Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
480.77 Кб
Скачать

2.2 Алиасты bde Administrator арқылы дайындау

1.Windows терезесінен Программы — Borland Delphi 3 — BDE Administrator командасын орындаймыз. BDE Administrator сұхбаттық терезесі көрінеді. Оның сол жақ бетінде көрінгендер - SQL Explorer терезесінде көрінетін BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі.

2.Терезеден Object New (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз. BDE Administrator терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш алиас үшін пайдаланылатын БК, құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі.

3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, ObjectRename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).

Мысалы, My Databases-ке баратын жол:

C:\ProgramFiles\Borland\DatabaseDeasktop\MyDatabases

4.BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану) командасын орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Ok түймесін шертеміз.

5. BDE Administrator терезесін жабу алдын My Databases алиасының ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.

Database Desktop утилитасында сақтаулы кестені экранға шығару үшін оның терезесін ашу керек. Ол мыны амал арқылы орындалады: File — Open — Table (Файл — Ашу - Кесте). Open Table (Кестені ашу) терезесі көрінеді. Терезенің My Databases бумысын ашып, әдеттегідей, онда жазылған кесте атауын таңдау керек. Одан кейін Ашу түймесін шерту жеткілікті.

Database Desktop утилитасында сақталған кестені редакциялау қажет болса, кестені ашып, жөнделетін өріске курсорды орналастыру керек. Одан кейін Table-Edit Data, беріп, өрісті редакциялап шығу қиын емес.

Кестеге жаңа жазу қосу үшін кестені ашып, курсорды соңғы жазудың бірінші өрісіне орналастыру және Table — Edit Data комндасын орындау керек. Одан кейін кестеге жаңа жазуларды әдеттегідей енгізіп, кестені жабу жіткілікті.

Кестені жаратудың екінші бір түрі бар. Ол программа бойынша жарату.

Database Desktop утилитасы арқылы дайындалған бос кестені программа арқылы (динамикалық түрде) дайындауға болады. Мысалы, Paradox типті My Databases алиасында Нөмірі, Шығарған завод, Маркасы, Шығарған жылы, Түсі, Бағасы атаулы алты өрістен түратын Rous5.db кестенің өріс тақырыптарын дайындау тәсілі мына амалдар арқылы орындалады.

1. Жаңа проект ашып, формада Tablel, Buttonl компоненттерін орнату.

2. Код терезесінде Buttonl компонентінің OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасын құру керек.

Procedure Tforml.ButtonlCIick(Sender:TObject)

Begin

With Table do Begin

DatabaseName: = 'My Databases';

TableType:=ttParadox;

TableName: = 'Rous5.db';

With FieldDefs do

Begin

With AddFieldDef do

Begin

Name: = 'Шығарған завод';

DataType:=ftString;

Size:=20; End;

With AddFieldDef do Begin

Name: = 'MapKacbi'; DataType:=ftString; Size:=20; End;

With AddFieldDef do Begin

Name: = 'Tyci';

DataType:=ftString;

Size:=20;

End;

End;

CreateTable;

End;

End;

мұндағы Create Table (Кесте құру) - TTable компонентінің кесте құру әдісі. Ол таңдалған құрылым бойынша бос кесте құрады (әдісті Paradox не dBase форматында ғана пайдалану мүмкін); Table — берілгендер қоры кестесіне қол жеткізу компоненті. Программада пайдаланылған қасиеттер: DatabaseName — алиас атауын анықтау; TableType — кесте типі; TableName — кесте атауы;

FieIdDefs — кесте өрістерін массив ретінде сипаттау;

AddFieIdDef - өріс қосу;

Процедура өрістер string типті етіп сипатталды.

1) Программада Create Table әдісі барлық қасиеттерді орындап, Add әдісін енгізген соң ғана жазылады.

2) TableType қасиеттерінің мүмкін болатын мәндерін анықтауға арналған TTabIeType типінің сипаттамасы DBTabIes модулінде сақталған. Ол модульдің Uses бөліміне кірістіріліп қойылуы тиіс (оның автоматты түрде кірістірілуі де мүмкін).

3) Процедураны іске қосып, көрінген форманың Button 1 түймесін шерту. Кесте алиас түрінде сақталған берілгендер қорына жазылып қойылады. Оны ашып, толтыру тәсілін жоғарыда айтып кеткенбіз.