Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Фил. словарь новый

.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
1.43 Mб
Скачать

КЕҢІСТІК – материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық материалдық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстық кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір уақытта бірге өмір сүріп отырған объектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілердің және жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағын, басқа заттардың, денелердің, құбылыстар мен процестердің арасындағы алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын сипаттайтын ұғым.

КИНИКТЕР – б.з.б. 4 ғ. негізін Антисфен қалаған антикалық философиядағы сократтық кезеңдегі мектептердің бірі. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері Синоптан шыққан Диоген, Кратет. Олардың идеялары құлиеленушілік қоғамдық құрылыста демократиялық ұстанымға негізделді. Жалпыға бірдей қоғамның заңдылықтарынан бас тартып, кез-келген қоғамда өздерінің ғана ережелерімен өмір сүруге, жалғыздық пен кедейшілікте, басқарушы тап өкілдері мен идеалистік философиялық ілімдерді сынға ала отырып, байлық пен рухани құндылықтардан бас тартты.

КЛЕРИКАЛИЗМ (латынша clericalis – шіркеулік) – католик шіркеуі мен оның басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағытталған талпыныстар жиынтығы.

КОГЕРЕНТТІК АҚИҚАТ – ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.

КОНТ Огюст (1798-1857) – француз философы, позитивизмнің негізін қалаушы. Сен-Симонның хатшысы және қызметкері (1818-1824). Конттың «позитивтік философиясының» бастапқы тезисі - ғылымның құбылыстардың сыртқы келбетін суреттеумен шектеулі жөніндегі талап. Конт осы тезиске сүйене отырып, «метафизика», яғни құбылыстардың мәні туралы ілім жойылуға тиіс дейді. Конт ауқымды ғылыми-жаратылыстану материалдарын синтездеуге тырысты, алайда бұл әрекет Конттың философиялық айқындамасына (субъективтік идеализм және агностицизм) байланысты ғылымның бұрмалануына апарып соқтырды. Табиғатты тану тарихын Конт үш сатыға бөлді: осы сатылардың әрқайсысы дүниетанымның белгілі бір типіне: теологиялық метафизика және позитивтік дүниетанымға сай келді. Бірінші, теологиялық кезеңде адам ақыл-ойы құбылыстарды жаратылыстан тыс күштердің, тәңірінің ықпалымен түсіндіруге тырысты. Метафизикалық дүниетаным, Конт бойынша, теологиялық дүниетанымның өзгерген түрі, мұнда барлық құбылыстардың негізі абстрактылы метафизика мәселелелерде деп біледі. Теологиялық және метафизикалық дүниетанымның орнына, Конт бойынша, «позитивтік әдіс» келеді, ал ол «абсолютті білімнен» (ең алдымен материализмнен және объективті идеализмнен) бас тартуды қажет етеді. Конттың үш мүшелі формуласы ғылым мен философияның шын мәніндегі тарихын бұрмалап көрсетті: одан, мәселен, адам ойының дамуындағы тұтас бір кезең – ежелгі дәуір түсіп қалды. Сайып келгенде мұның өзі Сен-Симоннан алған диалектикалық үштікке анайы түрде еліктеу болды. Өзінің үш мүшелік схемасын Конт ғылымдарды саралау, азаматтық тарихты жүйелеу үшін пайдаланды. Конттың социологиясына («социология» терминін енгізген сол) қоғамды түсіндірудегі ғылымға жат биологиялық қөзқарас тән болды. Оның социология ілімінің негізгі идеясы – буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен өзгертудің еш нәтиже бермейтіндігін дәріптеу болды. Капитализм, Конт бойынша, адамзат тарихының эволюциясын аяқтайды. Ол құдайға құлшылық етудің абстрактылы құдіретті күш иесімен алмастырылған «жаңа» дінді насихаттау – әлеуметтік үйлесім орнату құралы деп есептеді. Негізгі шығармасы: «Позитивтік философия курсы» (1830-1842).

КОНТРМӘДЕНИЕТ – мәдениеттануда сырқы күштердің мәдениетке ықпалын айқындайтын термин.

КОНФОРМИЗМ (лат. тәрізді, ұқсас, сәйкес) – ықпалы күшті, үлгілі стеоротипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделген, пассивті әлеуметтік іс-әрекет түрі.

КОНФУЦИЙ – б.з.б. 551-479 ж.ж. өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болған философиялық мектептің – Конфуцийшілдіктің негізін салушы. Бұл мектеп алғашында жу – «ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі» деп аталды. Өзінің филоофиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірбие жинақтап, адамға қажетті алты өнерді – салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамадағы рөлін Конфуций өте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген. «Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданады. Оның негізгі мазмұны – мемлекет пен жеке адамды жан-жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мемлекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сондықтан да жеке адамның міндеті – мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет ету.

КОНЦЕПТУАЛИЗМ (conceptus – лат. сөзі, ұғым) схоластикалық философияның бағыты, өкілдері – Абеляр, Иоанн Солисберийский және т.б. Жалпы ұғымдар жөніндегі пікірталаста концептуалистер номиналистер сияқты ортағасырлық реализм ілімін сынға алып, жалпы ұғымдардың нақты заттардан тәуелсіз өмір сүретінін жоққа шығарды, бірақ олардың номиналистерден айырмашылығы, концептілер ақиқатты танудың ерекше формасы, деп тұжырымдап, жалпы ұғымдардың ақыл-ойда өмір сүруін мойындауы. Басқаша айтқанда, жалпы ұғымдар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар тек қана заттарға қойылған ат емес, негізінде ақыл-оймен қорытылған заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді. Жаңа заманда концептуалистік ұстанымға Дж. Локктың көзқарасы жақын болды.

КОПЕРНИК Николай (1473-1543) – поляк астраномы және философы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғатты зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің Күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птоломейдің геоцентрлік жүйесінен және «құдайдың қалаулысы» ретіндегі Жер туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді. Бұл теория Аристотелден бері келе жатқан және схоластика пайдаланылған аспан мен жер денелерінің қозғалыстарын бір-біріне қарсы қоюды жоққа шығарып, дүниені құдай жаратқаны туралы шіркеу аңызына соққы берді, болашақта Күн жүйесінің табиғи пайда болуы мен дамуы туралы ілімнің дүниеге келуін жеделдетті. Коперниктің жаңалықтары кескілескен күрес объектісіне айналды; шіркеу оларды айыптап қудалаумен болды, Коперник заманының және одан кейінгі дәуірлердің озық ойшылдары оларды өздерінің жауынгерлік туына айналдырып, одан әрі дамытты. Бруно, Галилей мәселен барлық жұлдыздардың біртұтас «сфера» және Күннің ғарыштың дәл ортасында орналасуы сияқты Коперник жүйесінің жансақ қағидаларына түзету енгізді. Коперниктің атомизм жетістіктерімен және ертедегі адамдардың астрономиялық болжамдарымен (әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйелері) таныс екендігінің айғағы болды. Сонымен, негізгі идеясы: Аристотель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашу: 1.Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің осі мен айналады. 2.Дүниенің ортасы-Күн, Жер, осы күнді айналады. 3. Ай Жердің серігі. Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға талпыныс жасады. Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы» кітабы (1543).

КОСМИЗМ (грек. Κόσμος – ұйымдасқан дүние, әлем, kosma - әшекей) – космос – белгілі бір тәртіп бойынша құрылымдық-ұйымдасқан әлем, ал адам «әлем азаматы», микрокосм ретінде түсіндіретін діни-философиялық, көркемдік – эстетикалық және жаратылыстану ағымдарының қатарына жататын түрлі пікірлердің жиынтығы. Философиялық тұрғыдан космос хаосқа қарама-қарсы ұғым ретінде көне Грекияның алғашқы философиялық мектептерінде (киниктер, стоиктер) қалыптасты. Діни жүйеде космизм теологияның ажырамас бөлігі болып табылады. Дүние туралы пайымдауда көзге көрінбейтін жаратылыстан жоғары күштің басқаруы және адамның рухани және дене аспектілерінің өзара байланысын астрологиямен байланыстыру жатыр. Ғылымда космизм Дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы теориясында, 18 ғ. Күн жүйесінің шаң тәріздес тұмандықтардың қоюлануынан пайда болды деген Кант пен Лапласс концепцияларында, Фридманның Дүниенің кеңеюуі теориясында, 20 ғ. Хабблдың шашыраңқы галактика теориясында, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясында космогония түсінігінде қолданылған. Космизм орыс философиясында 18 ғ. бастап, анропокосмизм идеяларының пайда болып дамуы негізінде, діни және ғылыми бағытта дамыды. Яғни адамның жер бетіндегі орны емес, оның ғарыштағы рөлі зерттеле бастайды. Бұл мәселеге қатысты негізгі идеялар: ғарыштағы адамның өлместігі (К.Э.Циолковский), биосфераның ноосфераға өтуі (В.И.Вернадский), табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тірілту (Н.Ф.Федоров), күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский), сананың ғарыштық дамуы (Н.К.Рерих), т.б. мазмұнда дамыды.

КОСМОС (грекше – ғалам) – хаосқа қарама-қарсы, реттелген тұтас, жүйелі құрастырылған бірлік ретінде түсінілетін әлем, дүние. Дүниені реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет Пифагор атады.

КРЕАТИВТІЛІК – шығармашылықты тұлғаның, процестің, өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуге көрінетін тудырушы қаблеті.

КРЕАЦИОНИЗМ – дүниені жаратылыстан жоғары тіршілік етуші жаратқандығы туралы діни ілім.

КРИТИЦИЗМ – философиялық және ғылыми-теориалық ойлауға тән ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның міндеті – ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.

КӨЗҚАРАС – метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі.

КУМУЛЯТИВИЗМ – ғылым философиясының методологиялық ұстанымы, білімнің дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жаңа ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді.

КУН Томас (1922 ж. туған) – американ ғалымы, тарихшысы, постпозитивизм өкілдерінің бірі. «Ғылыми революциялар құрылымы» деген кітабында қалыпты ғылым мен ғылыми революциялардың парадигмалар тұжарымдамаларын талдап жасады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, белгілі бір ғылыми пәннің алғашқы кезеңінде қазыналардың бірыңғай жүйесі мен мақсаттары, теориялық нұсқаулар, жалпығы қолайлы тәсілдер мен фактілер жөнінде үйлесім болмайды. Парадигманың жасалуы теориялық немесе эмпирикалық білімдердің, зерттеу методологиясының жалпы үлгілерін қабылдау негізінде осындай үйлесімге жетуді білдіреді. Бұл орайда ғалымдар ерекше қазыналарға сүйенеді, томаға – тұйық тілді пайдаланып, томаға – тұйық қоғамдастық құрады. Бір парадигмалар екіншісіне көшумен қоса қабат эмпирикалық фактілерді көру, яғни түсіндіру коллективті түрде өзгереді. Парадигмалар шеңберінде алынған білім жалғастыруға келмейді және әрқилы мағынада болады. Парадигмалардың ғылыми емес, қайта табиғи және философиялық метатілде салыстырылуы мүмкін. Белгілі бір парадигма шеңберінде дамитын қалыпты ғылым теориялардың жетілдірілуіне және эмпирикалық фактілердің өсуіне әкеп соғады. Үстемдік етіп отырған көзқарастар шеңберінде түсіндіруге болмайтын аномалиялық фактілердің ашылуы ғылыми революцияларға соқтырып, соның нәтижесінде жаңа парадигмалар қалыптасады. Алайды Кун ғылыми білімдердің объективті ақиқаттығының өсуіне байланысты шынайы прогресті мойындамай, мұндай білімдер тиісті міндеттерді шешу үшін ақиқат жалған емес, азды – көпті тиімді білімдер ретінде ғана сипатталуы мүмкін дейді. Ғылымның дамуында объективті фактордың атқаратын рөлін әсірелей отырып, Кун иррационализм мен субъективизмге және идеализм мен релятивизмге бой ұрады.

КЬЕРКЕГОР Серен (1813-1855) – философ, жазушы. Кьеркегор шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалыптастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін-өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам, Кьеркегор ұғымы бойынша, нағыз тұлға. Кьеркегор танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз бақыттымын деп, бақытты бақытсызбын деп, ақиқат - өтірік, өтірік – ақиқат, т.б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. Кьеркегор адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: Эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; Этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өмірге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; Діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. Кьеркегордың ғылыми-философиялық көзқарастары «Немесе, немесе» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйіндер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844), т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Кьеркегордың еңбектері көптеген тілдерге аударылған.

-Қ-

ҚАБІЛЕТ (философияда)— адам психикасының өмір сүруінің ішкі шарттары мен тәсілдері. Қабілеттің үрдіс табиғаты оны табиғи бірлік сәттеріне жетелейді, психика дегеніміз де — осы бірлік, ал қабілет— оның сыртқы және ішкі көрінісі. Адамның табиғи жаратылысы болып табылатын психика оның белгілі бір жақтарын өзгеріссіз түрде сақтаумен ғана емес, сонымен бірге өмір шындығын психикалық бейнелеудің жаңа, тұтас жүйесін іске асырушы (пайда болу, туу негіз) бола білу қабілетімен де сипатталады.

ҚАБЫЛДАУ – материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы құрылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік бейнесі.

ҚАЗТУҒАН Жырау (15 ғ.)— сахара эпосын жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Көшпелілер әулетінен шыққан Қазтуған жырау ру басы — көсем де, әскер басы — батыр да саналады. Қазтуған өмірі туралы дерек аз. Ол өз артына өмір хақында, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра қалдырған, алайда бізге жеткені мардымсыз. Қазтуған жыраудың жырлары көшпелілердің болмыс, тіршілік, қоршаған орта ту­ралы түсінігін бейнелейді. Қазтуған жырау қиялының ұшқырлығы, суреттеу тәсілінің шеберлігі мен сонылығы Орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа ие болғандығын көрсетеді. Ұлттық бояуы ашық, афористік толғаныс, коркем тіркестерге бай Қазтуған жыраудың жырлары ғасырлар бойы қазақ жырауларына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» тәрізді шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқалары болып табылады, онда көшпелі қазақ халқының өмірге көзқарасы, ой-толғамы бейнеленген.

ҚАЖЕТТІЛІК пен КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ – философиялық категориялар. Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады. Өйткені Дүниеде, бір жағынан қажеттілік, екінші жағынан, кездейсоқтық бар. Қажеттілік – құбылыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтары. Кездейсоқтық – ол болуы, я болмауы да, өмірге енуі, я енбеуі де мүмкін.

ҚАЙШЫЛЫҚ – қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін категория. Сыртқы қайшылық ретінде ғана көрінетін қайшылық, қайшылық бола алмайды. Ішкі және сыртқы қайшылықтардың бірлігін мойындау диалектиканы метафизикадан өзгеше етеді. Диалектика қарастыратын қайшылық қозғалыс көзі бола отырып, өзі де қозғалыс даму үстінде болады. Қайшылықтың даму сатыларына заттардың төл табиғатын алғанда тепе-теңдік, өзгешелік, қарама-қарсылық қайшылықтары немесе қайшылықтың өзі жатады.

ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚ – заттардың ішкі айырмашылығынан туындайтын, бірін-бірі жоққа шығаратын, сонымен қатар, бір-бірімен байланысып жататынын көрсететін, қайшылықтың даму сатыларының бірін білдіретін категория. Өзгешелік секілді, қарама-қарсылықта сыртқы және ішкі қарама-қарсылық болуы мүмкін. Сыртқы қарама-қарсылық дегеніміз - әлдеқандай ұқсас, бірақ ішкі жағынан бір-бірімен байланысты емес мәселелердің, заттардың, процестердің және т.б. бірдей болмауының шекті сатысы. Ішкі қарама-қарсылық қарама-қарсы мәселелердің, заттардың, процестердің және т.б. ішкі, қажетті байланыстың, ішкі бірліктің болатынын көрсетеді. ­Қарама-қарсылық - өзгешелікке қарағанда қайшылықтың неғұрлым дамыған сатысы. Өзгешелік сатысында ескі мен жаңа негізінен бір-бірімен қатар орын алып отырса, қарама-қарсылық сатысында олар көбіне бірін-бірі теріске шығарады, қабылдамайды. Айтарлықтай маңызды ерекшелік ретінде даму процесінде әр түрлі мәселелердің ішкі байланысына қарама-қарсылықтан ескі мен жаңаның ішкі байланысы байқалады, сонымен бірге әртүрлі мәселелер, заттар, процестер және т.б бірін-бірі қабылдамау, теріске шығару арқылы байланысты болған кезде ғана олар бір-біріне қарама-қарсылық құрады.

ҚАТЫНАС – заттар мен құбылыстардың өзара тәуелділігін, байланысының бір сәтін білдіретін категория.

ҚОҒАМ – адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Тар мағынасында қоғам ұғымы жалпының бірлігі, ерекше және дара белгісі ретінде (Мыс: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік) және бөлек аймақ, мемлекет (Мыс: үнділік, американдық және т.б.) түрінде берілуі мүмкін. Кең мағынасында, қоғам табиғаттан дараланған, материалдық ұйымдастырылған, дамудың жоғарғы сапалы деңгейі, бірақ, қайткенмен оның құрылымдық бөлігі жалпы объективтік заңдылықтарға, дамудың нақты-тарихи кезеңдеріне тәуелді. Табиғаттағы соқыр және санасыз күштермен салыстырғанда, қоғамда дарынды сана мен ерікке ие, алдарына мақсат қоя біліп, оған жетуде қажырлы еңбекпен айналысатын адамдар әрекет етеді. Қоғам – күрделі, тарихи дамитын біртұтас жүйе. Қоғамның қалыптасуы – бірнеше миллиондаған жылдарға созылған ұзақ процесс. Қоғамның әлеуметтік қатынастарында көрініс табатын қоғамдық сана мен қоғамдық болмыс және қоғамдық идеология мен қоғамдық психология белсенді қызмет атқарады.

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ. Құрылымды-функционалдық аспект тұрғысынан қоғам дамуының қозғаушы күштері табиғи (демографиялық және географиялық) және қоғамдық факторларға бөлінеді; қоғамдық фактор материалдық-экономикалыққа, әлеуметтікке, саяси және руханилыққа, объективті және субъективтікке жіктеледі. Басты жалпытарихтық қозғаушы күш-материалдық өмірдің өндіріс тәсілі.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар. Олар материалдық және идеол. қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық игіліктер өндіру адамзат қоғамының дамуы мен өмір сүруінің негізін құрайды. Сондықтан барлық қоғамдық қатынастар ішінде аса маңыздылары өндірістік, экономикалық қатынастар болып табылады. Өндірістік қатынастар барлық басқа қоғамдық қатынастар – саяси, құқықтық, адмгершілік, діни және т.б. қатынастардың сипатын белгілейді. Барлық қоғамдық қатынастар өндірістік қатынастарға байланысты екенін мойындау қоғамның тарихи дамуының заңдылықтарын ғылым негізінде түсіндіріп беруге мүмкіндік берді.

ҚОҒАМДЫҚ САНА – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінудің нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Қоғамдық сананың құрылымында көбінесе төмендегі деңгейлер - әдеттегі және теориялық саналар, қоғамдық психология және идеология бөлініп көрсетіледі. Қоғамдық сананың формалары шындықты рухани игерудің әр түрлі әдістерін бейнелейді. Қоғамдық сана формаларына саяси, діни, эстетикалық, этикалық, құқықтық, т.б. сана түрлері жатады.

ҚОЗҒАЛЫС – материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең жалпы түрде алатын болсақ, қозғалыс – кез-келген өзгеріс, марериалдық объектілердің өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.

ҚҰДАЙ – дүниені жаратқан және оны басқарып отыр деп саналатын табиғаттан тыс құдіретті тіршілік иесінің қиялдағы бейнесі; иудаизмде – Яхве, Исламда –Алла, христиан дінінде – «қасиетті үшеу» (әке құдай, бала құдай және қасиетті рух құдай) және т.б. Құдай туралы түсінік діннің негізі болып табылады. Діни көзқарастардың дамуының алғашқы кезеңдерінде «Құдай» ұғымы болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылыстың ыдырауы, тайпалық бірлестіктердің дамуы, таптар мен мемлекеттің пайды болуы жағдайында Құдай бейнесі туады. Теологияда Құдайдың бар екенін философиялық тұрғыдан дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазірде теологтар философиялық ілімдер мен жаратылыстану деректерін пайдалана отырып, Құдай идеясын жаңартуда.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР – адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Сонымен қатар, қоршаған ортадағы объектілердің адам мен қоғам өміріне тигізетін игі немесе жағымсыз құбылыстарды айқындайтын өзіндік әлеуметтік анықтама (табиғат пен қоғам өмірінде көрініс табатын игілік, жақсылық, жамандық, әсемдік, ұсқынсыздық сияқты құбылыстар). Құндылықтарды зерттейтін философия саласы аксиология (aksios – құнды, logos – ілім) деп аталады.

-Л-

ЛАКАН Жан (1901-1981) – француз ғалымы. Структуралық пихологиялық талдаудың теоретигі және практигі Лакан – «Париждегі фрейдизм мектебінің» негізін қалаушы. Ол өзінің ғылыми концепциясына Фрейдтің психологиялық аурудың диагностикасын қою мен емдеу барысында сөйлеу кемістігінің ерекше маңызы туралы ойын негізгі қазық етіп алады. Лакан өзінің «Психологиялық талдау барысындағы тіл мен сөйлеудің қызметі» атты бағдарламалық мақаласында Фрейдтің (Ол – Мен – Жоғарғы Мен) үштік схемасына «реалды – қиялдағы – символдық» үндес схеманы ұсынады. Лаканның байқауынша, бұл үлгіде қиялдағы мен символдықтың байланысы ерекше орын алады. Жалпы, Лакан өзінің психологиялық талдауында құрылымдық лингвистика, антропология, риторика, т.б. ғылымдардың жетістіктерін үндестіре пайдаланады. Лаканның көзқарасы Ф.Де Соссюр, кейде З.Фрейд көзқарасынан алшақ түсіп жатады. Лакан теориясы бойынша, «форма мазмұннан ажырайды және адамның психикасына, сол арқылы оның тағдырына ықпал етіп, абсолюттенеді». Алайда Лакан психологиялық талдауында адамның «бейсанасыз» іс-әрекетін әлеуметтік жағдайдан бөліп алып қарастырады. Лаканның ғылыми ізденістері нәтижесінде психологиялық талдау Франциядағы қоғамдық ой-сананың қалыптасуына ықпалды әсері болды.

ЛАМЕТРИ Жюльен Офре (1709 51) – фр. философы, дәрігер. Декарттың философиясына және Локктың сенсуализміне сүйене отырып, Ламетри дүниені созылып жатқан, іштей белсенді, сезінуші материалдық субстанцияның көрінісі ретінде қарады. Тек адамға ғана тән және оның күрделі ұйымдастырылуының нәтижесі болып табылатын ойлау процесін Ламетри сезіну мен зерде негізінде пайда болатын түсініктердің теңестірілуі мен құрамдастырылуы деп түсінді. Ламетри – эволюционизм идеяларына жақын тұрған механицизм өкілі. Ағарту мен аса көрнекті тұлғалардың қызметін тарихи дамудың ең басты себептері деп есептеді, ағартушылық абсолютизмнің мақтаушысы болды. Атеист бола тұрып, сонымен бірге халық бұқарасы үшін діни нанымды сақтау қажет деп есептеді. Негізгі еңбектері: «Адам – машина» (1747), «Эпикур жүйесі» (1750).

ЛЕВИ-СТРОС Клод (1908) – француз этнографы, антрополог және социолог, структурализмнің өкілі. Адамның мінез – құлқындағы биологиялық (табиғи) және әлеуметтіктің арақатынасын зерттей келе, Леви-Строс адамдар арасындағы формальды құрылымдардың болуын, салт – дәстүрлер мен жоралғылардың символикалық формаларының адамның мінез-құлқына ықпалын, қоғамдық институттарды үлгі қалыпқа салатын жүйе ретінде белгілі бір тілді қабылдауды ең басты нәрсе деп мойындады. Аңызды коллективтік сананың іргелі мазмұнының тұрақты әлеуметтік құрылымдардың негіздері ретінде түсіндіру оның құрылымдық антропологиясының маңызды буыны болып табылады. Қоғамдық өмірдің әлеуметтіктен тыс негіздерін, мәдениеттің бүкіл дүние жүзі тарихының табиғи бастау – көздерін іздестіру, меншікті социологиялық талдаудың кейбір тәсілдерін формальдандыру және тіпті математикаландыру әрекеттері Леви-Строс айқындамасын методологиялық жағынан әлсіретті.

ЛЕВКИПП (б.з.б 500 – 440 ж.ш.) – Демокриттің замандасы және серігі онымен бірге атомистиканың негізін қалаушы болып есептеледі. Левкипптің жазбаларының толық дерлік жоқтығы және ол жайындағы мәліметтердің тапшылығына байланысты Левкипп – әдеби жалған есім деген болжам айтылды (Э. Роде, П. Таннери және басқ. ); Геркулий папирустарындағы жаңа деректер бұл қағиданы теріске шығарды. Левкипп ғылымға үш жаңа ұғымды енгізді, олар: 1) абсолюттік бос кеңістік, 2) осы бос кеңістікте қозғалатын атомдар, 3) механикалық қажеттілік ұғымдары. Сақталған бір текстің негізінде Левкипттің себептілік заңын, сондай-ақ жеткілікті негіздеме заңын бірінші болып анықтағанын мойындауға болады. Мысалы: «Бірде – бір нәрсе себепсіз пайда болмайды, алайда бәрі әлде бір негіздемеге сүйеніп және қажеттіліке байланысты пайда болады».

ЛЕГИЗМ (заң мектебі, Фацзя) – көне Қытайдағы әлеуметтік ілімдердің ірі бағыты. Негізін салушылар Шан Ян (б.з.б. 390-338 жж.) және Хань Фэй (б.з.б. 228-233 жж.). Б.з.б. 3 ғ. император Цинь-Ши-Хуаның тұсында легизм Қытайдың ресми идеологиясына айналды. Легизмнің маңызды мәселесі қоғамды басқару. Қоғамды басқарудың жолы қатаң тәртіптер мен қатал тәрбиеде деп білді легистер.

ЛЕЙБНИЦ Готфрид Вильгельм (1646 - 1716) – неміс философы, ғалымы, қоғам қайраткері. Математиканы (дифференциалды есептеуді жасаушылардың бірі), физиканы (энергияның сақталу заңын ашқан) дамытуға зор үлес қосты, сонымен қатар ол геология, биология, тарих және тіл ілімдерін зерттеді, бірқатар техникалық өнертабыстардың авторы болды. Өзінің философиялық ілгерілеуін Лейбниц механикалық материализммен бастады. Бірақ осы дүниетаным шеңберінде субстанцияның селқос сипатына қанағаттанбаған ол кейіннен монадалар туралы ілімде көрініс тапқан «Монодология», (1714) объективті ілім айқындамасына көшті. Лейбниц материя субстанция бола алмайды, өйткені ол ұзаққа созылып жатыр әрі сонымен бірге мүлде қарапайым. Монадалар бөлінбейтін, рухани субстанциялар болып табылады, бүкіл ғалам монадалардан қалыптасады. Монадалардың саны шексіз, олардың әрқайсысының қабылдау және ұмтылу қасиеті бар, мұның өзі, Лейбницше, субстанциялардың жылжымалылығын, белсенділігін және әрекетшіл сипатын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл диалектика идеалистік және теологиялық сипатта болды. Монадалар, Лейбництің пікірінше, физикалық жағынан бір – бірімен әрекеттеспейді, бірақ жоғары монадаға (абсолютке, құдайға) тәуелді, күні бұрын белгіленген жарамсылдықпен реттелетін біріңғай дамушы және қозғалушы дүниені құрайды. Лейбництің таным териясы – идеалистік рационализм – Локктың сенсуализм мен эмпиризміне қарсы бағытталды. Локктың ақыл дегеніміз бейнебір тегіс тақта (tabula rasa) деген көзқарасын қостамаған, жалпыға бірдейліктің және білім қажеттілігінің көзі ретіндегі сезімдік тәжірибені теріске шығарған Лейбниц тек ақыл – парасат қана осындай көз бола алады, атам заманнан бері жанда әртүрлі ұғымдар мен ережелердің негіздері бар, бұл негіздерді тек сыртқы «объектілер ғана» оятады деп пайымдады («Адамзаттың ақыл – парасаты туралы жаңа тәжірибелер», 1704). Шын мәнінде, Декарттың туабітті идеялар туралы ілімінің түрін өзгертті, бұл идеялар, Лейбницше, мәрмәр жақпарындағы тас өзегі сияқты ақыл – парасатта арқау болған. Ол білімнің айқындығын, анықтығын және қайшылықсыздығын ақиқаттың өлшемі деп есептеді. Осыған сәйкес ақыл – парасат ақиқатын тексеру үшін, Лейбницше, Аристотель логикасының заңдары (бірдейлік, қарама – қайшылық және теріске шығарылған үшінші заңдар) жеткілікті; «Фактінің ақиқатын» тексеру үшін жеткілікті негіздеме заңы қажет. Ол Аристотель силлогистикасының дәстүрлі жүйесін дамытып қана қойған жоқ, сонымен бірге қазіргі математикалық логиканың атасы болды. Барлық ойлаудың формальды етуге мүмкіндік беретін әмбебап тіл (есептеу) жасауды Лейбниц мұрат деп есептеді.