Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

распечатать на среду / фил реферат

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
21.44 Кб
Скачать
  • Қазақстандағы діни жағдай және оның ұлттық санаға әсері

Қазақстандағы діни жағдай және оның танымдық негіздері мен ерекшеліктері.

Кез келген мемлекеттің басты қазынасы - адам оның өмірі мен бостандықтары және құқықтары екендігі анық. Елімізде жүргізіліп отырған саясаттың барлығы осы қағидаға негізделетіндігін біз тәуелсіздік алған жылдар ішінде орын алған оң өзгерістерден көре аламыз. Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды.  Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. (1) Біздің қазақ халқы –мұсылман, діні – ислам екендігі үнемі                      Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Мемлекет халықсыз болмайды, халықсыз билік болмайды, ал дінсіз халық болмайды Қазақстанда тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан мәнді өсуі болды. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе өсіп кетті, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынуда – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар салынды. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті.. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік.(2) Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат. Осынау рухани дәстүр , жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы, Қазақстандағы конфессияаралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.                                              Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносатараралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымлмыз. Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып бамытыла береді. (3) Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді.  (4) Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз, ата-бабамыздан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал.(5) Осы ретте тарих сахнасындағы діни сипаттар мен танымдардың өтпелі кезеңдегі жағдайлары, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діннің нақты қайта өркендеуі жүзеге асты. 1989 ж. 1 қантарында Қазақстанда 671 діни бірлестік, 20 конфессия мен деноминациялар болды. 20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны  6 есеге өсіп, 2011ж. 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді. Діни бірлестіктердің жалпы санында келесілер бар: ислам – 2756, Орыс православие шіркеуі – 303, рим-католиктік шіркеу – 84, протестанттық және жаңа діни ағымдар – 1301. Діни бірлестіктерге 3377 діни ғимараттар тиесілі, олардың ішінде 2416 – мұсылман мешіттері, 269 – православие шіркеулері, 88 – католиктік костелдер, 5 – синагога, сондай-ақ басқа да протестанттық және т.б. шіркеулер. Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер бар. Осы таңда республикада 20 елден келген 400-ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Алайда, миссионерлердің ісі мен әрекеттеріне, олардың бағдарламаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, ғылыми және өркениеттік мәндегі сараптамалар жасау қажет екендігін айту керек.(5) Жалпы Қазақстан аумағында діни танымдық түсніктердің маңыздылығы өскен олардың серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрнеді.

Елімізде 17 діни конфессия бар

3088 діни бірлестік қайта тіркелді

2228 мешіттер

269 православ шіркеуі

4 иудаизм бірлестігі

Жалпы, діннің оның барлық кө­ріністеріндегі әлеуеті әлемдік деңгейде артып отырғандығы ақиқат, сол себепті дін саласына жіті көңіл бөлу - тек біздің елімізде ғана емес, барлық мемлекеттерде жүзеге асып жатқан үдеріс.

Жалпы Қазақстан аумағында діни танымдық түсніктердің маңыздылығы өскен олардың серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрнеді.

– әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде;

– халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктердің әсері өсуде;

– діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда;

– шет елдерден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік және насихаттау әрекеттері жандануда.

Сөз соңы өнегелі салиқалы сара саясатымен айқын болған ел басы Н.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы дара сөзімен тамамдағым келеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз,  ата-бабамыздан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала» газеті, №5, 04.02.2005 ж.

2.Діни экстремизімнің алдын алу мәселелелі Шымкент қаласы-2010ж

3. Н.Назарбаев. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Салтанатты жиналыста

сөйлеген сөзінен.  Тәуелсіздік сарайы,  15.12.2011 жыл.

4. Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор: Жаңа діни ахуал: мүмкіндіктер мен қатерлер «Егемен Қазақстан»

Соседние файлы в папке распечатать на среду