Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психология.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
68.51 Кб
Скачать

Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны

1 дәріс тақырыбы: Психология ғылым ретінде. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны мен міндеттері

Мақсаты: Студенттерге психология ғылымы туралы, оның ғылымдар жүйесіндегі орны және міндеттері туралы түсінік беру.

Кілтті сөздер: психология, әдіс, бақылау, сауалнама, экспертті баға, психологиялық диагностика, эксперимент.

Жоспар:

  1. Психологиялық ғылым пәні

  2. Психологияның негізгі бағыттары

  3. Психология әдістері

Психологиялық әдебиеттерде қазіргі уақытқа дейін психология пәніне байланысты қиындықтардың туындауы талқылануда. Психология пәнінің құрылымы өте қиын. Әлемдегі қоршаған орта құбылыстары әр түрлі, оларды материалдық және материалдық емес деп бөлуге болады. Адамды барлық жерде материалдық заттар қоршайды, ал әлемдегі материалдық емес құбылыстар қиындау, олар қарама-қайшылық және басқа заңдарға бағынып өмір сүреді.

Сондықтан, адам өмір сүреді және өзінің өмірін үш әлемде құрады: материалдық, әлеуметтік және өзінің әлемінде. Материалдық және әлеуметтік әлемдер – сыртқы рет құбылысы, адамның өзінің әлемі мен ішкі әлемі.

Сәйкесінше психологиялық процестердің бағыты және күйзелісі сезім түрінде, қабылдау, назар, ес, ойлау өзіне және басқа адамдарға бағытталуы мүмкін.

Психология пәнінің құбылысы: психологиялық құбылыс, тұлғаның психологиялық бейнесін, адам қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: «псюхе»-жан, психика және «логос»-ғылым, ілім. Сөйтіп, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді.

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Қазіргі уақытта психология білімнің тармақталған аймағы болып табылады. Әр 4-6 жыл сайын психологияның әр түрлі бағыттары пайда болуда.Педагогиканың қолданбалы салалары медецина, білім, еңбек және басқарумен байланысты.

Мынадай тармақтарды көрсетуге болады:

  1. Жас ерекшелік психологиясы; Педагогикалық психология;

  2. Медециналық психология; Заңгерлік психология;

  3. Еңбек психология; Инженерлік психология;

  4. Авиациялық психология; Космостық психология;

  5. Тасмалдау психологиясы; Басқару психологиясы;

  6. Әлеуметтік психология; Тұлға психологиясы;

  7. Шығармашылық психологиясы; Жарнама психологиясы;

  8. Спорт психологиясы; Даму психологиясы;

  9. Психодиагностика және т.б.

Психология ғылымның ең негізгі міндеттерінің бірі- барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

Бақылау әдісі – әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психология жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері, психикалқ қалпы түрінде аңғарылады.

Эксперименттік әдіс – бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам психикасына қарағанда жануарлар психикасы ерекше қарапайым келеді. Адам психикасының ең жоғарғы түрі – сананың болуымен ерекшеленеді. Адам – саналы құбылыс болып табылады. Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тарихи заңдылықтарға байланысты. Сана – адамның қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі тарихи дамуының жемісі, сондықтан да сананың даму процесі, оның әр көрінісі актісі адамзат қоғамы дамуының бүкіл барысымен және қазіргі әр жайт сайын ұшырайтын реалды тарихи жағдайлармен анықталады.

Жоғары білім психологиясының пәні – психологиялық заңдылықтар және жоғары мектептегі тәрбие мен оқыту процесінің тиімді шарты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Психология ғылымының пәні не болып табылады?

  2. Психологияның негізгі бағыттарын атаңыз.

  3. Психологияда қандай әдістер бар?

Негізгі әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М., 1995.

  2. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии.-М., 1997.

  3. Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.

  4. Сегизбаев О.С. История казахской философии.-Алматы, 1999.

  5. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

  6. Общая психология / Под.ред. А.В. Петровского.-М., 1986.

  7. Психологический словарь / Под.ред. В.В. Давыдова и др.-М., 1993.

  8. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М.: Академия, 2003.

  9. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  10. Педагогика и психология высшей школы: учебное пособие. – Отв.Ред. М.В. Буланова-Топоркова., Ростов н/Д: Феникс, 2002.

  11. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  12. Словарь персоналий. Психология от А до Я.. М., 1997.

Қосымша әдебиет:

  1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М., 1996.

  2. Леонтьев А.Н. Изб. Психологические произведения. М.: Педагогика, 1983.

  3. Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. М.: Педагогика, 1991.

  4. Романов В.В. Юридическая психология. – М., 1998.

2 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі адамның танымдық іс-әрекет психологиясы

Мақсаты: Студенттерге оқу процесіндегі адамның танымдық іс-әрекет психологиясын түсіндіру.

Кілтті сөздер: психикалық процесс, психикалық күй, психикалық қасиет, интеллектуалды қасиет, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Жоспар:

  1. Психикалық процестер

  2. Психикалық күй

  3. Психикалық қасиет

Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы біздер ойланамыз, ол біздің көңіл күйімізге әсер етеді, демек бір жағдайлар біздерді қызықтырады, ал кейбір жағдайларға мән бермейміз, яғни бізге бәрібір болып көрінеді.

Әр түрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, оларды ұнатамыз немесе ұнатпаймыз, кейбіреулері есімізде қалады немесе ұмытамыз т.с.с. Осы құбылыстардың барлығы – біздің психикамыз. Бұл құбылыстар психикалық құбылыстар. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар: түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б. Психикалық құбылыстар былай жіктеледі: 1) психикалық үрдістер; 2) психикалық жағдайлар; 3) психикалық қасиеттер.

Психикалық процесс – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әр түрлі формасы. Психикалық прцестерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық прцестердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық процестердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, ес, елес, қабылдау, қиял, өйлау, сезім және эмоция, ерік.

Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасы мен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық кейіп – психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипатайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесе енжерлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір-бірімен өзара байланысты.

Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын жөне жеке түлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқавда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Психиканың өмір сүруі органикалық өмірдің жоғарғы түрлерімен байланысты, психиканың пайда болуы тек ғана жануарлар мен адамдарға тән. Бір ерекше айта кету керек, бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам психикасына қарағанда жануарлар психикасы ерекше қарапайым келеді.

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі — сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы қүбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-өрекеті мен мінез-қүлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бүрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен төсілдерін жоспарлайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Психикалық процестерді атап шығыңыз.

  2. Психикалық күйлерді ата.

  3. Барлық психикалық қасиеттерді бейнелеп беріңіз.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Введение в практическуюпсихологию. М., 1995.

  2. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии.-М., 1997.

  3. Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.

  4. Сегизбаев О.С. История казахской философии.-Алматы, 1999.

  5. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

  6. Общая психология / Под.ред. А.В. Петровского.-М., 1986.

  7. Психологический словарь / Под.ред. В.В. Давыдова и др.-М., 1993.

  8. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М.: Академия, 2003.

  9. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М.: Аспект Пресс, 1995.

  10. Педагогика и психология высшей школы: учебное пособие. – Отв.Ред. М.В. Буланова-Топоркова., Ростов н/Д: Феникс, 2002.

  11. Самоукина Н.В. Психология профессиональной деятельности. – СПб.: Питер, 2004.

  12. Словарь персоналий. Психология от А до Я.. М., 1997.