Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ практ.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
314.88 Кб
Скачать

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

Пән: Экономикалық теория негіздері

ҚТИМФ

2 кредита

3 семестр 2008-09 оқу жылы

Тәжірибе №2 Қогамдық ондірістің негіздері

Асс.проф. Суанбаева У.Н.

Экономикалық қатынастар – адамдар арасында қызметтер мен материалды рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметтің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында 4 сатыдан тұрады. Олар - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғам-ң өнімнің қозғалыстағы орнына қарай экономистер әртүрлі бағыттар ұсынады. Біреулер бұл саты шешуші мағынаға ие дейді.

Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбастау процесі.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игілектерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмәмданушысы болып табылады.

Тұтыну екі сипатта - өндірістік және өндірістік емес болады.

Өндірістік емес тұтыну- жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.

Жеке тұтыну- бұл адамдардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қоғамдық тұтыну- қоғамның ғылымға, мәдениетке, білімге, басқаруға және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады. Яғни, оларды ұдайы өндіріп тұру қажет. Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар.

Жай ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл оның шығындарына қатынасымен анықталады.

Қоғамның әлеуметтік құрылысы- әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жайдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңнан елдегі зейнетақы, жәрдемақы төлеу, мүгедектерге, аурулармен басқа да еңбекке жарамысз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайы тәуелді. Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады:

а) табиғат берген сыйлары табиғи ресурстарды құрайды. Әлемде іс жүзінде барлық табиғи ресурстарға аса бай елдер: Ресей, Қазақстан, АҚШ, Қытай мемлекеттері жатады. Көптеген елдер өзінің экономикалық қызметін ресурстарының табиғи шектелмегендігі жағдайында жүзеге асырады. Өз кезегінде шікізат материалдары қоғамдық өндіріске тартылып және онда сан мәрте өңделген соң ғана экономикалық ресурстарға айналады. Қазіргі заманғы өнеркәсіп 75%-ке дейін зор көлемде шикізатты жұмсайды. Табиғи ортаның екінші маңызды элементі еңбек ресурстары. Олардың материалдық немесе өндірістік сфераларда қамтылған белгілі экономикалық белсенді халықты құрайды. Батыстың дамыған елдерінде бұл барлық еңбек ресурстарының 70%-не, ал дамушы елдерде 45-55%-не тең.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Экономика және адам. Адамның экономикалық қызметтері (іс-өрекеттері).

2.Экономикалық мүдделер және экономикалық іс-әрекеттің басқа да ішкі себептері, Экономикалық адамның оңтайлы (үтымды) іс- эрекеттерінің үлгі-моделълері.

3.Қоғамдық өндірістің қүрылымы.

4.Өндіріс жөне үдайы өндіріс. Өндіру, бөлу, айырбастау жөне түтыну. Жай жоне үлгаймалы (экстенсивті, интенсивті) үдайы ондіріс.

5.Экономикалық игіліктердің үдайы айналымы және экономикалық түлгалардың озара іс-әрекеттері.

ТЕСТ

"Саяси экономия" сөзiн алғашқы болып өз еңбегiнiң атауы ретiнде алып, ғылыми қолданысқа енгiзген:

А) Адам Смит.

В) Аристотель.

С) Антуан де Монкретьен.

D) Карл Маркс.

Е) Альфред Маршалл.

Экономикалық теория пәнiн ең толық ашатын анықтаманы таңдаѕыз:

А) экономика қоғамның әлеуметтiк-экономикалық құрылымын зерттейдi

В) экономика товарлардың өндiрiсi мен бөлiнiсiн қамтитын iс-шараларды зерттейдi.

С) экономика халық шаруашылығына әсер ететiн экономика өлшемдерiн (баға, өндiрiс, жұмыссыздық және т.б.) зерттейдi.

D) экономика ақша, банк жүйесiн, капиталды зерттейдi.

Е) экономика қоғам мїшелерiне қажеттi товарлар мен қызметтердi өндiруде қолданылатын шектеулi ресурстардың тиiмдi пайдалануын зерттейдi.

Экономикалық теория:

А) барша экономикалық жүйелердi оқып-бiлу үшiн жарамды.

В) тек қана капиталистiк шаруашылық жүйесiн зерттеп-бiлу үшiн қажет.

С) социализмге сипатты экономикалық қатынастарды зерттеуде пайдалы болуы мүмкiн емес.

D) барша экономикалық жүйелердi оқып-бiлу үшiн жарамсыз.

Е) индустриадан бұрынғы жүйелердi танып-бiлуге жарайды.

Экономикалық теория ненi зерттейдi:

А) ұйымдастыру-экономикалыќ жјне јлеуметтiк-экономикалық қатынастарды. және адамдардың экономикалық iс-әрекеттерiн.

В) ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтiк-экономикалық қатынастарды.

С) қоғамның өндiргiш күштерiн және адамдардың экономикалық iс-әрекеттерiн

D) адамдардың экономикалық iс-әрекеттерiн және адамдардың экономикалық iс-әрекеттерiн

Е) өндiрiстiң технологиясын және адамдардың экономикалық iс-әрекеттерiн

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2009.Есполов

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]