Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать

9 Лекция. Кәсіпкерлік капитал

1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы

1. Капитал (ағылшынша – бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып өалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.

Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтардың капиталға алмасуы болып табылады. Бұл жағдай Европада XVI – XVIII ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттары, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілетттеріне жол ашты.

Біріншіден, Еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі – бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болды.

XVI – XVIII ғғ. Батыс Европада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл заңдар тарихқа «экспрприяцияланғандарға қарсы қанды заңдар» атымен кірді. Өйткені бұл заңдар экспрприяцияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.

Екіншіден Елдің ішкі жағында эконмикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден шекараларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алды – бұнда ленддлортдар шаруалардың жерін тартып алып, « қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардың жерді тікелей тартып алу кең өріс алды.

Үшіншіден, Капиталдың барлық нысандары – сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік – екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал – жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.

Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар – ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.

Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезеңді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану прцесімен теңдестіреді. Бірақ бұл прцестер бір –бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан дерективтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл - әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әсерлеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесін, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді

Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер тобының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көзі бар.

Ішкіге алдымен жекешелендіру жатады. Ол мемлекеттік меншікті келесі әдістер арқылы бөлугетмүмкінік береді:

  • өнеркәсіптің ауыр ( бұның ішінде әскери - өнеркәсіп кешені )және жеңіл салалардаы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;

  • капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;

  • жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;

  • таңдаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бртерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;

сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;

«челнок» импортының түскен табысты алу;

Мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;

Коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.

Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызы мынады: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкенрлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ

университеті.1988.