Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

  7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. М.: 1975.

  8. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М.-Санкт-Петербург: Торговый дом «Гердаң, 2009. – 192 с.

  9. Гезгала Ян. Туризм в народном хозяйстве. –М.: Прогресс, 1974. - 212 с.

  10. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999. - 312 с.

  11. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. – М., 1985.

Тақырып 5

Туристік сұраныстың географиясы

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша туристік сұраныстың географиясың анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Туристік ағымдар шынайы географиялық көріністегі орындалған туристік сұраныс­тың бір түрі.

  2. Туристік саяхаттар­дың әр түрлі мақсаттары.

  3. Әлемнің әр бір туристік аймағындағы туристік нарыққа талдаудың үш мақсаты. Халықаралық туристік айырбастың географиялық шоғырлануы­ның халық­аралық сауда географиялық концентрация­сынан екі маңызды айырма­шылығы.

  4. Еуропа, Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағының (ВАТР), Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Азия аймақтарының халықаралық туризм нарығының анализі.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Туристік сұраныстың икемділігі.

  2. Туристік сұранысқа қозғалу туғызатын факторлар.

  3. Халықаралық туризмнің статистикасы, оның тарихы мен екі негізгі бөлігі.

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

  7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. М.: 1975.

  8. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М.-Санкт-Петербург: Торговый дом «Гердаң, 2009. – 192 с.

  9. Гезгала Ян. Туризм в народном хозяйстве. –М.: Прогресс, 1974. - 212 с.

  10. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999. - 312 с.

  11. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. – М., 1985.

Тақырып 6

Рекреациялық туризмнің географиясы

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша рекреациялық туризмнің географиясың анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Рекреациялық туризм географиясының ерекшеліктері.

  2. Рекреациялық туристерді «жеткізушілер» Халықаралық рекреация­лық туризмнің меридиональды бағыты. Бұрыңғы метрополиялар мен олардың колонияларының арасындағы туристік айырбас.

  3. Еуропадағы, Америкадағы рек­реа­ция­лық туризм. Африкадағы, Таяу Шығыстағы және Оңтүстік Азиядағы рекреациялық туризм.

Халықаралық туризнің негізгі түрлерінің географиясы

Туристік ағымдар дегеніміз, тура айтқанда, іске асырылған туристік сұраныс, ол күрделі әртүрлілігімен сипатталынады. Іскерлік сапарлар этникалық турлармен қатар іске асырылса, рекреациялық турлар діні сапарларымен қатар жүргізіледі. Туризмнің әрбір түрі өзінің ағымын құрастырып, бір бағытты ұстайды.

Рекреациялық туризмнің географиясы

Туристік ағымның көбісі демалыс және көңіл көтеру мақсатымен (рекреациялық ағымдар) іске асырылады. Оның негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхит бассейінінің елдеріне келеді. Халықаралық туризмнің 90% осы аймақтың бір бөлігіне тиеді. Еуропа елдері – туристер көп баратын аймақ. Еуропа елдерінен шетелдік сапарға шығатындар жалпы әлемдік көлемнің 70% құрайды. Бұл елдердің ішінде Германия бірінші орында болса, Ұлыбритания – екінші орында. Солтүстік Америка, рекреациялық туризмнің шетелге шығу нарқында Еуропадан кейін екінші орында. Ол туристік ағымдардың 15% қамтамасыз етеді. Бұл аймақта АҚШ негізгі туристерді жеткізуші ел.

Шетелге туристерді жіберудің саны жағынан Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы үшінші орын алады. Жалпы әлемдік мөлшерде оның бөлігіне тигені 10%.

Демалыс және көңіл көтеру мақсатымен туризмнің үш ерекшелігін бөледі:

1) аймақаралықтан ішкі аймақтық сапарлар басым келеді;

2) туристік ағымдардың меридионалдық бағытталынуы – солтүстік елдердің туристері жылы теңіздің жағалауында демалуды қаласа, ал жылы елдерден экотуризм және экстремальді туризм үшін Скандинавия елдеріне барады;

3) бұрынғы метрополдар мен оның колонияларының арасында қатынас дамуда. Олардың арасындағы туристік қатынастардың ұлғаюына мүмкіндіктер тіл келешілігінің болмауы, экономикалық және мәдени сфераларында дәстүр-лік байланыстардың нығаюы, ағылшындарды, француздарды, испандарды бұрынғы колонияның өткен тарихына қызығу-шылық тартады. Мысалы, 1996 жылы Африка континентіне келген еуропалықтардың әрбір үшіншісі француз болды. Олардың көбісі бұрынғы францияның колонияларында – Тунис пен Мароккода демалды. Ұлыбританиядан туристер көбінесе Индия мен Шри-Ланкаға (бұрынғы Англияның колониялары) барып демалуды жақсы көреді.

Еуропадағы рекреациялық туризм

Рекреациялық туризмнің ең ірі нарығы Еуропада қалыптасқан, негізінен оның екі аймағында – Батыс және Оңтүстік. Осы екі аймаққа Еуропаға келушілердің 60 % тиеді.

Еуропада және әлемде туристерді ең көп қабылдайтын ел – Франция. Францияда туристер мынандай объектілерді әзірлейді: 1) халықаралық көрме өткізу үшін 1889 ж. ИнженерЭйфельмен құрылған «Эйфелева башняні». Жыл сайын 5 млн-нан аса туристер келіп тұрады; 2) әлемдегі ең ірі мұражай – Лувр, 30 мың-нан аса адамдар келеді; 3) Версаль – француз сарайы, шамамен 3 млн адам барады. Және Францияның жағажайлары: Француз Ривьера, Лазрный берег.

Франциядан басқа, Еуропаның қабылдаушы елдеріне Испания мен Италия жатады. Олар жыл сайын 80 млн-нан аса рекреациялық мақсатпен келушілерді қабылдайды.

Еуропа елдерінен шетел сапарға шығатындар жалпы әлемдік көлемнің 70% құрайды. Бұл елдердің ішінде Германия – 1-ші орында болса, Ұлыбритания – 1-ші орында. Соңғы жылдардағы Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі демократизациялық процестері туристік сұраныстың геогра-фиясына елеулі өзгерістер енгізді. Тоталитарлық режимнің күйреуімен бұл елдердің тұрғындары әртүрлі мақсатпен сапарға шығуға мүмкіндіктер алды. Польша, Румыния, Чехияда шетелге шығу нарқы кеңейді.

Америкадағы рекреациялық туризм

Еуропадан кейін әлем бойынша туристерді Америка аймағы қабылдайды. Кіру туристік ағымдар 4 аймаққа бағытталады: Солтүстік Америка, аралдағы мемлекеттер мен Кариб бассейні, Оңтүстік Америка, Орталық Америка. Америка аймағында сапардың 10-нан 7 Солтүстік Америкаға тиеді.

Еуропада сияқты, Америкада туристік ағымдардың басым бөлігі аймақ ішінде шоғырланады. Ең қарқынды туристік алмасу процесі Солтүстік Американың үш елінің арасында жүреді: АҚШ, Канада және Мексика. Әсіресе, АҚШ-тан Мексикаға туристік ағым ДТҰ бойынша әлемде ең ірі болып саналады.

Аймақаралық алмасудың басты бағыты – бұл: 1) Еуропа – АҚШ-тан туристік ағымдар Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Испанияға бағытталады; 2) ШАТА – АҚШ-тан Қытай, Жапония , Корея, Сингапурға. Басқа туристік аймақтар – Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия американдармен нашар игерілген.

ШАТА-дағы рекреациялық туризм

ШАТА-дағы халықаралық туризм ХХ ғ. 80-ші жж. Дами бастады. ШАТА-ның кіру нарығын Еуропа мен Америка құрайды. Олардың үлесіне 18% тиеді, ал Африка, ТаяуШығыс, Оңтүстік Азия - 3% алады.

Негізгі туристік ағымдар Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азияға бағытталады. Бірге олар туристік келушілердің 90% құрайды.

Әйгілі туристік елдер: Қытай, Таиланд, Корея, Гонконг, Сингапур,Индонезия, Тайвань.

ШАТа-ның шығу нарығын Жапония құрайды. ШАТА-дан шығы сапарлардың 1/3 бөлігі Жапонияға тиеді. Жыл сайын жапондар 30 млн сапар жасап тұрады. Жапондар АҚШ, Италия, Гонконг, Корея, Таиланд, Австралияға барады.

Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азиядағы рекреациялық туризм

Соңғы 20 ж. ішінде Африкаға келушілердің саны көбее бастады. Халықаралық туризм жақсы дамыған аймақтар – Африканың солтүстігі, шығыс, оңтүстігі. Әрқайсысы өзіне тиімді туризм түрлерін дамытады. Египет, Тунис, Марокко – жағажай, танымдық туризм; Кения, Зимбабве – сафари, экотуризм. ЮАР-да жайлы табиғи жағдайлар бар: жұмсақ, тропикалық климат, табиғи және мәдени ескерткіштер.

Таяу Шығыста рекреациялық туризм басты роль атқармайды. Оның дамуы болашақта саяси тұрақсыздықтан әлі де белгісіз.

Оңтүстік Азияда халықаралық туризм нашар дамыған. ДТҰ кепілдемесі бойынша Оңтүстік Азияға Еуропа, Солтүстік Америка, ШАТА нарықтарын игеру керек.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық туризмнің статистикасы, оның тарихы мен екі негізгі бөлігі.

  2. Халықаралық туризмнің статистикасында ақпараттарды жинаудың әртүрлі түрлері.

  3. Индустриальді дамыған елдердің экономикасындағы дағдарысқа байланысты экономиканың нашарлауы халықаралық туризмде жаңа тенденцияларды құрады.

  4. Қазіргі туристік сұраныстың басты тенденциялары: ұзақ демалыс кезеңің бөлшектеу және үш S-ті үш L-ге айырбастау.