
Габитов-Философия_pih
.pdfедi.
Тiкелей антропологиялық проблематикаға өту софистердiң сыншыл жəне ағартушылық əрекетiмен жəне философиялық этиканың негiзiн қалаған Сократтың əрекетiмен байланысты болды. Сократ үшiн негiзгi мəселе адамның iшкi əлемi, оның жаны
мен қасиеттерi болып табылады. Ол "жақсылық - бiлiм" деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципiн негiздейдi. Сондықтан да қайырымдылық пен əдiлеттiлiктi таныған адам жаман жəне əдiлетсiз қылық жасамайды. Адамның мiндетi ақиқатты тану негiзiнде үнемi адамгершiлiк парасаттылыққа ұмтылуда. Жəне бұл ең алдымен өзiңдi өзiң тануға, өз адамгершiлiгiнiң мəнiн ұғынуға бағытталады.
Демокрит - адам туралы iлiмдегi материалистiк монизмнiң өкiлi. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлiгi, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тəннiң өлуiмен бiрге жан да жойылады. Оның айтуынша өмiрдiң мақсаты -бақыт, бiрақ ол тəннiң лəззат алуы мен өзiмшiлдiк емес. Бақыт бұл ең алдымен рухтың қуанышты жəне жақсы көңiл-күйде болуы. Оның маңызды алғышарты - ақыл-ой.
Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тəн антропологиялық дуализмi позициясын ұстанады. Бiрақ жан ғана адамды адам ететiн субстанция болып табылады, ал тəн оған қарсы материя ретiнде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты жəне əлеуметтiк статусы жанның сапасына бағынышты. Адам жаны үнемi идеялардың трансценденттi əлемiне тартылады, ол мəңгi, ал денеге өлiм тəн. Платон бойынша, адам өмiрiнiң мəңгi трагизмi жанның тұтастығында жəне жан мен тəннiң қарамақарсылығында.
Аристотельдiң концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттiк, саяси деп қарастырылады. Жəне адамның бұл əлеуметтiк табиғаты оны жануарлардан да, "адамгершiлiк тұрғыда жетiлмегендерден" де, "жоғары адамнан" да ерекшелендiредi. Сондықтан да ол былай деп жазады: "егер кiмде-кiм өзiне-өзiн жеткiлiктi санап, ешқандай
қарым-қатынасқа түсуге қабiлеттi болмай, оған деген қажеттiлiктi де сезiнбесе, онда ол мемлекеттiң элементiн құрамайтын не жануар, не құдай болғаны". Адамның тағы бiр
ерекше белгiсi - оның ақылдылығы, "адам - бұл ең алдымен ақыл-ой". Сонымен, Аристотельдiң пiкiрiнше, адам - бұл ақылға ие қоғамдық жануар. Əлеуметтiк пен ақылдылық - оны жануардан айрықшаландыратын екi негiзгi сипаттамасы. Аристотель адамның əрекеттiк мəнi туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келедi. Оның ойынша адамның игiлiктi iсi əрекеттен көрiнедi жəне онда тұлғаның өзiн көрсетуiнiң жалғыз мүмкiндiгi берiлген. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель индивидтен
горi əлеуметтiк тұтастықтың басымдылығын мойындайды. Алайда ол жеке меншiктi
жақтай отырып экономикалық индивидуализмдi қолдайды жəне ең алдымен "өзiңдi-өзiң көбiрек сүю керек" дей отырып этикалық индивидуализмдi жақтайды. Бұл жерде бiз ақылды эгоизм концепциясымен кездесемiз.
Ертегрек философиялық антропологиясы да ежелгi шығыстың философия сияқты мифология мен дiннiң таңбасын өзiмен ала жүредi жəне олармен тiкелей сұбаттаса дамиды. Бiрақ ежелгi Грециядағы адам философиясы өзiнiң мектептерiне, бағыттары мен
позицияларына қарай əртүрлi болып табылады. Оның шығыстық философиядан басты
ерекшiлiгiнiң бiрi, мұнда адамның əлемге қатынасы ашық жəне қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсендi позиция ұстанады. Оның үстiне шығысқа қарағанда, батыстың
философиялық антропологизмiнде рационализм принципi басым.
Орта ғасырда адам ең алдымен құдайдың бекiткен əлемдiк тəртiбiнiң бөлiгi ретiнде
қарастырылады. Ал ол туралы қөзқарас христиан дiнiнде көрсетiлгендей адам "құдайдың бейнесi жəне ұқсастығы" дегенге саяды. Əлеуметтiк тұрғыда ортағасырларда адам құдiреттi тəртiптiң бей-жай қатысушысы деп жарияланды жəне құдайға қатынасында ол төмен жəне бейшара жан болып табылады Ортағасырлық христиандық философияның
көрнектi өкiлi Аврелий Августиннiң пiкiрiнше адам өз алдына дербес болып табылатын жан мен тəннiң қарама-қайшылығы. Алайда, тек жөн ғана адамды адам ете алады. Бұл оның жеке иммоненттiк субстанциясы. Августиннiң бұл мəселеге қосқан жаңалығы бұл -
адами тұлғаның дамуы. Августинмен салыстырғанда Фома Аквинский адам туралы
христиандық iлiмдi негiздеуде Аристотельдiң философиясын пайдаланады. Адам - бұл жануарлар мен перiштелердiң арасындағы жан. Ол жан мен тəннiң тұтастығын бiлдiредi,
бiрақ жан тəннiң қозғаушысы," жəне адамның мəнiн анықтайды. Егер Августин үшiн жан тəннен тəуелсiз жəне адаммен бiрге болса, ал Фома Аквинский үшiн адам екеуiнiң де тұлғалық тұтастығы болып табылады. Жан - материалды емес субстанция, бiрақ өзiнiң толық көрiнiсiн тек тəн арқылы ғана көрсете алады.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистiк қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мəдениет пен ғылыми бiлiмнiң ықпалымен қалыптасты. Егер ортағасырдың дiни философиясы адам мəселесiн мистикалық тұрғыда шешсе, ал Қайта өрлеу дəуiрiнiң философиясы адамды жерге түсiрiп, оның мəселесiн осы түбiрде шешуге тырысады. Адамның əуел бастағы күнаһарлығы туралы iлiмге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа жəне үлесiмдiлiкке табиғи ұмтылысын бекiтедi. Бұл философияға гуманизм жəне антропоцентризм тұтастай тəн.
Бұл дəуiрдiң философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдiгi мен туындап келе жатқан капиталистiк қоғамдық қатынастармен байланысты жақындай бастаған индивидуализмнiң, эгоизмнiң жəне утилитаризмнiң қадамдары байқалады. Жеке мүдде
үстемдiгiнiң адам туралы көзқарасқа əсерi Т.Гоббстiң концепциясынан бiлiнедi. Аристотельге керiсiнше, ол адам табиғаты жағынан қоғамдық жан емес деп есептейдi. Керiсiнше, "адам - адамға қасқыр", ал "барлығының барлығына қарсы соғысы" қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның методологиялық индивидуализмi мен номинализмi əлеуметтiк жəне этикалық индивидуализммен тығыз байланысты.
Алайда жаңаевропалық рационализмнiң негiзiн қалаушы Рене Декарт болып есептеледi. Оның ойынша адамзат өмiр сүруiнiң жалғыз күмəнсiз айғағы ойлау болып табылады жəне ол мынадай негiздеушi тезистен келiп шығады: "Мен ойлаймын, демек, өмiр сүремiн". Оның үстiне бұл философта жан мен тəннiң екеуiн екi түрлi сападағы субстанция ретiнде қарастыратын антропологиялық дуализмдi аңғаруға болады. Декарттың ойынша, дене өзiндiк машина болып табылады, сана оған əсер етедi, жəне өз
кезегiнде оның ықпалын да қабылдайды. Бұл адамды машина ретiнде қарастырған механистiк көзқарас жаңа заман философиясына кеңiнен таралды. Ж.Ламетридiң "Адам -
машина" деп аталатын жұмысында механистiк материализм көзқарасы негiзделедi. Ол бойынша, тек бiртұтас материалдық субстанция ғана өмiр сүредi, ал адам ағзасы сағат тетiгi тəрiздi дербес оталатын машина.
Мұндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистерiне (Гольбах, Гельвеций, Дидро) де тəн. Олардың философиялық антропологиясының өзгеше ерекшелiгi адамды табиғаттың заңдарымен детерминацияланған оның өнiмi ретiнде қарастыру.
И.Канттан бастап немiстiң классикалық философиясы адамды философиялық
зерттеулердiң негiзгi объектiсiне айналдырады. Декарт сияқты Кант та антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бiрақ оның дуализмi емес, адамгершiлiк-табиғи дуализм. Канттың пiкiрiнше, адам бiр жағынан табиғи қажеттiлiкке жатса, екiншi жағынан адамгершiлiк еркiндiк пен абсолюттiк құндылықтарға жатады. Сезiмдiк əлемнiң құрамдас бөлiгi ретiнде ол қажеттiлiкке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретiнде ол ерiктi. Бiрақ Кант адамның адамгершiлiк əрекетiне басым рөлдi бередi. Кант адамды
автономды жəне тəуелсiз бастау ретiнде жəне өзiнiң теориялық, практикалық əрекетiнiң
қожайыны ретiнде бекiтуге ұмтылады. Адам əрекетi мен қылығының түпкi принципi категориялық императив болуы тиiс. Категориялық императив – кез келген тұлға өзiндiк
мақсат өзiндiк жетiлу болғандықтан ол ешқашанда қандай да бiр мiндеттердiң, тiптi игiлiктi мiндеттердiң де жүзеге асуының құралы ретiнде қарастырылмауы тиiс деген тұжырымға
негiзделген формалды iшкi талап.
Өз iлiмiнде Кант сана жəне бейсаналық мəсел елерiн де қозғайды. Ол адамда
ақылмен бақыланбайтын "қаранғы елестердiң" бар екенiн айтады. Жəне бұл танылмаған елестердiң саласы сананың саласынан əлдеқайда көбiрек. Осылайша Канттың философиялық антропологиясы Фрейдтен көп уақыт бұрын адамдағы сананылық пен бейсаналылықтың арақатынасы мəселесiн күн тəртiбiне қойды. Бұл жағдайда, егер Фрейд бойынша лəззат алу принципi биологиялық қажеттiлiктердi өтеумен байланысты болса, ал
Кант үшiн "жұмыс өмiрмен шаттанудың жақсы тəсiлi". Адам көп жасаған сайын көп өмiр
сүрдi, өмiрi неғұрлым əрекетке толы болған сайын, өмiрден көп лəззат алды.
Гегельдiң антропологиялық концепциясы, оның бүкiл философиясы сияқты
рационализммен қамтылған. Адамның жануардан артықшылығының өзi ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретiн ойлауында. Ол адамның рухани əрекеттiң субьектi жəне жалпы маңызды рух мен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретiндегi жағдайын аса үлкен күш-жiгермен дəлелдеп бердi. Тұлға индивидпен салыстырғанда
адамның өзiн "шексiз, жалпы жəне еркiн" жан екендiгiн сезiнгенде ғана басталады. Əлеуметтiк тұрғыда оның iлiмi индивидтен əлеуметтiк бүтiндiктiң приоритетi принципiн айшықты түрде көрсетедi.
Гегельдiң идеализмiмен салыстырғанда материалист Фейербах тiрi, эмпирикалық адамның маңыздылығын бекiтедi. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлiгi, сезiмдiктəндiк жан ретiнде түсiнедi. Оның философиясының өзегiн құрайтын антропологиялық принцип адамның дəл осындай түсiнiгiн ұсынады. Фейербахтың антропологиялық монизмi адамның идеалистiк түсiнiгiне қарсы, жан мен тəннiң дуализмiне қарсы бағытталған жəне табиғатқа материалистiк көзқарасты бекiтумен байланысты. Бiрақ адамның өзiн Фейербах өте абстрактылы түсiнедi. Оның адамы нақты əлеуметтiк байланыстар жəне əрекеттерден
оқшауланып қалады. Оның философиялық антропологиясының негiзiн Мен жəне Сен арасындағы қатынастар, оның iшiнде, əсiресе еркек пен əйел арасындағы қатынастар ерекше маңызға ие бола отырып құрайды.
Маркс адамды түсiнуде ең алдымен еңбек əрекетiн алға тартады. Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Қоғам тұлғаның қасиеттерiн детерминациялайды.
Өмiр философиясы (Ницше, Дильтей) адамның ерекшелiгiн бiрде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бiрде мəдени-тарихи мəнде түсiндiрiлетiн өмiр феноменiнен көредi. Өмiр философиясында алдынғы орынға адамның ақыл-ойдан тыс қабiлеттерi шығады: сезiм, ерiк, интуиция. Көбiне санаға адам қылығының терең қайнар көзi болып саналатын бейсаналық қарсы қойылады. Фрейд жəне фрейдизм бейсаналықты санадан жоғары қояды. Дiннiң, мəдениеттiң, барлық адамзаттықтың қайнар көзi адамның өзi ол
туралы есеп бере бермейтiн бейсаналықта деп есептеледi.
Экзистенциализм, ең бiрiншiден индивидуалды адам өмiр сүруiнiң шынайылығына
мазасызданады. Ол еркiндiктi табиғилықтан да, барлық тұлғасыз күштерден де iздейдi. Алдынғы орынға сезiм, бiрақ жай ғана сезiм емес, сезiну, алаңдау, мазасыздану процесi шығады. Бiр мезеттiк сезiмдердiң орнына ұзақ уақыттарға созылатын сезiмдiк көңiл-күй келедi.
Гуссерльдiң феноменологиясы тұлғаның тұйықтығын игеруге ұмтылады. Көңiл-күй əуел бастан сыртқы əлемге бағытталғандықтан, ол интенционалды деп есептеледi. Адам
жай ғана өмiр сүрiп қоймайды, ол əлемде өмiр сүредi.
Өмiр философиясы мен Гуссерльдiң феноменологиясында негiзi қаланған тенденцияларды дамыта отырып, XX ғасырдың 30-жылдары Германияда Шелер мен Плесснердiң жұмыстарының арқасында адам проблематикасымен айналысатын ерекше философиялық пəн - философиялық антропология қалыптасты. Философиялық антропологияның өкiлдерi адамды өзiнiң барлық толық болмысында философиялық тану бағдарламасын ұсынды. Олар адам болмысының əр алуан саласын онтологиялық,
жаратылыстанымдық-ғылыми жəне гуманистiк зерттелуiн бүтiндей философиялық
игерумен бiрiктiруге ұмтылды.
4.2.2. Адам жəне оның мəнi туралы қазiргi көзқарастар.
Ғылымның қазiргi жетiстiктерi адам биологиялық факторлармен қатар əлеуметтiк
факторлар да маңызды рөлге ие болатын эволюциялық дамудың өнiмi деп тұжырымдауға мүмкiндiк бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты
айырмашылықтары туралы жəне осы айырмашылықтарды мүмкiн еткен процестердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мəселе шешушi маңызға ие болады.
Алайда əлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез процесi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай "адам феноменiн" тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы жəне антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң
мынадай сөздерiмен түсiндiрiледi: адам "эволюцияның өзегi жəне шыңы" болып
табылады жəне "адамның кiлтiн табу, демек əлемнiң қалай құрылғанын жəне ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс екенiн бiлуге ұмтылу деген сөз".
Жетiспейтiн айғақтардың жоқтығы, адамға деген ескi көзқарасқа күмəн келтiретiн жана ашылымдар адамның мəнi мен табиғаты туралы əртүрлi концепцияларды туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистiк жəне иррационалистiк деп бөлуге болады. Иррационалистiк көзқарастың негiзiне адам əрекетi немесе оның кең мағынасында адам
болмысы түсiндiруге келмейтiн iшкi мотивтер, ырықтар, көңiл-күйлердiң көрiнiсi позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Бүтiндей алғанда иррационалистiк концепциялар адамның кейбiр қырлары мен қасиеттерiн ашқанымен, адамның шығу тегi жөнiнде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдардың жетiстiктерiн ескергенiмен, көбiне рационалистiк – материалистiк жəне идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкiн мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар əлемiнен бөлiнiп шығу процесiн түсiндiре отырып Маркс жəне Энгельс былай жазады: "адамдарды жануарлардан санасына, дiнiне жалпы тағы
басқалар қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмiрiн жанама жолмен өздерi өндiредi". Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мəдениеттенуi, бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның əлеуметтiк-биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельстiң ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияның жақтаушылары еңбек биологиялық заңдардың əсерiн терiске шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу əрекетiнiң сипатын өзгертедi, қалыптасушы адамның өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту кабiлетiне жəне адамның өзiнiң қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек əрекетiнiң арқасында адамның биологиялық жəне рухани кқажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгуiнiң ауқымы кеңейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық жəне ақыл-ой
қабiлеттерiн көрсете алады.
Адам жəне адамзат тұлғасының қалыптасуындағы үлкен рөл тiлге тиесiлi. Тiлдiң
арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл алғашқы қауымдық адамдардың бiрлескен еңбек əрекетiнiң арқасында қоғамның қалыптасуымен бiрге пайда болды жəне дамыды. Дыбыстарға бөлiнген сөздiң пайда болуы адамның қалыптасуы мен дамуында, адамдар арасындағы қатынастың орнауында жəне алғашқы адам қауымдастықтарының түзiлуiнде орасан зор рөл атқарды.
Тiлдiң маңызы ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек əрекетi практикалық тұрғыда
мүмкiн еместiгiмен сипатталады. Өзара қатынастың арқасында, адамдар бiр-бiрiмен
байланыс орнатты, өзара əрекеттiң əртүрлi мəселелерi бойынша келiстi, тəжiрибе бөлiстi жəне т.б. Тiлдiң көмегiмен бiр ұрпақ келесiсiне ақпарат, бiлiм, əдет-ғұрып жəне дəстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмiр сүретiн əртүрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.
Адамзат психикасының қалыптасуы мен адамзат ойлауының дамуында тiлдiң рөлi өте үлкен. Адамның жоғарыда келтiрiлген барлық қасиеттерi адам қауымдастығынан тыс
пайда болуы, өмiр сүруi, дамуы мүмкiн емес едi. Бұл жолдағы маңызды қадам моногамды
отбасы мен ру түрiндегi алғашқы адам қауымдастықтарының пайда болуымен сипатталады. Мұның арқасында адамның биологиялық түр ретiнде сақталуы мен
дамуына қолайлы алғышарттар қалыптасып қана қоймай, оны "тəрбиелеумен" айналысуға, яғни бiрлесiп өмiр сүрудегi тəртiптер мен ғұрыптарды сақтап, ұжымдағы
өмiрге үйретуге жағдай туды.
Адамның мəнi мəселесi адам туралы философиялық iлiмнiң өзегiн құрайды.
Адамның дамуы мен тарихи негiзiн жəне оның мəнiн құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс щеңберiнде жүзеге асатын еңбек əрекетiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен Еңбек əрекетiнiң дамуы нəтижесiнде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне жəне оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс
адамды абстрактылы тұрғыда түсiнгенi үшiн Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды
"адамның мəндiлiгi жекелеген индивидке тəн абстракт емес. Ол өзiнiң болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады".
Бұл жерде қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретiнде оның материалдағы мен идеалдылығы да, бүгiнi мен өткенi де айтылады. Адам бiр мезгiлде өндiрушi де, ақылды да, мəдени де, адамгершiлiктi де, саяси да жəне т.б. жан болып табылады. Ол өз бойында белгiлi дəрежеде қоғамдық қатынастардың барлық түрлерiн қорыта отырып жəне
осылайша, өзiнiң əлеуметтiк болмысын iске асырады. Бұл мəселенiң тағы бiр қыры - бұл адамның адамзат тарихының жемiсi екендiгi. Қазiргi адам "ешқайдан" шыққан жоқ, ол қоғамдық-тарихи процесс дамуының нəтижесi болып табылады. Басқаша айтқанда, адам мен адамзат тегiнiң бiртұтас екендiгi сөзсiз.
Алайда, адам қоғам мен қоғамдық қатынастардың нəтижесi ғана емес, өз кезегiнде оның жаратушысы да. Осылайша, ол бiр мезгiлде қоғамдық қатынастардың объектi де болып табылады. Адамда субьект пен обьектiң тұтастығы жүзеге асады. Осылайша адамның əлеуметтiк-əрекеттiк мəнi туралы айтуға болады. Əрекетсiз, əлеуметтiк қарымқатынастарсыз адам адам бола алмайды.
Бiрақ адам өз мəндiлiгiнде салыстыруға келмейдi. Бұл нақтылық оның өмiр сүруi
барысында аңғарылады. Жəне де, егер адамның мəнi - бұл адамзат тегiнiң жалпы сипаттамасы болса, ал əрбiр индивидтiң өмiрi өзiнiң нақты-эпирикалық тұрғысында əрқашанда индивидуалды жəне тек мəндiлiкпен ғана қамтылмайды. Адамның өмiр сүруi өзiнiң алуан түрлi формалары, түрлерi мен қасиеттерi көрiнiстерiнiң бүтiн тұтастығы ретiндегi индивид болмысы болып табылады. Бұл бүтiндiк, ең алдымен адамның үш негiзгi бастаудың - биологиялық, əлеуметтiк жəне психикалық бастаулардың тұтастығы екендiгiнен, адамның биопсихоəлеуметтiк феномен екндiгiнен көрiнедi. Бұл фактордың кез-келген бiреуiн алып тастасақ, адамның өзiн де жояр едiк. Сондықтан да, адамның қабiлеттерiнiң дамуы, жəне оның бүтiндiк қалыптасуы əрқашанда осы негiзгi факторлармен байланысты: табиғи жаратылыспен əлеуметтiк ортамен жəне iшкi Менiмен (ерiк, ұмтылыс, мүдде т.с.с.).
Адамның өмiр сүрүi мəселесi де адамның мəнi мəселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмiр сүруi мен мəндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi
байланысы туралы айтуға болады. Адам əрқашанда, бiр жағынан əуел бастапқы "нəрсе" жəне, екiншi жағынан, ол өзiнiң iзi мен шектеуiн қалдыратын əлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмiр сүру осы қажеттiлiксiз, оның мəнiн құрайтын қоғамдық қатынастарының жүйесiнсiз мүмкiн емес. Сонымен қатар, оның мəнi де оның өмiр сүруiнен тыс бола алмайды.
Адамның бойындағы биологиялық пен əлеуметтiлiктiң арақатынасы мəселесi де осы
өмiр сүру мен мəндiлiк мəселесiмен байланысты. Өзiнiң мəнi жағынан адам əлеуметтiк
жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi жəне оның шектерiнен тыс өмiр сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен əлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады оның бiр жағын "əлеуметтiк сапаға" ие тұлға құраса, екiншi жағын оның табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
Өзiнiң биологиялық жаратылысы жағынан əрбiр индивидтiң өз ата-анасынан алатын
гендер жиынтығы – белгiлi бiр генотипi əуел бастан қаланады. Туылысымен-ақ ол
нышандары генде сақталған биологиялық тұқым қуалаушылыққа ие болады. Бұл нышандар индивидтiң сыртқы, физикалық кейпiне де (бойы, терiсiнiң түрi, бет-əлпетi, дауысының күшi, өмiрiнiң ұзақтығы жəне т.б.), психикалық қасиеттерiне де (эмоция, темперамент, кейбiр мiнез-құлықтары жəне т.б.) Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше,
адамдардың əртүрлi əрекет түрлерiндегi де дарындылығы да тұқым қуалаушылықпен берiледi. Алайда мұнан адамның қабiлеттерi тек табиғи алғышарттармен байланысты
деген қорытынды шығарудың қажетi жоқ. Нышандар-бұл адам қабiлеттерiнiң алғышарттары ғана, оны генотипке əкелiп тiреуге болмайды. Қабiлеттер де өзiнiң жалпы түрiнде үш фактордың бiрлiгi: биологиялық, əлеуметтiк, психикалық.
Əлеуметтiлiк пен биологиялық мəселелерiн қарастырғанда екi көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: əлеуметтiк факторды абсолюттендiру жəне биологиялық факторды
абсолюттендiру. Бiрiншiсiнде адам əлеуметтiк ортаның абсолюттiк нəтижесi болып
көрiнедi. Екiншi концепцияға əртүрлi биологияландырушы iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы табиғи тұрғыда бiр нəсiлдi екiншiсiнен жоғары қоятын нəсiлшiл теорияларды
жатқызуға болады. Нəсiлшiлдiлiктiң жарамсыздығын адам генотипiнiң ерекшiлiгiнiң нəсiлдiк емес, индивидуалдық денгейде көрiнетiндiгi арқылы дəлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нəсiлдiк, ұлттық немесе əлеуметтiк генотиптер өмiр сүрмейдi. Дарвиннiң табиғи сұрыпталу iлiмiн негiзге ала отырып қоғамдық өмiрдi түсiндiруге
тырысқан социал-дарвинизмнiң өкiлдерi де осы биологияландырушы позицияны ұстанды. Қазiргi кездегi ғылымда адамның биоəлеуметтiк табиғаты туралы пiкiр қалыптасты.
Мұның үстiне адамның əлеуметтiлiгi төмендетiлмейдi, есесiне Homo sapiens жануарлар əлемiнен бөлiнiп, оның əлеуметтiк жанға айналуындағы шешушi рөлi баса айтылады. Адам пайда болуының биологиялық алғышартын ешкiм терiске шығара алмайды. Тiптi ғылыми дəлелдерге сүйенбей-ақ, қарапайым бақылаулар мен қадағалауларды жетекшiлiкке ала отырып, адамның табиғи өзгерiстерге – атмосферадағы магниттiк борандарға, күннiң белсендiлiгiне, жер стихиялары мен апаттарына барынша бағыныштылығын аңғаруға болады.
Екiншi жағынан адамның қалыптасуындағы үлкен рөл еңбек, адамдар арасындағы
өзара қатынастар, олардың əлеуметтiк жəне саяси институттары сияқты əлеуметтiк факторларға тиесiлi. Бұлардың əрқайсысы жеке өз алдына адамның жануарлар əлемiнен бөлiнiп қалыптасуына əкелуi мүмкiн емес. Бұл тек олардың өзара əсерi мен диалектикалық тұтастарының арқасында ғана мүмкiн болады.
Адам жер бетiнде өмiр сүретiн биологиялық түрдiң бiрiне жатқандықтан оның биологиялық табиғатын гомоноид (адамға ұқсас) ретiнде оған тиесiлi түрлiк қасиеттердiң жиынтығы анықтайды. Алайда, осы биологиялық параметрлердiң өзiне əлеуметтiк фактор тiкелей əсер етедi, мысалы, өмiрдiң ұзақтығына, жас ерекшiлiктерiне жəне т.б. əсер етедi. Жануарға тəн өмiр сүру ортасына түскен нəрестенiң өзi қалыпты жағдайларға сай физикалық тұрғыда тiрi қалғанымен, ол адам болып қалыптаспайды. Бұл үшiн индивид əлеуметтендiрудiң белгiлi бiр кезеңдерiн бастан өткiзуi керек. Сонымен қатар төмендегi
пiкiрмен де келiсуге болады: "Туылған сəтiнде нəресте адамға кандидат қана, ал оқшау жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас
барысында үйренедi" (А.Н.Леонтьев). Басқаша айтқанда, əлеуметтiк жағдайлардан тыс, тек биология ғана адамды тұлға ретiнде қалыптастыра алмайды.
Адамдағы əлеуметтiлiктiң биологиялыққа ықпалының тағы бiр қыры биологиялықтың əлеуметтiк формада қанағаттандырылуы мен жузеге асырылуында. Адам өмiр сүруiнiң табиғи-биологиялық жағы əлеуметтiк-мəдени факторлармен "адамданады" жəне ортаға түсiрiледi.
Осылайша, биологиялық алғышартсыз гомоноидтың пайда болуын көз алдыға
келтiру мүмкiн емес болса, əлеуметтiк алғышартсыз да адамның қалыптасуы мүмкiн емес. Ары қарай мұның арқайсысы жағдайларға байланысты адамның күш-жiгерiн бiрде азайта, бiрде күшейттi. Жалпы, бүтiндей алғанда адамның пайда болу кезiнде де, қазiргi кезде де оның өмiр сүруi биологиялық пен əлеуметтiлiктiң тұтастығымен қамтамасыз етiледi.
Адам өмiр сүруiнiң психикалық жəне биологиялық жақтарын бейнелейтiн философиялық антропологиядағы бейсаналық пен саналық мəселесi де биологиялық
жəне əлеуметтiлiк мəселесiмен тығыз байланысты.
Ұзақ уақыт бойы философияда антропологиялық рационализм принциптерi үстемдiк еттi, адам оның қылықтары жəне болмысының өзi саналық өмiрдiң көрiнiсi ретiнде
қарастырылып келдi. Адам "ақылды адам" ретiнде ғана саналып келдi. Ал Жаңа заманнан берi философиялық антропологияда бейсаналық мəселесi үлкен орын ала бастады.
Лейбниц, Кант, Кьеркегор, Шопенгауэр, Ницше сияқты авторлар адам санасынан тыс психикалық процестердiң маңызы мен рөлiн əр түрлi қырлары мен позициялары
тұрғысынан талдай бастады.
Адамның өлшемi мен өмiр сүруiнiң аса маңызды факторы ретiнде бейсаналықты бекiтiп, философиялық антропологиядағы бүкiл бiр бағытты ашқан З.Фрейд бұл мəселенiң шешiлуiне үлкен ықпал еттi. Ол бейсаналықты санаға қарсы тұратын күш ретiнде танытады. Фрейдтiң ойынша, ең басты күшi жыныстық қатынас - либидо болып
табылатын бейсаналық моральдық стандарттар жəне шектеулермен қоса қоршаған
əлеуметтiк ортаға үнемi бойұсынып отыратын саналықпен қақтығыста болады. Ортаның шектеулерi индивидтi күйзелiске ұшыратады, соның нəтижесiнде бейсаналық қатынастар
невроз, түс көру, көбiне агрессивтi қате əрекеттерге ұрындырады. Қақтығыстық ахуалдың шектен тыс қысымынан индивид ығыстыру көмегiмен құтылады: индивидке тиiмсiз ойлар, көңiл-күйлер санадан "қуылып", саналықтан кейiнгi деңгейге көшiрiледi, бiрақ оның əрекетiне, қылығына əсерiн тигiзiп отырады. Осылайша фрейдтiк талдау
биологиялық қатынастар мен саналы əлеуметтiк нормалар арасындағы, саналылық пен бейсаналылық, өмiр инстинктi мен өлiм инстинктi арасындағы бiрқатар қайшылықтардан құралады. Бiрақ, ақарында биологиялық бейсаналық анықтаушы рөлге ие болады. Фрейдтiң жəне оның iзбасарларының концепциясындағы бейсаналықтың рөлiн бағалай отырып адамға жəне оның өмiр сүруiн бейсаналылық жəне саналықтың арақатынасы арқылы қарастыру бұл мəселенi философиялық түсiнуде жаңалықтар əкелгенi сөзсiз. Бiрақ, сонымен қатар Фрейд бейсаналылықтың рөлiн бiршама абсолюттендiрiп көрсетедi.
Осылайша, бейсаналылық мəселесiн ойластыру адам психикасы аймағын саналылық жəне бейсаналылық салаларына бөле отырып индивидуалды жəне қоғамдық саналардың құрылымын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осыған байланысты қазiргi кездерi
кеңiнен таралған менталитет, ментальдылық сияқты ұғымдарға көңiл аудару қажет. Ментальдылық құрамына бейсаналықты да еңгiзетiн индивидуалдық жəне ұжымдық сананың терең деңгейiн бiлдiредi. Ол индивидтiң немесе əлеуметтiк топтың əлемдi белгiлi бiр тəртiппен қабылдауының, ойлауының жəне əрекет етуiнiң ерекше қалпы мен жүйесiнiң жиынтығын бiлдiредi. Тұлғаның менталитетi дəстүрдiң, мəдениеттiң жəне адамның əлеуметтiк ортасының негiзiнде қалыптасады жəне , өз кезегiнде оларға да əсер етедi.
Адам тектi ұғым болып табылады сондықтан адамзат тегiне қатысты барлық белгiлер бейнеленедi. Бiрақ мұндай көзқарас адам мəнiн анықтау үшiн жеткiлiксiз. Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегiнiң жекелеген өкiлi ретiнде индивид түрiнде қарастырылады. Бүкiл адамзат тегiне тəн жалпы белгiлерiмен қатар, оның өзгелерден
ерекшеленетiн өз қасиеттерi бар. Бұл табиғи-бойы, көзiнiң түсi, дене құрылысы, жəне əлеуметтiк-дамуының интелектуалдық деңгейi, психологиялық қыртысы, рухани
мəдениеттiң əртүрлi деңгейi сияқты ерекшелiктерi болып табылады. Индивидуалдық ұғымы индивид түсiнiгiмен тығыз байланысты. Оны индивидпен байланыстыратыны олардың негiзi биологиялық, табиғи екендiгi болып табылады. Индивидуалдық күрделiрек жəне жан-жақты болады. Индивидуалдылық ең алдымен адамның табиғи жəне психикалық қасиеттерiнен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментiнен, мiнезқұлқынан, эмоционалдылығынан көрiнедi. Индивидуалдық белгiлер адамның саналы
əрекеттерiнен де, оның пiкiрiнен, қылығынан, мəдени қажеттiлiктерiнен де байқалады. Бiр
əлеуметтiк топтың өкiлдерi арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшiн өзгеше нəрселер тəн болады.
Адамның əлеуметтiк қасиетiнiң келесi бiр жоғары деңгейдегi сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбiне адамның биологиялық табиғатына негiзделетiн индивид пен индивидуалдықпен салыстырғанда тұлғаның мəнiнiң ерекшiлiгi оның əлеуметтiк қасиеттерге негiзделетiнiде. Бiрақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз
əсерiн тигiзетiнiн ескеру керек.
Əлеуметтiк индивидуалдылық, əрине, бос жерде пайда болмайды. Адам нақты тарихи уақытта жəне əлеуметтiк кеңiстiкте, тəрбие мен практикалық əрекет барысында
қалыптасады. Сондықтан да тұлға əлеуметтiк индивидуалдылық ретiнде –бұл əрқашанда нақты нəтиже, өте əр алуан факторлардың өзара əрекетi мен синтезi. Адам неғұлым
үлкен деңгейде əлеуметтiк-мəдени тəжiрибенi бойына жинақтаса, соғұрым тұлға маңыздырақ жəне ол, өз кезегiнде, оның дамуына өзiнiң индивидуалды үлесiн қосады.
Тұлғаның қалыптасуына қандай факторлар ықпал етедi жəне тұлғаның қарапайым адамдардан қандай айырмашылығы бар? Əрине, мұндай факторлар өте көп, бiрақ оның
қалыптасуындағы негiзгi рөл əлеуметтiк жағдайларға – тəрбиеге, бiлiмге, қоршаған əлеуметтiк ортаға, ата-анаға тиесiлi екендiгiн атап өту маңызды. Тəрпбиенiң рөлi адамның балалық жəне жасөспiрiмдiк кездерi қандай моральдық жəне қоғамдық құндылықтарды
игеруiмен байланысты. Бiлiм адамға əр алуан ақпаратты жəне ең маңыздысы, өтiп жатқан
оқиғаларды талдау жəне бағалау қабiлетiн берiп, ойлауды дамытады. Қоршаған əлеуметтiк орта – бұл адамның мекен ету əлемi, бұл тұлғаның қалыптасуына тiкелей əсер
ететiн дүниетанымдық, кəсiби, адамгершiлiк құндылықтар. Алайда, тұлғаның қалыптасуына басты ықпал ететiн - ата-аналар. Нəрестенiң көз алдында олар "алғашқы əлем", онымен танысу барысында нəресте елiктеудi, терiске шығаруды немесе өзгертудi үйренедi. Сондықтан ата-ананың жеке абыройы, олардың бала тəрбиелеудегi қатысы,
қоғамға жəне өзi сияқтыларға қатынасы – баланың тұлға болып қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады.
Тұлға бос кеңiстiкте емес, ұжымда, қоғамда əрекет ететiндiктен, ол белгiлi дəрежеде оларға бағынышты. Мұндағы қоғамның рөлi тұлғаның пайда болуы жəне оның мүмкiндiктерiн жүзеге асыруға қажеттi алғышарттар қалыптастырумен қатар, осы жолда кедергiлер құруымен де көрiнедi. Сондықтан да қоғамдық құрылыс, экономикалық жəне əлеуметтiк дамудың деңгейi үлкен мəнге ие болады. Нақтылап айтқанда, қоғам əрбiр адамға өзiнiң ақыл-ой жəне физикалық қабiлеттерiн iске асыру үшiн бiлiм алуға мүмкiндiк, еңбек ету мен еркiндiкке құқық бередi.
Философиядағы тұлға ретiндегi адамның мəнi, оның əлем мен тарихтағы орны
мəселелерi. Тұлға бұл жерде адамдардың əрекетi мен қарым-қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық идеалдардың, құндылықтардың индивидуалдық көрiнiсi жəне субьектi ретiнде қарастырылады. Олардың тарихи тұрғыда да, "нақты болмысы" тұрғысында да салалары тұлғаның тарихи типi қалыптасуына, оның нақты жағдайлары мен қасиеттерiне орасан зор ықпал етедi. Əсiресе, əрекеттiң тұлғаға əсерi ерекше екендiгiн атап өткен жөн. Адамның əрекетiнiң негiзiнде жəне соның арқасында тұлғаның дамуы жəне оның қоғамда əртүрлi рөлдердi атқаруы жүзеге асады. Тек əрекетте ғана индивид тұлға ретiнде бекiтiледi, онсыз ол "өзiндiк зат" болып қалған болар едi. Адам өзi туралы қаншама ойларға берiлiп, кез-келген қиялдар тудыруы мүмкiн, ал өзiнiң нақты болмысында тек iс арқылы ғана аңғарылады. Бекерден бекер Конфуций адамдардың сөздерiн тыңдап қана қоймай, олардың iстерiн де көре бiлген, сол сияқты Аристотель де
былай деп жазған: "Жеңiстiң сыйлықтарын тек жарысқа қатысқандар ғана алады". Басқаша айтқанда, адамның əлеуметтiк əрекеттiк мəнi ең алдымен тұлғаның
əлеуметтенуiнiң негiзiне жатады. Əлеуметтендiру – бұл индивидтiң қоғамда өзiнiң өмiрқамын дұрыс тəсiлмен iске асыруына мүмкiндiк беретiн бiлiмдердiң, нормалар мен құндылықтардың белгiлi бiр жүйесiн игеруi процесi болып табылады. Ол адамның əлеуметтiк тəжiрибенi игеру барысында жүзеге асады, бiрақ ең алдымен оның белгiлi бiр қоғамдық қатынастарға, əрекет түрiндегi қарым-қатынас формасына түсудiң нəтижесiнде iске асады. Бұл жағдайда əлеуметтену филогенезде де (адамның тектiк қасиеттерi мен
сипаттарының қалыптасуы), онтогенезде де (нақты тұлғаның қалыптасуы) жүзеге
асырылады. Адамның тарихи дамуы тұрғысында да, онтогенезде де тұлға индивидтiң əлеуметтенуiнiң нəтижесi. "Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады" (А.Н.Леонтьев). Əлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға - бұл əрқашанда процесс, бұл үнемi қалыптасу. Өзiнiң қалыптасуында, өзiнiң ұмтылысында тұрып қалған, қатып қалған тұлға – бұл демек, керi кетушi тұлға. Тұлғаның деградациялануы индивидтiң өзге ерiкке толығымен бағынып жəне оның əрекетi алдын-
ала бағдарланып қойылған жағдайда, яғни əрекет пен таңдау еркiндiгiне орын қалмаған
жағдайда да орын алады.
Индивидтiң қарым-қатынастан жəне таңдау мүмкiндiгiнен, белгiлi дəрежеде еркiн
қимылдаудан айырылуы да тұлғаның дамуы мен оның көңiл-күйiне керi əсер етедi. Адамды қоғамнан жəне қарым-қатынастан бездiру үнемi ең қатал жазалардың бiрi болып
саналды, өйткенi үнемi оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өзiнiң мəнiне қайшы келедi. Бiрақ өзге ерiк пен ойды тұлғаға таңу онан да терiс ықпалын тигiзедi. Басқа ерiкке
толығымен бағынған жəне өз дүниетанымынан, өз ойы мен көзқарасынан айырылған адам – бұл тұлға емес. Сол сияқты белгiлi бiр себептерге байланысты ақыл-ойы мен жадыдан айырылған индивидтi де тұлға деп айтуға келмейдi.
Тұлғаның тағы бiр маңызды сипаттамасы – оның адамгершiлiк-рухани мəнi. Тұлғаның мазмұнының жəне оның бағалануының маңызды компонентi ретiнде оның санасының
дүниетанымының, адамгершiлiгiнiң жəне жауапкершiлiгiнiң деңгейiмен сипатталатын
тұлғалық бағдарлары мен санасының барысы көрiнедi. Əрине тұлғаның қалыптасуы мен қылығына əлеуметтiк ортаның үлкен ықпал етерi сөзсiз. Бiрақ тұлғаның бағдары мен
қылығы да сол деңгейде адамның iшкi, рухани əлемiне бағынышты. Адамның бойындағы интелектуалдық-адамгершiлiк жəне ерiктi қасиеттерi неғұрлым айшықты көрiнген сайын, оның өмiрлiк бағдарлары жалпыадамзаттық құндылықтармен сəйкес келедi, тұлғаның өзiнiң де маңызы артып, бұл құндылықтардың бекiтiлуi мен дамуына
өздерiнiң оң ықпалдарымен əсер етедi. Бұл тұрғыда ол өзiнiң рухы, еркiндiгi, шығармашылығы мен қайырымдылығы жақтарымен сипатталады.
Тұлғаның ерiк-жiгерi мен рухының күштiлiгi, оның адамгершiлiк қайырымдылығы мен тазылығы тек нақты практикалық əрекетте жəне белгiлi бiр əлеуметтiк жағдайларда ғана бекiтiлiп, iске асады. Дəл сондай жағдайда ғана, яғни iс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркiн болудың, адал, принципиалды болудың жəне т.б. қиын да ауыр екендiгi аңғарылады. Өйткенi, егер индивид өзiн шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса, ол өзiнiң тек ақыл-ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да жауапкершiлiктi болуы тиiс. Тұлғаның еркiндiк жағынан сипаттамасы, сөзсiз қажет. Еркiндiк – бұл тұлғаның атрибуты. Бiрақ жауапкершiлiксiз еркiндiк – бұл шектен тыс бей-берекетсiздiк. Сондықтан
жауапкершiлiктiң тұлға атрибуты ретiндегi маңызы бiр де кем емес, кейде ерiктi болғаннан жауапкершiлiктi болу қиынырақ.
Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлғаның еркiндiгi мен жауапкершiлiгi үнемi шығармашылықты, көңiл-күйдегi уайым-қайғыны талап етедi. Тұлға неғұрлым жоғары жəне маңызды болған сайын, оның өзiнiң жəне өзгерлердiң алдындағы жауапкершiлiк деңгейi де жоғары.
4.3. Этнос философиясы
4.3.1. Этникалық жəне оның полиэтникалық қоғам өмiрiндегi рөлi.
Қазiргi əлемнiң этносферасы жеткiлiктi түрде күрделi, динамикалы жəне
қайшылықты. Онда саны мыңдаған, ал кейде жүздеген адамды ғана қамтитын архаикалық этникалық қауымдастықтармен қатар, қазiргi саны миллиондаған адамдарды құрайтын этностортар бiрге өмiр сүредi.
Барлық бұл этностар əлемдегi əлеуметтiк-саяси жəне экономикалық құрылыстары əртүрлi жəне көбiне полиэтникалық (көпұлтты) екi жүзден астам елдiң құрамына кiредi. Тек жиырмадан аз мемлекеттер ғана салыстырмалы түрде моноэтникалық (бiрұлтты) деп есептеледi, өйткенi ондағы этникалық аз ұлттар тұрғылықты халықтың 5%-дан азын құрайды. Демек, моноэтникалық мемлекеттер де этникалық тұрғыда абсолюттi бiртектi болып табылмайды.
Қазiргi əлемнiң аса күрделiлiгi мен алуан кейiптiлiгi мынадай фактормен де
қуатталады. Дəстүрлi көзқарас бойынша жердiң бүкiл тұрғылықты халқы үш нəсiлге бөлiнедi: ақ, сары, қара, яғни европеоидтi, монголоидтi, негроидтi. Ал соңғы зерттеулер бойынша адамдар тоғыз нəсiлге бөлiнедi, оның үстiне отыз екi топтың ешқандай берiлген схемаға енбейтiнi аңғарылды. Өзге классификация бойынша адамдар өздерiнiң нəсiлдiк белгiлерiне қарай екi жүз категорияға бөлiнедi. Қазiргi этнореалдарға тəн сипаттама оның аса күрделiлiгiмен қатар динамизмiмен, қайшылығымен жəне тұрақсыздығымен ерекшеленедi. Қазiргi этникалық процестер көп жағдайда қақтығыстық (конфликттiк) сипатымен де өзгешеленедi. Осыған дейiн бұл этникалық қақтығыстар не капиталистiк, не дамушы елдерге тəн, ал социалистiк достастық елдерiнде ол орын алмаған деп есептелiп келдi. Қазiргi этникалық ахуал бұл қалыптасқан пiкiрдi терiске шығарды, этникалық коллизиялар мен қақтығыстардың Батыста да, Шығыста да, дамыған елдерде де, дамушы
елдерде де болатынын дəлелдейдi. Соңғы жылдары американдық əскери ауызекi əңгiмеге (жаргонға) қазiргi əлемдегi этноахуалды сипаттайтын жаңа термин ендi - "ЭҰС
соғыстары" (этникалық, ұлттық, сеператистiк).
"ЭҰС соғыстары" ретiнде Днестр бойындағы, Грузиядағы, Абхазиядағы, Армениядағы, Əзiрбайжандағы жəне əсiресе, Шешенстан мен Тəжiкстандағы соғыстарды айтуға болады. Жалпы, белгiлi мағынада айтқанда адамзат тарихындағы барлық соғыстарды "ЭҰС соғыстары" деп айтуға болады, өйткенi бұл соғыстар өз этникалық кеңiстiгiн кеңейту, қайтарып алу немесе сақтап қалу үшiн жүргiзiлдi.
Осы орайда этникалық ұғымында бiз ненi түсiнемiз, оның дəстүрлi ұғымы ескiрген
жоқ па жəне бұл түсiнiк этникалықтың өзiнiң дамуына кедергi болмай ма деген заңды сұрақтар туындайды. Əдетте, этникалық ұғымы белгiлi бiр этносқа тəн дəстүрлi сипаттардың сақталумен түсiндiрiледi.
Этностың төлтума мəдениетiн, оның дəстүрлерiн сақтау берiлген этнос үшiн өмiрлiк маңызы бар мəселе болып табылады. Бiз қандай да болмасын этностың өмiрдiң барлық ауыртпалықтары мен қиындықтары арқылы ұрпақтан ұрпаққа таратылып келген рухани
жəне материалдық құндылықтарын сақтауымыз керек. Алайда, кейбiр зерттеушiлердiң
ауылдарда, деревняларда, қышлақтарда этникалық құндылықтардың жақсы сақталатындығын, консервативтiлiгiн алға тартып, "керi қарай" шақыруымен келiсуге бола
ма? Этникалықтың бұл ұғымы ескiрген жоқ па? Бұл мəселеге қатысты этностардың менталитетiн түбегейлi өзгертетiн кез келген сияқты. Бiздiң ойымызша, этникалықтың
дəстүрлi белгiлерiн сақтай отырып, оларды жаңа қасиеттермен жəне сапалармен белсендi түрде толықтыру қажет. Егер де жапондықтар өздерiн дəстүрлi этникалық қасиеттермен шектегенде, онда олар өздерiнiң қазiргi жетiстiктерiне жете алмас едi. Қазiргi жапондықтар туралы айтқанда бiз сакура гүл шоғын түзiп, самурайлық пен дзен-
буддизм дəстүрлерiн сақтап, табиғатпен үйлесiмдi өмiр сүрiп отырған этнос туралы ғана емес, көбiне электроникада үлкен биiктерге қол жеткiзген этнос жайлы еске аламыз. Жапондықтар аз ғана уақыттың iшiнде экономикада, қазiргi өнеркəсiпте үлкен табыстарға
қол жеткiздi. Бұл қазiргi этностың тек дамуы үшiн ғана емес, қазiргi қатал əлемде этностың
сақталып қалуы үшiн де өмiрлiк маңызы бар мəселе болып табылады. Өзiнiң бекiтiлуiн тек өмiр сүрiп отырған дəстүрлермен ғана шектеген этнос өзiн күйретуге əкелiп, стагнацияға