
- •1.Ұйымдастыру кезеңі
- •2. Жаңа сабақ
- •3.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •5. Тіл дамыту
- •7. Сабақты қорыту.
- •8. Үйге тапсырма.
- •1.Ұйымдастыру кезеңі
- •2. Үй тапсырмасын сұрау.
- •3. Жаңа сабақ.
- •1.Ұйымдастыру кезеңі
- •2. Үй тапсырмасын сұрау.
- •1.Ұйымдастыру кезеңі.
- •2. Үй тапсырмасын сұрау.
- •Зат есімнің септік жалғаулары
- •1.Ұйымдастыру кезеңі.
- •2. Үй тапсырмасын сұрау.
- •5.Деңгейлік тапсырмалар.
- •6. Сабақты қорытындылау.
- •7. Үйге тапсырма.
- •8. Бағалау.
- •Vі .Үй тапсырмасы
- •Vіі. Бағалау.
- •3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
- •4.Шығармашылық тапсырма.
- •5.Деңгейлік тапсырмалар.
- •6.Тест жұмысы арқылы сабақты қорытындылау.
- •Салыстырмалы шырай
- •75 Жаттығу.
- •Сын есімдердің емлесі
- •Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі
- •3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
- •Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі
- •Сілтеу есімдігінің тәуелдену үлгісі
- •Септелу үлгісі
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері
- •Қалып етестіктерінің жіктелу үлгісі
- •Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі
- •Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі
- •Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі
- •Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі
- •Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі
- •3. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.
- •«Атасы мен Жұмахан»
- •2.Шығарма жазу.
- •4. Қорытындылау.
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі
жақ |
жекше |
көпше |
І ІІ
ІІІ |
Келдім, айттым, алмадым Келдің, айттың, алмадың Келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз Келді-,айтты-, алмады- |
Келдік, айттық, алмадық Келдіңдер, айттыңдар, алмадыңдар Келдіңіздер, айттыңыздар, алмадыңыздар Келді-, айтты-,алмады- |
жақ |
жекеше |
көпше |
І ІІ
ІІІ |
-м -ң (анайы түрі) -ңыз,-ңіз (сыпайы түрі) (жалғауы жоқ) |
-қ,,-к ңдар,-ңдер (анайы түрі) ңыздар,-ңіздер(сыпайы түрі) (жалғауы жоқ) |
Оқулықпен жұмыс.
148-жаттығу.
Тапсырма.
Оқып шығып, қазақ елі түрлі ұлттардың Отаны бола білгендігін түсініңдер.
Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Сабақты бекіту.
149-жаттығу.Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Бар. Ойна. Жүгір. Жарыс. Сөйле.
Үлгі: бар-бардым, бардың, бардыңыз, барды.
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым.
Одан да шықты жаңғырық. (Абай)
150-жаттығу.
1.Мәтінді оқу.
2. Жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазу.
3. Морфологиялық талдау жасау.
Қорытындылау.
Өткен шақтың түрлері.
Жедел өткен шақ қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.
Үйге тапсырма.
151-жаттығу.
А) Потанинге мінездеме беру.
Ә) Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді тауып жазу.
2. Ережені оқу.
Бағалау.
Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ.
Сабақтың
білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Бұрынғы өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
дамытушылық мақсаты:етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;
тәрбиелік мақсаты:адамгершілікке, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
151-жаттығу.
А) Потанинге мінездеме беру.
Ә) Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді тауып жазу.
Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.
Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.
- Етістіктің шақтары дегеніміз не?
- Өткен шақтың түрлерін ата.
- Жедел өткен шақ қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.
Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.
Мысалы:Сен мектепті бітіргенсің.Ол ауылға барыпты.
Жасалуы:
-ып,-іп,-птұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады. |
-ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.
|
ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшеге немесе ып,-іп,-п тұлғалы көсемшеге де (еді) көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады. |
Мен бар-ып-пын, сен кел-іп-сің, ол айт-ып-ты. |
Мен бар-ған-мын, сен ке-ген-сің, ол айт-қан. |
Оқыған едім, оқыған едік, білген екенсің, |
Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгілері
жақ |
жекеше |
көпше |
І ІІ
ІІІ |
айтыппын, келіппін айтыпсың,келіпсің айтыпсыз, келіпсіз айтыпты, келіпті |
айтыппыз, келіппіз айтыпсыңдар, келіпсіңдер айтыпсыздар, келіпсіздер айтыпты, келіпті |
І ІІ
ІІІ |
айтқанмын, келгенмін айтқансың, келгенсің айтқансыз,келгенсіз айтқан-,келген- |
айтқанбыз, келгенбіз айтқансыңдар, келгенсіңдер айтқансыздар, келгенсіздер айтқан-, келген- |
Оқулықпен жұмыс.
152-жаттығу. Оқып шығып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Тапсырма. Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, қайта жазып шығыңдар.
153-жаттығу. –ған,-ген,-қан,-кен формалы бұрынғы өткен шақ етістіктерін тауып, оларды теріп жазыңдар. Жедел өткен шақпен салыстырыңдар. Әңгімеге ат қойыңдар.
154-жаттығу.(ауызша)
Мәтінді оқып, Әлихан Бөкейхан жөнінде білетіндеріңді ортаға салыңдар.
Әлихан Бөкейхан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Ә.Бөкейхан қандай тұлға?
Мәтіннен оқығандарыңнан басқа Әлихан Бөкейхан туралы не білесіңдер?
Сабақты қорытындылау.
Бұрынғы өткен шақ қалай жасалады?
Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма.
1.154-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызу.
2. Өткен шақ түрлеріне қатысты етістігі бар 5 мақал-мәтел жазып келу.
2. Ережені оқу.
Бағалау.
Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы өткен шақ
Сабақтың
білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Ауыспалы өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
дамытушылық мақсаты:етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;
тәрбиелік мақсаты:адамгершілікке, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.154-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызу.
2. Өткен шақ түрлеріне қатысты етістігі бар 5 мақал-мәтел жазып келу.
Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.
Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.
- Етістіктің шақтары дегеніміз не?
- Бұрынғы өткен шақ қалай жасалады?
- Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығы неде?
Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Жіктеліп келіп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі)жұмсалады.
Мысалы:Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің?