
Тапсырма :
1) Сынақ NRT жоспары бойынша жүргізілген. Жоспар бойынша N=80, T=180 сағ.. Сынақ кезінде істен шығу оқиғаларының уақыттары тіркелген: t1=48, t2=75, t3=118, t4=142 және t5=175 сағ. Сынақ нәтижелері бойынша істен шығу қарқынын λ* есептеп табыңдар
2) (t1, t2) уақыт интервалында қалыпқа келтірілетін жүйеге бақылау жүргізіліп, n(t1, t2) істен шығу оқиғалары тіркелген. Бақылауға дейін жүйе t1 сағ жұмыс істеген, ал бақылау соңында жалпы жұмыс уақыты t2 сағ. құрады. t1=350 сағ. t2=1280 сағ. және n(t1, t2)=15 деп алып, істен шығу аралығындағы жұмыс істеу уақытын табыңдар.
3) N=100 қалыпқа келтірілетін жүйелерді эксплуатациялау кезінде істен шығу сандарын n әрбір Δt=100 сағ. интервалында тіркеуге алып отырған. 1000 сағ. өткендегі бақылау нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген
Δti сағ. |
0-100 |
100-200 |
200-300 |
300-400 |
400-500 |
500-600 |
600-700 |
700-800 |
800-900 |
900-1000 |
n |
2 |
4 |
6 |
7 |
8 |
9 |
9 |
10 |
10 |
10 |
Сынақ нәтижелері бойынша
істен шығу қарқынын λ(t)
есептеп, графигін тұрғызыңдар Ескертпе:
Есептеу кезінде келесі формуланы
қолданыңдар λ(ti)=
мұндағы N(ti) - ti уақыт моментіндегі сынақтан өтіп жатқан жүйелер саны, Δt – интервал ұзақтығы, n(Δti) - i- ші интервалда орын алған істен шығу сандары
Әдебиеттер қос 5 [15-26], қос .7 [16-28]
Бақылау сұрақтары:
-
λ(t) графигін салып, талдау жасаңдар
-
Сенімділік көрсеткіштерін статистикалық анықтау
-
Қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштері
№8 практикалық сабақ
Тақырып: Сенімділіктің комплекстік көрсеткіштері
Сабақ мақсаты : Даярлық және оперативтік даярлық коэффициенттерін, сонымен қатар еріксіз тұру және техникалақ қолданыс коэффициенттерін анықтау.
Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 6 дәрісте келтірілген
Тапсырма:
-
Істен шығу аралықтарындағы жұмыс уақытының орта мәні tcp=500 сағ., қалыпқа келтіру уақытының орта мәні tвср=2 сағ.. Істен шығу аралықтарындағы уақыт таралымы экспоненциалдық заңдылыққа бағынады. Даярлық коэффициентін Кг және оперативтік даярлық коэффициентін Ког(t) уақыттың t=200 сағ. мәнінде анықтаңдар. Сонымен қатар еріксіз тұру коэффициентін де Кп. анықтаңдар.
2) Қалыпқа келтірілетін жүйенің даярлық коэффициенті Kr = 0,9. Қалыпқа келтіру уақытының орта мәні tвcp = 100 сағ. t = 10 сағаттағы жүйенің ақаусыз күйде болатындығының Kr (t) ықтималдылығын табыңдар .
3) Қалыпқа келтірілетін
күрделі жүйенің істен шығу қарқыны
тұрақты шама
1/сағ. Қалыпқа келтіру уақытының орта
мәні tвcp=100
сағ.. t0=10
сағаттағы жүйенің жұмыстық күйде болу
ықтималдылығын Kr (t)
есептеңдер.
Әдебиеттер қос.7 [16-28], дәріс материалдары
: Бақылау сұрақтары:
1 Сенімділіктің қандай комплекстік көрсеткіштерін білесіңдер? Неге олар комплекстік деп аталады?
-
Даярлық коэффициенті және еріксіз тұру коэффициенті нені сипаттайды?
3 Даярлық коэффициенті мен техникалық қолданыс коэффициенттерінің айырмашылығы неде?
Локолдық жүйелердің сенімділігін есептеу
№9 практикалық сабақ
Тақырып: Параллель-тізбектей жалғанған құрылымдық схемасы бар жүйелердің сенімділігін есептеу.
Сабақ мақсаты: Күрделі жүйелердің сенімділігін айқындауға машықтану
Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 7 дәрісте келтірілген
Тапсырма:
-
Сенімділіктің төмендегі құрылымдық схемасы бойынша, жүйенің сенімділігін есепте
Жүйе бөлшектерінің сенімділігі берілген: p1=p2=0,6 ; p3=p4=0,8 ; p5=0,9.
-
Резервтелген жүйенің сенімділік құрылымдық схемасы берілген.
Жүйе бөлшектерінің істен шығу қарқындары тұрақты λ=const және сандық мәндері белгілі:
λ1= λ2=0.23*10-3, 1/ сағ.; λ3=0,5*10-4 1/ сағ.; λ4= λ5=0,4*10-3 1/ сағ.;
Істен шыққанға дейінгі жүйенің жұмыс уақытының орта мәнін Тср табыңдар.
Ескертпе:
Тср=,
мұндағы Рс(t)
– жүйенің істен шықпау ықтималдылығы.
Әдебиеттер қос. 7 [29-45], дәрістік материалдар .
Бақылау сұрақтары:
1 Сенімділіктің құрылымдық схемасы дегеніміз не?
2 Қандай жағдайда сенімділіктің құрылымдық схемасында бөлшектер тізбектей жалғанады?
3 Қандай жағдайда сенімділіктің құрылымдық схемасында бөлшектер параллель жалғанады?
№10 практикалық сабақ
Тақырып: Жұлдызды схеманы үшбұрышқа және керісінше түрлендіру тәсілін қолдану.
Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау
Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 7 дәрісте келтірілген. Есептеу барысында келесі тәртіпті ұстану қажет
-
Үшбұрыш схемасымен жалғанған 1, 2 және 5 бөлшектерді жұлдызды схемаға түрлендіру қажет.
-
Жұлдызды схема бөлшектерінің істен шығу ықтималдылықтарының эквивалентті мәндерін q1, q2, q5 сәйкесінше формулаларды қолдана отырып анықтау қажет.
-
Эквивалентті схемадағы 1, 2 және 5 бөлшектердің істен шықпау ықтималдылықтарын р1, р2 , р5. анықтау қажет
-
Эквивалентті схеманың (тізбектей-параллель жалғанған) істен шықпау ықтималдылығын анықтау қажет.