Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Журналистік деп.Журналистік жауапкершілік.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
659.97 Кб
Скачать

Аталмыш электронды дәрістерде «Журналистік шеберлік» деп аталатын оқу пәнінің негізгі лекциялық және практикалық сабақтарына қажетті библиографиялық ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдары, қосымша әдебиеттер толықтай қамтылды. Әр тарау, тақырыптар бойынша жүйеленіп берілді.

«Журналистік шеберлік» аталатын пән осы сала бойынша барлық білімдер жиынтығын меңгеру мақсатында жасалды. Пән бойынша телеарна, радио, баспасөздегі шеберлік мәселелері толық сөз болды. Олар ұлттық журналистика ғылымы материалдармен негізделген. ОӘК қазіргі кездегі кездегі қойылатын талапқа сай орындалған.

Бұл пән «Журналистикаға кіріспе», «Тележурналистика», «Радиожурналистика», «Журналистің сөйлеу әдебі» пәндерін оқуда қолданыла алады.

Пән аясында студенттер оқып-үйренуге, меңгеруге тиісті мәселелер:

  • журналистің тілі мен стилі;

  • ақпарат жанрлары, журналистік зерттеу, фотожурналистика, сұхбат туралы ғылыми еңбектерді меңгеру;

  • Қазақстан және шетел журналистерінің шеберліктеріне талдау жасау.

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:

  • аға журналистердің іс-тәжірбиелері негізінде қалыптасқан журналистік шеберліктің негіздерін үйрету;

  • қазіргі заманғы журналистерге қойылатын талаптарды белгілеп беру;

  • кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында студенттерге тәжірибелік тұрғыдан білім беру, теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, журналистік шығармашылықтың қыр-сырына баулу.

1 дәріс.

Кіріспе. Журналистік әдеп. Журналистік жауапкершілік.

Дәріс жоспары:

  1. Журналистің моральдық-этикалық ерекшеліктері.

  2. Журналистік зерттеулердің этикалық жағы

  3. Адамдармен қарым-қатынасының дұрыс болуы

Дәріс мәтіні:

Кіріспе. Журналистің моральдық-этикалық ерекшеліктері.

Шығармашылық ізденістер журналист кәсібінің негізі болып табылады. Шеберлік мәселесенің қоғамның барлық саласын қамтитын журналистикадағы алар орны ерекше. Заман өскен сайын біліміміз де байып, өзгеріп, өрлеп, жаңарып, жасарып келеміз. Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр-сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады. Ақпарат жинаудың түрлі әдіс-тәсілдері болады. Журналистикада небір жарқынүлгілері бар қарапайым әрі тиімді әдіс сұқбаттан бастап, сауалнамалық сұрақ-жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық тест т.б. әдістерді журналист сауатты пайдалана алуы тиіс. Журналистің жазу шеберлігі, теледидардағы өзін-өзі ұстауы, радиодағы сөз саптауы қашан да жоғары талап үрдісінен көріне білуі тиіс. Осы орайда бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарындағы кейбір журналистік өнімдердің сын көтермеуі журналистік шеберлікті толық меңгермегендіктен. Тақырып таңдаудан бастап, оны оқырманға жеткізгенге дейінгі аралықтағы журналист еңбегі кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткенде ғана ол публицистика деңгейіне көтеріліп, оқырманның жүрегіне жол табады. Көтерер жүгі ауыр тақырыптың дұрыс таңдалуы, мазмұнның ашылуы, материалдың жеткілікті түрде өңделуі, тілдік-стильдік тұрғыдан ұтымды баяндалуы журналистік шеберлікпен тікелей байланысты. Сондықтан болашақ журналист – бүгінгі студент осы мәселелерден жеткілікті хабардар болып, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруы тиіс. Сондай-ақ журналист еңбегінің нәтижесі адамдармен өзара қарым-қатынас барысында туындайды. Журналистік шеберлік пәнінің студенттердің жаң-жақты кәсіби журналист болып шығуындағы маңызы зор.

Студенттерге журналистиканы ғылым ретінде және тарихи кезеңде қызмет етудің әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайын салыстыру әдісімен ақпарат жинау, өңдеу, таратудың тәжірибесі ретінде түсіндіру; жүйелі және мақсатты ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру мен айқындау процесіндегі журналистік қызметтің ерекшеліктерін айқындау; Қазақстан қоғамында көптеген ұлттардың ұзақ уақыт және бейбіт өмір сүруі негізінде қалыптасқан, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерге көзқарас, саяси пікірлерге объективті заңдылықтармен өлшенетін журналистік қызметтің жалпы теориялық-методикалық және субъективті-объективті принциптерінің іс-әрекетін көрсету; Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңда қарастырылған құқықтарды пайдалану мен журналистің міндеттерін ұстануды студенттерге үйрету; тәуелсіз баспасөз қызметі жағдайындағы баспасөз бостандығы ұранының қалыптасу ерекшелігін көрсету; журналистік мамандықты әдеби және ұйымдастырушылық шығармашылықтың ерекше түрі ретінде түсіндіру.

Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің құрылымына әсер ететін факторлардың біріншісі – ақпараттың толымдылығы. Мақала немесе телерадиохабар оқиғаны толық, жан-жақты жеткізуі тиіс. Сондықтан журналистикада өмірдің әр түрлі салаларына қатысты ақпаратқа бағытталған басылым, бағдарлама, әйтпесе, олардың жекелеген айдарлары, беті ұйымдастырылады. Олардың ауқымы өте кең: “Жануарлар әлемінде”, “Бау-бақша”, “Хит-парад”, “Растительная жизнь”, “Лучше быть здоровым”, т.б. ұндай басылымдар немесе бағдарламалар ірі аймақтар үшін де (мысалы, мемлекет, құрлық, әлем елдері үшін – “Business week”, “Космополитен”, т.б.), белгілі бір елді мекен үшін де (облыстық газеттердің денсаулыққа арналған беті, “Криминальные новости” газеті) жарық көруі мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің құрылымына әсер ететін екінші фактор – әлеуметтік позициялардың көптүрлілігі. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, партиялар, қауымдастықтар, бірлестіктер, жекелеген адамдар заңмен белгіленген шеңберде белгілі бір бұқаралық ақпарат құралын қолданып, қоғамның бүгінгі өміріне шолу, болашағына болжам жасай алады. Сонда ғана бұқара қоғамдағы мәселелердің бүге-шігесіне көзі жетіп, жан-жақты пікірлермен танысады. Бұл – плюрализм, ол барда қоғамдағы процестердің барлығы ашық, демократиялы түрде жүреді.

Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің құрылымына әсер ететін үшінші фактор – аудиторияның әлеуметтік деңгейі, саяси көзқарасы, қажеттілігі мен қызығушылығы, білім деңгейі, басқа да демографиялық белгілері (жасы, жынысы, мамандығы, ұлты, діни сенімі, мекен-жайы), т.б. Аудиторияның қызығушылығы мен қажеттіліктерінің мұндай алуан түрлілігінің нәтижесінде оның белгілі бір бөлігіне арналған басылымдар немесе бағдарламалар дүниеге келеді: “Қазақстан әйелдері” журналы, “Журналист” газеті, “Қазақстан мұғалімі”, “Ислам әлемі” журналы, “Балақай” радиофестивалі, “Кешкі ертегі”, т.б.

Егер басылым немесе бағдарлама белгілі бір оқиға жөнінде толық, жан-жақты ақпарат беріп, оқиғаға түрлі позициядағы қоғамдық ұйымдардың көзқарасын, қатысын білдіре алса, аудиторияның қызығушылығы мен қажеттілігін өтей алса, тиімді болар еді. Мұндай басылым немесе бағдарламаның типі (гректің түр, үлгі деген сөзінен) айқындалады.

Басылымның таралу аймағының масштабын белгілеп алудың да маңызы зор. Бүгінгі өмірімізде басылымдар мен бағдарламалардың халықаралық, “дүниежүзілік” түрлері (мысалы, CBS International), сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары (облыстық газет, аймақтық телерадиокомпания, қалалық радио, т.б.) қалыптасқан.

Бұқаралық ақпарат құралының маңызын оның шығу мерзімі де айқындайды. Күнделікті өмір айнасы ретінде теле-, радиохабарлар мен газет-журналдардың күнделікті түрлері қалыптасты. Одан басқа аптасына бірнеше рет (“Жас Алаш”, “Егемен Қазақстан” газеттері, “Бетпе-бет” бағдарламасы) жарық көретін басылымдар мен бағдарламалар, апталықтар (“Авитрек-регион” газеті, “Жеті күн” бағдарламасы), айлық басылымдар (журналдар) бар.

Басылым немесе бағдарламаның құрылымында олардағы шығармашылық шеберліктің де маңызы зор. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралының типтік ерекшелігі жанрымен (мысалы “Жас Алаш газетіндегі “Нөмірдің нақылы”, тұрақты интервьюлер), белгілі бір авторлардың үнемі жариялануымен, безендіру ерекшеліктерімен де анықталады.

Журналистік зерттеулердің этикалық жағы

Журналистік зерттеу жүргізіп жатқан әрбір топ өз сюжетін әртүрлі жағдайларда жасайды, сондықтан этикалық ережелердің жалпыға бірдей кодексі туралы айту мүмкін емес, дегенмен жалпы қабылданған стандарттар бар. Журналистердің этикалық ережелерінен гөрі құқықтық фоны көбірек қарастырылады. Бұл жағдайда журналист не заңды сақтайды, не бұзады. Ал этикада әділеттік пен зұлымдық арасы философиялық принциптер бойынша анықталады. Кез келген шешім этикалық жағынан дұрыс шешілуі мүмкін, тек бұл қандай принципке байланысты, қай мәселе басты етіп қойылғанына байланысты болады.

Дайындалған репортажды басқаннан кім ұтатындығын ең алдымен журналистер мен редакторлар анықтауға тиіс. Егер журналистердің жұмысы демократиялық есеп беру принципін нығайтуға бағытталса, онда бұл жағдайда мынандай қоғам журналистік зерттеулерден не ұтады деген сұрақтар қою керек.

Журналистік зерттеу материалдары кімнің мүддесіне бағытталған? Заң бұзушылық пен кемшіліктерді қоғам сотына шығара отырып, журналистер өзінің әлеуметтік міндетін орындап отыр ма? Мұнда кімнің мүддесі қаралады? Кімнің құқығы бұзылады? Журналистік зерттеу мәселесі болып отырған мәселе шындығында да заңды қоғамдық мүдде бола ма? Немесе бұл қоғамдық маңызы жоқ бола тұрып біреудің жеке өміріне араласу ма?

Журналистік зерттеулер жөніндегі дау-таластардың көбісі теріс пайдаланушылықты, яғни өзінің қызмет орнын пайдаланып қиянат жасауды анықтау үшін қолданылатын әдістердің бәрі де жақсы ма дегн сұраққа келіп тіреледі. Шындықты жазуға ниет қылған журналистің біреуді алдауы мумкін бе? Жаңалық қуған журналистің басына түскен қиыншылықтарына қарамастан қолданған осы әдістері өздерін ақтай ма? Тележурналистер репортаж дайындау барысында жасырын камераларды пайдаланғаны дұрыс па? Ақпаратқа қол жеткізу мақсатында жалған, жеке бастың куәліктерін пайдалану керек пе?

Бұл жерде журналистерге қарағанда жұртшылықтың қызмет орнын теріс пайдаланушылықтар мен жөнсіздіктерді анықтау үшін барлық әдістер жақсы деген пікірге қосыла алмайтынын айта кеткен жөн. Сауалдар мен зерттеулер азаматтардың өздерінің жеке өміріне журналистердің қол сұғуынан қорқатынын көрсетеді. Бұл жерде журналистер жүргізіп жатқан сюжеттің өзектілігі маңызды емес. Жалпы алғанда, адамдар журналистердің өздерінің репортаждарын дайындау барысында кез-келген әдісті пайдалануын құптамайды. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда көптеген елде баспасөзге деген сенімнің жоғалғанын көрсетеді. Баспасөз жұрттың сеніміне ие болуы керек. Сенім баспаның негізгі құралы болуы керек, алайда баспаның өз-өзіне деген сенімді жиі жоғалтып алады. Сондықтан, журналистердің ақпарат үшін не нәрседен тайынбайтыны – назар аударатын мәселе. Күмән тудыратын әдістер мен ақпараттар жинау арқылы әшкерелеу репортаждары қоғам заңдары мен журналистердің және журналистиканың қоғамдық мәртебесіне тек нұқсан келтіреді.

Этика проблемалары әдістермен ғана шектелмейді. Сыбайлас жемқорлық журналистік зерттеулер аясындағы тағы бір маңызды этикалық проблема болып табылады. Жиналған ақпараттың жариялануының мүддесін және азаматтарға түсетін зиянды да ескерген жөн. Құпиялықты сақтау проблемасы, әдетте, бірінші орынға шығады, себебі, зерттеу жургізуші журналист құпияға арналған құқық пен ақпаратқа арналған қоғамдық құқық арасындағы тепе-теңдікті сақтауы керек. Құпиялық принципін мемлекет және қоғам қайраткерлеріне қатардағы азаматтарға қарағанда басқаша қолдану керек деген пікір де бар.

Этикалық сипаттағы сұрақтарға қарапайым және дайын жауаптар жоқ. Өмірдің бар саласына этика кодекстерінің жарамды, нақты шешімдері болмайды. Көптеген талдаушылар журналистердің әділдік, тепе-теңділік сақтау және нақтылық сияқты ұғымдарды ұмытпауы жөн деп санайды. Журналистер зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мәселенің этикалық жағын естен шығармай, өздері қабылдаған шешімдерді редакторлар, әріптестері мен жұртшылық алдында негіздей білуі керек. Олар өздерінің репортаждарында кімнің мүддесін қозғайтынын түсініп, жұмысында кәсіби стандарттарды басшылыққа алғаны дұрыс.

Қоғамда әділеттіліктің қалыптасуына ықпал ететін ең маңызды бір фактор – тәуелсіз баспасөз оның ішінде іздестіру журналистикасының өмірде шынайы түрде орнығуы. Іздестіру немесе зерттеу журналистикасын дамытудың негізгі өзегі – оған лайықталған құқықтық орта мен салауаттылықты қалыптастыру керек. Оны қалыптастырудың үш негізгі факторы мынандай:

Біріншіден,Елдегі БАҚ жүйесі тиімді әрі дұрыс құрылумен қатар қызметі талапқа сай үйлестірілуге тиіс. Ол үшін журналистік зерттеуді негізге алған дербес БАҚ-тардың болуы шарт. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда мафиялық қылмыстардың, жемқорлықтың, қызмет бабын асыра пайдаланушылықтың, парақорлықтың ізіне түсіп зерттеу, оны әшкерелеу ісі журналист үшін мүмкін болмайды.

Екіншіден, Ешбір кедергісіз ақпарат алу, оны еркін тарату азат құрылымның болуы. Осындай жүйе орнықпайынша сыбайлас-жемқорлықққа қатысты ақпараттарды журналистердің қазбалап іздестіріп, тауып зерттеуі мүмкін емес. Қалай болғанда да сотқа шақырылған жағдайда журналисте өзін құтқаратындай дерегі болған дұрыс. Ол үшін ақпарат көздеріне еркін кіре алатын, тапқан ақпаратын бөгетсіз пайдалана алатын ммүкіндікпен қамтамасыз етілуі керек.

Үшіншіден,Жарияланым құқықтарын шектейтін кейбір механизмдерден туындайтын қиыншылықтар. Іскерлік беделге, атақ-абыройға нұқсан келтірді деген желеумен қатаң жазалау арқылы сөз бостандығына шек қою. Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың керемет дерегі қолға түссе де оны жариялай алмай қор қылады. Біздің заңдарда журналисті соттап жіберуге мүмкіндік беретін баптар баршылық. Оған мысал ретінде “2003 жылы Қазақстандағы адам құқығының сақталуы туралы” АҚШ мемлекеттік департаментінің Еңбек, адам құқығы және демократия жөніндегі бюросы дайындаған баяндамасынан үзінді келтірейік: “Заң, Конституция және БАҚ туралы заңдылықтар бойынша баспасөз бен сөз бостандығы қамтамасыз етілуі тиіс. Алайда бақылаушылардың бағалауынша, 2002 жылы билік әртүрлі амалдар қолдану арқылы Президентті сынайтын тәуелсіз басылымдардың басым бөлігін жапты.Билік елдегі түгелге жуық баспасөз бен электронды ақпарат құралдарын бақылауда ұстайды.

Ақпараттық бостандық ішінара бірнеше факторлардан тұрады және олардың арасынан ең маңыздысы ретінде мемлекеттік және үкіметтік орындардың ресми ақпараттарын еркін тауып алу мүмкіндік, құпиялар туралы заң, журналист тапқан ақпараттың қайнар көзін қорғай алу секілді мәселелер қарастырылады. Өкінішке қарай, бізде дәл қазіргі таңда журналистердің ақпараттың қайнар көздеріне еркін енуін кепілдендірілген құқықтық акт жоқ.

Сөз бостандығын қастерлейтін демократиялық елдерде, мысалы АҚШ-та ҒІА (Freedom of information Act), Shield Law секілді заңдар қабылданған. Онда журналистердің талап еткен ақпараттарын беруден белгілі бір лауазым иесі еш негізсіз бас тартуға және кедергі жасауға тиіс емес екендігін заңдастырған. Сондай-ақ, елде “Мемлекет, үкімет қызметінің жариялылығы туралы” заң да бар. Осылардан-ақ АҚШ-та тәуелсіз баспасөз бен журналистік зерттеудің даму мүмкіндігі қандай деңгейде екендігін көруге болады. Нәтижесінде, елде ашық ақпараттың қоры құрылған. Адамдар одан қалаған ақпараттарын алуға мүмкіндік тапқан.

“Әділ сөз” қорының заңгері Иллиодар Кальсиннің мәлімдеуінше еліміздің “бір ғана Қылмыстық Кодексінде жала жабу мен тіл тигізгені үшін журналистерді жауапқа тартатын алты бірдей бап бар”

Аталмыш заңдардың жоқтығынан бізде журналистік зерттеуді дамытуға қиындық келтіріп отыр. Құқықтық актілер мен заңдық мүмкіндіктің жеткіліксіздігінен журналист Геннадий Бендицкийдің мақаласындағы дерек-дәйектерді нақтылау үшін арнайы қорғау комитеті құрылып, Президентке, Бас прокуратураға, Парламент депутаттарына ашық хат жолданып, Алматыда митинг ұйымдастырылды. Осылайша “ит әуреге” түсіп жүріп, журналисті аман алып қалды.