателiктерiне кешiрiмдi болуы тиiс, себебi əркiм ақиқатқа əртүрлi жолмен жетедi жəне шамасы келгенше жақындауға тырысады. Əл-Рази өзiнiң пайымдау процесiнде Алланың рөлiн тек бастапқы түпнегiзге ғана телiп, оның функциясын барынша азайтады, ал материалдық əлем өзiнiң қозғалысында салыстырмалы түрде жаратушыдан тəуелсiз жəне дербес. Əл-Рази өзiнiң онтологиясының кейбiр жағдайларында материяны өзiнiң атрибуттарымен қоса (кеңiстiк пен уақыт) жаратушымен тең бiрқатарға қояды. Əл-Рази ғылымның жақтаушысы болып, дiндi сынға ұшыратады. Ойшылдың пайымдауынша, дiн
дəстүрлер мен əдет-ғұрыптардың арқасында өмiр сүредi, алдауға негiзделедi, шыдамсыздық пен мағынасыз соғыстарға əкеледi. Дiнмен осы полемиканы тағы бiр философ əл-Маари жалғастырды.
Əбу-л əл-Маари (973-1057) Сириядан шыққан философ жəне ақын. Əл-Рази сияқты Маари де дiн алдауға негiзделген деп есептейдi. Əр халықтың өзiнiң дiнi бар жəне өз жолдарын дұрыс бағыт деп санайды. Бiрақ олар қателеседi, ал бұл адасушылық көптеген ғасырлар бойы өмiр сүрiп келе жатқан дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар арқылы бекiтiледi. Дiн əдетте, надандық пен фанатизмнiң есебiнен гүлденедi. Ғылым онымен салыстырғанда бiлiмге негiзделедi жəне ғалымдар мен оқыған адамдар арасында кеңiнен таралады.
Мұсылман əлемiнiң көптеген философтары адам сүбъективтiгiнiң адамгершiлiк қасиеттерiне үлкен көңiл бөледi. Əл-Фарабиден бастап мұсылман əлемiнде жалпы