Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_kaz_GPP_s_otvetami_M_i_E.docx
Скачиваний:
55
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
90.32 Кб
Скачать

2103 Нұсқа Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

1. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы – бұл:

+A) Азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы

B) Азаматтық сот ісін жүргізу түрлері

+C) ҚР және шетелдердегі азаматтық іс жүргізу құқығының даму заңдылығы, маңызы, сипаты табиғаты туралы теориялар, концепциялар, көзқарастар жүйесі, оның тәжірибеде қолданылуы

+D) Азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуының зерттелуі

E) Отбасы, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастардан пайда болатын дауларды шешу бойынша серіктестік соттардың қызметі

F) Азаматтық істерді қараудың тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын құқық саласы

G) Азаматтық құқықтық дауларды шешу бойынша соттардың қызметін реттейтін нормалар жүйесі

H) Экономикалық дауларды шешу бойынша экономикалық соттардың қызметі

2. Азаматтық іс жүргізудің принциптері:

A) Қадағалау өндірісі бойынша шағымдану

B) Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары

C) Азаматтық іс жүргізу нысаны

D) Атқарушылық іс жүргізу тәртібі

+E) Сот ісін жүргізу тілі

+F) Заңдылық

+G) Сотта істі қараудың жариялылығы

H) Азаматтық іс жүргізу қайнар көзі

3. Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары:

+A) іс бойынша куәлардың қатысуымен өткенде туындайды

+B) іс бойынша сарапшының қатысуымен өткенде туындайды

C) іс бойынша сот пен тараптар арасында болады

D) іс бойынша үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде туындайды

E) іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың қатысуымен өткенде туындайды

F) іс бойынша талап қоюшы мен сот арасында болады

G) іс бойынша сот пен арыз беруші арасында болады

+H) іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының қатысуымен өткенде туындайды

4. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың тәртібі:

A) сот ісін жүргізудің әр сатысында мүмкін

+B) жауапкер тиісті емес екені істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта анықталады

C) жауапкердің келісімінсіз ауыстырылмайды

D) тиісті емес талап қоюшыны ауыстырудың тәртібіне ұқсас

E) сот тек қана өз бастамасымен ауыстыра алады

F) тек қана істі қайта қарағанда мүмкін болады

G) ондай тәртіп заңнамада қарастырылмаған

+H) тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы талап қоюшының өтініші болу керек

5. Азаматтық іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіретін процеске қатысушылар:

+A) талап қоюшы

+B) даулардың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар

C) аудармашы

D) сарапшы

E) сот приставы

F) жауапкердің өкілі

+G) даулардың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар

H) хатшы

6. Сот отырысына прокурор келмей қалғанда сот не істейді:

A) сот отырысына келмегені үшін прокурорға айыппұл салады

B) сот ісін қарауды тоқтата тұрады

+C) прокурордың себепсіз келмеуі туралы жоғары тұрған прокуратураға хабарланады

+D) істі прокурордың қатысуынсыз қарайды

E) келесі сот отырысының уақыты мен орны белгіленеді

F) азаматтық іс тоқтатылады

G) тараптар келісімімен прокурордың қатысуынсыз істі қарайды

+H) азаматтық істі қарау кейінге қалдырылады

7. Заңды өкілдер болып табылатын тұлғалар:

A) дербес талап мәлімдейтін үшінші жақтар

B) адвокаттар

+C) қамқоршылар мен қорғаншылар

D) заңи кеңесшілер (юрисконсульттар)

+E) асырап алушылар

+F) ата-аналары

G) кез келген отбасы мүшелері

H) кез келген мемлекеттік органдар

8. Заңды өкіл бола алады:

A) Судья

+B) Қамқоршы мен қорғаншы

C) Мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлері

D) Адвокат

E) Ортақ іске қатысушылардың біреуі адвокат, юрисконсульт

F) Юрисконсульт

+G) Ата-ана, асыраушы

+H) Ата-ана, асыраушы, қамқоршы мен қорғаншы

9. Бір ай мерзім ішінде азаматтық іс қаралып, шешілуге тиіс:

A) әкелікті тану туралы

+B) алимент өндіріп алу туралы

C) бала асырап алу туралы

D) адамды хабар ошарсыз кетті деп тану туралы

E) азаматтың әрекеті шектеулі деп тану туралы

F) заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы

+G) мемлекеттік органдарының шешімдеріне дау айту туралы

+H) жұмысқа қайта орналастыру туралы

10. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптарының соттылығы:

A) жалпы соттылық деп есептеледі

+B) мұраға қалдырылған мүліктің негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады

C) шарттық соттылық болып табылады

+D) мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың соттауына жатады

E) талап қоюшының таңдаған соттың соттауына жатады

F) шарттық соттылыққа жатады

G) өзара байланысты бірнеше істің соттылығы деп аталады

+H) ерекше соттылық болып табылады, тек заңда белгіленген соттың соттауына жатады

11. Дәлелдеуге жатпайтын деректер:

+A) преюдициалды деректер

B) куәлардың айғақтары

C) жалпыға белгісіз деректер

D) іске қатысты мән-жайлар

+E) даусыз деректер

F) талап қоюшының көрсеткен деректері

+G) жалпыға белгілі деректер

H) прокурордың түсініктемелері

12. Ведомстволық бағыныстылықтың түрлерін атаңыз:

A) қалалық соттарға ведомстволық бағыныстылық

B) тектік ведомстволық бағыныстылық

+C) ерекше ведомстволық бағыныстылық

D) жалпы аумақтық ведомстволық бағыныстылық

+E) балама ведомстволық бағыныстылық

+F) талаптардың байланысы бойынша анықталатын істердің ведомстволық бағыныстылығы

G) аудандық соттарға ведомстволық бағыныстылық

H) аумақтық ведомстволық бағыныстылық

13. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызылатын азаматтық істер:

A) тасымалдаушыға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар

+B) тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талаптар

C) жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы талаптар

+D) жалақыны өндіріп алу туралы талаптар

+E) некені бқзу туралы талаптар, талап қоюшының денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайда

F) қылмыстық істен туындайтын талап

G) бір арызға біріктірілген, әртүрлі соттардың соттауына жататын талаптар

H) дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы

14. Жазбаша дәлелдеме:

+A) Іс үшін бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер

B) Дәлелдеменің растығы

C) Куәнің айғақтары

D) Соттың тапсырмасы

E) Ғылыми-техникалық құралдары

F) Дәлелдеменің бағалануы

+G) АІЖК 81-бапта көзделген іскерлік немесе сипаттағы хаттар

+H) Құжаттар

15. Азаматтық істі бірінші сатыдағы сотта қараудың бөлімдері:

A) дәлелдемелерді бағалау

+B) әзірлеу бөлімі, істі мәні бойынша қарау

C) дәлелдемелерді анықтау және ұсыну

D) дәлелдемелерді жинау

+E) шешім шығару және оны жариялау

F) азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу

G) азаматтық істі қозғау

+H) сот жарыссөздарі, прокурордың қорытындысы

16. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басталуы негіздерін атаңыз

A) Сотта істің аяқталуы

+B) Заңды деректер

+C) Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік

+D) Азаматтық іс жүргізу нормасы

E) істің аяқталуына заңды мүдденің болуы

F) Іс жүргізу міндеттері мен құқықтары

G) Сотта істі қозғалуы

H) Талап қоюшымен мемлекеттік бажды төлеу

17. Істі дайындау кезінде судьяның міндеттері:

+A) істі дайындау кезінде судьяның алдында дәлелдеу пәнін, іске қатысушы тұлғалар құрамын анықтау және іске барлық қажетті дәлелдемелік материалдарды жинау және тараптардың құқықтық қатынастары мен басшылыққа алынатын заңды анықтау міндеттері тұрады

B) қажетті дәлелдемелерді жинау

C) тараптардың қатысуымен істі қарауды қамтамасыз ету

+D) істі дайындау кезінде судьяның алдында дәлелдеу пәнін, іске қатысушы тұлғалар құрамын анықтау міндеттері тұрады

E) сотта іс қарау сот отырысында жүргізіледі

+F) іске барлық қажетті дәлелдемелік материалдарды жинау және тараптардың құқықтық қатынастары мен басшылыққа алынатын заңды анықтау

G) сараптама актісін жерінде қарау

H) тараптардан сұрау, куәлардан жауап алу

18. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларына шағымдану субъектілері:

+A) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам

B) үшінші тұлға

C) сарапшы

D) куәгер

E) маман

F) сот хатшысы

+G) жәбір көрген заңды өкілдері мен қорғаушылар, егер тиісті өкілдік берілсе

+H) жәбір көрген адамдар

19. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту:

A) Іс бойынша іс жүргізу прокурордың ұйғарымымен қысқартылады

+B) Талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса

C) Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болмаса

D) Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасамаса және оны сот бекітсе

+E) Іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқықмирасқорлығына жол бермесе

F) Іс бойынша іс жүргізу срапшының қорытындысынан соң қысқартылады

G) Іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатса

+H) Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе

20. Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейінгі әрекеттері:

+A) шағымға, наразылыққа қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысушы адамдарға жіберу

+B) шағымның, наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы адамдарға жіберу

C) істі қарауға әзірлеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру

+D) істі апелляциялық сатыға жіберу

E) істі сотта қарауға дайындау

F) сараптама тағайындау

G) азаматтық істі қозғау

H) апелляциялық шағым апелляциялық сатыдағы сотқа тікелей жіберіледі

21. Азаматтық сот ісін жүргізу түрі:

+A) Талап қою бойынша іс жүргізу

B) Шарттық өндіріс

+C) Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

D) Атқарушылық өндіріс

E) Конституциялық өндіріс

F) Қадағалау өндірісі

+G) Ерекше өндірісі

H) Төрелік өндіріс

22. Қадағалау тәртібімен өтініштерді, наразылықтарды қарайтын сот:

+A) ҚР Жоғарғы Соты

B) Облыстық сотының азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы

C) Сот жүйесінің облыстық соттары

D) Облыстық сотының қадағалау сот алқасы

E) Облыстық және оларға теңестірілген соттар

+F) ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы

G) Облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы

+H) ҚР Жоғарғы Сотының жалпы отырысы, заңда белгіленген жағдайларда

23. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару негіздері:

A) іске қатысушы тұлғалар сот отырысына келмесе

B) іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық анықталмаса

C) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтамаса

+D) егер шешім қабылдаған сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға алмаса

E) материалдық құқық нормалары бұзылса

F) тараптардың айтысуы мен теңқұқықтылығы қағидасы бұзылса

+G) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіруден бас тартылғанын анықтаса

H) егер тараптарда жаңа дәлелдемелер бар болса

24.Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына наразылық келтіру құқығы кімге берілгенін көрсетіңіз:

+A) ҚР облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешімдеріне наразылық келтіруге құқылы

B) Тек қана облыс прокурорына

C) Тек қана аудан прокурорына

+D) Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі

E) Прокурордың орынбасарына

+F) ҚР Бас прокуроры және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешімдеріне наразылық келтіруге құқылы

G) Қала прокурорына

H) Тек қана прокурордың көмекшісіне

25. Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін шешімдері:

+A) соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана мәртебесін қозғайтын

B) әділет министрлігінің рұқсатымен

C) жылжымайтын мүлік жөніндегі шешімдер

+D) егер некенің бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері ҚР да танылады

E) шетел консулдығының рұқсатымен ғана

+F) егер некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық және шетелдік азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы

G) халықаралық шартта көрсетілген шешімдер

H) ондай шешімдер заңда көзделмеген

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]