Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каза яз-1 прод.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

5.1. Баөж бойынша тапсырмалар мазмұны

БАӨЖ тақырыбы

Тапсыру мерзімі

Орындау көлемі мен талабы

1.

Даналық көзі - Абайдың қара сөздері

4 апта

4-5 бет көлемінде, қолмен жазылған үлгіде

2.

Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны

5 аптада

Дастанның «Ізгілік қылықтың сипаты, пайдасы айтылады» деген бөлімін толық оқып, мазмұндау, пікір айту

3.

Қазіргі ақын – жазушылар

10 аптада

4-5 көлемінде, қолмен жазылған үлгіде

4.

М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

11 аптада

Шығарманы толық оқып, мазмұндау

5.2. Аудиториядан тыс сабақ (баөж), (адемиялық сағат санын көрсету)

БАӨЖ тақырыбы және қысқаша мазмұны

Тапсырманы орындау үшін жоспарланған уақыт

1

2

3

1

Жеке тапсырмалар мен практикалық сабақтардың материалдарын іздеп, дайындау

15

3

Тақырып бойынша мәтінді меңгеру.

30

4

Аралық және қорытынды бақылауға дайындық.

10

5

СОӨЖ

15

Барлығы

60

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Авторы

Оқу құралы, оқулық атауы

Баспа және басылымы

Негізгі әдебиеттер

1

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова

«Казахский для всех»

Алматы, «Атамұра» 2004 ж.

2

Н.Б.Есімбетов

«Практиқалық қазақ тілі»

Алматы 2006ж.

3

Н.Оралбаева, Х.Есенов, С.Хайруллина.

«Қазақ тілін үйренеміз»

Алматы, «Мектеп» 1989ж.

4

Т.Т.Аяпова, З.С.Күзекова

«Қазақ тілі»

Алматы,

2002 ж.

5

«Қазақ тілі» Жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған

Алматы,

1999 ж.

6

Ә.Оралбекова

«Қазақ тілі» (для начинающих)

Тараз, 2000 ж.

7

Н.Оралбай, К.А.Құрманәлиев

Қазақ тілі

Алматы,

2007 ж.

Қосымша әдебиеттер

8

А.Нысанбеков

«Қазақ тілі» (Экономика мамандықтарына арналған)

Алматы,

1998 ж.

9

З.С.Күзекова

«Қазақ тілінің практикалық курсы»

Алматы,

2001 ж.

10

З.С.Күзекова, Г.Қарақұсова

«Қазақ тілі»

Алматы, 1997 ж.

7.1. Бағалау саясаты

Құзіреттілік

Тапсырма саны

1 тапсырмаға қойылатын жоғарғы балл

Бағаның жалпы

% өлшемі

  1. 1

Мәтінмен жұмыс

28

0,5

14

Жаттығу жұмыстары

28

1

28

  1. 3

Жазба жұмыстар

2

3

6

  1. 4

СӨЖ жұмыстары І,ІІ,ІІІ, ІV.

4

3

12

  1. 6

Қорытынды бақылау

40

  1. 7

Барлығы

60

I.Кіріспе. Туған тілім – тірлігімнің айғағы

1-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Грамматикалық тақырып: Үндестік заңы

Лексикалық минимум: құдірет, түгесу, ұшқын, көзқарас, емірену, тебірену, өзекжарды, хақы, немқұрайлы, қағида.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып, ана сүтімен бойға сіңген қасиетті туған тілдің арқасында ғана жаныңды поэзия шуағына бөлейсін, біле білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды. Өмір бойы адамға ең тамаша эстетикалық ләззат беретін де құдіретті туған тілің ғой. Балалық адамның ең бір сүйікті шағы ғана емес, балалық шақ болашақ өміріңнің беташар баспалдағы да. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезіңнен басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналаңдағы адамдарға, өзің өскен ортаның табиғаты мен халқыңның мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.

Иә, еміреніп айтса да, тебіреніп айтса да тіл жөнінде өзекжарды сөз айтуға әркімнің-ақ хақысы бар. Бірақ бұлай деу- өз тілін айғақтап, өзгенікін аласарту деген өзімшіл ойдан тумаса керек. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді құрметтеуден басталады. Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени деңгейін ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеттері жөнінде баға беруге болады. К. Паустовский: «Өз ана тіліне немқұрайлылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей. Оның ана тіліне деген немкеттілігі өз халқының өткеніне, қазіргісі мен келешегіне деген немкеттілікпен сабақталып жатады, сондықтан ондайлар зиянды», - деген екен. Әйгілі қаламгердің бұл сөзінде жан тебірентерлік шындық бар. Өйткені халықтың түпсіз терең даналығы, өмірден түйген өнегелері, моральдық, эстетикалық қағидалары, тәлім-тәрбиесі тіл арқылы сақталып, тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатады.

2-тапсырма. Лексикалық минимумда берілген сөздерді мәтіннен тауып, баламасын басқа синонимдері арқылы бере отырып, сөйлемді қайта жазыңыз.

Грамматикалық сілтеме: Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: Буын және дыбыс үндестігі

Буын үндестігі

Дыбыс үндестігі

Қосымшалардың жуан және жіңішке түрде жалғануы

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

жазылуы айтылуы

жазылуы айтылуы

жұмыс-шы-лар-ға

ақыл-ды-лық-тан

еңбек-тен-ген-ге

епті-лік-тер-ің-ді

ашса ашша

қашса қашша

ұшсын ұшшын

сәнқой сәңқой

сөнбеді сөмбеді

тұзсыз тұссыз

Бозжан Божжан

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

  • паз: әсемпаз, өнерпаз

  • қор: бәлеқор, дүниеқор

  • гөй: ақылгөй, данагөй

  • қой: сәнқой, әуесқой

  • кеш: арбакеш

  • кер: айлакер

  • тал: өсімтал

  • мен (-пен, -бен): хатпен

  • хана: емхана

  • нікі (-дікі, -тікі): Асандікі

  • и: тарихи

  • сымақ: сөзсымақ

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлерін табыңыз.

4-тапсырма. РАФТ стратегиясын қолдану.

Р- қазақ тілі, ата-бабалар, тіл жанашыры, елбасы.

А- халық, ұрпақтар, жастар, билік басындағылар.

Ф- өтініш, арыз, ескерту хат, бұйрық.

Т- өз таңдаулары бойынша.

5-тапсырма. 3-тапсырма бойынша жазған мәтіндерінен буын үндестігін айқындап көрсетіңіз.

6-тапсырма. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

а) Өлең жолының авторын тауып, идеясын ашыңыз.

ә) Өлең жолындағы буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді тауып, мағынасын айқындаңыз.

7-тапсырма. Тілдің, сөздің құдіреті туралы айтылған 10 мақал-мәтел мен 10 ұлағатты сөз жазыңыз. Сол сөздердің ішінен ықпал түрлері мен буын үндестігін айқындаңыз.