
Габитов-Философия_pih
.pdfбатырлық кодекстiң осалдығы, оның институционалды емес, жеке тұлғалық сипат алуында болды. Көсемге деген адалдық индивидуалдық əлеуметтiк жүйеге сүйенедi. Ұзақ уақытқа шыдайтын берiк əлеуметтiк жəне саяси институттар құруға батырлар қабiлеттi емес. Оның мысалын Əтилланың өлiмiнен кейiн батыс ғұндардың құлауынан байқауға болады. Қазақ мəдениетi дəстүрлi кезеңiнiң өзiндiк санасының үстем формасы батырлық эпосы болып табылады. Эпос əлемi əдетте дəстүрлi. Онда қиын-қыстау ахуалдардағы жүрiс-тұрыс қалыптары ( агрессияны тойтару, стихиямен күрес жəне т.б.) көрiнiс табады. Эпикалық дəстүрлi кеңiстiк мынадай оппозицияға негiзделедi: “бiздiкi жəне бiздiкi емес (бөтен),” “достар – дұшпандар”. Жəне бұл белгiлi бiр формаға ие болады. Мысалы, қазақтың батырлық жырларында шексiз дала “бiздiкi” деп есептеледi жəне оның ар жағында жау бар деп саналады. Батырлық кезең əрқашанда оқиғаларға толы, қиынқыстау ахуалдарда ол қоюлана түседi.
Этномəдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде реликтiлiк (сақталу) жəне динамикалық (өзгермелi), архаикалық (көне), актуальды (өзектi) жəне футуристiк (келешектi) деп бөлуге болады
(Л. Н.Гумилев, А.Тойнби). Бұл жерде бiз моральдық бағалауға ұмтылмаймыз. Мысалы,
тоталитарлық жүйеде утопиялық болашаққа (коммунизмге) бола бүгiнгi күн құрбан болатын. Жəне қазiргi кейбiр саясаткерлер де күйзелген халықты былайша жұбатады: “Шыдай тұрыңдар, нарық деген жарқын болашақ орнайды”. Алайда, əдетте болашаққа бағдар ұстанған динамикалық жүйелер өмiршең болып келедi. Уақыттың өткен шақтан бүгiнгi арқылы болашаққа қарай ағатыны сияқты жаңашылдық мəдениеттер де үлкен жетiстiктерге қол жеткiзуi мүмкiн.
Зерттеу объектiне қайта оралайық. Қазақтың дəстүрлi мəдениетiнiң утопиядан бас тартып, антиутопияға бағдар ұстанғанын тарихи талдаулар дəлелдейдi. Батырлық ғасырларға қарамастан “Гүлстан” жəне “Жерұйық” идеяларын “Зар-заман” идеясы алмастырды. Қазақ утопиясы өзiнiң бастауын шыңғыс тұқымдарының номадалық ұлыстарының дағдарысы кезеңiнен алады (Сайф Саран. Гүлстан). Бұл идеяның классикалық көрiнiсi “Бiрiншi қазақ философиясы” Асан қайғының (Ш.Уəлиханов) шығармаларында орын алады. Асанның “Жерұйығы” өзiнiң амбиваленттiлiгiмен сипатталады: “жұмақ бағы” тəртiп пен Хаостың, адам мен табиғаттың, өлiм мен
мəңгiлiктiң, дəстүр мен жаңашылдықтың үйлесiмдiлiгi болып табылады. Тарихи тағдырға орай қазақтың дəстүрлi мəдениетi өзiнiң органикалық дамуын үзуге мəжбүр болды. Егер Европалық этностар Ренессанстан Реформация арқылы Ағартушылыққа өтсе, ал Ислам Реннессансының дəмiн татқан евразиялық номадалардың ұрпақтары Зар-заманға батты. Зар-заман ағымының көрнектi өкiлдерi Шортанбай, Дулат, Мұрат дəстүрлi мəдениеттiң дағдарысын көрсетiп, оны тəуелсiздiктiң жоғалуымен байланыстырды. Олардың қайғысы феодализмнiң жаңғырығы да емес, орыс мəдениетiн жек көрушiлiктiң формасы да емес, жаңашылдықты қабылдауды терiске шығару да емес. Зар-заман тығырыққа тiрелген жағдайды ұғынды бiлдiредi: дəстүрлi құндылықтарды қайта бағалау қажет, бiрақ еркiн таңдау жоқ, аяқ-қол империялық темiр бұғаумен құрсауланған.
Дəстүрлi мəдениетке қатысты Ресей мəдениетiнiң аккультуралық жаңашылдық рөлi
туралы ұзақ жылдар бойы мынадай схемалар – пайымдаулар үстемдiк еттi: Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқын жоңғарлардың қырғынынан аман сақтап қалды (бiрақ XVIII ғасырдың ортасына қарай Абылайхан жоңғарларды толығымен жеңiп, Ресеймен жəне Қытаймен қалыпты қатынас орнатты); 2 қазақтар Ресей арқылы Европаның озық мəдениетiмен танысты (бұл “таныстық’’ үндiстердiң американдықтармен таныстығына ұқсас); 3. Қазақстанда артта қалған феодализмнiң орнына озық капитализмнiң элементтерi ендi (бұл “жетiстiк’’ те үндiстердiң тағдырына ұқсас).
Бiрақ, күрделi тарихи шарттар мен орны толмас орасан зор шығындарға қарамастан қазақ мəдениетi уақыттың талабы мен Тағдырдың сынына абыроймен жауап бере бiлдi. Қазақтардың этномəдениетiн күлден қайтып пайда болатын мифтiк құс Феникспен салыстыруға болады. Мəдениеттiң дəстүрлi негiздерiн қайта жаңғырту əрқашанда жағымды процесс болып табылады. Адам өзiн ұғыну үшiн өткенге бет бұрады, онан сабақ алып, келешек даму жолын таңдайды. Алайда жаңашылдықты түгел терiске шығарып, дəстүрдi абсолюттендiретiн бiржақты ұстаным да бар (архаизм).
Архаизм ескiлiктi көксейдi, дамудың өткен кезеңдерiн қалыптастыруға тырысады. Зерттеушiлер бұл типке фундаментализм, партикуляризм, ортодокстық сияқты белгiлердi
қосады. Əрине, этномəдениет өзiнiң берiктiлiгiн сақтауға, мəдени архетиптерiнен алшақтамауға тырысады. Екiншi жағынан адамның жаңашылдығы, жемiстiлiгi жəне шығармашылдығы да белгiлi. Архаизмнiң бiрнеше мысалдарын келтiрейiк. А.Тойнбидiң пiкiрiнше, архаизм менталитетте, мiнез-құлық типтерiнде, өмiрде, дiнде жəне саясатта көрiнiс табады. Мысалы, Германияда архаизмнiң көрiнiсi ретiнде - тевтонизм мен таза арийлiк идеясын жандандыру, Израильде өлi тiл - ивриттi тiрiлту, Үндiстанда санскриттi тiрiлту сияқты талпыныстарды айтуға болады. Дəстүршiлдiк дүниетаным тiрi жүйелердi ұйымдастырудың фундаментальды принциптерiне сəйкес келмейдi. Дж.Холденнiң эволюциялық iлiмi бойынша тұйық жүйелер дегенерацияға ұшырайды. Росс Эшбидiң кибернетикасы жабық жəне қатаң жүйелерде энтропия ұлғаяды жəне коллапс туады деп тұжырымдайды. Қазақстандағы азаматтық қоғ
амды ру-тайпалық басқару жəне хандық билiкпен алмастыруға, исламды тəңiрiшiлдiкпен жəне шаманизммен алмастыруға жəне т.б. шақырған ұстанымдарды архаизм ретiнде бағалауға болады.
Əрбiр халықтың рухани мұрасында əлемдiк мəдениеттiң жалпы қазынасын байытатын құнды ойлар болатыны белгiлi. Халықтың бай рухани мұрасын зерттеу тек осы мəселенi зерттеушiлер үшiн ғана маңызды емес, сонымен қатар бүгiнгi күнгi адамдардың өзара адамгершiлiк қатынастарын дұрыс пайымдау үшiн де қажет, болашақта адамзаттың адамгершiлiк процесiнiң заңдарын дұрыс түсiнуге көмек бередi. Қазақ халқының қалыптастырған рухани құндылықтары арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Бiз бұл жерде белгiлi философ О.А.Сегiзбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығының дамуы барысындағы үш кезеңге бөлiнген жiктелуiн келтiремiз:
а) шартты түрде жыраулар дəуiрi деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бiрiншi жартысы);
ə) ақындық шығармашылық кезең (XVIIIғ екiншi жартысы - XIX ғасырдың бiрiншi жартысы);
б) ақындардың өзiндiк сайысы - айтыстың пайда болуымен байланысты кезең (XIX ғасырдың екiншi жартысы - XX ғасырдың басы) (Казахская философия XVнач ХХ века.
Алматы 1996, 120-бет).
Асан қайғы (XV ғасыр), Қазтуған жырау (XVғ), Доспанбет жырау (XVI ғ), Шалкиiз (1465-1560), Ақтамбердi (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819)
жəне т.б. - өз дəуiрiнiң, философиялық идеалдарын бiлдiрген ойшылдардың бүтiндей бiр шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерiн толғандырған мəңгi философиялық мəселелердi өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш жiгердi өз бойларында қорытты. Кез-келген дамудың идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендiгi белгiлi. Осыған байланысты бiз ақын-жыраулардың дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдiк. Өйткенi, олардың өздерiн де, шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып отырды. Олардың қатарына ерте түркi əдеби ескерткiштерiн, дала тайпаларының əлеуметтiк-саяси, адамгершiлiк, философиялық көзқарастарының белгiлi дəрежеде квинтэссенциясын
бiлдiретiн мақал-мəтелдер түрiндегi халық ауыз əдебиетiн жатқызуға болады. Дүниетанымның қалыптасуына исламға дейiнгi жəне ислам дiндерi де үлкен ықпалын тигiздi. Адам жанын ашылған кiтаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да, рухани тұрғыда да байланысты болған бiзге белгiлi жəне белгiсiз данышпандардың шығармашылығындағы уақыт жiбiнiң сабақтастығы дəл осындай өлшем арқылы айқындалады.
Ақын-жырау көзқарастарының қалыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бiрi ерте түркi жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткiштердiң тас плиталар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгiлi. Бiзге дейiн жеткен санаулы ерте түркi жазбасының мəтiндерiнде түркiлердiң ата-бабаларының жоғарғы адамгершiлiк қасиеттер туралы этикалық мəселелер молынан кездеседi. Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркiндiгi мен тəуелсiздiгiн сақтаумен байланысты мəселелер жазба əдебиет ескерткiштерiнiң ең ежелгiлерiнiң бiрiнен саналатын ОрхонЕнисей жазбаларында өзiнiң өте өткiр қойылуымен ерекшеленедi.
Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегi түркiлердiң əлемге деген көзқарасын, олардың идеалды өткен шағымның толық картинасын түйiнге жəне оны жоғары адамзаттық қасиеттермен байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Жазбаның авторы түркi қағанатының құлауына экелген олардың өмiрiндегi өзгерiстердiң себебiн ата-бабалардың қалдырған өсиетiнен ауытқұдан көредi. Қағанаттың күшi мен құдыретi қағанға адалдықпен, аристократияның бiрлiгiмен сипатталады. Автор идеалды батыр-қағанға қажет мiндеттi этикет қалыбын ұсынады:
1)түркi халқының заңы мен мемлекетiн құру жəне қолдау;
2)дүниенiң төрт бұрышындағы халықтарды басу жəне қолдау;
3)дана жəне батыл қаған болу. Орхон жазбаларында қағанды “көктен жаратылған’’ деп атайды.
Түркiлердiң шынайы тарихын ерте түркiлердiң сына жазуымен салыстырғанда, оның ақиқаттылығы мəтiндердегi сипаттаудан анағұрлым бай жəне алуан түрлi болғандығы аңғарылады. Бұл жазбаларда өз дəуiрi үшiн қажет идеалдарды, моральдық кодекстердi, яғни өзара қырқысқа жол бермей, ата-баба жолымен мемлекеттiң құдiретi мен тұтастығы идеяларын ғана автордың жариялауға мүмкiндiгi болды. Халық өз батырларын даңққа бөледi, соғыста да, бейбiт уақытта да батырлық адамның жағымды адамгершiлiк қасиетi ретiнде жоғары бағаланды. Батыр болу ерте түркi қоғамында ең жоғарғы өлшемдердi қанағаттандыруды бiлдiрдi.
Ертетүркi қоғамында қалыптасқан адамгершiлiк көзқарастар бiздiң атабабаларымыздың белгiлi бiр мораль мəселелерi бойынша ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарынан байқалатын ойлау деңгейiн салыстыруға, адамгершiлiк дамуындағы сабақтастықты анықтауға мүмкiндiк бередi. Ақындардың рухани ойының қалыптасуының келесi бiр маңызды идеялық бастауы шаманизмнiң (бақсылықтың) дiниэтикалық концепциясы болып табылады.
Шаманизм дiннiң атауы ретiнде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық қолданыста да əртүрлi мағынаға ие. Белгiлi бiр пайғамбарлар немесе оның iзбасарлары арқылы негiзгi
қаланған дiндердiң көпшiлiгiмен салыстырғанда шаманизм ертеде пайда болғанына қарамастан, халық дүниетанымының негiзiнде табиғи, тарихи жолмен қалыптасқан дiн болып саналады. Онда адамның қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштерiне деген қатынасымен байланысты ерте дiни жəне мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады.
Шаманизм адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңдерiнде материалдық өмiр мен ұжымдық сананың жалпы заңдылықтары шеңберiнде табиғи жолмен пайда болып, қалыптасты. Шаманизм ұрпақтан ұрпаққа ауызша жəне визуалды дəстүр арқылы жеткiзiлiп сақталды жəне бұл бүгiнгi ұрпаққа осы дiн туралы белгiлi бiр түсiнiктiң болуына мүмкiндiк бередi. Қазақтар мұсылман болғанымен дəстүрлi шамандық наным-сенiмдерiн, ерте түркiлерден тарайтын Тəңiрiге, Ұмайға, Жер-Суға табынушылықтарын сақтап қалды. Қазақ шамандары (бақсылары) өздерiнiң құрбандық шалуын мұсылман пайғамбарлары мен əулиелерiне жалбарынудан, мұсылман сүрелерiн оқудан бастады жəне аяқтады. Ш.Уалихановтың айтуынша “Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттiлiгi, өмiр мен
өлiм мəселесi жəне адамның табиғатқа қатынасы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты жəне өлген адамдардың рухын қастерлеудi тудырды.
Шаманизмнiң культтық (табынушылық), ғұрыптық (ритуалдық) ерекшелiгiне кеңiнен тоқталмай, бiз оның маңызды қырына - моральдық-этикалық, адамгершiлiк-тəрбиелiк қырына көңiл қоямыз.
Қоршаған табиғат - оған бағышытлыққа орай дiни сезiм тудыратын бастапқы нəрсе. Табиғатты бейнелеу барлық тайпалар мен халықтарда заңды жəне универсалды құбылыс болды. Ол адамдардың бастапқы дүниетанымын бейнелейтiн мифологияның, фольклордың, дiни түсiнiктердiң өзгешелiгiн тудыратын қоғамдық сана дамуының кезеңi ретiнде қарастырылады. Бақсылар бүкiл өзiнiң табынушы құралдарымен адамның құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы идеясын орнықтырды. Жекелеген адамның
тағдыры, оның өмiрi, денсаулығы, материалдық игiлiгi рухтар мен құдайларды тұтуға бағынышты болды.
Ендiгi жерде, отбасылық тұрмыс жағдайында адамның рухтар мен құдайларға қатысты жүрiс-тұрыс ережелерiнiң кейбiр түрлерiн қарастырған орынды. Бұл əсiресе, отбасы ошағын бiлдiретiн от-ана құдiретiн тұтуға байланысты тыйымдарды қамтиды. Жалпы отқа табыну түркi халықтарына ғана емес, Азияның моңғол немесе иран халықтарына жəне өзге халықтарға да тəн универсалды құбылыс. Қазақтардағы отқа табыну жоғарыда аталған от-ананы тұтумен байланысты. Кейде “от-ана’’ өзiн құрметтемегенi, тұтпағаны үшiн жазалаушы əрекетiмен де көрiнедi. Отты бүлдiруге, яғни оған қиқым лақтыруға, өткiр темiр заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлдi басуға жəне т.б. тыйым салынады. Отты күн сайын шаңырық иелерiнiң қоректенетiн тағамынан ауыз тигiзiп отыру да мiндеттi саналады. Тiптi үйдiң ошағынан шыққан күлдi де адам мен мал баспайтын жерге төгедi. Бұл тəртiптер мен қалыптар бұзылса, от құдайы бұл үйдiң иелерiн зұлым рухтан қорғамайды, əртүрлi аурулармен жазалайды, кейдi тiптi белгiлi бiр заттарды, үйдi өртеп те жiберетiн. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын бiлдiрдi, сондықтан онан кейiн құрбандық шалынып, құдайға жалбарынып құлшылық етедi.
Осылайша, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткiшi, зұлымдықтың қарсыласы ретiнде барлық түркi халықтарында қастерлендi. Қазақтың киiз үйiнде ошақпен қатар, табалдырық та қасиеттi деп саналады. Оған отыруға немесе керуге болмайтын едi, өйткенi онда үйдi қорғайтын есiктiң иесi орналасады. Ол да бұл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жiберу арқылы жазалай алады.
Азиялық көшпендiлердiң культтық өмiрiнде Аспан құдайының (көктiң) рөлi мен маңызы ерекше болғандықтан Ж.П.Ру бұл дiни нанымдарды Тəңiрiшiлдiк деп атады. Малшы көшпендiнiң табиғатқа толық бағыныштылығы құдiреттi, тылсым күштердi қастерлеуге, əулиелендiруге əкелдi. Қазақ-көшпендi барлық қайғы-қасiреттi, пəле-жаланы, ауру-сырқауды көктiң жазалаушы күшiмен байланыстырды жəне барлық үмiтiн де көк тəңiрiмен байланыстырды.
Қазақтар Айға, Күнге, отқа, суға, аспанға, Жерге табынды, оларды қасиеттi деп есептедi жəне соның нəтижесiнде анттар пайда болды. Ант абырой жəне адалдықпен қатар тұтынылды. Антты бұзудан өлiм артық болды (ең жаман қарғыс - “ант ұрсын’’).
Қарғыс адамның басына бақытсыздық əкеледi деген сенiм пайда болды. Халық бүгiнгi күнiне де өзiнiң жек көрушiлiгiн қарғыспен, сүйiспеншiлiгi мен игi тiлегiн батамен бiлдiредi. Адамды тəрбиелеуде оны қайырымды iстерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды аулақ ұстауда батаның ролi өте үлкен.
Адамдар қазiргi күнi де қайғы-қасiреттен құтылу осы өмiрдегi қайырымды қылықтар мен игiлiктi iстердiң арқасында деп пайымдайды. Сондықтан да бата орындалды деп түсiнедi. Мазмұндалған бұл материалдан жер бетiнде игiлiктi өмiр сүрудiң жалғыз жолы рухтар мен құдайлар алдындағы бағыныштылықты уағыздайтын дiн ретiндегi шаманизмнiң идеологиялық мəнi айқын көрiнедi. Оның тағы бiр еркшелiгi адамдардың бұл өмiрдегi əртүрлi қылықтары мен қылмыстары, сондай-ақ жақсылықтары оның өлгеннен кейiнгi тағдырына əсер етпейдi.
Шаманизм қарапайым малшылардың дiни санасында терең жəне берiк орын алған. Шаманизмге тəн мəндi белгi ретiнде оның дiни мəндiлiгi жазбаша түрде сипатталмағанына жəне насихат түрiнде уағыздалмағанына қарамастан тарихи тұрғыдағы тұрақтылығын да айтуға болады. Ол отбасылық жəне ру-тайпалық деңгейде ұрпақ арасындағы үздiксiз байланыс жолымен жалғасты. Оның маңызды себептерiнiң бiрi көшпендiлер өмiрiнiң ерекше экономикалық шарттарымен сипатталады. Шаманизмнiң моральдық-этикалық түсiнiктерi ақын-жыраулардың адамгершiлiк көзқарастарының қалыптасуы мен дамуына тiкелей ықпал еттi, бұл олардың шығармашылығынан айқын аңғарылады.
Ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен маңызды идеялық бастаулардың бiрi исламның дiни-этикалық концепциясы болды. Қазақ қоғамында патриархалды-феодалдық дəстүрдiң үстемдiгi жағдайында мұсылмандық фанатизмнiң рөлi төмен болды. Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейiн қазақтар Тəңiрiге (аспанға) табынды. Тарихшылардың бiрауызды пiкiрiнше, Орта Азияның отырықшы халықтары 713-714 жылдары арабтарға толығымен бағынды.
Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершiлiк туралы iлiм де болып табылады. Ислам
Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, шетелдiк Шығыстың бүтiндей бiрқатар елдерiнiң адамгершiлiк дамуына ықпал еттi жəне ықпал етiп келедi. Жалпы исламның этикалық ойы исламның өмiр сүру тəртiбiн анықтайтын идея ретiнде осы дiннiң пайда болғанынан берi өмiр сүрiп келедi. Бiрақ теологиялық - этикалық жүйе түрiндегi бұл ойдың қалыптасуына мұсылманшылықтың негiзгi деректерi - Құран мен Суннада көрiнiс табатын мұсылмандардың моральдық қалыптарының жинағы əсер еттi. Исламдық этикалық ой сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретiнде сүйене отырып мұсылман қоғамының тəрбие принциптерiндегi қажеттiлiктерiн өтей алды.
Құран бiр жағынан ру-тайпалық қауымның дəстүрлерiн бейнелейтiн, екiншi жағынан, алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық институттарына қарсы бағытталған пайымдарды бейнелейтiн этикалық - құқықтық нормалардан құралады.
Құранның моральдық қағидалары күнделiктi өмiрдiң барлық қырын қамтиды: отбасы қатынастары, туыстар арасындағы мiндеттер, айналысатын пайдалы нəрселердiң жиыны, өзге дiн (христиан, иудей) өкiлдерiмен қатынас, саудамен жəне қолөнермен айналысу,
тыйымдар, парызды өтеу жəне т.б. Шариатта “бес уақыт намаз адамды күнəдан айырады’’ деп айтылғандықтан намаз оқуға, ораза ұстауға кұрметпен қарайды. Ең ауыр күнə - Құрандағы талаптардан ауытқу. Алланың iзгiлiгi мен қайырымдылығына қарамастан бұл күнə кешiрiлмейдi. Ең жоғарғы қасиет - Алланың еркiне бағыну, шынайы сенiм үшiн өзiңдi құрбандыққа шалу. Мұсылмандарға iзгiлiкпен қарау жəне дiнсiздердi қудалау - Құранның негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi. Ислам қағидасы бойынша тек құдайға қызмет жасап, құлшылық ету жолымен ғана бақытқа жетуге болады. Осыған орай, мұсылмандар дұрыс жолды таңдай алады. Бұл тезис мұсылмандық ойдың өзегiн құрайды жəне ол ислам iзбасарларының рухани өмiрiнде маңызды рөл атқарды. Мұсылман дiнiнiң моральдықэтикалық жүйесiнiң бүкiл iргетасы осы бағыныштылық талаптарымен құрылғаны белгiлi. Мұсылман нағыз адам болу үшiн, ол моральды тұрғыда таза, өз əрекетi мен сөздерiнде
адал болуы тиiс. Тек сонда ғана ол адамдар алдында да, Алланың алдында да құрметке ие болады.
Ортағасырлық жəне онан кейiнгi дəуiрлердегi мұсылман авторларының шығармаларының барлығы дерлiк Құранның бiрiншi сүресiмен басталады. Ақтамбердi жыраудың, Үмбетей жыраудың, Бұқар жырау мен Қабан жыраудың жəне т.б. адамгершiлiк-этикалық көзқарастарында исламның ықпалы айқын байқалады. Ақынжыраулар өздерiнiң адамгершiлiкке қатысты ойларын құдайдың, пайғамбарлардың атынан айтты жəне бұл қазақ қоғамында олардың көзқарастарының ықпалын күшейттi. Бұл, əсiресе Бұқар-жыраудың моралистiк-дидактикалық шығармаларынан айқын байқалады. Исламға тəн қайырымдылық, аяугершiлiк, iзгiлiк сияқты қасиеттер жыраулардың кейiнгi шығармаларында молынан ұшыраса бастады. Осылайша, ақынжыраулардың шығармашылығы негiзiнен дiни сипатта, оны рационалдандыру жолымен, моральдық-этикалық бағытта уағыздау мен насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ ақын-жырауларының адамгершiлiк философиясы адамзаттың бүкiл тарихи дамуы барысында жинақталған адамгершiлiк идеялардан жəне философиялық-этикалық теориялардан арасы алшақ емес жəне қазақ халқы өмiрiнiң тарихи жағдайларына сай
келетiндей жоғарыдағы идеялардың заңды жалғасы мен қорытындысын бiлдiредi. Ақынжыраулардың этикалық ойы қалыптасуының ең маңызды бастауларының бiрi бiлiм мен тəрбиенiң, оның iшiнде адамгершiлiктiң де қазынасы мен энциклопедиясына айналған мақал-мəтелдер түрiндегi фольклор болып табылады.
Бiрнеше ғасырлар бұрын пайда болған, данышпандықтың сүзгiсiнен өткен, мəңгiлiк өмiр сүруге құқылы, бiздiң заманымызға дейiн жеткен қазақтың мақал-мəтелдерi, ертегiлерi бүгiн де өз маңызын жоғалтпай, өзiнiң жарқын бейнесiмен халықтың адамгершiлiк-психологиялық дамуының тарихи жолын нұрға бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мəтелдер, аңыздар мен өлеңдерге, айтыс пен толғауларға енiп кеткен. Мақалдар халықтың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмiрлiк тəжiрибесiн бiлдiретiн ең кеңiнен таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың өзiндiк кодексi де болып табылады. Мақалдардан көрiнетiн моральдық кодекс балалық шақтан кəрiлiкке дейiнгi тəрбиеде маңызды рөл атқарады. Қазақ мақалдарының тақырыбы барлығын қамтиды. Ол өмiрдiң барлық қырын құрамына енгiзедi: күнделiктi тұрмыстан тарихқа,
өмiрге дейiн, халықтық этика нормаларының кең кодексiн қамтиды.
Көшпелi өмiр тəртiбiне сай қазақ халқының өз еңбек əрекетiне деген көзқарас мақалдарда бейнеленедi. Бақыттың көзi ретiндегi еңбекке деген көзқарас көп мақалдарда кездеседi. Мысалы, “таяқпен құлын табасың, құлынмен тұлпар табасың, тұлпармен бақытыңды табасың’’.
Патриархалды - феодалдық өмiр тəртiбiн бейнелейтiн қазақ мақалдарын зерттеу олардың идеялық мазмұнының өзегi “жаман адам’’ мен “жақсы адам’’ түсiнiктерiнен құралатынын көрсетедi. Қолдаушы формула “жақсы адам’’ мен кiнəлаушы “жаман адам’’ отбасылық өмiрдегi де, қоғамдық өмiрдегi де моральдық нормалардың бүтiн жиынтығын бiлдiретiн қорытындылаушы түсiнiктер болды. “Жақсы’’ мен “жаман’’ халықтық мораль тұрғысында былайша бағаланады немесе сыналады: “Жақсы iске келедi, жаман асқа
келедi’’, “Жақсыдан қашпа, жаманға баспа’’.
Қазақ мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресi мəселесi үлкен орын алады. Халықтың қолдайтын барлық жүрiс-тұрыс нормалары мен принциптерi, жағымды бағаланатын адамгершiлiк əрекеттердiң барлығы қайырымдылық болып табылады. Ал халықтың кiнəлайтын, қолданатын əрекеттерi мен қылықтарының барлығы, адамның қоғамдық жəне жеке өмiрiне зиян келтiретiн нəрсенiң бəрi зұлымдық болып табылады. Сонымен қатар қайырымдылық ақылмен жəне бiлiммен байланыстырылады, адамгершiлiк өмiрде үлкен мəнге ие болып, зұлымдыққа қарсы күресте маңызды құрал ретiнде бағаланады.
Қазақтың халық даналығы адам абыройын түсiретiн моральдық принциптердi қатал айыптайды. Жəне керiсiнше, батырлық, патриотизм, төзiмдiлiк сияқты жағымды адамгершiлiк қасиеттер бағаланады. “Ер’’ түсiнiгi туралы мақалдар өте көп. Мысалы, “Ердi намыс өлтiредi, қоянды қамыс өлтiредi’’. Мыңжылдық тəжiрибеден туындаған “Таспен ұрғанды, аспен ұр’’ деген даналықты айту үшiн қазақ халқы небiр қиын-қыстау күндердi бастан өткiздi. Көшпендiнiң кең пейiлдiлiгi мен қонақжайлылығы мына мақалдан көрiнiс табады: “Кездескен адамыңды сыйла, мүмкiн оны соңғы рет кездестiрген шығарсың’’.
Осылайша, қазақ мақал-мəтелдерiндегi адамгершiлiк-этикалық идеяларға үстiрт шолу жасаудың өзi Қазақстандағы этикалық ойдың халық даналығының тереңдегi таусылмас қайнар бұлағынан нəр алатын бай адамгершiлiк материалға негiзделгенiн көрсетедi. Қазақтың ақын-жыраулары ойдың асыл iнжу-маржандарын осы мақалмəтелдерден алып отырды. Көпғасырлық халық даналығы адамгершiлiк-этикалық идеяларға толы. Тарихтың бүкiл өн бойындағы өзара қатынастарды реттеп отыратын адамгершiлiктiң қарапайым нормалары бүкiл халықтың жинақтаған тəжiрибесiнiң нəтижесi мен қорытындысы болып табылады. Бiз мазмұндалған материалдың өзектiлiгiн рухани ақиқаттар тұрғысынан жеткiзуге тырыстық, бiрақ оның алғы шарты кез-келген философиялық проблематика сияқты философияның өз дамуының iшкi (имманенттi) қажеттiлiктерiмен қатар, əлеуметтiк дамудың сыртқы қажеттiлiктерiмен де сипатталады.
2.4. Ағартушылар философиясы
Ресейге күштеп қосылу нəтижесiнде Қазақстанда өндiргiш күштер мен халық ағарту iсiн ұймдастыру жəне басқаруда iлгерiлеу байқалды. Аймақтың халықтары тағдырында осы бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттiлiк туды. Ол қажеттiлiк ХIХ ғасырдың екiншi жартысында пайда болған жəне қоғамдық сананың дамуында жетекшi рөл атқарған ағартушылық-демократиялық ой түрiнде көрiнiс бередi.
Қазақстанда ағартушылық-демократиялық ойдың мəнiн түсiну үшiн мынадай методикалық жəне теориялық қағидаларды ескеруiмiз қажет: бiрiншiден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мəдениетiмен кең танысу жəне сол арқылы европалық өркениеттен сусындау—Ресейге бодан кезеңiнiң нəтижесi болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзiлiк ағартушылық ойдан оқшауланбай, керiсiнше, онымен ортақтастыққа - ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасыр басындағы жалпыресейлiк қозғалыстың ықпалы тиген дербес құылыс ретiнде дамыды. Сондықтан Қазақстан ағарушылық идеологиясын оқып үйренуде жалпы ағартушылық құбылысқа тəн белгiлермен қатар оны тудырған
мəдени-əлеуметтiк ортаның ерекшелiгiне де баса назар аудару қажет. Екiншiден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелiгi оның азаттыққа, бостандық пен теңдiкке ұмтылыс ниетiндегi Кеңес өкiметiне дейiн жəне сол өкiмет тұсында өз мəнiн жоймаған негiзгi идеялық бағыт ретiнде сақталуында (М.Дулатов—“Оян қазақ!”, М.Жұмабаев— “Тəңiр”, “Мен кiм”, “Тез барам” т.б., А.Байтұрсынов— “Қазақ өкпесi”, “Тəнi саудың жаны сау”, “Қазақша оқу жайынан”, Ə.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.). Патша өкiметi мен сталиндiк репрессияның зардабын басынан өткiзiп, əдiлет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, бiлiмге, оқу-ағартуға үндеген еңбектерi халық бостандығы мен теңдiгi жолындағы күреспен тығыз байланысты болды. Үшiншiден, қазақ ағартушылығы күрделi де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өттi. Ол даму реакциялық идеялық бағыттармен күреске толы болды. ХIХ ғасырдың екiншi жартысы—ХХ ғасыр бас кезеңiнiң өн бойында ағартушы демократтар исламның феодалды-клерикалды идеологиясымен жəне əр түрлi дiни-мистикалық бағыттармен арпалысты. Қоғамдық-саяси өмiрдiң
маңызды бағыттары мен iлiмдерi де жеткiлiктi болатын. Оларға ХIХ ғасырдың орта тұсында пайда болған дəстүрлi-консервативтi шаманизм бағытын, ХIХ ғасырдың аяғындағы дiни-реформаторлық джадидизмдi, Ресейдiң мұсылман халықтарының арасында панисламизм мен пантюркизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлi мен мəнi реалды идеялық күрестiң аясында көрiнетiндiктен, берiлген реакциялық бағыттар мен iлiмдердiң табиғатын жете ұғыну қажет. Төртiншiден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына ХIХ ғасырдың 4060 жылдарындағы орыс ағартушыларының, əсiресе, революциялық демократизмнiң ықпалы қатты əсер еттi. Орыс революционер-демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы-демократтарының жанына жақын келдi. Олардың кейбiрi (Уəлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдiң, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнiң,
В.Г.Белинскийдiң еңбектерiмен, ал кейбiрi (Уəлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын. Революциялық демократизмдi практикалық iс-əрекетке жетекшi етiп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты тарихи жағдайда халық бұқарасының екiжақты - əлеуметтiк жəне ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептерiне байланысты Қазақстан ойшыл-демократтары тұтас алғанда типтiк ағартушылық позицияны ұстады. Яғни белгiлi қоғамдық топқа, дəлiрек, шаруаларға бағытталып, қоғамдық прогрестi саны басым топтың мүддесi үшiн күреспен байланыстырылған революцияшылдемократтарға қарағанда Қазақстан демократтары ХVIII ғасырдағы Европа демократтары секiлдi ешбiр тап пен сословиенi бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледi. Бұл, бiржағынан берiлген кезеңде берiлген аймақтың қоғамдық қатынастарының пiсiп-жетiлгенiн аңғартса, екiншiден, осындай ерекше жағдайда (жалпы артта қалушылық, жаппай сауатсыздық, отаршылдық қанау) жалпы халықтық прогресс идеясы өте актуальды болғанын жəне оның аса маңызды қоғамдық қажеттiлiктi бейнелегенiн көрсетедi. Бесiншiден, Қазақстан ойшыл-демократтары ағартушылық позицияда қалғанмен, аңсаған қоғамды төңкерiс жолымен орнату əдiстерiн де қарсатырған. Əйтсе де барлығы еркiн, азат қоғам құрудың бейбiт жолын таңдады:
жоғарғылардың реформасы көмегiмен немесе "əдiл", "таза" бiлiм мен басқару жəне ағарту, ғылым-бiлiм арқылы өз халқының көзiн ашып, көңiлiн оятып, өздерiн-өздерiне танытып, ескiлiктен, езгiден арылтпақ болды. Бұдан тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердiң жiктелуi əлде қайда өзгеше орыс революционер-демократтары секiлдi төңкерiс жолын қуаттап, оған бiрден-бiр шешушi əдiс, айқын жол деп шақырмауын кемшiлiкке жатқызу орынсыз болар едi. Керiсiнше, рух пен тəн арасындағы, жалпы Аспан астындағы үйлесiмдiлiктi iздеп, ол жолда бойды сезiмге емес, ақылға жеңдiртiп, мəселенiң шетi мен шегiне ауытқымай асыл ортасын ұстануды үйрететiн дана Шығыс философиясының көрнiсiн аңғарғандаймыз. Алтыншыдан: “тоқырау” “семiп қалу”, “артта қалушылық”, дəстүршiлдiк ұғымдары жалпы Шығыс мəдениетiнiң мəңгi-бақи арылмайтын атрибуттары деген сияқты абстрактылы жəне табиғатынан ғылымға, тарихи объективтiлiкке сай келмейтiн тұжырымдама, бiрыңғай, iштей бiркелкi Шығыс феноменiнен принциптiк айырмашылығы бар Батыс феноменiн мойындау, екiншiден “тоқырау”, “артта қалу құбылыстарын метафизикалық абсолюттендiру жəне оларды тек Шығысқа иманенттi
деген түсiнiкке негiзделген. Дұрысында, қай халықтың болмысын мəдениетi дамуының кейбiр кезеңiндегi тоқырау, құлдырау құбылыстары адамзат дамуы тарихи жалпы диалектикасының белгiлi кезеңi ретiнде қарастырылуы тиiс. Өйткенi ол өзгерiс бола қалғанда өз қарама-қарсылығы өрлеу, өркендеу, дамуға көшетiн нақты тарихи жағдайлардың нəтижесi. Қазақ халқының тарихи өткенiне келетiн болсақ, шетелдiк жəне отандас шығыстанушы ғалымдардың зерттеулерi берiлген аймақтың Таяу жəне Орта Шығыстың ежелгi заманнан (бiздiң дəуiрiмiзге дейiнгi II мың жылдықтан бастап) ХII ғасырда бұл аймақтар барлық критерийлерi бойынша Шығыс пен Батыс мəдениетiнен əлдеқайда озық жəне жоғары тұрады. ХIII ғасырдағы Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейiн ғана даму қарқыны бəсеңдеп, ХVI ғасырдан толық артта қалу процесi белең алды. Жалпы алғанда, бүкiл Таяу жəне Орта Шығыс ежелгi заман мен орта ғасырдың өн