Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

қолданады: «Ақпараттық жарылыс тікелей адамдардың ортасында жарылып, бізге бытыранқы бейнелерді бере отырып, біздің ішкі әлем мен ішкі әрекеттеріміздегі қабылдауды түбірлі өзгертуде. Біздің басымызда бейнелердің қоймасы өмір сүретін секілді, біздің әр әрбіреуіміз шынайлықтың менталды моделін жасаймыз» [84, 46б] Ақпаратты өндіру мен тұтыну қоғам өмірінің барлық саласындағы даму мен тиімді басқарудың негізіне айналып отыр.Қазіргі заманғы талап бойынша, ақпараттқа ие болу мүмкіндігі қоғамның барлық мүшелері үшін өмірлік маңызға ие құндылыққа айналып отыр.

Ақпараттандыру адамзаттың жаһандық сарқылмас қорына айналып, ақпарат билеген үздіксіз қозғалысқа ие дәуірге аяқ басты. Бұл дәуірде басқару құбылысы құлақ естіп, көз көрмеген дәрежедегі мүмкіндікке ие. Ақпараттандыру, басқару мен ұйымдастыру жаңа өркениеттік әуірде прогреске жетелейтін зор локоматив секілді мемлекеттердіңдамуында қозғаушы күш қызметін атқаруда.

Әлеуметтік басқаруда ақпарат обьект пен субьект басқарудағы байланыстырушы буынқызметін атқарып, басқару іс -әрекетін дайындауды қамтамасыз етуде, басқарушылық шешім мен оның қортындысын сипаттауда үлкен мәнге ие. Бұқаралық ақпарат құралдарының тағы да бір негізгі қызметтерінің бірі, тіршілік ортасы мен қоршаған ортаны, әлемді игеру мен қайта жасау немесе өзгерту болып табылады. Индивид бұқаралық ақпарат құралдарынынан алынатын ақпарат арқылы, оны әртүрлі көзқараста: философиялық, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, құқықтық тұрғыда талдай отырып, әлем жайындағы өзінің танымын кеңейтеді, сонымен қатар өзін қоршаған әлемде тану ниеті, адамзат болмысы мен табиғатының құпиясына енуге және білуге құштарлығы оянады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпарат индивидтің «тікелей тәжірибесінің» шекарасын ңейтуменке қатар, тұлғаның қалыптасу процесіне, дүниетанымдық бағытына ықпал етуге қабілетті екендігін дәлелдеуде.

Ақпараттық қоғамдағы басқару басқарушылық және саяси қызметті нақты атқарады. Ақпараттық басқарудың адамдардың сезімі мен санасына мықты, көпқырлы және көлемді билігін ескере отырып, оны «төртінші билік» деп атауы тегін емес. Алайда, С.М. Гурьевичтің, «бұқаралық ақпарат құралы

– билік емес, бірақ керек кезде оның билігін шектей алатын, билікке нақты ықпал ете алатын, қоғамдық ойды көрсете отырып, өте маңызды күшке айнала алады», дегенұжырымдамасымент келісуге болады [85, 1 3 б.]. Осыдан келіп шығатын қорытынды: Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл қоғам мен мемлекеттің, әлеумет пен биліктің арасындағы сарапшы, қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш болып табылады.

Ақпаратты қолдану және алмасу тікелей технологияныңдамуының нәтижесі деп білуге болады. Бұл сонымен қатар адам ақыл-ойының жемісі екендігін ұмытпауымыз қажет

Біз әлі негізі ақпарат болып табылатын өркениетті өмір сүріп жатқанымызды білмейтін де шығармыз. Біз енді ғана Г.М. Маклюэннің

«глобальды ауыл» ойынқабылдай бастадық. «Ғаламтор» әлемді бір ақпараттық жүйеге біріктірді, жаңа ойлау мен «әлемдік» сананы қалыптастырды. Қазіргі кездегі видео, теледидар, интернет арқылы таралатын сонғы жаңалықтар ұсыныстары адамға басқа әлемд і тану мақсатымен қатар “виртуальды” әлемнің жетістіктерін өзінің шығармашылық әректінің идеясын іске асыру мақсатында қолданып, экранмен интерактивті уақыт тәртібі бойынша индивидуалдық қатынас жасауға мүмкіндіктер туғызуда. Бірақ біздің санамызды шоу-бизнес, табиғи апаттар, атыс-шабыс сарынындағы ақпараттар емес, бізді бірінші кезекте елдік мәселелер толғандырып тұруы тиіс. Біздер үшін қоғамдық пікірді таратып қана қою аз, оны қалыптастыра да білуіміз керек. Өкінішке қарай, елдегі кейбір қпарат құралдары арасында оқырман, көрермен пікірімен санаспау, өз идеясын зорлап тану пиғылы басым болып барады. Бұл, әсіресе, тәуелсіздік терісін жамылған басылымдарға қатысты. Әрине, кез-келген газеттің ұстанған бағыт-бағдары болады. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай өз аудиториясын табады. Бірақ, жалған сенсация қуып арзан ақпаратқа, тапсырыстағы дүниелерге, мазмұны мәнсіз мақалаларға ешқандай жол бермегені абзал. Аталған ақпаратты бүге -шігесіне дейін анықтап, нақты түсіндіру әрбір бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті болып табылуы керек

Ақпараттануды проблема ретінде қарастыру үшін қауіпсіз ақпараттану қандай болу керектігін жақсы ұғынып алу керек. Егер халық билік органдарының қызметі туралы қажетті ақпарат алмаса, онда теріс ақпаратты айқындау мүмкіндігі болмайды және оның қоғамға деген қауіпін де тану қиынға соғады. Тек қана ақпараттарды салыстыру арқылы мәселені шешуге болады. Яғни халық алдында таңдау әрқашанда болу керек. Халықтың билік органдарының қызметі туралы хабардар болуы бірнеше талаптарға жауап беру керек:

1.Негізгі талаптардың бірі халыққа жеткен ақпараттың ақиқатқа барабар болуы, олай болмағанда, аталмыш ақпараттың жалған болғандығын көрсетеді.

2.Ақпарат толық болу керек. Халықтың өзі жеке билік көзі, сол себепті билік басындағы іс әрекеттер туралы нақты толық ақпаратпен қамтамасыз болуға халық құқылы. Тек толық ақпараттандырудың арқасында ғана халық белгілі бір келісім, шешімқабылдауына кепілдік бере алады. Тиісті әрекеттерді қамтып, қажетті жағдайларды ескертетін толық ақпарат ешқашан зиян келтіре алмайды. Егер ондайқпаратқа қажеттілік тумаса, онда ол ққандытолы ақпарат болып есептелмейді. Қоғамның хабардарлығының деңгейі, ақпаратқа қол жеткізу дәрежесі демократияланудың түйінді мәселесі. "Ашық ақпарат – демократияның басты кепілі”, шынайы қпа рат көбейген сайын демократия арта береді, сенім еселене түседі. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры екендігі және осы пікір өзінің қаншалықты нақтылығын бұл күнде әбден дәлелдеді.

Халықтың ақпараттануы мемлекет үшін қауіпті болмайды, керсінше

егер уақытылы

және тол ыққанды болса пайдалы, игілікті болады.

Ақпараттану ақпараттан хабардар болу дегенді білдірсе, онда материалды және рухани өмірге өз әсерін тигізетін бұл саладағы мағлұматтар билік қызметінің мәліметтерін де қамту керек.

Егер басқарушы тұрғысынан қа райтын болсақ, ақпарат бұл жерде «қандай да бір мәліметтердің, деректердің, қатынастардың, оқиғалардың қосындысы және қолдануға жарайтын жинақталған, жүйелеген» [86, 54 б] түрі ретінде болады. Бірақ басқару аймағында барша ақпаратпен емес, тек басқару іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қатысты басқарушылық ақпаратпен ғана өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады.

2.3 Ақпараттық қоғамдағы басқару және билік мәселесі

Соңғы онжылдықтарға заманауи өркениет өз дамуында ақпараттық қоғам деп аталатын жаңа деңгейге аяқ басты. «Ақпараттық қоғам» түсінігі кең таралған ұғымға айналды. Сондықтан да, біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, оның мәндік белгілері мен болашаққа деген мүмкін сценарилері қандай екендігін түсінуге тырысу – әлеуметтік-философиялық сараптаудың ең маңызды тапсырмаларының бірі.

Постиндустриалды қоғамда білім мен ақпарат билігі қоғамды басқаруда ақша мен мемлекеттік күштеу ықпалын екінші деңгейге ығыстыра отырып шешуші рольге ие болды.

XX ғасыр тек ақпарат ғасыры ғана емес, сонымен қатар психология ғасыры да болды. Адам психикасының қабылдауы илануға икемді болатындығы айқындалған кезде, ақпарат үгіт пен насихат пішінінде адамдарды басқарудың ең негізгі тетігіне айналды. Ол өзімен бірге ұзақ уақыттар бойында басқарудың ең негізгі және қажетті деп танылған дөрекі күш көрсету, жаншу сынды тәсілдерді ауыстырды.

Тақырыптың өзектілігі постиндустриалды реалдылықтың қиындықтары мен біржақты еместігімен, динамикалық өзгермелі ақпараттық қоғам жағдайындағы әлеуметтік трансформацияның әлеуметтік-философиялық сараптауындағы шартты қажеттілікпен сәйкес келеді. Басқару мен билік жүйелерінің трансформациясы шарасыз үдеріс болып табылады. Э. Тоффлердің пікірінше: «…Біз биліктің метаморфоз дәуіріне табан тіредік. Биліктің барлық құрылымы, жалғанған әлем ыдырау сәтінде өмір сүрудеміз»

[87, 42 б.].

Сонымен қатар, жаңа билік қатынастары ақпараттық қоғамның жаңа мәдени формаларының туылуын ынталандыруда – саяси билік механизмдерінің трансформациясымен диалектикалық байланысты медиамәдениет, ақпараттық мәдениет, желілік мәдениет және т.б.

Заманауи саяси билік жаңа ресурстарға ие болуда, қоғам дамуының алғы тарихи кезеңдерінде жоқ болған – адам мен қоғамға идеологиялық әсер етуші БАҚ пен Ғаламтор сынды ақпараттық-коммуникациялық ресурсты айтуымызға болады. Дәуірдің қарқындылығы, үнемі жаңашылдық саяси биліктің жаңа формаларын және жаңа саяси қайраткерлерді талап етеді. Ақпараттық желілер барлық мәдени аудандарды трансформациялайды және билік құрылымдарын араластырып жібереді. Бұл басшылықтың жаңа

стильдерін талап етеді – саяси сипаты бар біржақтылықты жеңу, шығармашыл басшылықты қалыптастыру.

Сонымен қатар, бұқаралық коммуникацияны зерттеудің және бір өзектілігі – олар заманауи мәдениеттің ортаңғы институты бола тұра қоғамды ұйымдастыру мен жүзеге асыру әдісінің заманауи әсіліт болып, оның демократиялық, азаматтық және мәдени потенциалы болып табылады. Бұқаралық коммуникация мен технологияларды білу және қызмет етуіндегі заңдылықтарын оңтайлы қолдану әлеуметтік әрекеттің, әлеуметтік жоспарлау мен әлеуметтік диагностиканың күшті қаруы болып табылады. Бұқаралық коммуникацияның ықпалы жаһандық әлеуметтік-мәдени институттардан бастау алады, олар экономика, саясат, діннен бастапүнделікті, тұрмыс - тіршілік пен индивидуалды тәжірибенің құрылымына дейін.

Коммуникацияның әдістері әрқашан адам мен мәдениеттегі билік қатынастарының дистрибуциясына идеологиялық септігін тигізуде маңызды тәсіл болып келді. Мысалы, хаттың ойланып табылуы өзімен бірге қоғамның саяси құрылымының өзгерісіне әкелді және хаттың көмегімен басқара алатын, алып мемлекеттер мен империялардың қалыптасуына септік етті. Заманауи медианы «төртінші билік» деп атау тегіннен-тегін емес, дегенмен, адамдарға әсері мен ықпал етуі бойынша олар «бірінші» деп аталуы тиіс, өйткені заманауи қоғамда олар тікелей саяси-құқықтық зорлыққа қарағанда әлдеқайда эффективті және жемісті әрекет етеді. Саяси билікке қарағанда саяси биліктің тактикасы мен салдары әлдеқайда жұқа, әдептірек және айлақор.

Билік тікелей саяси әжбүрлеум мен күштеу институты емес, Грамши теориясындағы термин секілді мәдени гегемонды институт, саяси және құқықтық биліктің алғышарты болып табылатын мәдени артықшылық институты. Саяси билікті жаулапғанғаал дейін , деп жазады Грамши, үстемдікке үміткер класс жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырулары міндетті және оны үстем етулері қажет, яғни адамдардың парасаты мен жүректерін жаулап алулары тиіс және осы негізде ғана саяси гегемонияға үміткер бола алады. Мәдени гегемония саясиға қарағанда артығырақ. Билікті тек осылайшағана түсіну биліктің биліктік және идеологиялық қызметтерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Медиакоммуникациялар билікті мәжбүрлеу мен қорқыту тұрғысынан емес, «шынайы ұсыныстарымен» және мазасыз қайталау методтарымен жүзеге асырады, сондықтан да, биліктің бұл формалары эффективтірек болып табылады.

Медиакоммуникациялар адам тәжірибесінің құрылымын, субъективтілік құрылымы мен индивидтің идентификациялар тәсілдерін радикалды түрде өзгертеді. Олар сана мен тұлғаның «шизофриникалық», «постмодернистік» жаңа типтерін, индивидуалдылықтың жаңа «картографиясын» (кеңістіктік бағдар тәсілі ретінде түсіну, mapping) қалыптастырады. Теледидар, компьютер, Ғаламтор, мультимедиа сынды медиаформалар – адам сезімділігі мен тұжырымдамаларының дәстүрлі формаларының құнын бәсеңдетеді және өздерінің ұстынды жаңа формаларын қалыптастырады.

БАҚ-тың саяси сана мен азаматтардың жүріс-тұрысына әсерінің ауқымды мүмкіндіктері заманауи қоғамдағы «төртінші биліктің» маңызды ролін куәландырады. Бұқаралық коммуникацияны зерттеуші кейбір зерттеушілердің пайымынша келешек дәуірде «медиократиялар» – БАҚ билігі, шынайы реалдылықты сәулелендіріп және түсіндіріп қана қоймайды, өзінің қалауы мен ережелері бойынша оны құрастырады да.

БАҚ-тың аудиторияға әсер етуіндегі айлаларының келесі түрлерін ерекше атап өтуге болады:

Біздің зерттеуіміздің бірден-бір интенциясы заманауи медиакоммуникация жүйесі аясындағы «бұқара» ойсыз-сынсыз топ болып табылмайтындығын түсіндіруге тырысу, пассивті қабылдау-тұтыну машинасы секілді «ұқараб» ендігі кезекте жоқ. Коммуникативті акттың «жолдау/қабылдау» соңына механикалық жалғанбаған, коммуникацияның бүкіл үдерісіне кері әсер ете алушы, мәселені қоюшы, таласушы, таңушы пікірлерді терістеуші,өзінікін дәлелдеуші, тікелей авторитарлы әрекеттен шыға алатын, коммуникативті акт тұтастығын бұза алатын активті, сыни ойлаушы, өзіндік интерпретациялау мүмкіндігі бар индивидтер бар.

«Бұқара индивидуалды қажеттіліктері мен жауаптарымен индивидтердің құрамына айналды, – деп жазады ұқаралықб коммуникацияны зерттеуші Джеймс Уотсон, – бұл индивидтер жанұя, бір топ құрбы-құрдастар, жұмысшы топтар, қауымдастықтар мүшелері болып табылады; медиа тарапынан есалаңдырылған емес, медианы өзінің мақсатына қолдана алатындар; қысқасы, активті аудитория. Ештеңке, медиада немесе оны зерттеу де бір орнындаұрғант жоқ; аудиторияның қабылдауы оның жаңа технологияның дамуымен және институттар ойнайтын қуатты рольдер, олардың әсер етуші күштерінің маштабтарының байланыстары саралануы тиіс…» [88, 4 б.].

Медиаимперализмнің бірінші деңгейіндегі сыны атап өткендей, заманауи әлемде биліктің формалары мен қатынастары радикалды түрде өзгерді, колониализм және империализм дәуіріндегі күштеу және тікелей мәжбүрлеу формаларының орнына Мишель Фуко көрсеткендей биліктің жаңа нәзік және алғыр формасы келді.

Медианың билікпен байланысын зерттеу ең алдымен билік дегеніміз не деген мәселені қарастыруды меңзейді. Және мәселенің мәні соңғы елу жылда әлеуметтік-гуманитарлы ғылымда билік түсінігі радикалды түрде өзгеріп, биліктің жаңа концепциялары дүниеге келді деген түсінік емес, сондай-ақ, соңғы елу жылда қоғамда болған өзгерістермен бірге билік институты да радикалды түрде өзгерді. Және бұл өзгерістерге бұқаралық коммуникация құралдары айтарлықтай өз үлестерін қосты, демек, билік институтына да.

Биліктің табиғаты жайлы заманауи дискуссиясына бүге-шүгесіне дейін берілмей-ақ, Крис Баркер ұсынған проблемалармен келісеміз:

«Мәдениеттанушылар (cultural studies writers) бұл пәнде билік концепциясының ортаңғы орнын әдетте мойындайды. Көптеген мәдениеттанушылар билікті әлеуметтік қатынастардың барлық деңгейін қамтушы ретінде қарастырады. Билік ұлб бір топ адамның өзге топты

бағындыруы сынды әлеуметті ұйытатын цемент немесе мәжбүрлейтін күш емес, әйтсекте, мұның барлығы да дұрыс. Ол сонымен қатар, үдерістер, әлеуметтік әрекеттің, қатынастар немесе тәртіптің кез келген формасын туғызушы және мүмкін етуші терминдерінде түсіндіріледі. Бұл мағынада билік шектеліп қалады, бірақ мүмкіндіктер береді. Мұны назарға ала отырып, cultural studies ғынушыба топтарға, ең алдымен класстарға, ал кейін нәсілдерге, жыныстарға, ұлттарға, егде жастағы топтарға т.б. ерекше көңіл бөледі» [89, 9 б.].

Баркер қысқаша ұсынған заманауи билік концепциясының жаңашыл ұстындары мен билік жайлы дәстүрлі кеңестік-марксистік үсініктерді салыстырмалы түрде қарастыруға назарымызды аударамыз. Билік тек қана мәжбүрлеумен ғана қоғамдағы тәртіпті орнатпайды, сонымен қатар кез келген әлеуметтік әрекет пен шығармашылықтың бірінші мүмкін жағдайы болып табылады. Бағындыру тек қана мәжбүрлеу мен репрессияны ғана қостамайды, сондай-ақ, келісім де қажет. Кез келген қоғам, соның ішінде заманауи дақондырылған тәртіпті қабылдайды, ал онымен қатар қабылданған иерархия мен бағындыру формалары да жатады. Бұл тәртіп, қоғамдық келісім деңгейіне жетуде ең негізгі болып, қоғам мен мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналады. Бірақ заманауи билік концепциялары мен дәстүрлі билік концепцияларының ең басты өзгешелігі – билік қатынасы кластық қатынас немесе мемлекет пен қоғам (мемлекет пен индивидтер) қатынасында емес, ол әлеуметтік қатынастардың басқа формаларына таратылады – нәсілдік, гендерлік, этно-ұлттық, түрлі топтық азшылдық (андеграундтан гомосексуалдылыққа дейін), жас ерекшелік, жанұялық, кәсіби т.б.

Билік мәселесі бізді өздігінен қызықтырмайды (саяси мәселе ретінде емес), ңе алдымен оның медиакоммуникациямен байланысы маңызды. Коммуникацияны билікпен байланыстырушы өпір«к » идеология болып саналады. Медиакоммуникация биліктікқызметтерді тура және ықтиярсыз (мемлекеттік аппараттар,үкімет органдары мен «билік құрылымдары» секілді), үзегеж асыра алмайды, оны идеология мен идеологиялық аппараттың көмегімен ғана іске асырады.

Джемс Лалл «идеология идеяларүйесіж ретінде мұндай идеялар ұсынылған және коммуникацияда көрсетілген кезде ол дәлелді сенімге ие болады, деп жазады. Ондаәрине, масс -медиа мен барлық масштабты әлеуметтік институттар идеологияны таратуда шешушіөл ройнайды. Идеологиядан басым үсетін дайын өнімдер «ақпараттық элита» болып саналады. Олардың билігі немесе үстемдігі олардың артық көретін өз идеялар жүйесін жұрттың алдында артикуляциялау қабілеттерінен тікелей бастау алады. Тағдыр тәлкегіне байланысты қазіргі әлемде көптеген әлеуметтік «элиталық топтар» өзінің жоғарғы әлеуметтік дәрежесін ұстап тұру үшін элиталық емес мәдени формалар – масс-медиа және танымал мәдениеттерге тәуелді болуы қажет» [90, 14 б.]. Олай болатын болса, идеологияны зерттеу медианы зерттеуүшін жақсы методологиялық негіз болатын болды.

Американдық әлеуметтанушы В. Дайзард ақпараттың феномен ретінде – ұлттық шектеу мен шекаралық бағаналарды білмейтін, халықаралық құбылыс екендігіне назар аударды [91, 2 б.]. Әлемдік тарих қпарат пен білімнің билікке әсерін жақсы көрсетеді. Осы мәселені танып-білген американ әлеуметтанушысы Д. Тапскотт ғажайып заңдылыққа тап болады. «Балшық тақтайшаларына жазылған кітапханалар Ежелгі Вавилонның абыздар білімінің монополиясына ә келді деп жазды ол. Папирус пен алфавиттен сыртқы киімдерді ойлап табу – грек қала -мемлекеттерінің шектеулі демократиясына және Ежелгі Рим заңындағы билікке жеткізетін кілт болып саналады. Папалық кеңес және монахтық орденмен шығарылған кіші өлшемдегі, қол дануға жеңіл және ұзақ сақталатын мұқабадағы пергаменттік кітаптар христиандыққа үндеу жылдамдығы үшін сыни факторлар болды. Қағаз бен баспа станогы феодализмнің соңы мен өндірістік революциямен парламенттік демократияның басталған кезінде өзінің тілінде діни жазбаларды жазуды жаңғыртты және Реформацияға алып келді» [92]. Ежелгі өркениетте құлдардың білімге мүмкіндігі болмаған, соған сәйкес экономикалық және саяси биліктері де болмаған.

Зерттеушілер баспа станогының ойлап табылуын мәдениеттегі ұлы коммуникациялық төңкеріс деп атайды. «Алғаш адамзат тарихында – деп жазады ағылшын әлеуметтанушысы Э. Геллнер – эксплецитті және ойға қонымды нақты коммуникация жаппай қолданылатын және маңызды, жалпыға ортақ санала бастайды. Аграрлы немесе трибальды әлемдегі жабық локальды қауымдастықтар коммуникацияға кірген кезде, контекст, екпін, тұлға мен жағдай барлығын анықтады. Мұндай коммуникация нақты тұжырымдамасыз жүзеге асты, өйткені, локальды қауымдастық мүшелерінің икемділіктері де, талғамдары да жоқ. Тұжырымның ереж есі бойынша эксплецитті және ғажап нақты құралғандар заңгерлер, теологтар немесе рәсімдер бойынша мамандар және олардың құпия діни ұйымдарының бөлшектері болды»[93, 33 б.].

Қытайлық кітап бастырушылыққа ұқсайтын ағаштан жасалған шығырды қолдану арқылы тәжірибелер жасау Еуропада XIV-XV ғасырлар аралығында жүзеге асырылды, бірақ төңкерісті жаңалық Иоганн Гутенбергтің металлдық негізде типографиялық әріпті ойлап табуы болды. Ол оларды мақсатты шығырға тез, әрі оңай қабаттауға мүмкіндік беріп, кітап даналарын шектеусіз өндіруге жағдай жасады. Мұндай кітап бастырушылық үшін ең жақсысы қағаз болды, нәтижесінде пергамент пен веллум қайтып оралмастан өткенге кетті. Мұндай типтегі алғашқы кітап – латын тіліндегі Інжіл болды – 1454 ж. жарыққа шықты.

Барлық Еуропа бойынша кітап бастырушылықтың тез тарауы баспа мен ақпарат сферасын ғана емес, іргелі әлеуметтік және мәдени институттар – билік пен экономика иститутынан бастап, діни және ұлттық қарым-қатынасқа дейін қозғаған адамзат тарихында ұлы мәдени төңкерістердің бірі пайда болды. Френсис Бэкон кітап бастырушылық«әлемнің келбеті мен күйін» өзгертіп үлгергендігін байқады. Кітап бір уақытта бұқаралық өнім мен тез арада тұтынушылық бола алды – нарықтық экономиканы қалыптастыратын

екі негізгіқасиет осы. Кітаптың бұқаралы ғы баспа станогының негізгі принципі, дәл осы бұқаралық кітапты арзан, әрі қолжетімді етті. Соның салдарынан кітап адамдар санасы менәдениетм деңгейіне радикалды әсер етті.

Егер кітаптың «кіші сіңлісі» газетті алатын болсақ – ондағы осы екі маңызды сипат – бұқаралық пен консумативтілік – одан да анық көрінеді. Газеттің кітаптан ерекшелігі ол «бұқаралық оқырманға» арналған, басынан бір сәттік қолдану үшін белгіленген. Кешегі газет бүгін ескіріп қалады, өткен жылғы газеттерді оқу (арнайы жағдайлардан басқасы) ешкімнің ойына келмейді. Гегельөзінің бір афоризмінде қазіргі заман адамы үшін газет азаматтың «таңғы намазы» болып саналады деп дәл анықтаған. Газет – бұл зайырлы адамның діні, бір уақыт аралығында үлкен көлемдегі бұқара адамдарының жасайтын рәмізі, сол адамдар осы рәміз арқылы бірігіп, бірақ бір-бірлері туралы мүлде білмейді.

Бүгінгі күні жаңа медиатехнологиялар мен бұқаралық коммуникация құралдарының дамуы газетті екінші орынға ысырып тастады. Радионың, кинематографтың, теледидардың, компьютердің пайда болуы, алүгінб – Ғаламтор газетті коммуникацияның «ескірген» типіне айналдырды. Бір кездері газетті соншалықты танымал еткен функциялар – жаңалықтар, ақпараттандыру, ағарту, ойын-сауық, осының барлығын қазіргі таңда басқа медиа орындап жүр және өте тиімді орындайды.

Олай болатын болса, дамушы ңажа ақпараттық қоғамды басқаратын кейбір аспектілергеәлеуметтік -философиялық сараптама жасау бізге келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, ақпараттық қоғам – бұл жаһандық және локальды тәртіптегі тәжірибелік әлеуметтік шынайылық. Екіншіден, қазіргі ғылымның кейбір түрлері ең алдымен, әлемнің жетекші елдерінде тоқтаусыз дамып жатқан жаңа ақпараттық қоғамды басқарудың қатаң концепциясын жасап шығарды. Үшіншіден, ақпараттық қоғамды басқарудың қазіргі батыстық концепциялары басқару туралы заманауи ғылымға маңызды үлес қосады және осы қоғамды әртүрлі мемлекеттерде қалыптастыру үшін практикалық маңыздылыққа ие.

Ақпараттық қоғамда биліктің, оның институттарының дамуына мүмкіндік беретін ең алдымен озық ақпараттық технологиялар негізінде құрылатын барлық деңгейдегі коммуникативтік өзара қатынастың жаңа жүйесін жасау болып табылады. Оған қоса, соңғы кездері әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік басқару күрделене түсуде, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер саны да артып барады. Ал оларды оңтайландырудың бірден-бір жолы – электрондық үкіметтің жұмысын дұрыс жолға қою. Мұның барлығы жаңаша ақпараттық технологияларға деген биліктің мұқтаждығын өсіре түсуде. Бүгінгі ақпараттандыру дәуірінде жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларды игеру мен саяси жүйеге енгізу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің де сипаты өзгереді: электрондық үкімет стандартты және деперсоналды қызмет көрсетуді жолға қояды, бұл өз кезегінде коррупциялық механизмдерді пайдалану мүмкіндігін қиындатады.

Келесі бір маңызды нәрсе - шенеуніктердің дискреционды өкілеттіктері айтарлықтай қысқарады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өзінің параметрлеріне байланысты әкімшілік процедураларды автоматты және нақты алгоритмдерге негіздей отырып жүргізетіндіктен, саяси ерікжігерден тәуелсіз. Бұл идеяның мәні әкімшілік өкілеттіктерді реттестіру мен негізгі әкімшілік процестерді электрондық форматқа формализациялауда. Нәтижесінде азамат әр мәселе мен құжат қанша мерзімде орындалады, қандай талаптарға сай болуы тиіс деген мәселелерді нақты білетін болады, тамыр-таныс іздеудің қажеттілігі болмайды. Әрине, жемқорлыққа қарсы күрестегі электрондық үкіметтің рөлі оның ашықтығымен, мөлдірлігімен анықталады. Соңғы бесжылдықта э-мөлдірлік термині айналысқа енді.

Сонымен қатар электрондық үкiмет құрудың басты басымдылықтары

Интернет байланысқа

қолжетiмдiлiктi қамтамасыз

ету,

ақпараттық -

коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм

деңгейiн көтеру,

сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiн модернизациялау болып отыр. АҚШ біртұтас үкіметтік интернет-порталы FirstGov (www.firstgov.gov)

– 2000 жылықыркүйек айында ашылып, оның тұсауын сол кездегі ел Президенті Б. Клинтон кесті. FirstGov американдықмемлеке ттік мекемелердің жаңа ақпараттық технологияларға көшіруге бағытталған ұлттық бағдарламаны жүзеге асырудың бастамасы болды. Бұл мемлекеттік интернет портал 20 мыңға жуық мемлекеттік веб -тораптарды біріктірді, ал онда өкілдігі бар ұйымдардың жалпы саны 30 мыңнан асып жығылды. Ал олардың қолындағы мемлекеттік қаражаттың сомасы 500 млрд. АҚШ долларына тең деп бағаланды.

2001 жылы ҚША сенаторлары Дж. Либерман және Дж. Тернер ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет тарапынан қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған “Электрондық үкімет туралы” заң жобасын алғаш рет ұсынды. Бұл заң жобасы Конгресстің екі палатасымен қаралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді және 2002 жылы қабылданған болатын.

АҚШ-та үкіметтің қызмет түрлерін е -governmentке көшіру арқылы бюрократиялық рәсімдерді жетілдіру халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтерді (ақпаратқа қолжетімділік деңгейі өсті, құжаттарды беру жеделдетілді т.б.) және оны ұстауға кететін шығынды қысқартты. Мысалы, АҚШ Ауыл шаруашылық департаменті электрондық төлем жүйесін орнатқаннан кейін бір келісім-шарт рәсімдеуге кететін әкімшілік шығындары 77 $-дан 17 $ дейін төмендеген, ал канадалық тәжірибе көрсеткендей, бір канадалық азаматты қабылдап, арыз-шағымын өңдеу үшін 44 Канада доллары шығындалса, осы қы зметті пошта арқылы орындау – 38, телефон арқылы – 8 Канада доллары жұмсалады екен. Дәл осы қызметті электрондық форматта көрсету небәрі 1 канадалық долларға тең болған [94]

Сонымен қатар, е -government технологияларын енгізу мемлекеттік басқару процестерінің мазмұнын өзгертпегенімен, бұл қоғам мен үкімет арасындағы өзара әрекеттесуді жандандырды, жекелеген азаматтар мен әлеуметтік топтардың саясатты қалыптастыру процесіне қатысуының тиімді

арналарын жасады, чиновниктердің жұмысын қағазбастылықтан арылтты, саяси жүйенің кері байланыс тетіктерін нығайтты, осының бәрі түптеп келгенде мемлекеттің қызметтік мүмкіндіктерін нығайтуға ықпал етті.

Өз кезегінде электрондық үкіметті дамытуға жұмсалатын шығынның артуы АҚШ экономикасының дамуына мультипликативтік эффек т беріп, ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен инфрақұрылым нарығындағы компанияларға инвестиция ретінде құйылды. Электрондық үкіметті дамыту саясаты арқасында жоғарыда аталған көптеген американдық компаниялар ірі-ірі мемлекеттік тапсырыстар алып, бизнестерін жандандырды. “Ақылды экономика” дамыды, ғылымның экономикадағы үлесі артты. Мыңдаған инженерлік-техникалық жұмысшылар мен ғалымдар жұмыспен қамтылды.

Басқаша айтсақ, АҚШ-тағы электрондық үкіметті дамытуға кеткен шығын ғылым мен өндірістің, жалпы экономика мен шағын бизнестің дамуына қосымша серпін берді, сол үшін олар маңызды мемлекеттік бағдарламаға кететін бюджеттік шығынды жылдан жылға ұлғайта берді. Жұмыста АҚШ-тың белді мемлекеттік органдарының электрондық үкіметті дамытуға жұмсаған шығындары санмен және пайыздық көрсеткіштермен берілген.

Канадалық электрондық үкімет бастамалары үшін нәтижелікті бағалаудың қисынды құрылымы ортақ мақсат - Канаданы автоматты басқару мен қпараттық технологияларды дамыту мен қолдану бойынша әлемдік көшбасшы етудің арасына өзара байланыс орнатуды қамтиды.

Салыстырмалы саяси талдаудыңмақсаты мен қажеттiлiгi әлем елдерінің электрондық үкiмет құруда жiберген қателiктердi болашақта қайталамау.

Тараушаны қорыта келе, АҚШ пен Канада тәжірибелерінен Қазақстан қандай сабақ алуға болатынын автор арнайы көрсетеді. АҚШ билігінің электрондық үкімет құруды табысты жүзеге асыруына ықпал еткен шешуші фактор – электрондық жобаларды әзірлеу мен қолданысқа енгізу процесінің барлық министрліктердің, ведомстволардың, университеттердің, жеке фирмалар менқоғамдық ұйымдардың бірлескен іс -қимылы мен серіктестігі арқасында жүзеге асатындай етіп ұйымдастырылуы. Қазақстандағы электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамытуда біз осыны ескеруіміз қажет. Мысалы, американдықтар сияқты бізде де “Электрондық үкімет” тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу гранттарын беру бағдарламасын неге жарияламасқа?

Американдық электрондық үкіметтің халық арасында кеңінен танымал болып, тез таралуынаәсер еткен – мемлекеттік қызметке қатысты ақпараттан бөлек, веб-порталда азаматтарүшін қызығушылық тудыратын қосымша ақпараттардың орналастырылуы болды. Американдықтардың ұраны - интернет-технологиялардың заманауи түрiмен барлық тұрғындарды қамту. Мысалы, үкімет тарапынан қандай грант, стипендия, өтемақы қарастырылған, артық ақшаны қайда инвестициялаған пайдалы т.б. қосымша ақпараттарға да қол жетімділік мемлекеттік вебсайттарды