Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-apta_.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
25.02.2016
Размер:
358.39 Кб
Скачать

Емханада

Бiр жерi ауырған адам дәрiгерге қаралу үшiн, емханаға барады. Емханада ол алдымен тiркеу бөлiмiнен өзiнiң сырқатнамасын алады. Сонан соң учаскелiк терапевке барады. Терапевтер – кең ауқымды дәрiгерлер. Олар барлық iшкi ауруларды емдейдi. Терапевт науқастың жүрегiн, өкпесiн тыңдайды, қан қысымы мен дене қызуын өлшейдi, түрлi сұрақ қою арқылы ауруын анықтайды. Егер ауруын дәл анықтай алмаса, қанын, зәрiн, нәжiсiн, қақырығын анализге тапсыруға жолдама бередi. Рентгенге түсуге, жүрек қызметiн жаздыруға жiбередi. Дәрiгер барлық анализдердiң қорытындысы бойынша дәл диагноз қойып, ем тағайындайды. Ауруын дәл анықтай алмаса, тар ауқымды маман-дәрiгерге жiбередi. Емханада терапевтерден басқа арнайы бiр саланың маман-дәрiгерлерi бар. Олар: бала, тiс, көз, құлақ-мұрын, жүрек, бүйрек аурулары дәрiгерлерi. Ағзасы зақымданған, жарақаттанған адамды қарап, емдейтiн дәрiгер – травматолог деп аталады. (А.Ақыжанова)

Тапсырма: Негізгі сөздерді жазыңыз.

6. Берiлген үлгiге сүйене отырып, әңгiме- сұхбат құрастырыңыз.

А. Сәлеметсiз бе?

Ә. Сәлеметсiз бе? Отырыңыз.

А. Сiздiң қай жерiңiз ауырады?

Ә. Басым ауырады.

А. Дене қызуыңыз көтерiле ме?

Ә. Кешкiсiн көтерiлдi.

А. Ауырғаныңызға қанша күн болды?

Ә. Кешеден берi ауыра бастадым.

А. Жөтелесiз бе?

Ә. Аздап жөтелiп жүрмiн.

А. Iшiңiз ауыра ма?

Ә. Жоқ, iшiм ауырмайды.

А. Ұйқыңыз қалай?

Ә. Ұйқым аздап мазасыздау. Түнде бiрнеше рет оянып кетiп жүрмiн.

А. Аузыңызды ашыңыз. Тамағыңыз аздап қызарыпты. Жейдеңiздi шешiңiз. Терең дем алыңыз. Дем алмаңыз. өкпеңiз таза, ешқандай қауiп жоқ. Сiзге аздап салқын тиген екен. Мен сiзге дәрi жазып беремiн. Оны сiз дәрiханадан барып аласыз. Денеңiздi жылы ұстаңыз. Бал қосып, ыстық шай iшiңiз.

Ә. Жақсы, рахмет. Сау болыңыз!

А. Сау болыңыз!

7.Тапсырма: Берiлген сөздердiң синонимдерiн, антонимдерiн табыңыздар. Ауыру, ауру, жазылу, қаралу, кеңесу. Сөйлем құраңыз.

8. Мәтiндi түсiнiп оқыңыз

Аурухана

Сырттай емделiп, жазылмаған адамдар, жедел дәрiгерлiк жәрдем қажет ететiн ауыр науқастар, созылмалы аурулары бар сырқаттар ауруханаға жатады. Науқас адам алдымен қабылдау бөлiмшесiне келедi. Сонан соң ол жерде сырқатнамасын толтырып, ауруына қарай тиiстi бөлiмшеге жiберiледi. Ауруханада аурулардың түрлерiне қарай мамандандырылған бөлiмшелер бар. Ол жерде ауруды емдеушi дәрiгер мен мейiрбикелер қабылдайды. Ауруханалар жан-жақты және мамандандырылған болады. Сызғанов атындағы, Жарбосынов атындағы, №5 қалалық клиникалық ауруханалар–мамандандырылған ауруханалар.

Сызғанов атындағы ауруханада дененiң түрлi мүшелерi мен ағзаларына күрделi оталар жасалады. Бұл жерде ең бiлiктi оташы-мамандар жұмыс iстейдi. Бұл – республикалық хирургиялық орталық. Жарбосынов атындағы аурухана –бүйрек ауруларына мамандандырылған республикалық орталық. №5 клиника-лық аурухана республикалық бет-жақ ауруларының орталығы болып саналады. Бұл жерде ауыз қуысының, бет пен жақтың түрлi аурулары, зақымдары емделедi. Бұлардан басқа тағы қатерлi iсiктердiң ғылыми-зерттеу орталығы, көз ауруларының ғылыми-зерттеу орталығы бар.

Қала орталығында орналасқан жедел дәрiгерлiк көмек ауруханасы мен Қалқаманда орналасқан №1 және № 7 ауруханалар жан-жақты, көп салалы ауруханалар. Оларда iшкi аурулардың бәрiн емдейтiн бөлiмшелер бар. Алматы қалалық клиникалық № 7 аурухана аурулардың барлық түрiн емдейдi. Бұл – 35-тен аса бөлiмшелерi мен бөлiмдерi бар 1000 төсектiк iрi емдеу орны. Аурухана қазiргi заман талаптарына сай жаңа тексеру, емдеу аспаптарымен жабдықталған. Ересектердi емдейтiн бұл ауруханалардан басқа балаларға арналған бiрнеше аурухана бар. Олар негiзiнен көп салалы емдеу орындары. Тек жұқпалы аурулары бар науқастар ғана арнайы ауруханада жатып емделедi. (А.Ақыжанова)

Тапсырма. Сұрақтарға жауап берiңiз.

  • Емханаға кiмдер барады?

  • Алматыда қандай ауруханалар бар?

  • Терапевтер қандай мамандар?

  • Тар ауқымды қандай маман-дәрiгерлердi бiлесiз?

  • Ауруханада кiмдер емделедi?

9. Берiлген үлгiге қарап әңгiме-сұхбат құраңыз.

А. Сәлем, Әсел!

Ә. Сәлем, Қанат!

А. Сен қайда барасың?

Ә. Мен кiтапханаға бара жатырмын.

А. Сен ше?

Ә. Мен ауруханаға барамын.

А. Ауруханаға неге барасың? Оған дейiн немен барасың?

Ә. Ауруханаға досымның көңiлiн сұрауға барамын. Оған дейiн автобуспен барамын.

А. Сау бол!

Ә. Сау бол!

9. Мәтінді оқыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]