Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

срс / SRS_6

.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
14.28 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ №6

Тақырыбы:

«Жерге орналастырудағы жобалық – сметалық іс»

Тексерген: Кудеринов С.М.

Орындаған: Төлеуов Қ

Тобы: ГК-113

Семей 2013

Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.

Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.

Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.

Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшілігі бар. Егерде, жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен берілсе, жер иеленілуі мерзімсіз, иеленушілік мақсатына сай беріледі.

Қазақстан Республикасында ауылшарушылық өндірісте пайдаланылатын жерлердің жалпы территориялық көлеміндегі үлес салмағы 75%-дай (бұрынғы одақ бойынша-47%), соның ішінде жыртылған жерлер-15%. ТМД-ның басқа аймақтарына қарағанда бұл өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Россияның Орталық қаратопырақ аймағында оның деңғейі 80% жетеді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдалануы (жер иелігі) қоғамдық немесе жеке меншік болуы мумкін. Біріншісіне көптеген ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланулары жатады. Жеке меншік жер иеленуі республикада жаңа бой алып келе жатқан жер пайдалану формаларының 6ipi. Бұларға алдымен шаруа қожалықтарының жер иеліктері жатады. Келешекте тағы да осы жер пайдалану формасында негізделген, көптеген жер иеленулердің түрлері пайда болуы мүмкін. Осымен қатар жер пайдаланулар мен жер иеліктері мақсатына қарай ауылшарушылық және ауылшаруашылық еместерге бөлінеді. Біріншілеріне ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жер иеліктері мен жер пайдаланулары жатады. Ал, ауылшаруашылық еместері транспорт, өнеркісіп, елді мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен 6ipгe бip категорияға тарихи-мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.

Уақыт аспектісінде жер пайдаланушылықтардың мерзімсіз және уақытша түрлері болады. Соңғысы ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халықшаруашылық салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруааралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы ic-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді.

Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық ic-қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.

Соседние файлы в папке срс