Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 -сыныптын сабак жоспарлары.doc
Скачиваний:
530
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
3.13 Mб
Скачать

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі

Жақ

Ммн,біз

сен,сіз, сендер,сіздер

ол, олар

І

ІІ

ІІІ

мен-мін

біз-біз

сен-сің

сіз-сіз

сендер-сіңдер

сіздер-сіздер

ол

олар

Мәтінмен жұмыс.

97-жаттығу. Өлеңді оқып, есімдіктерді табыңдар. Олар есімдіктердің қай түрі екенін айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер.

  • Тапсырма. Ақынның кімді құрметтеңдер деп тұрғанын әңгімелеңдер.

98-жаттығу.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып, Баубек Бұлқышев жайында естеріңе түсіріңдер.

  2. Батыр жазушы нені өсиет етті?

  3. Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді тауып, қандай тұлғада келгендігін талдаңдар.

Өздік жұмысы.

Мәтінді оқып, Мағжан ақынның ақындық қасиетін өзіңе үлгі ет, ұлы адамдардың ізгі істері- үлкен тәрбие деп түсін.

Мағжан- алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың.

Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғыады. (Ж.Аймауытов)

  • Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын анықтап, олардың қай сөз табына жататынын айтып беріңдер.

  • Есімдіктерді табыңдар.

Сабақты қорытындылау.

-Есімдік дегеніміз не?

- Есімдіктің басқа сөз таптарынан ерекшелігі неде?

- Жіктеу есімдігі септелгенде қандай ерекшелік байқалады?

- Жіктеу есімдігі тәуелдене ме?

Үйге тапсырма.

1.97-жаттығу.

Мәтінді оқып, мазмұнын сұрақ-жауап әдісімен әңгімелеңдер.

Мәтінге байланысты сұрақтар дайындап келу.

Мәтіндегі жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеңдер.

Сабақ№ 2 Күні:_______________

Сыныбы:7

Пәні:қазақ тілі

Тақырыбы: Сілтеу есімдіктерінің түрленуі ( тәуелдену үлгісі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Сілтеу есімдіктерінің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру және оқушыларға сілтеу есімдіктерінің тәуелденуін, септелуін ұғындыру, ерекшеліктерін байқату.

Дамытушылық– оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік – оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі:түсіндіру, баяндау

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі:

ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Жіктеу есімдігін ата.

  2. Жіктеу есімдіктерінің септелуін ата.

ΙΙΙ. Жаңа сабақ.

Сабағымыздың мақсаты сілтеу есімдіктерінің тәуелденуі мен септелуін ажыратып, түсініп, оның ерекшеліктерін байқау және осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Сілтеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімше тәуелденеді және септеледі.

Сілтеу есімдіктері септелгенде заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Септелгенде олардың мынандай рекшеліктері байқалады:

  1. Бұл, ол, сол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі;

а) ілік, табыс, жатыс септіктерінде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады.

ә) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н дыбысына айналады.

б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында ы дәнекері пайда болады.

  1. Барыс септік жалғауы – ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады;

3. Осы, бұл, ол, сол сілтеу есімдіктері табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып, бастауыш болғанда сызықша қойылады.

Мысалы:

1)Бұлар - станцияның маңдай алды құрылысшылары.

2) Бұл – аңыраған ана Наталья.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]