Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Габитов-Философия_pih

.pdf
Скачиваний:
105
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

мүлдем жаңа салаларының пайда болуы, ғылым мен техника жетiстiктерiн кеңiнен енгiзу, капитал салымы деңгейiнiң ұлттық кiрiстiң 20 %-ға дейiн жоғарылауы, қала тұрғындарының 60-90%-ға дейiн өсуi, квалификациялық еңбек үлесiнiң өсуi жатады. У.Ростоудың есептеуiнше кемелденген кезеңге жету үшiн 50-60 жылдай өтпелi кезең

қажет. Жəне соңғы, бесiншi кезең —“жоғары бұхаралық тұтыну” дəуiрi. Бұл қоғамның басты мəселесi өндiрiс емес, тұтыну мəселесi, өндiрiстiң негiзгi салалары дəстүрлi салалар емес, қызмет көрсету жəне бұхаралық тұтыныс тауарларын өндiрiсi болып табылады.

Американ экономисi жəне əлеуметтенушысы У.Ростоудың бұл теориясы постиндустриалдық қоғам теориясының алғышарты жəне негiзi болды.

Экономика мен оның салаларының негiзiндегi техника философиясының күрделiленген вариантын бiз американ əлеуметтанушысы Д.Беллден кездестiремiз. Ол постиндустриалдық қоғам теориясының негiзiн қалаушылардың бiрi. Белл “бiржақты детерминизмдi” жоққа шығарады жəне қоғамның əр түрлi салалары, мейлi ол саясат

немесе мəдениет, технология жəне т.б. болсын өз алдына дербес жəне өзiнiң даму логикасы болады деп есептейдi. “Постиндустриалдық қоғам” теориясының методологиялық негiзi “белдеулiк принцип” болып табылады. Д.Белл белдеулiк принциптiң көмегiмен қоғамдық қатынастар мен институттардың, рухани процестердiң тек бiр ғана факторларға байланысты емес екендiгiн дəлелдеуге тырысады. Олардың бiрi бiр белдеудiң бойында, екiншiлерi өзге белдеудiң бойында орналасады. Беллдiң пiкiрiнше “постиндустриалдық қоғамның белдеулiк принципi орасан зор теориялық бiлiм жəне оның əлеуметтiк өзгерiстегi бағыттаушы ретiндегi жаңа рөлi болып табылады. Əрбiр қоғам бiлiмнiң негiзiнде қызмет етедi, бiрақ ХХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап технологияның мəнiн өзгерткен ғылым мен инженерияның қосылуы жүзеге асты”.

Постиндустриалдық қоғам концепциясының негiзiне адамзат қоғамы тарихының үш

кезеңге бөлiнуi жатады: индустриалдыққа дейiнгi, индустриалдық, индустриалдықтан кейiнгi.

Сонымен, алғашқы əлеуметтiк технологиялық революция аграрлық-қолөнерлiк болып табылады. Оның соңғы нəтижесi өндiрiс саласының негiзiне егiншiлiк жəне қолөнер технологиялары жататын тарихи тұрғыда алғашқы өркениеттiң қалыптасуы болды. Меншiктiң əр түрлi формалары, алғашқы мемлекеттердiң пайда болуы отырықшылыққа көшудiң алғышарттары болды.

Екiншi əлеуметтiк технологиялық революция индустриалдық болып табылады. Ол

ХVII ғасырдың басына дейiнгi кезеңдердi қамтиды, ал кейбiр елдер мен аймақтарда онан

да кешiрек жүзеге асты. Оның нəтижесi индустриалдық жəне урбанистiк өркениеттiң пайда болуы деп саналады.

Соңғы бiздiң көз алдымызда өтiп жатқан əлеуметтiктехнологиялық революция ақпараттық-компьютерлiк революция болып табылады. Ол қоғам өмiрi мен адам өмiрқамының бүкiл саласын ақпараттандырудың негiзiнде iске асады.

80-жылдары техницизм идеологиясы күшейе түстi. Бұл бағыттың негiзгi

тұжырымдары О.Тоффлердiң атақты “Үшiншi толқын” еңбегiнде жарияланды. О.Тоффлер

қоғам дамуын толқынның қозғалысы ретiнде қарастырады. Ол адамзат қоғамының бүкiл дамуын үш кезеңге бөледi:

1.Аграрлық революция (“бiрiншi толқын”)

2.Өнеркəсiптiк революция (“екiншi толқын”)

3.Ақпараттық-компьютерлiк революция (“үшiншi толқын”).

Ол қоғамдық өзгерiстердi техникалық прогрестiң тiкелей рефлексi ретiнде

қарастырады. Ол қоғамдық өмiрдiң əр түрлi қырларын талдайды, бiрақ негiзi ретiнде энергетикалық база, өндiрiс жəне бөлiнiс құрамына кiретiн техносаладағы өзгерiстер алынады.

О.Тоффлер болашақ қоғамдық дамуды талдай отырып, оның экономикалық қаңқасын электроника жəне ЭЕМ, ғарыштық кеңiстiк жəне биоиндустрия құрайды деп

есептейдi. Оның пiкiрiнше, өндiрiс, отбасы, ғылыми ойдың бағытының өзi, коммуникация

жүйесi орталықтанудан орталықсыздануға, шоғырланудан шашырауға, кəсiпорынға жиналудан “электрондық коттедждегi” үй жұмысына ауысады. Тоффлер жаңа өркениетке

дəл анықтама беруге тырыспайды, оның айтуынша “постиндустриалдық қоғам”, “ғарыштық дəуiр”, “ғаламдық деревня”, “ақпараттық қоғам” жəне т.б. қолдануға келмейдi, өйткенi “олар жүзеге асып жатқан өзгерiстердiң нақты динамикасы, оның салдары барысындағы қайшылықтар мен қақтығыстар туралы дұрыс болжам бере алмайды”.

Жаңа өркениетке анықтама беруге көптеген ғалымдар ұмтылды. Дж.Литхайм— постбуржуазиялық, Р.Дарендорф—посткапиталистiк, А.Этциони—постмодернистiк, К.Болдуинг—постөркениеттiк, Г.Кан—постэкономикалық, С.Алстром—постпротестанттық, Р.Сейденберг—посттарихи, Р.Барнет—постмұнайлық қоғам туралы айтады.

Мұнан ары қарай постиндустриалдық қоғам теориясы ақпараттық қоғам концепциясында нақтылана түседi. Ақпараттық қоғамның əр түрлi варианттары Д.Белл, А.Кинг, Дж.Мартин, А.Нормен, С.Нора, Дж.Нейсбит, Й.Масуда, Дж.Пелтон, М.Понятковский, Ж.-Ж.Серван-Шрайбер жəне т.б. сияқты теоретиктермен даярланды. Жалпы алғанда, олар ақпараттық қоғамды постиндустриалдық қоғам ретiнде түсiндiредi.

4.4.5 Ақпараттық қоғам

Жаңа өркениетке өтуге байланысты адамзаттың тарихи тағдырларындағы түбiрлi өзгерiстер болып жатқан жаңалықтарды пайымдау қажеттiлiгiн тудырды. 20-жылдардың өзiнде-ақ мұны алғаш сезiнген О.Шпенглер өзiнiң атақты “Европаның дағдарысы” еңбегiнде бүгiнгi индустриалды өркениеттiң ақырының жалпы нобайын трагедиялық формада белгiледi. Онан кейiн 40-жылдары австралиялық экономист К.Кларк жаңа қоғамның келе жатқанын айқын баяндап, оны жаңа экономикасы мен технологиясы бар ақпарат жəне қызмет көрсету қоғамы ретiнде сипаттады. 50-жылдардың аяғында американдық экономист Ф.Махлуп жаңа қоғам туралы идеяны дамыта отырып, ақпараттың маңызды тауарға айналатыны жəне ақпараттық экономиканың келетiнi туралы тезисiн жариялады. Жəне тек 60жылдардың соңында ғана постиндустриалдық

қоғам теориясының

негiзiн қалаушылардың бiрi американдық əлеуметтанушы Д.Белл алдыңғыларымен

салыстырғанда өзiнiң ақпараттық қоғам теориясында бұл қоғамның мəнi мен сипаттамалық белгiлерiн ашуға тырысты.

Əсiресе, өзiнiң “Ақпараттық қоғамның əлеуметтiк шеңберi” деген еңбегiнде Д.Белл қоғамның негiзгi салаларын жан-жақты қарастыра отырып, индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту барысында қазiргi қоғамның қандай өзгерiстерге ұшырайтынын сипаттап жазады. Д.Беллдiң пiкiрiнше: “Келесi жүзжылдықта экономикалық жəне

əлеуметтiк өмiр үшiн, бiлiм өндiрiсiнiң тəсiлдерi үшiн, сонымен қатар адамның еңбек

əрекетiнiң сипаты үшiн телекоммуникацияларға негiзделген жаңа əлеуметтiк үрдiстiң қалыптасуы шешушi мəнге ие болады” (Нова технократическая волна на Западе, 330бет). Онан ары қарай ол индустриалдық қоғамға тəн үш сипаттамалық белгiнi анықтайды:

1)индустриалдық қоғамнан сервистiк қоғамға өту;

2)технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық бiлiмнiң шешушi мəнi;

3)жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелiк талдау мен шешiм қабылдау

теориясының негiзгi құралына айналдыру.

Д.Белл индустриалдық жəне постиндустриалдық, дəлiрек айтқанда ақпараттық

қоғамның арасындағы принципиалды айырмашылықтарды айта келе, мына нəрселерге көңiл аударады: индустриалдық қоғам үшiн машиналы технология қандай маңызға ие

болса, интеллектуалдық технология ұйымдар мен кəсiпорындарды басқарудың негiзгi құралына айналатындықтан постиндустриалдық қоғам үшiн сондай маңызды мағынаға ие болады. Осыған байланысты индустриалдық қоғамда еңбек пен капитал негiзгi ауыспалылар болса, постиндустриалды қоғамда бiлiм сондай шешушi ауыспалыға

айналады. Оның үстiне Д.Белл ақпарат пен теориялық бiлiмдi ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызады.

У.Дайзард өзiнiң “Ақпарат ғасырының қадамы” деген еңбегiнде ақпараттық қоғам

дамуының үш кезеңiне көңiл аударады: ақпаратты өндiру мен тарату бойынша негiзгi

экономикалық салалардың қалыптасуы; өнеркəсiптiң өзге салалары мен өкiмен үшiн ақпараттық қызмет номенклатурасының кеңеюi; тұтынушылық деңгейде ақпарат

құралдарының кең торабының қалыптасуы.

Трансформацияның бастапқы кезеңiн М.Порат “алғашқы ақпараттық сектор” деп атады. Мұнда ұлттық ақпараттық жəне коммуникациялық инфрақұрылымды құрайтын техника өндiрушiлер мен менеджерлер ғана, яғни ат төбелiндей корпорация иелерi ғана

үстемдiк етедi. Мұндай корпорацияның ең iрiлерiнiң бiрi—“Америкэн телефон энд телеграф”—70-жылдардың аяғында əлемнiң 118 елiнiң ұлттық өнiмiн (ВНП) барлығын қосып алғандағыдай кiрiске ие болды.

Жаңа ақпараттық экономиканың екiншi кезеңi де толығымен ене бастады. Бұл кезеңде жаңа ақпараттық технологияның негiзгi пайдаланушылары жеке жəне қоғамдық салалар болып табылады. Осы кезден бастап олардың ақпараттық технологияға деген сұранысы күшейе түседi. Мысалы, банк iсi уақыт өткен сайын қағаз ақшаның негiзгi бөлiгiн алмастыратын “электронды ақшаның” универсалды жүйесiн қалыптастыру бағытына қарай жедел қарқынмен дами бастайды. Əдетте бұл процесс үй компьютерлерi жəне өзге күрделi техникамен жүзеге асады. Əрбiр үйдегi екi құрылғының—телефон жəне

теледидардың көмегiмен қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiнiң басым көпшiлiгi атқарылады. Бұл жүйелер ақпараттық қызметтiң жаңа базаларының эффективтi каналдары бола алады.

Т.Стоунвер ақпараттық қоғамның ерекшелiктерi туралы былай деп жазады: “Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал—постиндустриалдық қоғамның маңызды ресурсы”. Байлық техника құралдарының көмегiмен технологиялық бiлiмдi жəне ұйымдастырушылықты жетiлдiру арқылы қалыптасады. Сондықтан Т.Стоунвердiң пiкiрiнше “индустриалдық экономикадан постиндустриалдық экономикаға өтудiң ең тиiмдi стратегиясы—бұл бiлiмдi, ғылыми зерттеу жəне тəжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды кең ауқымды дамыту”. Сондықтан ақпараттық қоғамда ұлттық байлықтың өсуi ең алдымен бiлiм мен технологияның прогресiне бағынышты болады. Осыған байланысты

“постиндустриалдық қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар - негiзгi экономикалық құндылық, байлықтың ең үлкен потенциалды көзi” деген Стоунвердiң пiкiрiмен келiспеуге

болмайды.

Жоғарыдағы айтылғандарды түйiндей отырып, мына мəселелерге үлкен көңiл қою керек: ақпараттық қоғамның мəнi неде, ақпараттық қоғамның қандай негiзгi сипаттамалық белгiлерi бар, қоғам дамуының өзге этаптарынан түбiрлi айырмашылықтары неде, ақпараттық мемлекет қатарына жататын мемлекет бар ма?

Профессор А.И.Ракитовтың пiкiрiнше, егер қоғам төмендегi параметрлерге сəйкес

келсе, онда оны ақпараттық деп есептеуге болады:

1)егер кез келген адам, ұжым, кəсiпорын немесе ұйым өзiнiң өмiрқамы жəне жеке немесе əлеуметтiк маңызы бар мiндеттердi шешу үшiн кез келген уақытта елдiң кез келген нүктесiнен кез келген ақпаратты ала алатын жағдайда;

2)егер қоғамда индивидке, ұжымға немесе ұйымға қажеттi қазiргi ақпараттық технология қызмет ететiн өндiрiлетiн болса жəне жоғары пункттегi талаптарды өтей алатын болса;

3)егер ғылыми-технологиялық жəне əлеуметтiк-тарихи прогрестiң үнемi жедел

қарқынын ұстап тұруға қажеттi мөлшердегi ұлттық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дамыған инфрақұрылым болған жағдайда;

4)егер өндiрiс пен басқарудың барлық салаларында автоматтандыру мен роботтандырудың жеделдетiлген процесi жүзеге асса;

5)егер ақпараттық əрекет пен қызмет салаларын кеңейтуге мүмкiндiк беретiн əлеуметтiк құрылымда радикалды өзгерiстер жүзеге асса.

Бұл салада тұрғылықты халықтың басым көпшiлiгi, еңбекке жарамды халықтың 50 %- дан астамы қызмет етедi. Д.Белл мынадай көрсеткiштер келтiредi: АҚШ-та 1970 жылдың өзiнде-ақ қызмет көрсету саласында жұмыс күшiнiң 65%-ы, өнеркəсiп пен құрылыста — 30%-ы, ауыл шаруашылығында—5%-ы еңбек еттi. Белгiлi американдық профессор Дж.Мартиннiң айтуынша 80-жылдардың басында Батыстың дамыған елдерiнде АҚШ жəне

Жапонияда ақпараттық қоғам орнады.

Жаңа ақпараттық өркениеттiң қалыптасуы көптеген жаңа мəселелердi де туғызады. Əлеуметтiк-экономикалық табыс бүгiнгi күндерi бiлiм мен технологияға бағынышты

болғандықтан ақпараттандыру жолына дер кезiнде түсе алмаған елдердiң ақпаратты дамушы елдерге бағынышты болып қалатыны күмəн туғызбайды. Осыған байланысты дамушы елдердiң шикiзат жəне энергетика көздерi болып келген елдер ақпараттық отар елдерге айналуы мүмкiн. М.Хайдеггердiң пiкiрiнше индустриалдық қоғамда техника мен

техницизм үстемдiк етсе, болашаққа ақыл-ойдың экспансиясы қатер төндiредi. Кейбiр батыстық философтар ақпараттық процестердiң қарқынды дамуы жағымсыз салдарларға да əкелуi мүмкiн деген ой айтады. Мысалы, М.Маклюэн дүниетанымның стереотиптiлiгi, индивидуалдылықты жоғалту, адамның үнсiздiк пен бейсаналық тұңғиығына батуы сияқты құбылыстарды болжайды. Белгiлi американ əлеуметтенушысы О.Тоффлер өзiнiң “Футурошок” еңбегiнде қазiргi адамның қоғам мен техниканың шапшаң өзгерiстерiне дайын еместiгiн айта келе, болашақпен қақтығыстың адамға ауыр тиетiнiн ескертедi.

ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күштi сыншыларының бiрi Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениеттiң технологиясына негiзделген гуманистiк прогресс ретiнде елестеттi. Кейiнiрек өзiнiң позициясын түбiрiмен қайта қарап, ақпарат

саласын өз қолына шоғырландырған жəне күштi репрессивтi бюрократиямен басқаратын əскери-өнеркəсiптiк истеблишмент тарапынан келетiн қауiп-қатер туралы ескертедi. Болашаққа қатысты эйфорияға қарсы Питер Штернс жəне Майкл Харригтон сияқты сыншылар өз пiкiрлерiн айтты.

Қоғамды ақпараттандыру процесi техникалық жəне технологиялық процестердi өз бойына бiрiктiре, жинақтай жəне қорыта отырып, тек технологиялық мəселе болудан қалады.

Сондықтан “…ақпараттық қоғам адам болмысының мəнiмен қатар құрылымын өзгертетiндiктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ құбылыстары болып келген шығармашылықтың құпиялары мен адамзат ақыл-ойының терең тылсымдарына ену мүмкiншiлiктерi мен оны адами игеру деңгейлерiн, тұлға жүйесiн түбегейлi өзгертетiн

болғандықтан философияның көкжиегiндегi зерттеу аймағы болып қала бередi” (Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. М.,1991).

Болашақта адамзат өркениетiнiң дамуы қандай болмасын, мейлi ол ғарыштық дəуiр, компьютерлiк немесе ақпараттық жəне т.б. болсын, мұның бəрi адам үшiн, адамның игiлiгi үшiн жасалып жатқандығын ескеруiмiз қажет. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ философы Х.Сколимовскидiң пiкiрiмен келiсуге болады.

4.5. Құндылықтар философиясы

Əлем өзiнiң байлығымен жəне алуан түрлiлiгiмен ерекшеленедi. Əлемдi руханипрактикалық игеру процесi барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы

қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезiмдерi жəне ұмтылыстарымен сəйкес келетiн əлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты бiлдiредi. Адамның əлемге қатынасының ерекшелiгi оның өзiн жəне өзге адамдарды, қоршаған дүниедегi заттарды, құбылыстарды, процестердi қайырымдылық, əдiлеттiлiк, сұлулық, пайдалылық жəне т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.

Құндылықтық қатынас əрқашанда Субъектiнiң бойында белгiлi бiр эмоциялары - қуану, сүйсiну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның iшiндегi ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлi ол дiн болсын немесе дiни емес қасиеттер болсын. Бұл мəселе, əсiресе, қоғамның адамгершiлiк тұғырлары мен мəдени

дəстүрлерiнiң құнсыздануы мен деградациясы кезiнде өзiнiң өзектiлiгiн байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. Қасиетсiз адам жануарға айналып кетедi. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтiмен бiрге, өзiнiң ана тiлi арқылы моральдың негiздерi ретiнде өз тарихын, мəдениетiн, əдет-ғұрыптары мен салт-дəстүрлерiн игерудiң нəтижесiнде орнатылады. Қасиеттер адамның бойында моральдық жауапкершiлiктер жүктейдi, сезiмiн айқындай түседi. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы - "жамандықтан" тазаруды бiлдiретiн катарсис болып табылады. Əдетте катарсис терминi Аристотельдiң "Поэтикасындағы" трагедия теориясымен байланыстырылады. Антикалық философияда катарсис мəселесi Аристотельге дейiн-ақ қойылған болатын. Əдебиеттерде айтылғандай "катарсис" терминiнiң көпмəндiлiгi эстетика тарихында оның əртүрлi түсiндiрмелерiнiң пайда болуына əкелдi. Шындығында бұл термин антикалық əдебиетте

эстетикалық, психологиялық, этикалық, тiптi дiни мағыналарда да қолданылады. Бұл көпмəндiлiк кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше сипаты болып табылады.

Антикалық эстетиканың үйрететiн катарсисi немесе тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, психологияға да қатысты, яғни бүтiндей алғанда адамның барлық қырына қатысты (Лосев А.Ф., Шестаков В.П. История эстетических категории. М., 1965, 89-бет).

Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мəселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата бiлу. Ол тек теориялық жағынан алғанда

ғана қиын. Бiз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ

ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын "таза суға" шығарып, күмəнсiз ететiн гумандылықтың өлшемi қызмет етедi. Тiптi барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкiм қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететiн нəрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.

Құндылықтар əлемi – сөздiң кең мағынасында мəдениет əлемi, адамның рухани əрекетiнiң саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемiн бiлдiретiн оның адамгершiлiк санасының, басымдылықтарының саласы. Əрбiр мəдениеттiң өз құндылықтар кешенi бар.

Құндылықтар адам болмысының əртүрлi формаларына деген қатынасты бiлдiретiн адамзат мəдениетi болып табылады. Құндылықтар - өмiрге, еңбекке, шығармашылыққа,

адамгершiлiк насихаттарға, еркек пен əйел арасындағы байланысқа, адам өмiрiнiң мəнiне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық жəне рухани қажеттiлiктердi өтеу

процесiндегi қалыпты нəрселер. Қалыпты мəнге қайырымдылық, сұлулық, əдiлеттiлiк идеалдары ие болуы мүмкiн.

Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткенi адам əрқашан өзiнiң əлеуметтiк тəжiрибесi барысында əр алуан көзқарастарды бiрiктiруге ұмтылады. Бiз

құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерiстер дəуiрiнде өмiр сүрiп отырмыз. Құндылықтардың алмасу процесi əдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеалдар жаңа мəнге ие бола отырып, қайта түлеуi мүмкiн. Бұл тұрғыдан

алғанда мəдениеттiң өз нормалар, рəмiздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан

адамзаттың рухани тарихында тек бiр идеалдар ғана үнемi қайталанып келiп отырады деген ой туындамауы тиiс. Мəдениет, əрине өркениеттi, өйткенi ол үнемi белгiлi бiр

құндылықтық бағдарларды өндiрiп отырады. Құндылықтар қоғам үшiн ең маңызды деген əдет-ғұрыптардың, нормалар мен мағыналардың қызметiн өзiне бағындыра отырып, оны реттейдi. Құндылықтар адамға қоршаған нақтылықты тануға мүмкiндiк беретiн мағыналар жүйесiн толығымен қайта құрып отырады. Əлемнiң барлық алуан

түрлiлiгiнiң құндылықтық сипаттамаларының бастаулары қайырымдылық, өмiр, сұлулық болып табылады.

Заттар мен құбылыстардың сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы процестердiң бүтiндiгi мен үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Адамның өз өмiрлiк əлемiне деген қатынасын өзiндiк тиесiлiк пен өзiндiк бекiтiлудiң құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдардың, дəуiрлердiң, мəдениеттердiң, адам қоғамдарының арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мəндi диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды жəне оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерiнен көрiнедi: жеке тұлғалық жəне ұжымдық бейсаналылықтан дүниетаным жүйелерiнiң iшкi мəндi ұйымдасқан

күрделiлiгi мен институционалданған этностық нормалар мен ерекшелiктерiне дейiн. Құндылықтар мəселесi қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мəдени дəстүрлерi құнсызданған кезде, əрбiр халық өзiн мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бiр бөлiгiне жауап табу үшiн өзiнiң өткен тарихы мен мəдениетiне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелi, дағдарыстық кезеңдерiнде өткiр қойылады. Өткен ғасырдың өзiнде ғылымда "аномия" түсiнiгi қалыптасты. Бұл - өмiрлiк идеалдар түбiрiмен өзгерiп, қалыптасқан құндылықтар жүйесi қайта пайымдалатын өзгермелi ахуалда сананың шарасыздық жағдайын бiлдiретiн түсiнiк. Бұл тек жекелеген адам үшiн ғана емес, бүкiл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы Сократқа мынадай сұрақты қоюға мəжбүр еттi: "Игiлiк дегенiмiз не?" Бұл жалпы құндылықтық теорияның негiзгi сұрағы болып табылады. Антикалық жəне ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық

сипаттамаларды, дəлiрек айтқанда этикалық, эстетикалық, дiни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс ұғымының өзiне енгiздi. Бұл ежелгi заманнан бүгiнгi күнге

дейiн ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бiрi. Бiр қарағанда бəрi түсiнiктi сияқты. Құндылық - бұл құнды нəрсе. Алайда, адам үшiн не құнды жəне неге құнды? Кейде бiреу үшiн құнды нəрсе өзгелер үшiн құнсыз болатын кездерi де кездеседi. Бiрақ онымен ешкiмнiң келiскiсi келмейдi жəне əрқайсысы өзi үшiн құнды нəрсенi нағыз құндылық деп есептейдi. Кiмдiкi дұрыс?

Бұл мəселенi құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тiлiнде "axia" -

құндылық жəне "logos" – iлiм) шешуге ұмтылады. Аксиология - құндылықтардың

жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық əлемдегi құрылымы туралы, яғни əлеуметтiк жəне мəдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы əртүрлi құндылықтардың байланысы туралы iлiм. Философиялық бiлiмнiң арнайы бөлiмi ретiнде аксиология XIX ғасырдың екiншi жартысында ғана қалыптасты.

Құндылықтар проблематикасы ежелгi Шығыс жəне антикалық философияларда қарастырылғанымен "аксиология" терминiн тұңғыш рет Э.Гартман қолданды. Ойшылдар

үнемi сұлулық, береке, қайырымдылық жəне т.б. түсiнiктердiң мəнiн ұғынуға ұмтылды,

кейiнiрек мұның бəрi "құндылық" ұғымына бiрiктiрiлдi. Философия тарихында "игiлiк деген не?" деген сұрақты алғаш қойғандардың бiрi Платон. Ол болмысты "заттар əлемiне" жəне

"идеялар əлемiне" бөле отырып, заттар əлемiнде ақиқат, əсемдiк, əдiлеттiлiк жəне т.б. жоғары игiлiктерге сəйкес келетiндей ешнəрсе жоқ деп есептейдi. Жəне сыртқы əлемнiң

өткiншiлiгi мен салыстырмалылығын ескере отырып адамдардағы ақиқат, əсемдiк т.б. ұғымдарды уақыттан тыс, мəңгi идеялар кеңiстiгiне орналастырды. "Егер кiм əсемдiктi

дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдың ақырына жетiп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай əсем нəрсенi көредi... бұл нəрсе, ең алдымен мəңгi, яғни ол туылуды да, күйреудi де, өсудi де, шөгудi де бiлмейдi, екiншiден ол ешбiр жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда əдемi, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен салыстырғанда тұрпайы. Əсемдiк – бұл бет, қол немесе қандай да бiр дене

бөлiгi түрiнде емес, қандай да бiр сөз немесе бiлiм түрiнде емес өзiнен-өзi əрқашан да

өзiнде тұтас бейне ретiнде көрiнедi: əсемдiктiң өзге түрлерiнiң барлығы оған қатысында туылатын жəне күйрейтiн болса, ал ол артып та, кемiп те кетпейдi, ешқандай ықпалды

сезiнбейдi" (Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970, 142-бет).

Құндылықтар мəселесiнiң XIX ғасырдың ортасына дейiн философиялық талдаудың дербес объектiсiне айналмағанын айта кетуiмiз керек. Антикалық философияда ғана емес, онан кейiнгi орта ғасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық

сипаттамалар нақтылық, болмыстың шынайылығы ұғымдарына енгiзiлдi. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйiнде қарастырылды жəне сондықтан аксиология дербес философиялық пəн ретiнде бөлiнiп шыққан жоқ. Аксиология философиялық зерттеудiң дербес аймағы ретiнде болмыс ұғымы екi элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық əртүрлi талап пен ұмтылыстардың объектi ретiнде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты болмыстың жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкiндiгiн жəне оның нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мəдениеттiң маңызды компонентi ретiндегi, адамның нақтылықты рухани-практикалық игеруiнiң негiзi жəне реттеушiсi ретiндегi құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында əртүрлi бағыттармен

сипатталады. Бұл бағыттардың арасында мынадай типтердi атап өтуге болады: натуралистiк психологизм, трансцендентализм, мəдени-тарихи релятивизм жəне социологизм.

Натуралистiк психологизм өкiлдерiнiң (А.Мейног, Р.Б.Перри, Дж.Дьюи жəне т.б.) тұжырымдауынша құндылықтың қайнар көзi индивидтiң биопсихологиялық тұрғыдағы қажеттiлiктерiнде, ал құндылықтардың өздерi құндылықтың заттай нақтылыққа орын алмасуын бiлдiретiн қадағаланатын нақтылықтың ерекшелiгi ретiнде эмпирикалық тұрғыда көрiне алады. Аксиологиялық трансцендентализм (жаңа кантшылдар – В.Виндельбанд, Г.Риккерт) үшiн құндылық идеалды болмыс ретiнде "таза" нормативтi санамен сəйкестендiрiлетiн болмыстың нормасы ретiнде қарастырылады. Нормалар мəдениеттiң барлық функцияларының (қызметтерiнiң) жалпы жоспарын құрайды жəне

құндылықтың əрбiр жеке iске асуын анықтайды. Сонымен бiрге болмыс нормасының тəсiлi норма статусын беретiн оның субъект үшiн маңыздылығы болып табылады.

Трансценденталистер құндылықтардың мəнiн нормалар қалаптастырудың өте күрделi процесiнде жасақталатын өзара қатынастардың өзiндiк рухани концентрациясы ретiнде қарастырады. Бұл құндылықтарға олар ақиқатты, сұлулықты, қайырымдылық пен əдiлеттiлiктi жатқызады. Демек, құндылықтар – бұл қоршаған нақтылықтың көрiнiстерi емес, адамзат санасының терең тұңғиықтарында қалыптасатын трансценденталдық нормалардың əртүрлi формалары.

Персоналистiк онтологизмнiң құндылық концепциясының негiзi дiни этика принцптерi

болып табылады. Бұл бағыттың көрнектi өкiлi М.Шелердiң пiкiрiнше құндылықтар əлемiнiң өз иерархиясы бар. Құндылықтардың бұл жүйесiнiң ең жоғарғы сатысында Құдай орналасады. Құдайға деген сүйiспеншiлiк – адамзат сезiмдерiнiң ең жоғарғы формасы. Иерархияның онан кейiнгi баспалдақтарында "сұлулық" жəне "таным" орналасады. Мəдени-тарихи релятивизм аксиологиялық имморализм идеясына, яғни тең құқықты құндылықтық жүйелердiң көп болуы мүмкiн деген идеяға сүйенедi. Бұл концепцияның

ерекшелiгi тек бiр "шынайы" құндылық жүйесiмен шектелiп қана қоймай, белгiлi мəдени-

тарихи кезеңдердегi құндылықтық жүйелер мен құндылықтық бағыттырға басымдылық бередi. В.Дильтейдiң көптеген iзбасарлары, мысалы О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин

жəне т.б. мəдениеттiң құндылықтық мəнiн түсiндiруде интуитивтiк тəсiл қолданады. Мəдени-тарихи релятивизм өзiнiң пiкiрлерi мен тұжырымдарының əлеуметтiк психология

мен əлеуметтiк философияның түйiсуi негiзiнде жариялайды.

Құндылықтар концепциясындағы социологизмнiң негiзiн қалаушы М.Вебер болып

табылады. Ол жаңа кантшылдардың норма ретiндегi құндылықтар туралы көзқарасын қабылдап, оны əлеуметтiк əрекет пен əлеуметтiк бiлiмдi түсiндiруге қолданды. Ол құндылықты əлеуметтiк субъект үшiн маңызды норма, болмыстың тəсiлi ретiнде қарастырады. Онан ары қарай құрылымдық-функционалдық талдау мектебiнде (Т.Парсон жəне өзгелерi) "құндылық" ұғымы əлеуметтiк институттардың қызмет етуi мен əлеуметтiк

байланыстарды анықтаудың құралы ретiнде методологиялық мəнге ие болады.

Құндылықтар өмiр сүрiп қана қоймайды, сонымен қатар бiр-бiрiмен салыстырыла отырып өзiндiк құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайды. Бiзге белгiлi барлық

құндылықтар адамға бағытталған жəне шындығында, кез-келген құндылық өзiнiң нақты тарихи пайымдалуы мен iске асуында салыстармалы. Алайда мұнан тек нақты тарихи өмiр сүретiн адамдар мен əлеуметтiк топтардың қажеттiлiктерi мен мүдделерiн өтейтiн игiлiктер ғана құнды жəне барлық өзге құндылықтардың өлшемi болып

табылатындай адам алдында категориялық талап ретiнде қойылатын құндылықтармақсаттар жоқ деген пiкiр туындамайды.

Əдебиеттерде құндылықтардың жiктелуi əдетте былайша берiледi: витальды (өмiр, денсаулық, игiлiк, экология жəне т.б.); əлеуметтiк (əлеуметтiк статус, жағдай, байлық, отбасы, тəуелсiздiк жəне т.б.); дiни (құдай, сенiм, ғұрып, шiркеу жəне т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйiспеншiлiк, парыз, адалдық, əдiлеттiлiк жəне т.б.); эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесiмдiлiк жəне т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттiлiк, ата заң, азаматтық еркiндiктер жəне т.б.). Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мəдени реттеушiлiктiң қозғалмалы саласын бiлдiредi.

Əртүрлi аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық қатынастарының

тəжiрибелерiн қорытындылай отырып, құндылықтардың сол белгiлi класын қарастырады. Мысалы Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы болады деп есептейдi: ғылым, дiн, өнер, мораль, жетiлген өмiр жəне "құдiреттi сүйiспеншiлiк" (Риккерт Г.

О системе ценностей // Логос. 1914, Т.1. Вып1). Г.Риккерттiң құндылықтар классификациясы қандай принципке негiзделген жəне оның жүйесiнiң негiзi неде? Г.Риккерттiң құндылықтар иерархиясының принципi "бағалаушы субъекттен" келiп шығады. Жоғарыда айтылғандай құндылықтар қоғамдық-тарихи практика процесiнде пайда болады жəне оның сипаттамалары болып табылады. Құндылықтардың көптүрлiлiгi адамдардың практикалық əрекетiне енген субъект-объекттiк жəне тұлға-қоғамдық қатынастардың көптүрлiлiгiнен туындайды. Субъект объекттiң қасиетiн адамның танымдық жəне өзгертушi əрекетi процесiнде бағалайды. Өйткенi əлемдi танудан оны

өзгертуге көшу алуан түрлi бағалаулар жүйесiнде iске асады.

Белгiлi поляк философы жəне эстетигi Р.Ингартен құндылықтарды витальды

(өмiрлiк) жəне мəдени деп бөледi. Алғашқылары – бұл утилитарлық құндылықтар, пайдалылық құндылықтары. Екiншiлерi – бұл таным құндылықтары, эстетикалық құндылықтар, əлеуметтiк қасиеттер мен адамгершiлiк құндылықтары (Ингартен Р. Исследования по эстетике. М.1962) Н.Ресчер өзiнiң құндылықтар типологиясында оларды əртүрлi адамзаттық қажеттiлiктерiмен, мүдделерiмен, талап-тiлектерiмен байланыстырады. Н.Ресчер бойынша құндылықтардың мынадай категориялары бар:

материалдық, экологиялық, моральдық, əлеуметтiк, саяси, эстетикалық, дiни,

интелектуалдық, кəсiби, сезiмдiк.

Құндылықтардың типологиясын сондай-ақ ресейлiк жəне қазақстандық зерттеушiлер де келтiредi. РҒА əлеуметтiк зерттеулерiнiң мəлiметi бойынша негiзгi он төрт құндылықтың тұрақтылығы байқалады (яғни адамдардың құндылықтың санасының негiзiн құрайтын жəне ресейлiктер өмiрiнiң əртүрлi салаларында үнемi өзiнiң ықпалын байқататын құндылықтар): адам өмiрi, еркiндiк, адамгершiлiк, қарым-қатынас, отбасы,

жеке бақыт, ұрпақ көбейту, əрекеттiң мəнi жəне күнкөрiс көзi ретiндегi жұмыс, игiлiк (кiрiс,

денсаулық), инициативтiлiк (дəстүрдi құрметтеу), тəуелсiздiк, мейiрiмдiлiк, беделдiлiк, заңдылық.

ҚР ҰҒА саясаттану жəне əлеуметтану институтының 1996 жылғы мəлiметi бойынша республика тұрғындары үшiн ең басты құндылықтарды былайша төрт топқа бiрiктiруге

болады (Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе.

Алматы 1997, 131-132 беттер).

1.Өмiрдiң тұрақты жəне қалыпты деңгейi, республикадағы бейбiтшiлiк пен тыныштық, отбасындағы береке, денсаулық, жеке жəне отбасы қауiпсiздiгi, жақсы төленетiн жұмыс, ұлтаралық келiсiм.

2.Азаматтардың құқығы мен еркiндiгiнiң кепiлi, экономикалық қауiпсiздiк, жеке тəуелсiздiк.

3.Қос азаматтылық, Қазақстанның тəуелсiздiгi, кəсiпкерлiк үшiн жағдайдың жасалуы,

қызметтiк карьера.

Қазақстанда респонденттердiң 2/3 демократияны тұлғаның құқығы жəне

абыройымен, азаматтық еркiндiкпен, құқықтық мемлекетпен байланыстырады. Кейбiр респонденттер ғана демократияның кеңестiк түсiнiгiн ұстанады – ертеңгi күнге деген сенiм, өмiрдiң жоғары материалдық деңгейi.

Қоғамдық дамудың құндылықтық негiздерiн iздеу, құндылықтардың белгiлi бiр

жүйесiн таңдау қарама-қайшылықты, бiрақ табиғи процесс. Əлеуметтiк реттеудiң жоғары деңгейiне негiзделген құндылықтардың белгiлi бiр иерархиясы мен арнайы жүйесiнсiз ешбiр қоғам өмiр сүре алмайды. Бұл қоғамдық институттар мен адамдардың (индивидуалды болсын, ұжымды болсын) мақсатты əрекеттерiнiң нормативтi бақылауының нақты жəне арнайы жүйелерiн жасауға мүмкiндiк беретiн өлшемдердiң құндылықтар жүйесiнде бекiтiлуiмен сипатталады. Сонымен қатар бұл қоғамда белгiлi бiр тəртiптi қамтамасыз етедi жəне əр алуан қоғамдық субъектiлердiң "құндылықтық ынтымақтастығын" қалыптастырады.

ХХ ғасырда ең алдыңғы орында əдетте прагматикалық деп аталатын кəсiпкерлiктiң "насихаттарына" негiзделген құндылық бағдарлар шығады. Бұрынғы КСРО

тұрғындарының бұқаралық санасында бұл насихаттар кешегi күнге дейiн терiске шығарылып келдi. Алайда, бұл моральдық көңiл-күймен шабыттана отрып, бiз прагматизм туралы көп нəрсенi аңғара бермеймiз. Прагматизмде адамның өз алдына мақсат қоя бiлу қабiлетiмен, оны iске асыруымен, жағдайға ықпал етуiмен, өзгелерiмен бiрлесе отырып нақтылықты өзгертулермен өмiрдiң қоятын мiндеттерiн шешумен сипатталатын жалпы белсендi, əрекетшiл жан ретiнде адамға қойылатын талаптар универсалданады жəне бiрiктiрiледi.

Кейде пайда мен табысқа бағдар ұстанатын сананың типiн "реалистiк" деп атайды. Мұндай адамда белсендiлiк, инициативтiлiк, дербестiк сияқты қасиеттер болады. Кəсiпкерлiк пен бəсекелестiкте тұлғаның автономиясы, оның мақсатқа ұмтылушылығы мен еркiндiгi бұқаралық құбылысқа айналады. "Өзге үшiн емес, өзiм үшiн өмiр сүргiм

келедi" деген формула прагматикалық дүниетанымды сипаттайды. Алайда мұны бiрден эгоистiк сананың дəрiптелуi деп есептеуге болмайды. Бұл ойды былайша да жеткiзуге

болады. "Бiреуге қызмет етiп, тəуелдi болғым келмейдi, өзiме-өзiм қожа болғым келедi". Егер шығыс данышпанының тəуелсiздiгi өз-өзiнен бас тартуға негiзделсе, ал бизнесменнiң тəуелсiздiгi қоғамдық күштiң көрiнiсi ретiнде байқалатын байлыққа ие болу мен оны көбейтуге негiзделедi. Бұл капиталдың (ақшаның) барлық нəрсеге айнала алу қабiлетiнiң арқасында мүмкiндiк болады: тауарға да, тауар емес нəрсеге де.

Əрине, прагматизмнiң құндылықтарын абсолюттендiруге болмайды. Прагматик

ертеңгi күннiң игiлiгi үшiн кейбiр нəрселерден бас тартуға дайын. Алайда, келешекке

бағдар ұстау, əлеуметтiк жаңашылдық, ойлаудың ептiлiгi, мұның бəрi прагматикте бiр нəрсегеқалып қоймау, пайда түсiруге бағынады, онсыз ол прагматик, яғни "iс жасайтын" адам емес. Пайдакүнемдiлiк адамда ең басты нəрседен – сүйе бiлу қабiлетiнен айырады. Сүю, ұнату - өзiңдi берудi, жомарттықты бiлдiредi, ал пайдакүнем өзiн фаустық үлгi бойынша, яғни жанын əзəзiлге беру арқылы сақтауға қабiлеттi.

Қазiргi қоғамның құндылықтарын талдау адамдардың негiзгi құндылықтық

бағдарларын қарастырмасақ жеткiлiксiз болар едi. Мысалы, қазiргi замандағы көрнектi

психоаналитик жəне этиктердiң бiрi Э.Фромм жемiстi емес жəне жемiстi бағдарларды бөлiп көрсетедi. Бұл жерде берiлген ұғымдардың белгiлi бiр индивидтiң мiнезiн сипаттау емес, "идеалды типтер" екендiгiн ескеруi қажет. Əдетте əрбiр тұлғаның мiнезi бұл бағдарлардың барлығын немесе кейбiрiн бiлдiредi, бiрақ оның бiреуi басымдылыққа ие

болады.

Жемiстi емес бағдарлар рецептивтi, қаналушы, сараңдық жəне нарықтық

бағдарларға бөлiнедi. Рецептивтi бағдарда адам барлық игiлiктердiң көзi сыртта жатыр, қалаған нəрсеңдi алудың жалғыз тəсiлi – мейлi ол материалдық болсын, сүйiспеншiлiк, бiлiм, лəззат алу болсын, оны тек осы сыртқы көзден алу деп есептейдi. Ең бастысы - өзiң сүю емес, сүйiктi болу. Олар тек беделдi адамға, қамқоршыларға ғана емес қандай да болсын көмек көрсетуге қабiлеттi адамдардың барлығына да бағынышты. Олар бизнес

саласында əлсiздеу, өйткенi олар тəуелсiз емес жəне жасқаншақ. Жалпы алғанда алушы

бағдардағы адамдардың дүниетанымы оптимистiк жəне ашық-жарқын болып келедi, олардың өмiрге жəне оның сыйына деген сенiмдiлiктерi бар, бiрақ күнкөрiс көзiн жоғалту

қаупi туғанда олар тынышсызданып, беймаза күй кешедi.

Қанаушы бағдардың рецептивтiлiкпен ұқсастығы, олар үшiн де барлық игiлiктiң көзi өзiнен тыс орналасады деп есептеуде. Ал айырмашылығы, қанушы тип бiр нəрсенi өзгелерден сыйға аламын деп үмiттенбейдi, қалаған нəрсесiн олардан күшпен немесе

қулықпен тартып алады. Интеллектуалдық əрекетте ол сұғанақтықпен (плагиаттық) айналысады. Өзгелерден тартып алған нəрсе оған үнемi өзiнiкiнен жақсы көрiнедi де тұрады. Олардың құндылықтық қондырғысы дұшпандықтың жəне манипуляцияның (жұмсаушылықтың) қойыртпағымен боялған жəне олар кекесiнге құмар болып келедi. Əрбiр адам қанаудың объектi ретiнде қарастырылады жəне пайдалылығы бойынша бағаланады.

Сараңдық бағдардағы адамдар сыртқы дүниеден қандай да болсын жаңа нəрсе аламын дегенге сенбейдi; олардың қауiпсiздiгi сараңдық пен үнемдеуге негiзделедi, ал шығынды қатер ретiнде қабылдайды. Олар өздерiн қорғанмен қоршап алады жəне олардың басты мақсаты - өзiнiң қоймасына барынша көп əкелiп, мейлiнше аз беру. Олар

өмiрлiк субстанциялардың өзiн-өзi толтыру функциясы бар екенiн, белсендiлiк пен күш жұмсаудың энергияны арттырып, ал баяулықтың оны жоятынын түсiнбейдi. Шығармашылық актi – олардың өмiр бақи сенбейтiн құбылысы. Олардың девиздерi: "Күннiң астында жаңа ешнəрсе жоқ", "Менiкi – бұл менiкi, ал сенiкi – бұл сенiкi".

Нарықтық бағдар тек қазiргi заманда ғана басымдылыққа ие болды. Нарықтық қатынастар қазiргi қоғам дамуы мен қызмет етуiнiң негiзi болып табылады. Сондықтан нарықтық құндылықтық бағдарды "нарықтың" экономикалық ұғымымен шатастыруға болмайды. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылғының пайдалылықтан үстемдiгi адамдар арасындағы, адам өзiне деген қатынастарда құндылықтың осы ұғымын қалыптастырды. Өзiн тауар ретiнде, ал жеке құндылығын айырбас ретiнде қабылдауға негiзделген мiнездiң бағдарын нарықтық бағдар деп атайды.

Соңғы онжылдықтарда "тұлғалық нарық" деп аталатын бағдар қалыптасты. Ондағы жəне тауар нарығындағы бағалаулардың принциптерi бiрдей: бiрiншiсiнде тұлға сатуға

ұсынылса, екiншiсiнде – тауар . Табыс көбiне адамның өзiн рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның "қорабының" қаншалықты тартымдылығына, оның қаншалықты сергек, берiк, жiтi жəне сенiмдiлiгiне, оның отбасылық жағдайына, қандай клубқа жататындығына, керек адамдармен таныстылығына байланысты. Адам өзiнiң өмiрi мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтiмдi тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға рыногында сəндi болуы тиiс, ал сəндi болу үшiн тұлғаның қандай түрiнiң сұранысқа

ие екендiгiн бiлуi тиiс. Мұндай үлгiлердiң картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино,

теледидар, радио бередi.

Қазiргi адам өзiн базардағы сатушы ретiнде де, тауар ретiнде де қабылдағандықтан оның өзiн-өзi бағалауды өзiнен тыс жағдайларға бағынышты. Егер ол үлгерiп отырса - құны бар, ал олай болмаса – ол құнынан айырылады. Ол өзiнiң күш-жiгерiмен бiртұтас емес, өйткенi оны қолдану процесiндегi өзiн көрсету емес, оларды сату процесiндегi оның табысы маңыздырақ.

Ойлаудың мұндай типi қазiргi бiлiм беру жүйесiнде де өзiнiң терең ықпалын тигiзедi.

Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшiн пайдалы ақпаратты барынша көп жинақтауға келiп тiреледi. Студенттерге өте көп нəрсенi бiлу керек, тiптi олардың ойлануға да күшi

мен уақыты жетпей қалады...

Барлық бағдарлардың да өмiрде өз үлестерi бар, ал олардың қайсысының болмасын

басымдылығы индивидтiң өмiр сүретiн мəдени отрасының ерекшелiктерiне байланысты. Мысалы, қанаушы бағдар табиғи жəне адами ресурстарын тек өз елiнде ғана емес,

шамасы жеткен өзге елдерде де пайдаланып қалуға тырысқан авторитарлы жүйелерде үстемдiк еттi. Олар күштiң құқын жариялап, оны күштiнiң тiрi қалуын мəжбүрлейтiн табиғат заңымен байланыстырды. Сүйiспеншiлiк пен тəртiптiлiк əлсiздiк деп аталынып, ал ой толғау - қорқақтардың айналысатын iсi деп саналады.

Жемiстi құндылықтық бағдар – бұл адам бойындағы мүмкiншiлiктердi iске асыру мен

күштердi пайдалану қабiлетi. Жемiстiлiк адамның өзiн жаратушы жəне иесi ретiнде

қабылдауын бiлдiредi. Жемiстiлiк көркем шығармашылыққа ғана сəйкес емес. Жемiстiлiктiң классикалық үлгiсiн Гете Фауст бейнесi арқылы бередi (Гете Фауст – 2