Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика лекция.docx
Скачиваний:
106
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

9 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Рисунки және Игры папкаларын ерекшелеңіз. Жанама менюді ашыңыз және Удалить пунктін таңдаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде объектілерді жоюды растаңыз. УАҚЫТША және Мои документы папкілерін жабыңыз.

  2. Корзина папкісінің терезесін ашыңыз. Оның ішінен өшірілген Рисунки және Игры папкілернің белгішелерін табыңыз. Папкаларды ерекшелеп, олардың бірінде жанаама менюді шақырыңыз. Выберите пункт Восстановить пуктін таңдаңыз. Корзинаны жабыңыз.

  3. УАҚЫТША папкасын ашыңыз. Онда қалпына келтірілген Рисунки және Игры папкаларын табыңыз. Екі папканыда ерекшелеңіз. DELETE және SHIFT пернелерінің көмегімен оларды өшіріңіз.

  4. Корзинаны ашып, жанағы SHIFT пернесінің көмегімен өшірілген объектілердің ешқайсысы түспегеніне көз жеткізіңіз.

10 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Проводник программасын жіберіңіз (Пуск|Программы|Проводник).

  2. Файл пункт менюін ашыңыз. Ақпараттың жолда пайда болатын ақпараттармен танысып, берілген пункт командаларымен танысыңыз. Пункт менюінің басқа командалармен де танысыңыз. Егер команда активті болмаса, онда қандай да бір объектіні ерекшелейміз, мысалы, папканы. Проводник панелінің оң жағындағы : Крупные, Мелкие, Таблица, Список белгілерінің түрін ауыстырыңыз.

  3. Белгілерді аты, көлемі, типі, күні және құрылу уақыты бойынша сұрыптаңыз.

11 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Сол жақ панельден (С:) дискісін табыңыз және оны диск белгішесіне шерту арқылы ашыңыз.

  2. Оң жақ тақтада УАҚЫТША папкасын құрыңыз.

  3. Оң жақ тақтада Мои документы папкасын табыңыз және осы папканы ашыңыз.

  4. Оң жақ тақтада Отчеты папкасын құрыңыз.

  5. Сол жақ тақтада Мои документы папкасындағы «+» белгісн шерту арқылы сол папканы жазыңыз. Жазу және жинау арасындағы айырмашылықтарды көріңіз. Сол жақ тақтада Отчеты папкасын табыңыз.

  6. Сол жақ тақтада Отчеты папкасын ашыңыз. Оң жақ тақтада ешқандай белгі болмауы керек, себебі бұл папканың ішіі бос.

  7. Оң жақ тақтадағы Отчеты папкасының ішіне Таблицы папкасын құрыңыз. ОТЧЕТЫ папкасының жанында «+» белгісінің пайда болғанын көресіз. Бұл папка ішінде папка бар екенің көрсетеді. Папканы жазыңыз. Торапты қайтадан «-» белгішесіне басу арқылы жабыңыз.

  8. Сол жақ тақтадан УАҚЫТША папкасын табыңыз, бірақ ашпаңыз.

  9. Жылжытуды қолдана отырып, Отчеты папкасын оң жақ тақтадан, сол жақ тақтадағы УАҚЫТША пакасына апарыңыз. УАҚЫТША пакасының түсі өзгерген кезде тышқан батырмасын жіберіңіз. Осыған ұқсас объектілер тобында көшіруге болады

  10. Сол жақ тақтадан УАҚЫТША папкасын ашыңыз. Оң жақ тақтадан осы папканың ішінде Отчеты пакасының жоқтығына көз жеткізіңіз

12 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Құралдар тақтасындағы «жоғары» батырмасын пайдаланып Уақытша бумасына және содан соң (D:) дискісіне оралыңыз.

  2. Сол жақ панельде Себетті тауып, Уақытша бумасын оның белгісіне жылжытып апарыңыз. Себетті ашып оңдағы жойылған бумалардың бар екеніне көз жеткізіңіз.

  3. Проводник терезесін ашып, жоғарыда айтылған алмастыру әрекеттерін екі терезенің тек оң жақ панельдерін қолдана отырып орындаңыз

  4. Проводник программасының екі терезесін жауып тастаңыз.

  5. Windows-пен жұмысты аяқтаңыз. (іске қосу|жұмысты аяқтау, компьютерді өшіру).

Әдістемелік нүсқау: Тапсырманы орындау. Қысқаша конспект құру. Қорытындысын электронды нұсқамен көрсету

Бекіту сұрақтары:

  1. Жаңа буманы қалай құрамыз?

  1. Объектінің атын өзгертудің қандай әдістерін білесіз?

  2. Объектінің дискідегі орнын қалай ауыстыруға болады?

  3. Объектілер тобын ерекшелеудің қандай әдістерін білесіз?

  4. Объектілерді жоюдың қандай әдістерін білесіз?

Зертханалық жұмысы №8 (2 сағат)

Тақырыбы: Интернет. Негізгі түсініктер (сайт, IP-адрес, порт, сокет, сервер, клиент).

Мақсаты: Internet Explorer браузерімен жұмыс істеп үйрену, керек ақпаратты интернеттен алып, оны компьютерде сақтау тәсілдерін меңгеру.

Теориялық түсініктеме:

Желі деп ресурстарды, коммуналдық жабдықтар тобын ортақ пайдалану мүмкіндіктерін беретін жеке компьютерді біріктіруді айтады. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысатын жұмыс станциялары (жеке компьютерленген желілік адаптер) және желілік программалық жасақ болуы қажет.

Сервер - отрақ пайдалануға арналған барлық ресурстар қолданатын компьютер.

Клиент сервер типті желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндіктерін береді.

Желілер мынандай топтарға бөлінеді:

  • Жергілікті желілер (локальные сети)

  • Кең ауқымды желілер (глобальные сети)

  • Интернет

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер тобы. Яғни, бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер жиыны.

Ауқымды желі құру үшін көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады

Терминал - енгізу шығару құрылғысы. Терминал ретінде дербес компьютерді қолдана аламыз.

Порт дегеніміз компьютерге ішкі жабдықтардың қосылуы үшін арналған логикалық-аппараттық құрылғы. Яғни, компьютердің ішкі құрылғылармен байланысқа түсуі үшін онда ақпараттарды қабылдау және тасымалдау қабілеті бар порттар болады.

Модем дегеніміз телефон желілері арқылы компьютер арасында ақпараттарды тасымалдау құрылғысы. Тікелей жалғау кезінде компьютердің бірі – жетекші, ал басқасы қосымшалар болып табылады.

Internet желісі

Әулеметтік пенде болғандықтан адам әрқашаңца өзі сияқтылармен араласу тәсілдері іздестіреді. Соңғы кездегі Іпіегпеі желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шыгарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

World Wide Web

World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіңді жүйе болып табылады.

Интернет желісінің негізгі қызметтері:

    1. Электронды почта.

    2. Файлдарды жіберу, алу

    3. Хабарламаларды оқу

    4. Ақпара тіздеу

    5. Жойылған басқару (программаларды орнату, сұраныс жасау)

    6. ЧАТ-пен әңгімелесу

    7. Интернет арқылы ойындар ойнау

Тапсырма:

  1. www.yandex.ruсайтының іздеу жүйесін қолданып, «Информатика» пәніне қатысты кітаптар, рефераттар табыңыз.

  2. Табылған материалдың біреуін компьютерге көшіріңіз.

  3. www.rambler.ruіздеу жүйесін қолданып, Турбо Паскаль тілі бойынша теориялық материалдар іздеңіз. Оның ішінде «Массивтер» тақырыбына қатысты материалдарды компьютеріңізге сақтаңыз.

  4. Өз жұлдызнамаңызды тауып оқыңыз.

  5. Өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша іздеу жүргізіңіз (әншілер, суреттер, жаңалықтар т.б.).

  6. Microsoft Internet Explorer программасының көмегімен бірнеше сайттарды ашыңыз. (Өзіңіз таңдаңыз). Сайтта берілген бір суретті Microsoft Word-қа көшіріңіз. Осы суретті жеке файл ретінде сақтаңыз. Ашық тұрған сайттарды толығымен өз компьютеріңізге сақтаңыз.

Yandex іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі тапсырмаларды орындау:

  1. «Математикалық логика» пәні бойынша «Тьюринг машинасы» тақырыбынан есептер тауып сақтау

  2. MS Excel электронды кестесі бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  3. MS Access мәліметтер қоры бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  4. Қазақстандық кез келген әшні топтың жеке сайтына кіріп, сол топ жайлы ақпарат жинақтау.

Rambler іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауаптар жазу:

  1. Бұрынғы Ресей президенті Б.Н.Ельциннің туған күні және туған жері

  2. Математик Н.И.Лобачевскийдің туған жері және туған күні

  3. Алла Пугачева қай жылы қай мектепті бітірді

  4. Роза Рымбаеваның туған жері

  5. Honda фирмасының негізін қалаушылар және құрылған жылы

  6. «Beetles» тобының алғашқы концерттік гастрольдері қай жерде өтті

  7. Филипп Киркоровтың туған жері

  8. «Жасқанат» фестивалінің алғаш өткен жылы

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. URL адрес ресурстың қай жерде орналасқанын және оны қалай табуға болатынын көрсетеді.

  2. Келесі бөлімдерге қос нүктемен бөлініп жазылады:

http://сервер аты/ жолы/файл

  1. Іздеу сервері дегеніміз Интернетте ақпаратты ізеуге мүмкіндік беретін, қолданушының сұрақтарына жауап беретін мамандандырылған сервер.

  2. Іздеуді тақырып бойынша немесе кілттік сөз арқылы жүргізуге болады.

  3. Мысалы іздеу өрісіне «Россия+футбол+чемпионат» осы кілттік сөздер арқылы, ресейдің футбол клубтары жайлы, өткен чемпионат жайлы ақпараттарды табуға болады.

Әдістемелік нұсқау : Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын, не түсінгеніңізді түсіндіріңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Желі дегеніміз не?

  2. Интернет желісі қандай желіге жатады?

  3. WWW қалай түсінесіз?

  4. Internet Explorer-ден басқа қандай браузерлер білесіз?

  5. Интернет желісінің қызметтерін атаңыз.

Зертханалық жұмысы №10 (2 сағат)

Тақырыбы: Графикалық қосымшалармен жұмыс

Мақсаты: Paint графикалық редакторында графикалық құралдардың көмегімен сурет салды дамыту

1-6 суреттерді 90, 180 және 270 градуспен айналдырып, салынған фрагментерді көшіру мүмкіндіктерін қолдану арқылы келесі фигураларды бейнелеңіз.

Сурет 1. Кроссворд-1 Сурет 2. Кроссворд-2

Сурет 4. Снежинка Сурет 3. Выпуклая штучка

Сурет 5. Стороны света Сурет 6. Упаковка лимонада