
Габитов-Философия_pih
.pdfтеориялық рефлексияның арқасында адам нақты əлем туралы, өзi туралы, өзiнiң нақты жағдайы мен мақсаты, өзiнiң əлемдегi нақты рационалдық үстемдiгiнiң мүмкiндiктерi мен шектерi туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады.
Философияның арқасында адам өз құдiретiнiң жаңа формасына ие болады. Бұл көзқарас бастапқыда адамға қуанышты əсер еттi, кейiнiрек əлемге деген астамшыл қатынасты қалыптастырса, ал ХХ ғасырдың соңына қарай адам ол қатынасын жоғалтып, негативтi бағалауға көштi. Бiрақ бұл келешекке қарамастан, бастапқыдағы ақыл-ойдың құдiретiне деген сенiм мен сүйенiш адамға рухани еркiндiк пен белсендi əрекет сыйлады. Əлемге деген мұндай белсендi əрекеттiк жəне рационалды қатынас болмыстағы белгiлi бiр тұрақты жəне қажеттi нақтылық туралы ойға бүтiндей негiздедi. Бұл ой əлемде белгiлi бiр заңдылықтың, тəртiптiлiк пен үйлесiмдiлiктiң бар екендiгi туралы идеямен тығыз байланысты болды жəне философияның көмегiмен негiзделдi. Ал адамның тұрақты жəне реттiлiкпен өмiр сүруiне кепiлдiк беретiндей нəрсе, əрине, ақыл-ой болып табылады.
Əлем мен Адамның тұрақтылығының кепiлi өз-өзiне жеткiлiктi жəне универсалды абсолюттiк ақыл-ой болып табылады. Бұл абсолюттiк ақыл-ой əлемдегi тұрақтылықтың, тiреудiң жəне реттiлiктiң негiзi ретiндегi абсолюттiк болмыстың бар екендiгiн айғақтайды.
Осы болмысты зерде арқылы пайымдауға мүмкiндiк беретiндей абсолюттiк ақыл-ой Тұтастық пен Универсалдылықтың кепiлi бола алады. Ал ойдағы болмыстың өзi тұтас жəне ажырамас, нағыз жəне мəндiлiк ретiнде қалыптасады. Бiрақ осындай сипаттамасыз болмыс та, ақыл-ойдың өзi де жоқ. Абсолюттiк ақыл-ой ретiндегi философияның өзi барлық жалпылық туралы рефлексия, Əлем мен Адам, олардың арақатынастарына абстракциялық деңгейде рефлексия жасау. Мiне, дəл осындай негiз ақыл-ойды құрылымдауға (конструирование) мүмкiндiк бередi, яғни болмыс туралы тек оған деген ойша көзқарас арқылы пайымдауға жағдай жасайды. Болмыстың бар екендiгi туралы тек рефлексия арқылы, ол туралы абстракциялық ой-толғау арқылы ғана көз жеткiзуге болады. Егер абсолюттiк ақыл-ой болса, онда ой арқылы болмыстың өзiн жете игеруге жəне ол туралы түйiндер жасауға болады. Болмыс туралы абстракциялық-пайымдық көзқарас оның уақыттан, сезiмнен тыс екендiгi, оның жойылмайтындығы туралы шарттармен толықтырылады жəне оны тек зерделеу тəсiлiмен, яғни философиялық рефлексиямен ғана игеруге болады. Демек, болмысты игеру барлық жалпылық
деңгейiнде мүмкiн болады. Жəне адам осы философиялық рефлексиялау қабiлетi арқылы осы барлық жалпылықты мойындағандықтан, бұл таза ақыл ретiнде адамның əлем туралы көзқарасына оның реттiлiгi, заңдылығы жəне қажеттiлiгi туралы идеяны қосады. Құдайдың құдiретiне күмəн келтiрген адамдардың ең бастапқыдағы азапты iзденiстерi осы абсолюттiк бастау идеяларымен байланыстылығы бекерден-бекер болмаса керек. Олар бұл өзiндiк универсалдылыққа өзiн-өзi саналы түрде сезiну арқылы, субъективтiлiкке ие болу арқылы жеттi, ал оны бiрегейлендiру таза ақыл болып табылады. Ақыл-ойдың болуы мен оның болмысына деген сенiмдiлiкке ие болу адамға өзiнiң болмысында жəне əлем болмысында рухани күш-жiгер бередi жəне өзiн, санасын жəне қоршаған ортаны өзгертуiн, əрекет етуiне жағдай жасайды.
Ал өз ойы мен жоспарын, сыртқы құрылымды өзгертудегi өз əрекетi мен актiн жүзеге
асыру үшiн адам əлемге деген көзқарас тəсiлi бейнеленетiн жəне ондағы адам болмысы анықталатын философиялық онтологияны дайындап шығаруы тиiс. Əлемдегi адам болмысының тəсiлi жəне əлемге қатынас типiндегi оның бейнелену тəсiлi онтология болып табылады жəне одан бүкiл адам əлемi туындайды. Демек, əлемдегi Адамның позициясы көбiне социомəдени нақтылықты, яғни Адам əлемiн пайымдау мен қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
3.1.1. Шығыстық мəдениет əлемiндегi адам болмысы мəселесiнiң қойылуы
Шығыс дəстүрлерiнде болмыс тақырыбының қалыптасуы шынайы жəне өткiншi болмыс тақырыптарымен тығыз байланысты. Болмыстағы шынайылық пен өткiншiлiктiң ең ертедегi түсiндiрiлуi мен олардың айырмашылығы Ригведаның гимндерiнде (Насадиясунта) кездеседi. Онда “сат” деп белгiленетiн шынайы болмыс хаосты үйлесiмдiлiкке, тəртiпке заңды түрде реттейтiн əлемдiк күш ретiнде анықталады.
Өткiншi əлем шынайы болмысты алмастыратын салыстырмалы түрде ауысып отыратын, көзге көрiнiп қана тұратын сағым тəрiздi нақтылық болып табылады. Шынайы
болмыстан өзге шрамандар болымсыздықты да айырады. “Асат” деп атай отырып, аскеттер оны қиратушы күш ретiнде сипаттайды.
“Кена-Уланишадтағы” интеллектуалдық пайымдауларда болмыс сезiм мен ақыл-ой арқылы қабылданбайтын, бiрақ өз формаларының нақты көрiнiсi арқылы оның бар екендiгiн тұжырымдауға болатын – Брахман деп түсiндiрiледi. Егер оның формалары болса, онда оның мəнi де бар,–деп түйiндейдi аскеттер. Ал мəндiлiк деген не? Бұл сұраққа Удалака былайша жауап бередi: “Барлық … жаратылыстың түбiрi Мəндiлiкте, тұрағы Мəндiлiкте, сүйенiшi Мəндiлiкте”. “Бхагавадгитада” мифтiк Кришна Брахман деп аталатын мəндiлiк түрiндегi болмыс туралы айта келiп, шынайы болмыс пен өткiншi болмыстың айырмашылығын дəл көрсетедi. Кришна үшiн шынайы болмыс – Жоғарғы Брахман – мəңгiлiкке оранған болмыс. Оның басталуы да, анықталуы да болмайды, оны ешкiм туғызбайды, ол бұзылмайды жəне оның мəнi бүкiл əлемдi жəне одан тыс нəрсенi де алып жатыр. Брахман – жалғыз, ол бiр мезетте мəндi де мəнсiз, ол мəңгiлiк жəне шектеусiз. “Бұл бүкiл əлемнiң өн бойын қамтитын нəрсе ешқашан да бұзылмайды. Тек денелер ғана
өткiншiнiң бейнесi. Ол болса – мəңгiлiк. Өлшенбейтiн ол ешқашан да өлмейдi”.
Брахман түрiндегi болмыс туралы идея шрамандардың ең алғаш əлемнiң мифологиялық картинасына деген сенiмдi жоғалтқанда ең алғаш халық алдына шыққандағы рационалдық принципi болды.
Ертедегi Үндi территориясындағы ұлы өзгерiстер тұсында, бiр мифологиялық түсiнiктiң орнына екiншiсi келiп, бiрақ өздерiнiң құдайларына деген сенiмдi жоғалтып жəне де жаңа өзге халықтардың əкелген құдiретiне сенбестiк бiлдiрiп, адамның өмiр қамына қатысты маңызды мəселелер шешiмiн таба алмай жатқан кезде адамзат ақыл-ойының күшiне деген шаманның (бақсының) бойындағы үмiт халықтың бойында сенiмдiлiк ұялатты. Осылайша Арджуна Кришнаның өткiр уəждерiне сене отырып, соғысқа батыл кiрiседi. Оның батылдығы мен өжеттiлiгi Брахманмен мəңгi байланыс орнатқаны үшiн
Атманнан қолдау табады.
Адамға ашылған ақиқат бойынша ол “менге” (Атманға) ие бола отырып, өз мүмкiндiктерiнiң көкжиегiн кеңейте түседi, егер өз болмысында үйлесiмдiлiк болмысын, табиғи əлем болмысын бұзбай, заңмен, тəртiппен жүрсе Мəндiлiкпен байланыс орнатуға қабiлеттi болады. Адам болмысы ол өзiнiң “менге” ие болғанын санасымен сезiну арқылы ашылады, яғни өзiндiк “меннiң” рухани көкжиегiн кеңейту арқылы, өзiнiң əлемге қатыстылығын, əлемнiң байланыстарын, құрылымдық элементтерiн, формаларын бұзбай əрекет ету мен пайымдалған болмыс арқылы Брахманмен қосылуға болады. Көрiнбейтiн Универсум идеясын негiздей отырып үндi онтологиясы адамның əлемдегi өзiндiк позициясын айқындайды. Əлем жетiлген жəне əдемi, өзiнiң құрамдас-құрылымдық элементтерiмен өзi туралы кез-келген көзқарастан асып түседi. Сондықтан қайта құруға тырысқан кез-келген белсендi ұмтылыс жүзеге аса қоймайды. Адам көрiнбейтiн Болмыстың əртүрлi құрылымдық түзiлiмдерi мен формаларын ұғынуға қабiлеттi жəне соның негiзiнде ол туралы кез-келген логикалық конструкция бiржақты жəне шектеулi екендiгiн түсiне алады. Шектеулi жəне бiржақты көзқарастар əдетте нақты емес, бiр белгiсiздiкке деген сенiмдi туғызады. Адам болса, философиялық рефлексияның
көмегiмен Нақтылықтың не екенi туралы бiлiм ала алады жəне ол болмысқа ие болады. Осы Нақтылықты негiздеу – философияның прерогативасы жəне ол адамға тыныштық əкеледi, мəндiлiкпен бiрiгуiн, онымен байланысын қамтамасыз етедi.
Индуистiк дүниетанымда болмыстың тұтастығы, əртүрлi барлық процестер мен заттарды бiрiктiретiн жалпылығы туралы да идея бар. Бұл идея əлем мен адам өмiр сүруiнiң шеткi түпнегiзiн iздеуге бағдарлайды. Болмыстың шеткi түпнегiздiң субстраттық жəне құрылымдық сипаттамаларының аргументтi дəлелдемелерiн iздестiруге ұмтылу адамның бұл дүниенiң шынайы болмысына сенуге оның өзiнiң осы əлемнiң құрамдас элементi ретiнде сезiнуге негiз болады. Индуистiк дүниетанымдағы мұндай бағдар эзотериялық емес көңiл-күйдегi адамның бұл дүниедегi бар нəрсемен қуануға жəне шаттануға ұмтылуын бейнелейдi.
Даршандардың дүниетанымынан көрiнетiн рухани жетiстiк позициясы тек сезiмдiк лəззат алуға деген құмарлыққа жəне əлемге деген бiржақты гедонистiк көзқарасқа қарсы бағытталғанымен А.Швейцердiң пiкiрiнше, өмiрдi терiске шығармайды, керiсiнше өмiрге
терең iзгi құрметпен қарайды. Өмiрге деген тiршiлiктiк жəне материалдық мүдде терiске шығарылмайды. Олардың концептуалдық түйiндерiнiң мəнi материалдық əлемде бар заттар мен процестердiң болмысын жоймау, табиғаттың (Брахманның) бекiткен тəртiбiн бұзбаумен сипатталады, себебi дхармамен орнатылған үйлесiмдiлiк бұзылса, адамның бұл iс-əрекетi қауiптi деп саналады. Олардың философиялық ой толғаулары мен апологетикасы, сондай-ақ, рухани болмыс құндылықтарын пайымдаумен жəне сезiнумен де байланысты. Бұл рухани болмыс адам болмысына қажеттi Карма заңдылығын бұзбай, əлемдегi тепе-теңдiктi сақтауға мүмкiндiк бередi. Рухани жетiстiкке жету, бұл əлемде болудың төңiрегiндегi медитация жасау жəне қоғамның, отбасының жүктейтiн мiндеттерi мен функцияларын орындау, даршандардың ойынша, индивидтiң күнделiктi тiршiлiгiнде жетiспей жататын нəрселердiң орнын толтырады. Бүкiл ғаламмен салыстырғанда өзiнiң
бұл дүниеде болуының бiр мезеттiк екенiн сезiнген адам əлемнiң өзара бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығын жəне өзiнiң жауапсыз болмысы мен бас пайданы ғана көздейтiн əрекетi өзiнiң ұрпақтары үшiн қандай салдар əкелетiнiн (Калиюта) ұғынуы тиiс. Индивидтiң болмысы заттар мен процестердiң жəне ниеттi, қалауды қанағаттандыруға қажеттi тағы басқа нəрселермен байланысты болғандықтан дхарма, карма, артха – бұл индивидтiң соңғы мақсаттарының пайымдық анықтамалары болып табылады.
Үндiлiк даршандар рухани болмыс қажеттiлiгiне бағдар ұстанғанымен өмiрдi негiзгi атрибут ретiнде санай отырып, оның барлық құбылыстарын да терiске шығармайды. Бұл олардың субстанционалдық əлем туралы айналысқандықтарынан көрiнедi. Олар əлемнiң болмыстылығын негiздеп қана қоймай, оның құрылымдылығы мен субстанционалдылығына дəлелдеуге тырысады.
Санкхья, миманса, ньяя, вайшешика секiлдi индуизм жүйелерiнде субстанцияны iздеу мен негiздеуге деген қызығушылық орнын алды. Өзге дүниетанымдық бағдарларда Брахман ретiнде анықталған жəне белгiленген бұл субстанцияның олар заттай түрiн iздеуге ұмтылды. Егер вайшешика субстанцияның он түрiн (төртеуi атомдардан тұратын физикалық, үшеуi – сезiммен қабылдайтын, екеуi – керiлмейтiн) айырса, ал санкхья екi
бастауды (пуруши жəне пракрити) ғана мойындайды. Чарвактар мен джайналықтар болса, өздерiнiң субстраттық-заттық концепциясын ұсынады. Чарвактар материалдық əлем нағыз болмысты бiлдiредi, ол нағыз жəне тұтас деп есептесе, джайндар субстанцияның тұрақтылық, үнемiлiк жəне созылмайтын қасиеттерiн мойындайды. Субстанцияның бар екендiгiн оның болмысы мен қозғалысы, оның көп қырлы атрибуттары арқылы аңғаруға болады. Субстанцияны жəне оны құрайтындарды, оның атрибуттарын бiлу адамға рухани парасаттылыққа жету барысында дұрыс өмiр сүруге септiгiн тигiзедi.
Егер чарвактар бұл парасаттылықты бiрiгуден, адамгершiлiк пен материалдылықтың үйлесiмдiлiгiнен, адамгершiлiк жəне сезiмдiк гедонизмге жетуден, өз болмысыңда өзiңдi толық айқындаудан көрсе, ал джайндар өлiмдi болымсыздық ретiнде толық қарсы алуды да ұмытпау керек деп санайды, себебi бұл дүниедегi өз болмысың ертелi-кеш болымсызға да айналады. Өлiм туралы ұмытпаудың қажеттiлiгi бұл өмiрдiң қызықшылығына енiп кеткен адамның кенеттен келген болымсыздықтың алдында дайын болудан көрiнедi. Индивид өлiмдi өзiнiң болмысына тəн емес нəрсе ретiнде емес, болымсыздық о баста
өзiнiң болмысына тəн нəрсе ретiнде адамгершiлiк тұрғыда қабылдауға дайын болуы тиiс, өйткенi адам болмысының шынайылығы болумен де болымсыздықта болумен де сипатталады, бейболмыстың бар екенiн “осы болмыста” да сезiнумен ерекшеленедi. Материалдылықтың, сезiмдiлiктiң өз орнын бағалай отырып, заттар əлемi мен адамдар əлемiнде өз парызын атқара отырып, адам өзiнiң қалған өмiрiн ой-толғанысқа, өлiмдi болмыс пен бейболмыстың қатар өмiр сүретiн мəңгi айналымға өтудiң бiр кезеңi ретiнде қабылдауға арнай отырып, күйбең тiршiлiктен бас тартады. Сондықтан, өлiмдi бейболмысқа өтудiң табиғи жолы ретiнде ешқандай қорқынышсыз, саналы түрде қарсы алады.
Шығыс аймақтардың философиялық жүйелерiндегi шығыс адамының белсендiлiгi оның тiкелей адамға бағытталғандығымен ерекшеленедi. Адам өзiн жəне өзiнiң
қабiлеттерiн дамытып, жетiлдiре отырып табиғи жүйелердiң жетiлген формасына дейiн көтерiледi жəне адам мен əлем, табиғат заңдылығы мен табиғи ортаның болмысы арасындағы үйлесiмдiлiктi сақтай отырып, табиғаттың дамуына өз ықпалын тигiзедi.
Əлемдегi болмыс бүтiндiк, бастапқы тұтастық (сингулярлық ұғымына жақын) ретiнде көптеген сансыз объектiлерге, оның iшiнде адамға да əртүрлi əсерлерiн тигiзедi. Адамның iс-əрекетi жəне оның салдарлары, əр түрлi техникалық, технологиялық, шаруашылық ықпалдар ғаламның бүкiл объектiлерiне əсер етедi жəне бұл күштер бiр-бiрiне соғылып, сонымен қатар олардың салдарлары да бүкiл ғарыштың болмысына бүтiндей ықпал етедi. Сондықтан да əлемдегi адамның болмысы туралы ой толғаған шығыс философтарының осы мыңжылдық рухани тəжiрибесiнiң маңызы жоғары болды. Бұл Даналыққа Батыстық əлем рационалдылығының бiрi ретiнде ғылым салыстырмалы түрде жас болғандықтан үнемi ден қойып отырды жəне қазiргi кезде де оның құпияларына Батыстық мəдениет үлкен ықылас бiлдiруде.
3.1.2. Батыстың мəдениет əлемiндегi адам болмысы мəселелерiнiң даму жолдары
Антикалық мəдениетте ұзақ уақыт бойы адамның əлемнен ажырамас жəне терең байланысы бар екендiгi туралы идея мойындалып келдi. Бiрақ уақыт өте келе сонымен қатар əлемдегi адам болмысының жаңа көзқарасы да қалыптаса бастады.
Адамның əлемдегi орны туралы бұл жаңа көзқарас тек адам болмысының ғана емес, оның жалпылықтағы, универсалдылығындағы болмысында тұрақты негiзiнiң мəселелерiн шешудiң мүлдем жаңа тəсiлiмен байланысты болды. Мұның өзi адамның тек өз өмiр қамымен белсендi айналысу ғана емес, барлық бағыттағы белсендi əрекет етудi интуитивтi ұғынуға əкелдi. Қойылған мəселеге жауап iздеу оның негiзiн негiздеуден басталып, кейiнiрек адамның белсендi əрекетiнiң өзiнiң мəнi туралы сұраққа жауап iзделе бастады.
Жауаптың генезисi (шығу тегi) адамның табиғаттан бөлiнiп шығу мүмкiндiгiн пайымдаудан жəне табиғатқа қатысты оның кiм екендiгi туралы мəселенi шешуден келiп шығады. Сұраққа жауап iздестiру мынадай мəселелердi талқылаудан басталады: жазмыш
пен тағдыр, жауапкершiлiк пен парыз тақырыптары, өз орнын белсендi түрде өзгерту мүмкiндiгi мен өз болмысының мəнiн өзгерту мəселелерi. Адам мен табиғаттың байланыстылығы идеясын қабылдап жəне бөлiсе отырып, батыстық философтар болмыстың нақтылығы мен шынайылығы мəселесiн шешуде ақыл-ойға сенiм бiлдiрдi.
Ақыл-ойға сенiм бiлдiру болмыс мəселесiн шешуде өз вариантын ұсынған парменидтiк философияда ерекше айқын көрiнедi. Парменидтiң пiкiрiнше, нағыз болмыс – бұл əрқашанда бар нəрсе. Ал болмыс əрқашанда тұтас жəне бөлiнбейтiн болғандықтан, ол туралы ой да бүтiн жəне бөлiнбейдi, оның үстiне оның өз болмысы бар. Нағыз болмыс
– бұл ақыл-оймен игерiлетiн болмыс. Əралуан түрлердегi бiрегейлiк, ондағы жалпылық, өзгермелi жəне ағымдағы заттардағы тұрақтылық пен өзгерiссiздiк ұғымдарда көрiне алады жəне олар туралы оймен тепе-тең Мəндiлiк мəселесiн шешудегi жаңа тəсiлдi
Парменид былайша түсiндiредi: “Ой жəне ойланатын нəрсенiң екеуi де бiрдей”. Болмыс пен ой тепе-тең. Адамды субъективтiлiктiң шеңберiнен тысқа шығарып, объективтiлiк деңгейiне жеткiзе алатын жəне оның дəйектiлiгi мен күмəнсiздiлiгiн негiздейтiн ой адамға сенiмдiлiк бередi. Бұл жаңалық эмпирикалық нақтылыққа бағынышты емес ақыл-ойдың дербестiлiгi туралы идеяның негiзделуiне əкелдi. Ақылойдың дербестiлiгi идеясы бiр жағынан, абсолюттiк ақыл ойдың күшiне сенуге мүмкiндiк жасады. Бұл сенiмдiлiк адамға құрылымға бөлiнбейтiн, уақытта да, кеңiстiкте де, өзгерiстер процесiнде де ұсақталмайтын өз болмысындағы шеткi түпнегiздегi Тұтастықтың бар екендiгi туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк бердi. Дəл осы Абсолюттiк ақыл ой болмысы тəртiптi қамтамасыз ететiн жəне тұрақтылық пен берiктiлiктi сақтайтын сенiмдi базистiк күш ретiндегi қоршаған əлем туралы көзқарасты адам бойында қалыптастырады. Екiншi жағынан Парменид 93-99 жағдайын негiздей отырып, бардың өзi туралы, осы қазiр
– мəндiнiң бүтiндiгi туралы ойды негiздейдi. Парменидтiң сiңiрген еңбегiнiң маңыздылығы мынада: ол əлемдегi өз əрекетiмiздiң барысында бiз күмəн келтiре алмайтын интеллектуальды-идеалдылықтың ерекше болмысы саласын, аймағын алғаш рет ашып жəне оның физикалық табиғи объектiлермен бiрегейлiгi мен айырмашылығы деңгейiндегi
болмысы мəселесiн көтерiп қана қоймай, нақты-физикалық та, нақты-абстракциялық та объектiлердiң барлық бiрлiктерiнiң жалпылығы болып табылатын мəндiлiк ретiндегi болмысты абстракциялық-идеалдық деңгейде пайымдайды. Бұл жалпылық – тұтас жəне жалғыз, үздiксiз жəне мəңгi, бiрақ ажырамас жəне бүтiн:
Жəне де ол бөлiнбейдi, өйткенi ол барлығында бiрдей емес, Мына жерде ешқандай да артық емес, Ана жерде ешқандай да кем емес,
Сондықтан да үздiксiз ол, бiрақ мəнмен толысқан,
Барлығы да үздiксiз, себебi: мəндiлiктер бiр-бiрiне тартылған.
Сонымен, Парменидтiң ойынша физикалық заттардың бар екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн жалпылықтың болмысы жəне өзi-өзiне тепе-тең ретiнде, мəңгi жəне қажеттi ретiнде, тұрақты жəне өзгерiссiз ретiнде, табиғи əлем мен адамның өмiр сүруiнiң
кепiлi ретiнде көрiнедi. Адам физикалық нақтылықтың болмысына ғана сенiп қоймай, сонымен қатар, өзiмен бiрге уақыт кеңiстiгiнде қатар өмiр сүретiн жəне мəдениетте қалыптасқан, яғни абстракциялық жəне идеалдық объектiлер мен құбылыстардың барлығына да күмəн келтiрмеуi тиiс. Оның үстiне, адам абсолюттiк ақыл-ойдың күшiне де сенуi керек, өйткенi ол идеалды мəндiлiктер əлемiн қалыптастыра отырып, оған бақылау да жасай алады, себебi қажеттiлiкке байланысты құрылған барлық нəрсе бiр мезетте жойылып кете алмайды. Адам тудырған барлық нəрсе (iс-əрекетiмен болсын, ақыл-ойы арқылы болсын), тiптi өзi жоғалып кеткен жағдайда да бар жəне болады. Əлемде нақты бар нəрсенiң бəрi тұрақты жəне мəдениет пен адам əлемiнде өзгерiс болса да ол жойылмайды.
Парменидтiк болмыс, оның өткiр коллизиялық формада қойылуы мен пайымдалуы,
ақыл-ойдың эмпирикалық-стихиялық деңгейiнен абстракциялық деңгейiне белсендi түрде өтуiне негiз болды жəне философиялық, логикалық жəне математикалық ойдың алға дамуына серпiн бердi.
Хайдеггердiң дəл сипаттағанындай, Парменид iлiмi батыстық əлемнiң тағдырын шештi. Батыстық адамның əлемiне өзi игеруi тиiс трансценденталды болмыс туралы идея, адамның бастапқы өмiр сүруiнiң шарты ретiнде бұл дүниенiң жеткiлiксiздiгi туралы идеялар енгiзiлдi. Сондықтан осы кезден бастап адам əлемдi одан ары жетiлдiру үшiн, оны өзгертуi тиiс. Мұндай дүниетанымдық ықпал идеалдық тұрғыда да, кей кездерi практикалық тұрғыда да əлемдегi адам болмысын өзгертуге ұмтылған антикалық концепцияларда кездеседi.
Мысалы, киниктер болмыстың бекiтiлген нормалары мен құндылықтарына қарсы шығып, оларды өткiншi деп бағалады. Олар заттардың алдында бас ию, нормаларды сөзсiз қабылдау адамды нағыз болмысынан айырады деп есептеп, нигилистiк тұрғыда терiске шығарады. Киниктердiң пiкiрiнше, əлемдегi адам болмысының шынайылығы табиғат заңдарымен сəйкес жүруiнде, ал ол үшiн рухани адамгершiлiк тұрғыда өзгеру қажет. Бұл өзгерудiң мəнi пiкiр айтудан сақтанумен сипатталады, өйткенi қоғамда
қабылданған адамгершiлiк көзқарастар, нормалар мен заңдар - шартты, ал олар туралы бiлiм мен айтылған пiкiрлер - релятивтi болып табылады.
Стоиктер мен эпикуршылар əлемдегi адам болмысын практикалық өзгертуден бас тарта отырып, киниктерден өзгеше жолды ұсынады. Стоиктер – атараксияға жетудi, эпикуршылар - лəззатқа берiлудi ұсынады. Алайда шынайы болмысты құрастыру əрқашан да батыстық адамның сүйiктi мақсаты болып келдi жəне батыстық мəдениет дамуының өн бойында ол əртүрлi формаларда көрiндi. Əлеуметтiк қайта құрулар мақсатында адамның шынайы болмысын құрастыруға тырысқан бұл ұмтылыстар, əсiресе, қайта өрлеу дəуiрiндегi көптеген утопиялық концепцияларға тəн (Т.Мор, Т.Кампанелла). Томас Мюнцер жердi теңдей бөлiп берудi ұсынды. Ол революциялық əрекетке практикалық қатысуы арқылы өзiнiң утопиялық идеалдарын тiкелей нақтылыққа айналдыруға тырысты.
Реформация дəуiрiндегi бiрқатар əлеуметтiк-саяси жəне дiни-идеологиялық қозғалыстар да адам əлемiне практикалық ықпал етуге ұмтыла отырып, оны жетiлдiру мен қайта құру мақсатын көздедi. Бұл ең алдымен, дiннiң ғұрыптарының сыртқы формаларын
өзгертуден жəне феодалдық тəртiптердi модификациялаудан көрiнедi. Бұл жаңа қоғамдық формаларға өту құдайға қызмет атқарудың тəсiлдерiн қарапайымдандыру мен католиктiк шiркеудiң абсолюттiк ықпалына қарсы шыққан Я.Густың қозғалысынан, католиктiк шiркеудiң жасырын пиғылына жəне қымбатқа түсетiн шiркеулiк иерархияның шығынын қысқарту мақсатында католиктiк христиан дiнiнiң мəдени-ғұрыптық əрекетiне қарсы шыққан М.Лютердiң қозғалысынан басталды. Кальвинистiк қозғалыс католицизмнiң культi мен ғұрыптық iс-əрекетiн едəуiр қарапайымдандырып, ал оның рухани-идеологиялық плюрализмi əртүрлi протестанттық секталардың қалыптасуына ықпал еттi.
Реформация əлемге жаңа қатынас жасайтын тұлғаның жаңа типiн қалыптастыруға идеялық негiз дайындай отырып, адамның жаңа əлеуметтiк прогрессивтi сатысына шығуға мүмкiндiк жасады.
Парменидтiң “болмыс” категориясы адамдардың күнделiктi, практикалық өмiрiнде жүзеге асырылып отыратын нақты iс-əрекеттерi мен ойларын философиялық тұрғыда түсiндiрiлуi ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тəн дүниетанымдық жəне аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмiрлiк бағдарлары мен қажеттiлiктерiн бейнелейтiн нақты да айқын экзистенциалдық негiздерге ие болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мəселесiн философияның ең басты мəселесi ретiнде негiздеп қана қоймай, оның болмыс туралы iлiмi метафизика үшiн мүмкiндiктер ашты, яғни “адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдылық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мəндiлiктердiң соңғы идеалдық себептерi туралы жəне ақыры аяғында барлық өмiрде бар нəрселер туралы айтуға мүмкiндiк беретiн iлiмге жол ашты. Абсолюттiк Рух, Құдай, рухани мəндiлiктер мен монадтар туралы iлiмдер осы метафизикалық пəнге жатқызылады жəне бұл кейiнiрек батыстық əлем ойшылдарының көптеген еңбектерiнiң мазмұнын құрады”. Болмыс туралы парменидтiк iлiм батыстық адамның өмiрiнiң мəндiлiк бағдарларын айқындаумен қатар жалпы əлемдегi адамның нақты өмiрiнiң көкейкестiлiгiн жəне беймаздылығын аша отырып, батыстық əлемде бұл мəселенiң шешiлуiнiң
коллизиясына да ықпалын тигiздi. Жəне бұл болмыстың бұралаң сүрлеуiнен де айқын көрiнедi.
Адамның əлемде болуға ұмтылуын философтар табиғи əлем мен адамзат əлемiнiң өмiр сүруiнiң белгiлi бiр тұтас негiзiн логикалық дəлелдеулер тұрғысынан негiздеп қана қойған жоқ жəне сонымен қатар, адамның шығармашылық жəне практикалық əрекетiнiң мүмкiндiгiнiң өзiн де негiздеудi мақсат тұтты. Егер шығыс əлемi үшiн адамның дүниедегi болмысының тiкелей нақтылығы адамның өзiнiң психофизикалық қабiлетiн жетiлдiру жолымен жəне сол арқылы табиғи əлеммен үйлесiмдiлiкке ие болу арқылы жүзеге асса, ал батыстық адам үшiн толық үйлесiмдiлiкке жетудiң парасаттық-медитативтi жолы жеткiлiксiз. Барлығына белсендi бағдар ұстанған батыстық индивид өзiнiң шектеулiгiн игере отырып, өзiнiң мiндетiн мынадай артефакттарды құраудан (жаратудан) көредi: мейлi ол адам əрекетiнiң кеңiстiктiк шекарасын кеңейтетiн материалдық артефактылар туындысы болсын, мейлi ол абстрактылық үлгiлердi қалыптастырудағы ақыл-ойдың мүмкiншiлiгiн молайтатын интеллектуалдық-рухани жетiстiктер болсын, солардың
көмегiмен адам əлемдi көшiрiп проекциялауға жəне оның мүмкiн болатын қайта құрылымдарының үлгiлерiн жасауға қабiлеттi болар едi жəне практикалық нəтижелерге ие болар едi.
Осындай талпыныстардың бiрi барлық құрамдас бөлiктерi мен сипаттамалары өзiнiң тұрақтылығымен, реттiлiгiмен, заңдылығымен жəне байланыстылығымен ерекшеленетiн тұрақты мəндiлiкке ие болмыстың мүмкiндiгi туралы жауапты философиялық рефлексиялау мен негiздеу болды. Осындай үнемi тұрақты жəне элеаттықтардың болмыс ұғымына жақын түсiнiк ретiнде Левкипп пен Демокрит атомды ұсынады. Атомдар пайда болмайды, бұзылмайды жəне өзгермейдi. Атомдарға əртүрлi предикаттар тəн жəне олар сонымен қатар өз-өздерiне тепе-тең. Атомистер iлiмiнiң негiзгi принциптерi осындай.
Атомистикада əлем “болмыс” жəне “бейболмыс” деп бөлiнедi. Болмыс – бұл өздерiне
тең атомдар. Олар кеңiстiкте өз жағдайларын өзгерткенiмен өздерiнiң субстанционалдық предикаттарын сақтайды. Болмыстың онтологиялық сипаттамаларына бүтiндiк, материалдылық, уақыт пен кеңiстiктегi шексiздiк, əлемдегi себептiлiк көзi жатады. Атомдар əлемнiң түпкi бастауы, денелер мен заттар солардан құралады. Мұның бəрi жиылып болмысты құрайды. Ал атомдар жоқ нəрсенi Демокрит бос кеңiстiк деп атайды. Бос кеңiстiк – бұл бейболмыс, бiрақ ол – материалды, атомдардың сапалық жағдайларына бейтарап, ол атомдардың тұрағы болғандықтан ғана олардың өзара əсерi мен орын ауыстыруларына бөгет болмайды. Бос кеңiстiктi пайымдауға ұмтылу денелер мен заттардан өзге материалдық жағдайлардың бар болу мүмкiндiгi туралы модификациялық көзқарас болып табылады жəне сонымен қатар, “кеңiстiк туралы денелер туралы ойлаудан өзгеше пайымдауға ұмтылған алғашқы талпыныс” болып табылады. Демокриттiң тағы бiр атақты жаңалығы атомды материалдық дене ретiнде ғана емес, мəндiлiк ретiнде түсiндiруiнде болды. Бұл жаңалық материя ұғымына қарай интеллектуалдық тұрғыда алға басуға себеп болды.
Егер болмыс мəселесiнiң Демокриттiк шешiмi дискреттiк құрам туралы идеяға негiзделiп, ал болмыстың өзi заттардың неден тұратындығымен сипатталатын
эклектикалық фактiлерге келiп тiрелсе, ал Платондық шешiм болмыстың мəнiне қатысты пайымдаушылық теорияларға сүйенедi. Платон үшiн қалыптасу əлемiндегi болмыс олардың шегi болып табылады. Болу – өз-өзiне сəйкес келу. Демокриттен ерекшелiгi сонда, ол болмысты заттар əлемi мен адамдардың күнделiктi тiршiлiгiнен тыс, бөлек идеалдылық ретiнде қарастырады. Егер Демокрит антикалық философияда атомдар болмысының материалдылығы мен шексiздiгiн табиғат əлемi мен болмысты жəне олармен адам болмысын ажырата отырып негiздесе, ал Платон идеялар əлемiмен бiрiктiрiлген, əр түрлi формаларда өмiр сүретiндерге тəн жалпылық пен ерекшелiктi анықтауға ұмтылып, идеалдылықтың болмысын негiздейдi.
Идеалдық əлем болмысы туралы Платонның ойы кейiнгi ұрпаққа өзiнiң шығармашылық ықпалын тигiздi. Олар бұл идеяны пайымдауға ұмтылып, оны əр түрлi жорамалдармен шешуге тырысқанымен сол платондық парадигмадан тысқа шығып кете алмады. Платондық жаңалықтың маңызы оның болмысты екi қырында ашуында болды: көрiнетiн, феноменалды болмыс, пайымдау арқылы ғана жетуге болатын көрiнбейтiн
метафеноменалды болмыс.
Платонның дəл осы болмыс парадигмасы кейiнгi метафизиканың негiздерiн белгiлеу үшiн қолданыла бастады, яғни метафизика метареалдылықтарды зерттейтiн ғылым ретiнде түсiндiрiле бастады. Бұл метареалдылық физикалық заттар əлемiнiң эмпирикалық тұрғыда бiрiншi танылатындығына қарамастан, онтологиялық жəне хронологиялық тұрғыда одан бұрын өмiр сүредi. (Бiрақ Платон болмыстың екi қырын ашып, объектiлердiң өмiр сүруiндегi онтологиялық жəне хронологиялық айырмашылықтарды көрсеткенiмен “метафизика” терминiн ол емес, б.д.д. I ғасырда Андроник Родосский енгiздi).
Аристотель метафизиканы ойдың “эмпирикалық əлем шеңберiнен шығып, метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге” ұмтылуы деп түсiндiредi. Ол милеттiктерден Платонға дейiнгi философиялық ой дамуының бағытын түйiндей отырып, метафизиканың
төрт анықтамасын бередi: 1. бастапқы немесе жоғары бастаулардың себебiн зерттеу; 2. болмысты тану; 3. субстанция туралы бiлiм; 4. Құдай туралы бiлiм (сезiмнен тыс субстанция).
Егер метафизика – бұл бастапқы себептер туралы бiлiм болса, онда оның формалды, материалды, əрекеттiк, финалдық. Аристотельдiң метафизикаға берген екiншi анықтамасы онтологиялық тұрғыда, онда болмыстың не екендiгi туралы мəселе көтерiледi. “Болмыс” терминiнiң көп қырлылығын көрсетiп, Аристотель төрт позицияны топтай отырып оны синтездiк жолмен түсiндiредi (болмыс категория ретiнде, болмыс акт жəне потенция ретiнде, болмыс акциденция ретiнде жəне болмыс ақиқат ретiнде). Егер алдыңғы екi топ метафизиканың зерттеу аймағына енсе, ал соңғылары логиканың үлесiнде. Болмысты негiздей отырып, Аристотель ол өзiн дəл мағынасында субстанция деген пiкiрге тоқталады: сезiмдiк қабылдауда – материя, ал сезiмнен тыс қабылдауда – бұл бастапқы қозғаушы.
Болмыс не деген сұраққа жауап iздеу философтарды əр уақытта қанағаттандыра қоймағанымен, бұл тақырыпқа байланысты рефлексия əрқашанда өзектi болып келдi. Материалдық əлемнiң жiктелмейтiн шеткi бiрлiгiн анықтауға тырысқан Плотиннiң iзденiсi
метафизиканы негiздеудiң жаңа батыл қадамына айналды. Плотин бойынша, Тұтастық – бұл болмыс пен интеллектен жоғары тұрған материалдық емес шексiздiк. Тұтастық – “болудың кез-келген түрiнiң бiрлiгiнiң негiзiн” бiлдiретiн барлық нəрсе. Ол - барлығының бастауы жəне “потенциалдық формадағы барлық мəндiлiктiң жоғары концентрациясы”. Тұтастық – өзiнiң себебi жəне өзiнде, өзi үшiн өмiр сүретiн нəрсе. Тұтастық бастапқыда сандар əлемi мен ақиқат əлемiн, кейiнiрек Нусты (немесе əлемдiк Рух) құрайды, ал онан кейiн “соңғы заттар əлемiне инволюция жасап”, өзiн “меон” ретiнде көрсетедi. Адам мұндай күрделi эманацияда Тұтастықты бейнелейдi, жəне оның əлемдегi нағыз болмысы кез келген шашылу мен қосылуға қарсы тұрудан, мистикалық экстаз арқылы “Тұтастықпен қосылудан” көрiнедi. Сондай-ақ Тұтастыққа қайта оралу “парасат арқылы” Игiлiкке қайта оралуды бiлдiредi.
Экстаз – бұл “Тұтастықтың” жаратушы парасатына шығуға мүмкiндiк беретiн бұл дүниеге тəн нəрселердiң бөлiну, заттардан, афектiлерден, сөзден жəне “дискуссивтi ақылойдан” бас тарту жəне азат болу. Егер Плотин əлемдегi адамның шынайы болмысын
тұтастықпен бiрiгуге жету арқылы түсiндiрсе, ал августин үшiн адамды құдай жаратқан, ол “жер қаласында” тұрады. “Жер қаласы” – бұл құдайға деген сүйiспеншiлiктен өзiне деген сүйiспеншiлiк басым, Қайырымдылықтан гөрi Зұлымдыққа тəн қасиеттер мен пендешiлiк басым əлем. Августин философия мен сенiмдi байланыстыра отырып, адамның, əлемнiң болмысының мынадай формуладан бөлiнетiн жаңа түсiндiрмесiн бередi: “Құдайға деген сүйiспеншiлiк (chazitas) жəне тiршiлiкке деген сүйiспеншiлiк (cupiditas). Əлемдегi адам болмысының шынайылығы оның сүйiспеншiлiгiнiң салмағы жəне сүю қабiлетiмен анықталады. Егер сүйiспеншiлiкте ол шынайы махаббатын көрсетсе, яғни сыйлау мен жарата алатын қабiлетi болса, онда сүйiспеншiлiктiң осындай сыйы арқылы күнəдан тазаруға болады. Августин əлемдегi адам болмысын түсiнудiң жаңа алгоритмiн ұсынады. Оның болмысының шеткi түпнегiзi құдай болып табылады, тек сонда ғана