Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Атбұршақтардың шығу-қалыптасу орталықтары.

Археологиялық деректер.

V.faba-ның ертедегі қазба қалдықтары неолит кезеңіне жатады, негізінен Жерорта теңізі жағалауы маңындағы елдерде топтасқан. Атбұршақтың қола дәуіріндегі қазбалары да сол ареалмен шектелген. Ал Батыс Еуропаға аталған өсімдік кейінірек, темір дәуірінен Германияда табылған. Ал бұрынғы Кеңес Одағындағы мемлекеттер аумағындағы археологиялық зерттеулер көрсеткіштері б.э.д. VI-VIII ғ (Беларуссия) жатады.

Аталған мәліметтерді айшықтай түсу үшін келесі кестені ұсынуға болады:

Неолит дәуірі

Қола дәуірі

Темір дәуірі

б.э. VI-VIIIғғ.

Италия – Monte Loffa.

Испания – El Garcel. Campos.

Венгрия –Aggtelek. Lengyel.

Кіші Азия –Hissarlik.

Египет – XII ғ. Фив династиясы мазары.

Франция – Bourget

Греция – Крит аралындағы Heraclea

Италия – Castione Ambrogio Parma

Швейцария – Petersinsel Corcelettes Цюрх өзені

Испания – Lugrio Viejo lfre

Германия – Muschen

Freiwalde

Schlieben

Koschutz

Kahofhohle

Klusenstein

Италия – Monte Gurazzo маңындағы Этрус храмы

Помпей (қираған қала )

Беларуссия – Минск маңындағы Банцеров қалашығы.

Қазба деректерінің арасында мөлшері өте ұсақ дәндер (4,4-4,8мм), барынша үлкен дәндер (10,8 – 11,6мм) де табылды. Неолиттік дәуірдегі дәндер көлемі 4,8-10,8 мм, қола дәуіріндегілер 4,4-10,4мм, темір дәуірінде 5,6-11,6мм аралығында болады.

Бушан келтірген мәліметтер бойынша шығыс бөлікте орналасқан – Греция(Heraclea), Венгрия(Lengyel, Aggtelek), Швейцария (Petersinsel), Италия(Monte Gurazze), Кіші Азиядағы (Hissarlik) атбұршақтар ұсақ, әрі дөңгелек пішінді; батыс бөліктегі Испанияда керісінше, атбұршақтар барынша ұзын, барынша тегіс.

.

Атбұршақ – ауыл шаруашылық өнімі ретінде

Атбұршақтарды түрлі бағытта қолдануға болады.Ұзын тамырлы азотжинаушы өсімдік. Полтава Бақылау Станциясы 16 жылғы бақылау жұмысы (1906-1921) көрсеткендей, атбұршақ жаздықовса бидай мен сұлыны артта қалдыра алады.Оны келесі мәліметтерден көре аламыз.

Культура

Бұрынғы егілген егін

га шаққандағы өнім(ц)

Жаздық бидай

Қызылша.......................

Картоп............................

Сұлы................................

Атбұршақ.....................

Қарақұмық....................

12,33

13,68

10,42

13,92

12,45

Сұлы

Жаздық бидай.................

Атбұршақ.....................

Сұлы......................

Қарақұмық.........................

15,00

21,13

18,31

18,18

Канадағы бақылау станциясында арпа мен сұлы жүргізілген сынамалар нәтижесі де атбұршақтардың өзге дақылдардан өнімділігінің жоғары екендігін көрсетті.

Дақыл

Бұрынғы егілген егін

Бушельге шаққанағыды өнім

Сабан ұзындығы, см

Сұлы

Зығыр.......................

Атбұршақ...........

Соя......................

Жүгері.................

Тары..................

49

69

49

52

43

100-112

115-125

100-112

100-112

90-100

Арпа

Зығыр......................

Атбұршақ............

Соя......................

35

40

31

92-97

95-100

82-87

Атбұршақ дәндері ақуызға бай болғандықтан, көптеген Жерорта теңізі жағалауындағы, азиядағы, еуропадағы мемлекеттерде азықтық өнім ретінде белгілі. Оны жасыл күйінде немесе піскен кезінде, тұзды суда қайнатылған түрінде немесе сорпа, каша түрінде, майда қуырып немесе салат түрінде пайдаланады.

Аталған өсімдіктің дәндерін тағамға қолдану барысында оның езілу деңгейі маңызды белгілердің бірі.

Атбұршақтың жасыл массасы силосты дайындауға қолданады. Америкада оны сиырлардың азығына бергеннің нәтижесінде сүт сапасы артқанын байқауға болады.

Американың танымал диетологы, невропатолог Джонни Боуден денсау­лыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады. Олардың қатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер еніп отыр. Бұл туралы MIGnews порталы хабар­лайды.Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін та­ғам­дардың тізімін жасаған. Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнім­дер – мыналар: жидектер, атбұр­шақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұ­мыртқа, орамжапырақ, алма, сарым­сақ пен пияз, анар және көк шай.Ғалымның айтуынша, жеміс-жидек құ­рамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, сол себепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Ал атбұршақ тоқішек қа­терлі ісігі мен суса­мыр­­дан қорғап, дене сал­мағын рет­тей ала­ды. Линолен қышқылына бай сиыр сүті, сондай-ақ орамжапырақ, сарымсақ пен пияз да, анар мен көк шай да обыр ауруынан сақтайды. Майлы балық қан айналымы мен ми жұмысын реттейді. Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Алма – тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.

Бобы – өсімдік майының негізгі көзі, сондықтан вегетарияндық тамақтанудың негізін құрайды. Осы себептен атбұршақтар жас балалардың өсуіне, ағзасының дұрыс қалыптасуына қажет. Атбұршақтың пайдасы мол, құрамында май жоқ, жасунық, темір, В, С, РР дәрумендері, А провитамині және адам денсаулығына маңызы зор калий, фосфор, кальций, күкірт сияқты микроэлементтер бар. Сонымен қатар, атбұршақ құрамында фермент компоненті ретінде белгілі молибден бүгінгі күні кеңінен таралған фаст-фудтардағы қауіпті консерванттарды бейтараптандырады. Атбұршақтың пайдалы құрамы зиянды холестеринді азайтып, қан құрамындағы қант мөлшерін төмендете алады. Атбұршақтар ағзадан радиоактивті металдардың тұздарын шығаруға көмектеседі, сондықтан бұл көкөністер қалалар мен экологиялық ахуалы нашар аудандардың тұрғындарына аса пайдалы. Атбұршақты тамақ рационына қосу пайдалы ғана емес, жағымды. Олардың құрылымы мен қайталанбас дәмі жаңғас дәмін еске түсіреді. Атбұршақ құндылығы картопқа қарағанда 1,5 есе төмен және 100 гр 57 ккал құрайды. Атбұршақты тағамға пісіп-жетілуінің кез-келген кезеңінде қолдануға болады, олар кептірілген күйінде өте жақсы сақталады. Атбұршақтарды әр түрлі тағамға әр түрлі мақсатта қолданады. Оларды көжеге, екінші асқа, салатқа қосады. Атбұршақтардан түрлі нан тоқаштар дайындауға қолданатын ұнды алады. Көптеген еуропалық мемлекеттерде піспеген дәндерін қолданады. Оларды түрлі тәсілдермен дайындайды. Әсіресе майда тұздалған атбұршақ сырдың әртүрлі түрлерімен жақсы үйлеседі.

Атбұршақ зияны

Дегенмен, атбұршақты дайындау қағидаларын қадағалау керек. Дұрыс әзірленбеген атбұршақтан улану қаупі жоғары, себебі құрамына кіретін токсикалық заттар ұзақ термиялық өңдеуден кейін ғана бұзылады. Атбұршақтың бар зияны да осында. Сонымен қатар подаграмен зардап шегетін адамдарға да оларды қолданбаған дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]