Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
доклад.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
39.65 Кб
Скачать

13 Слайд

Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған.

Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай – ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды.

14 Слайд

Кассаға қолма – қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады . Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.

15 Слайд

«VIP-ГТ» ЖШС – де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО – 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі(3 сурет).Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тігілген құжаттарда ұйымның төрағасының рұқсат еткен жазуы болса, онда ордерге басшының қол қоюы міндетті емес. Жеке адамға кассалық шығыс ордері бойынша ақша бергенде кассир алушының жеке басын куәләндыратын төлқұжатын талап етеді. Құжаттың атауы, нөмірі, кім және қашан берілгені ордерде көрсетіледі.

16 Слайд

«VIP-ГТ» ЖШС Кассасындағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу

Кассалық операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Ақша қозғалысы, оны алу мен беру операциялары, оған қатысты құжаттардың қатесіз түрде дұрыс толтырылуын талап етеді. Барлық кассалық кіріс және шығыс ордерлері және басқа қаржылық құжаттар анық, ешқандай түзетулерсіз толтырылуға тиіс. Кассалық операцияларға байланысты қосымшаларға «алынды» немесе «төленді» деген штамптар басылып, уақыты көрсетіліп, қол қойлады. Осы арқылы құжаттарды қайта пайдаланып, ақшаны бір құжатпен екінші рет кассалық шығыс ордерін жаздырып алып кетуге жол берілмейді. Кей кездері бухгалтерлер мен кассирлер кассалық ордерлерге штамп басады, ал дұрысы қосымша құжаттарға штамп басылуға тиісті (төлем ведомостары, расчеттар,өтініштер және т.б.).

Кассалық операцияларды жүгізу үшін, міндетті түрде кіріс және шығыс ордерлерін тіркейтін журнал мен кассалық кітап ашылып, толтырылып отырылады. Олардың парақтары нөмірленіп, тігіліп,ұйымның мөрі басылып, жауапты тұлғалар қол қояды.

17 Слайд

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының синтетикалық есебі

Ұйымдар меншікті және қарыздық ақшаларды (кассадағы ақшаның қалдығынан басқа) банктегі шоттарда сақталуы тиіс. Заңды тұлғаның банкте бірнеше шот ашуға құқығы бар.

Есеп айрысу (ағымдық) шотын және басқа шоттарды ашу үшін банкке анықталған тәртіпте шот ашу туралы өтініш. Ұйымның құрылуы, тіркелуін куәландыратын құжаттар, бекітілген жарғының көшірмесі, төлем құжаттарына қол қоюға құқысы бар тұлғалардың қолдарының үлгілері бар карточка,мөрдің үлгісі, зейнетақы және басқа да бюджеттік емес қорларда тіркелгендігі туралы анықтама,салықтық есепке тұрғандығын растайтын анықтама беріледі. Шоттар бойынша операцияларды жүргізу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ережелерімен реттелінеді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банк пен ұйымның (клиенттің) арасындағы қарым-қатынастарды анықтайтын негізгі құжат –олар арасындағы келісім болып табылады.

Есеп айырысу шотындағы ақшалардың қозғалысы төлем құжаттарымен рәсімделеді, оларға ақшаны кіріс етуге хабарлама,чектер, төлем тапсырмалары және басқалары жатады.

Ақшаны кіріс етуге хабарлама банкте қолма-қол ақшаларды беру кезінде қолданылады.

Мекемелер материалдарды жеткізіп, қызмет көрсетушілермен есептесу кезінде қаржылардың мақсатты түрде пайдалануын, аккредитивтер, есептесу чектері, банкілік карточкалар және .т.б. арқылы бақылап отыру үшін, банктерде арнаулы шоттар ашады.Олар ұлттық валюта (теңге) түрінде, сонымен қатар шетелдік валюталар түрінде де ашылады.