
Журналистердің қауіпсіздігіне кімдердің қауіп төндіруі мүмкін?
Журналистердің зерттеу жүргізген кезіндегі қауіпсіздігін қарастыру шараларын БАҚ пен зерттеушілердің өздері де ойластырады, оларды құқық қорғау органдары мен (ең құрығанда заң деңгейінде) мемлекеттік жүйелер қорғайды. Бұл проблемаға сәйкес біраз кітаптарда жазған (мысалы: Журналистер зерттеуі Дж.Уоллмен: жаңа техникалар мен тәсілдер; Шум Ю. Зерттеу журналистикасы: методикалық құрал; Константиновтың жалпы ред. Зерттеу журналистикасы).
Басқа да адамдар сияқты журналистің (әр түрлі жағдайда) өзінің толық қауіпсіздігіне сенімді болуы екі-талай. Бірақ қауіптің кішкене де болсын мөлшерін төмендетуге болады. Бұған жету үшін бірнеше шарттарды орындау керек. Біріншіден зерттеу барысында қай жағынан агрессия келіп тұрғанын байқап алу. Кім оның өміріне қауіп төндіретін? Бұл сұрақтың жауабына бұрыннан келе жатқан сұрақ формуласы «Кімге керек?» деген жауапты айтуға болады. Басқаша айтқанда оған қауіп төндіріп тұрған адамды білу үшін өзінің зерттеу жүргізіп жүрген ортасында кімге оның зерттеуі бөгет ететін адам қауіп төндіретіні белгілі болады.
Зерттеуші журналистің кез келген сөзі өзіне қарсы қойылуы мүмкін. Тәжірибелі журналистер кінәләу формаларының орнына сұраулы формаларды жаудыртады.
Зерттеулер көп жағдайда өз фамилияларымен жазылмайды, керісінше топ аттары немесе авторлар тобы ретінде жазылады. Әрине егер басылымға қарсы болғандар сотқа жүгінсе, ол авторларды редакциядан тауып алады. Дегенмен де мұндай түрдегі сақтық ол адамдарды сотсыз көшеде ұстап алу немесе өміріне қауіп төндіруден сақтайды.
Журналистерге оқыс жағдайда шабуыл жасаса, олар қорғана ала ма? Бұл сұраққа жауап әртүрлі. Бұндай жағдайда зерттеуші журналист қауіпті шекке келіп тірелгенде аса сақ болу керек, өзінің қауіпсіздігіне бар жағдайды жасауы керек (оған төнейін деп тұрған қауіп жөнінде милицияға немесе ФСБ-ға (федералды қауіпсіздік қызметіне) өтініш жазып кетуі керек, достарынан, қызметтестерінен, таныстарынан көмек сұрауы керек).
Психологиялық қысым көрсету
Бұндай қауіп журналистердің өз жұмысын тастап кетуіне бағытталған күш. Психологиялық күш көрсетудің бірнеше түрі бар, мысалға оның жұмысына араласпауын ескертіп, қорқытып қайта-қайта телефон соғуы мүмкін, хаттар жазу, оның әйелінің жұмыс графигін білетіндігін айту, баласы неге тымауратып жүргенін сұрау сияқты бірталай қысым көрсету түрлері бар. «АиФ» газетіне басылған өткір материалды жазған журналистің артынан қара мерседес аңдып жүрген. Олар оны зерттейін деп жүрген ісінен бас тартуы үшін жай ғана қорқытпақшы болған. Журналист отбасына қауіп төнерін білген соң, оларды қауіпсіз жаққа апарып тастайды.
Табылған ақпараттарды жойып жіберу қауіпі
Кез келген адамға, кімнің ісін журналист зерттеп жүрсе, сол адамға оның тапқан ақпараттары үлкен қауіп әкеледі. Журналистің тапқан деректеріне шабуыл жасау түрлері әртүрлі болады. Бұлар: телефонды жасырын тыңдау (бұл әрине қиын бірақ жасауға болады), компьютердегі деректерді ұрлау, почта арқылы т.б. Сондықтан да зерттеуге қатысты ақпараттардың бәрін бір жерде сақтауға болмайды, әсіресе компьютердегі. «Версия» газетінде жарияланған американдық су асты кемелері (спутник арқылы түсірілген фоталар) ресейлік «Курск» кемесін батырған деген деректерді ұстағаны үшін бір кездерде редакцияға заң қорғау органдары кіріп келіп журналистің компьютерін база негізімен қоса алып кеткен. Бұндай жағдайдан қорғанудың амалы компьютердегі деректерді басқа диск пен дискеталар іспетті қосымшаларына көшіріп алу керек те, басқа жерде сақтау қажет.
Журналист өз зерттеуінің анық-қанығына жетіп алмайынша, ешкімге айтып керегі жоқ. Практикада дәлелденгендей, ақпаратты алғысы келген адамдан бөлек конкуренттер де болады.