Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

срс / SRS_7_rasp

.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
17.67 Кб
Скачать

Табиғи қажеттілік жер қоры

Жердің сапасын есепке алудың маңыздылығы. Жер учаскесінің алқаптар түрлері мен топырақ түрлері бойынша сапалық жағдайы. Жер сапасын топтастыру. Құнарлығы төмен механикалық құрам және құнарын азайтатын белгі бойынша жер сапасын есепке алу. Жайылымдар мен шабындықтардың мәдени-техникалық жағдайын есепке алу. Егістік жердегі топырақтың агроөндірістік сипаттамасы. Жер сапасының сатысын есепке алу және жер-кадастр құжаттарында оларды белгілеу. Жер учаскесінің паспорты.  Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі және күнделікті болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді. Негізгі есеп алу міндеті: 1.Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алу жүйелеу және талдау жасау. 2.Жоспарлы материалдар мен жер–есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу. 3.Барлық есептелінетін территорияның пайдаланылатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау. 4.Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу. 5.Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру. Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры санаттары жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонмен, алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауылшаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.

Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады. Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады. Тыңайған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді. Тыңайған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді. Көпжылдық екпе ағаштарына жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе

дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады.  Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.  Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар. Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп-жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді. Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тынайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады. Түпкілікті жақсартылған шабындық-бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.  Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10% аз бөлігін жабатын учаскелер жатады. Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Егер оның ауданын 10%-дан 20%-ға дейін, ал томарлар 20%-дан көп жапқан болса күшті томарланған деп айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-ден 30%-ға дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-дан 70%-ға дейін аумағын алып жатады. Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді. Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері. Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақытымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар. Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс қорғайтын, су реттейтын, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойындағы, суаттар, құмдар, қолайсыз жерлердегі орман саябақтары, орман питомниктері және кесіліп қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен қураған, күйген көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық жер). Орман белдеулеріне ауылшаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтану, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады. Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-шашын нәтижесіне жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атайды. Олар өсімдігіне, су режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі және өтпелі болып бөлінеді. Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы, каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады. Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен аландар, құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы қазбалары өндіру барысында бұзылған селдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар, қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа иеленген жерлер де есепке алынады. Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық бағалы алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы аудандар есепке алынады.  Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарын субъектілеріне бекітілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алу жатады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ №7

Тақырыбы:

«Табиғи қажеттілік жер қоры»

Тексерген: Кудеринов С.М.

Орындаған: Төлеуов Қ

Тобы: ГК-113

Семей 2013

Соседние файлы в папке срс