Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Экология шпор.АУК151

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
64.08 Кб
Скачать

1.Экология нени зерттейтин гылым жане атмосферага тусуниктеме бериниз. Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады .Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Демэкология - популяциялық экология.

Синэкология - қауымдастық экологиясы

2.Экология максаттары,миндеттери адистери. XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

-организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

-табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

-адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

-биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

-биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

-көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;

-экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.

3.Экология гылымынын максаты неде. XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

-организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

-табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

-адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

-биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

-биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

-көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;

-экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.

4.Экологиялык зиян деген не? Экологиялык зияннын турлери. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

1.Биосфераны оптимизациялау.

2.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

3.Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

6.Өндірісті шоғырландыру.

7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.

5.Экологиялык факторлар угымы жане олардын жиктелуи. Экологиялық факторлар- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.

2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

6.Адамнын экологиялык жуйеден алатын орны. Табиғат- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп- өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

Табиғат адамзатты аялаған

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Табиғат адамзат қоғамының байлығы, тіршілік көзі. Бізді қоршаған табиғат өлі және тірі деп екіге бөлінеді. Өлі табиғатқа күн сәулесі, ауа, су, тау жыныстары, топырақ, пайдалы қазбалар минералдар жатса, тірі табиғатқа өсімдіктер мен жануарлпр жатады. Өлі табиғатқа жататындар қалпына келтіруге болмайтын қорлар да, ал тірі табиғаттағылар қалпына келтіруге болатын қорлар болып саналады. Табиғат ырыс пен мол қазынаның көзі, адам денсаулығының сенімді сақшысы. Табиғат байлығы ортақ байлық, ұрпақтар байлығы. Сондықтан да туған өлке табиғатын аялау бүгін де жалпы халықтық іске айналды. Бүкіл еліміздің халқы ықыласпен қабылдаған КСРО жаңа конституциясының 18 – бабында:”

Қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін КСРО-да жер мен онің қойнауларын, суресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми негізде ұтымды пайдалану ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының ұдайы молаюын қамтамасыз ету және адамның айналасындағы ортаны жақсарту үшін қажетті шаралар қолданылады”- деп көрсетілген. Ал копституцияның 67- бабында: КСРО азаматтары таби5атты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті –делінген. Табиғат-адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлықта кемиді. Сондықтан бүгін де күн әртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.

Табиғатты қорғау шын мәнінде бүкіл халықтық іске айналып отыр. Бұл салада көптеген жұмыстар жасалып, саяси, экономикалық және ғылыми мәні бар шаралар жүзеге асырылуда.

7.Экологиялык даму концепциясы неше кезеннен турады,атап отиниз. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.

1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.

Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.

8.Ортанын экологиялык сыйымдылыгы

9.Казирги замангы биосферанын ерекшеликтери.Ондиристин жане коршаган ортага жуктеменин осуи. «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:

1.Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.

2.Қозғалыстың белсенділігі.

3.Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау.

4.Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).

5.Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.

6.Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.

Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл.Құрлық үшін-14 жыл.Мұхит үшін-33 күн.Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері:

1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады. 1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.

2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі.

3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.

4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі.

5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен «косный» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады).

6) Транспорттық –ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.

7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады.

8) Информациялық.

10.Ноосфера туралы илим. Бул угымнын пайда болуына кандай гылымдар улесин косты. Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.

Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.

Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.

11.Вернадскийдин биосфера жане ноосфера туралы илими. «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы В.И.Вернадскийдің жұмысының ғылыми және практикалық мәні оның ең алғаш рет адам мен биосфераның бірлігін терең негіздегенінде жатыр. Тірі материяның өзі сананы таситін, биосфераның салмақ бойынша кішігірім бөлігін құрайды.

Адамның және адам қоғамының пайда болыуы биосфера шегіндегі тірі заттардың нәтижесі ретінде болды.

Адам санасының және ғылыми ой- пікірдің ғаламдық құбылыс ретінде рөлін бағалап, В.И.Вернадский мына қорытындыға келді:

1.Адам өзі өмір сүріп жатқан биосферасын өзгертетін күш болып табылады.

2.Биосфераның бұл өзгерісінің пайда болу құбылысы ғылыми ой- пікірдің өсуімен қатар жүреді.

3.Биосфераның бұл өзгерісі табиғи процестер сияқты стихиялы, адамға тәуелсіз түрде іске асады.

4.Биосфера- ғаламшардың ұйымдасқан қабығы өмір сүру ортасы болғандықтан, оның ұзақ геологиялық тіршілік ету жүрісіне әсер ететің, оның өзгеруінің жаңа факторы- адамзаттың ғылыми жұмысы- бұл биосфераның жаңа фазаға, жаңа форма- ноосфераға өтудің табиғи процесі.

Қазіргі өмір сүріп жатқан тарихи сәтте біз ноосфераны бұрынғыға қарағанда аса түсініктірек қабылдаймыз. Бұл кезде алдымыздан «табиғи заңы» ашылады. Жаңа ғылымдар геохимия мен биохимия бұл процестің кейбір маңызды жерлерін бейнелеуге математикалық түрде мүмкіндік береді. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.

Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.

Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.

Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.

Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады.

12.Сырткы жане ишки экологиялык факторларды сипаттаныз. Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп атайды. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайыратын (бейімделу қабілеттерінен тысқарыда өлім факторы болады) кез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экологиялық фактор дейді. Экологиялық факторлар организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен бағытын реттеп отырады.

Экологиялык факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:

• тіршіліксіз орта факторлары немесе абиоталық факторлары;

• биоталық - тіршілігі бар ортаның факторлары;

• атропогендік — адамның шаруашылық қызмет әрекетінен тікелей немесе жанама түрде туындайтын фактор

13.Экология гылымынын курылымы. Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады .Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына : а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б. б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Демэкология - популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі аралда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

14.Экология туралы угым, экологиянын негизги болимдери.Экологиянын баска гылымдармен озара байланысты. Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады .Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына : а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б. б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Демэкология 2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі аралда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

15.Экожуйе терминин кай жылы , ким усынган.Бул гылым нени зерттейди. экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек

16.Биогеоценоз терминин калай тусинесиз? Биомдарга кандай экожуйелер киреди? Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер.II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы.III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.IV- ірі жыртқыштар.V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.