Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК ТЗН ЖАА.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
294.1 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1.Туристтік кәсіпорынның экономикалық мүмкіндігін қалай анықтайды?

2.Туристтік кәсіпорынды тиімді басқару үшін қандай мәселелер шешіледі?

3.Туристтік бизнесті жүргізу сатылары қалай талданады?

4.Қызмет көрсету жүйесі тиімділігінің критерийлері қандай?

5.Туристтік нарықтың бәсекелік ортасы дегеніміз не?

6.«Бәсекелік артықшылық» дегеніміз не?

7.«Бәсекелік» ұғымын қалай сипаттауға болады?

Қорытынды

Туристтік өнімнің өтімділік тәуекелдерін зерттеу үшін келесі тәсілдер пайдаланылады: стандартталған сұрау беті, қаржылық құжат, ағымдық ақпарат, ұйымдық құрылым диаграммасы, ағымдар картасы, мамандармен кеңес жүргізу. Маркетингтік зерттеулер мәселені анықтау және мақсатты құрау; ақпарат көздерін таңдау; жиналған мәліметтерді талдау бойынша жүргізілуі. Мәселені шешудің тиімді шешіміне тәсіл таңдау жатады. Сол арқылы жарнамалық компанияның тиімділігі максималды немесе минималды екенін анықтау қажет. Туристтік бизнесте математикалық бағдарламалаудың бірнеше тәсілдері бар.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Осы курс бойынша туристтік бизнестегі маркетингтік зерттеулер және туристтік өнімді орындаудың амалдары, туризм мәселелерін шешудегі математикалық бағдарламалау тәсілдері қарастырылды. Тақырыпты оқығаннан кейін студент маркетингтік зерттеулер, математикалық бағдарламалау тәсілдері туралы тереңнен меңгерулері керек.

Әдебиеттер

1.Басовский Л.Е. Теория экономического анализа. – М.: ИНФРА-М, 2001.

2.Дурович А.П. Маркетинг в туризме. – М.: Экономпресс, 2002.

3.Емельянов Б.В. Экскурсоведение. – М.: Советский спорт, 2004.

Қосымша әдебиеттер

1.Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика. Избранные труды.В 5 т. Т.1: Гуманитарные проблемы развития туризма: история и современность. Т.3: Новые цели и функции туризма: экономика и управление. – М.: Финансы и статистика, 1998.

2.Биржаков М.Б. Введение в туризм: – М.: СПб.: Невский фонд, Олбис, 1999

Дәріс15.Туризмдегі ойындар теориясы және турбизнесті дамытуға бағытталған әдістер

Дәрістің мақсаты: Туризмдегі ойындар теориясы, туристтік кәсіпорын тағайындайтын басқару шешімдері мен туристтік бизнестің дамуына бағытталған тәсілдерді, туристтік кәсіпорынның коммерциялық қызметін жобалаудағы функционалдық үлгінің қолданылу үлгілерін талдау.

Дәріс сұрақтары:

1.Туризмдегі ойындар теориясы

2.Туристтік кәсіпорын тағайындайтын басқару шешімдері

3.Туристтік бизнестің дамуына бағытталған тәсілдер

4.Туристтік кәсіпорынның коммерциялық қызметін жобалаудағы функционалдық үлгінің қолданылуы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: маркетингтік амал, the Profit impact of Market Strategy, «ұйымдық жетілмегендік» фильтрі, эталон, баланстық.

Ойындар теориясы келіспеушілік жағдайларды қарастырады. Екі жақ арасындағы бәсекелестік мұның көрінісі болып табылады. Нәтижесі тек қана бір жақтың қабылдаған шешімімен ғана емес, оған деген екінші жақтың жауап қайтармасы арқылы қалыптасады. Бұл жағдайда нәтижесін, тіпті қолайлы болатын іс-әрекетті болжау қиын.Анықталмаған шарттарда шешімдер қабылдау үшін ойындар теориясына жүгінеді. Анықталмаған жағдайды белгілі және белгісіз бөлімдерге жіктейді, сосын зерттелетін іс-әрекеттер арқылы тиімді шешім қабылданатын ойындар теориясын құрады.

Ойындар теориясында бәсекелестерде өздерінің мақсаттары мен оған жетудің әртүрлі жолдары бар. Міндетті шарт- ойыншылардың біреуінің екіншісінің таңдаған тәсілінен басқасын іріктеу арқылы мақсатына жетуі. Ойынның ерекшелігі- алдын-ала жоспарланған шарттары болады.

Ойындар теориясы бәсекелестің анықталмаған шешімін таңдау арқылы ресурстарды қолданудың тиімді түрін алу үшін қолданады. Туризмдағы ойындар теориясын қолдану диапазоны өте кең- экономикалық тиімділікті бағалаудан туристтік бизнесте ресурстарды тиімді бөлуге дейін.

Туристтік өнімді өндіру сияқты мәселені шешу үшін ойындар теориясын қолданайық. Туристтік өнімді өндіру формасы мен қорытынды нәтижелері жоғары дәлдікпен, басқару шешімінің тиімділігімен; туристтік кәсіпорынның негізгі бағыттарын дамытумен; анықталмаған нәтижелерді жоюмен; шығындарды төмендетумен сипатталады.

Жобалық амал келесі мәселелерді қарастырады: туристтік өнімді жүзеге асыруды ұйымдастыру, жаңашылдықты енгізу; бизнес-жоспарлау; талдау және бағалау; инновациялы жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру.

Жобалық амал жаңа туристтік өнімді, тұтынушылық және бағалық көрсеткіштерді, ресурстарды, технологиялық және қаржылық мүмкіншілік жағдайларын қарастырады.

Баланстық есеп пен ақша ағымының қозғалысы негізінде келесі іс-әрекеттер орындалады:

техникалық-экономикалық, құқықтық, коммерциялық, экологиялық, қаржылық талдаулар жүргізіледі;

қаржылық тұрақтылық пен жобаның коммерциялық тиімділігі бағаланады;

сатып алыну мерзімі, табыс индексі, таза дисконтталған құн, қабілеттіліктің ішкі нормалары, тәуекелділіктер белгіленеді;

қаржыландырудағы тұтыну мен жобаға арналған қаржы көздері анықталады.

Маркетингтік амал туристтік кәсіпорын стратегияға бейімділігін қарастырады және келесі бәсекелік артықшылықтарды қосады: ауыстырушы-қызмет құру; тұтынушылар тапсырысының есебімен қызметтер нарығына экспансия.

Туристтік кәсіпорын тағайындайтын басқару шешімдері.

Туристтік кәсіпорын басшылығымен тағайындалатын басқару шешімдерінің құрамында байланысқан актілер, ақпаратты толық қамту, таңдаудың баламалығы кіреді. Ерекше назарды анықталмағандық пен тәуекелділікке береді. Шешім қабылдау үшін уақыт, ресурстық, ақпараттық және тәртіп шектеулілігіне бағытталады. Мәселені зерттеуге, критерийлер белгілеуде, баламалар мен оларға бағалау жасауға негізделген сызба кеңінен таралған.

Басқару шешімдерінің түрлері: интуитивтік, эвристикалық, ескішілдікке негізделген (анықталмағандық кезінде), жақындатылған, гипотетикалық, тиімді, бәсекелік, сандық және сапалық.

Шешімнің таралу деңгейіне байланысты: жекелей, локалды, қайталанған, болжамды, жоспарлы және ауқымды. Рәсім мен объекттердің шешім қабылдау үшін күрделенуі негізінде сәйкес амалдар ен үлгілер де қыиндай түседі.

Басқару шешімін қабылдау тәсілдері шығармашылық, кейде интуитивтік сипатта болады. Мсыалы,жаңа өнімді шығару белгілі бір рәсімдерден тұрады.

Туристтік өнімді қалыптастыру мен баға тағайындау кезінде менеджерлер халықаралық, еуропалық, аймақтық және салалық құқықтық актілерге, әдістерге, нұсқауларға негізделеді.

Туристтік кәсіпорынның ресурстары келесі түрлерге жіктеледі: еңбектік, материалдық, қаржылық, негізгі өндірістік қорлар, интеллектуалды меншіктік, үйымдық. Байланысқан ресурстарға бұрынғы түрлердің ақшалай көрінісіндегі сомасын қосады. Ресурстардың құрамы түрі, сапасы мен мерзімі бойынша ажыратылады.

Туристтік кәсіпорынның ақпараттық жабдықтау және инновациялық статистикасы шешім қабылданатын маңызды функциясына жатады.

Тиімді әрі тәуекелі аз бақару шешімі белгілі туристтік өнім-лидерлері мен туристтік өнім-жалғастырушылардан құралған инновациялық қобдиша құру болып табылады.

Инновациялық қобдиша инвестициялардың табысты әрі жоспарлы бағыттарына негізделеді және бұл инвестицияларды тиімсіз жобалардан қысқартады. Қобдиша талдауы кезінде басшылық негізгі туристтік өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне баға береді. Әрбір туристтік өнім үшін жеке инновациялық жоба дайындалады.

Зерттеу жұмыстары туристтік салада қолданылады. Бұл үшін зертханалық тәжірибелік зерттеулер өткізіледі, жаңашылдықтар күтіледі. Мысалы, мұндай тиімді өңдеулер Мәскеу-Владивосток бағыты бойынша жүретін ыңғайлы теміржол пойызын салуда қолданылуы мүмкін.

Ресейдің әр аймағында туризм индустриясы дамуының мақсатты бағдарламалары 5....10 жылға жасалынады.

Туристтік кәсіпорынның инновациялық қызметін анықтауда келесілер зерттелінеді:

кәсіпорын құрылымының негізділігі және рационалдылығы;

менеджерлердің кәсібилігі және жобаның құқықтық негізділігі;

қаржылық және материалды-техникалық жабдықтау;

ақпараттық жабдықтау сапасы;

заманауи зерттеу тәсілдері, баланстық, индекстік, факторлық талдау;

бәсекелік артықшылықтарды қолдану;

инновация қобдишасының құрылымы;

қызмет тиімділігінің сапасы;

жоба саралауының сапасы;

уәждеме жүйесі.

Туристтік бизнестің дамуына бағытталған тәсілдер

Туристтік кәсіпорынның дамуы нарық үлесінің, туристтік өнім сапасының, вертикалды интеграцияға, сонымен қатар, нарық өсімінің жылдамдығына, сала дамуы кезеңіне негізделуі керек. Ол үшін менеджерлер арнайы тәсілдерді қолданады.

PIMS (the Profit impact of Market Strategy) талдау тәсілі. Негізгі нарық жағдайларында стратегия таңдау үшін менеджерлер осы тәсілді қолдануы мүмкін.

Бұл тәсілді қолдану арқылы есепке көптеген факторлар алынады, оларды топтауға болады:

  1. туристтік кәсіпорындар үшін нарық жағдайларының еліктіргіштігі: қысқа мерзімді болжам кезіндегі өсім деңгейі (4....10 жыл); ұзақ мерзімді болжам кезіндегі өсім деңгейі (3 жылға дейін); туристтік өнімнің өмірлік цикл деңгейі.

  2. туристтік кәсіпорын бәсекелік тұрғысының күші: нарық үлесі; қатысты нарық үлесі; туристтік өнімнің қатысты сапасы; өнім жүйесінің қатысты ауқымы.

  3. туристтік кәсіпорын қолданатын инвестициялар тиімділігі:инвестициялар қарқындылығы; негізгі капитал қарқындылығы; вертикалды интеграция; өндірістік күшті қолдану пайызы.

  4. туристтік кәсіпорын бюджетінің келесі бағыттарда қолданылуы: сатылым көлеміне қатысты маркетингтік шығындар; сатылым көлеміне қатысты ғылыми зерттеулерге шығындар; сатылым көлеміне қатысты жаңа туристтік өнімдерге шығындар.

  5. нарықтағы орны кезіндегі туристтік кәсіпорынның ағымдық өзгертулері: нарық үлесінің өзгеруі.

Бұл бағыттарды есептей отырып, табыстылықтың нақты мақсатты нарықтағы нарық үлесінің көрсеткішінің өсу дәрежесіне қарай көбейетіндігін көруге болады.

Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелерге қайшылықты фактілер анықталуы мүмкін.

Тұтынушыларды 4 топқа бөлуге болады: көп және үнемі сатып алушылар («асыраушылар»), көп, бірақ кейде сатып алушылар («варяждық қонақтар»), аз,бірақ үнемі сатып алушылар («сұрақ белгісі»), аз және кейде сатып алушылар. Құрылған стратегия бойынша туристік кәсіпорынның негізгі сегменті қай топ болатындығы анықталады. Бұл әдістеме стратегиялық талдаудың қарапайым және тиімді құралын алуға қолданылады.

PIMS-талдауды қолдану стратегиялық бизнесті кеңейтуде пайдаланылады.

«Ұйымдық жетілмегендік» фильтрін қолдану.

Туристтік жетекшіге коммерциялық немесе әкімшілік қызметтерден маркетингтік ақпарат ауызша хабарлама, мәліметтер түрінде келеді. Ақпараттарды сапалық қабылдау үшін «ұйымдық жетілмегендік» фильтрі қолданылады. Бір маман ақпараттың шынайылығын тексеруі керек.

Фильтрдің бірнеше түрлері бар. «төменгі біліктілік-1» фильтрі біртіндеп туристтік кәсіпорынға енгізілуде.

«төменгі біліктілік-2» фильтрі басшылықтың маркетингтік ақпараттармен жұмыс істей алмауы кезінде қолданылады. Басшылар қызметкерлерінің алдында беделін түсірмеуі үшін түсініксіз ақпаратты тастап кетеді. Мамандар мұны ескеріп, басшыға мәліметті мәтін, кесте немесе график түрінде берулері керек.

«ақпаратты өңдеу тәсілі» фильтрі маркетингтік ақпаратты математикалық тәсіл қолдану арқылы пайдаланылады.

«ойдағыдай құру» фильтрі пайда болған мәселелерді менеджер стандартты тәсілдермен шешуге бет бұрғанда қолданылады. Күрделі маркетингтік ақпарат келіп түскенде білікті басшы бұл үлгіге сүйене отырып, тиімді іс-әрекет таңдайды. Сыртқы ортаның анықталмағандығы мен тұрақсыздығы кезінде бұл үлгі тиімсіз.

«нақты билік» фильтрі менеджерлер маркетингтік ақпаратты қабылдамаған жағдайда қолданады. Туристік кәсіпорындарда билікке талас жүргізетін топтар бар. Жеңген топ туристік кәсіпорынның саясатын анықтайды.

«орташа менеджменттің қарсылығы» фильтрі басшының орташа буынды басқарушыларға қарсылығы кезінде қолданылады. Басшылық болып жатқан оқиғаны түсінбей, оны өзіне деген қауіптілік ретінде санайды. Ал орташа буынды менеджер өзін жақтау үшін қажетті ақпаратқа ие емес.

Мамандар қолданатын туристтік кәсіпорынның дамуына ең тиімді тәсілдерге келесілер жатады: әртүрлі қызметтегі және бөлімдегі топ басшыларының анкеттік сауалнамасы; тауар агенттерінің және өтім бойынша басшылардың талдау және бағалау жұмыстары; өткен айналым бойынша сатылымды болжау; корреляциялық талдау және т.б.Сонымен қатар, «нарық үлесі» өтімі негізінде; соңғы қолдану талдауы; сыналатын маркетинг секілді тәсілдерді қолдануға болады. Жоғары дәрежелі менеджерлер стандартты мүмкіндіктер тәсілін, маркетингтегі ағымдық ақпараттың параметрлік тәсілі пайдаланыла алады.

Туристтік кәсіпорынның коммерциялық қызметін жобалаудағы функционалдық үлгінің қолданылуы.

Туризмдегі функционалдық үлгі туристік кәсіпорынның тиімді коммерциялық қызметінде, сонымен қатар, бәсекелестер мен туристік қызметтер нарығындағы ықпалын көрсету үшін қолданылады.

Тұрғызу, зерттеу және қолдану абстракция, аналогия, гипотеза сияқты санаттармен байланысты үлгілеу деп аталады. Туристтік бизнестегі үлгілеу экономикалық, әлеуметтік, мәдени, табиғи, этнографиялық бағыттармен айқындалады.

Үлгілеу процесінің кезектілігі есептің қойылуы мен анықталуында, математикалық үлгіні құру, есептеу және нәтижесін беру арқылы негізделеді. Үлгіні тұрғызған кезде оның эмпирикалық (құбылысты сипаттау) және фукционалдық (сипатталатын затқа анықтама беру) қасиеттері ерекшеленеді. Мысалы, Ресей аймақтарының бірінде балалар туризмін қалыптастыру- бұл бағыт дайындау, сәйкес мамандар даярлау, қауіпсіздік техникаларын сақтау, экологиялық зардаптарды анықтау дегенді білдіреді.

Мысалы, жаңа жыл мерекесінде туристтік жолдама алу мәселесі қарастырылып отыр. Бұл өтім арналарына арнайы талаптар туғызады.

Функционалды үлгілер туристтік кәсіпорын қызметтері ұсынылған каталогта көрсетіледі.

Эталонды үлгілер нарық ортасында таза бәсекелестік, таза монополия, монополисттік бәсеке, олигополия, бәсекелестің күтілмеген іс-әрекеттері анықталады.

Қызмет сапасы жүйесінің үлгісі ұйымдық құрылым, жауапкершілік, процестер мен ресурстардың өзара байланысын көрсетеді. Келесі талаптар қойылады: сапа жағынан саяси құрылым; сапа жүйесінің құжаттық түрі; процестерді басқару; мамандарды дайындау; статистикалық тәсілдер қолдану.

Математикалық үлгі туристтік бизнестің тиімді жұмыс істеуі үшін қолданылады.

Бұл үлгі арқылы экономикалық процестер математикалық тәуелділік түрінде сипатталады.

Экономикалық объект үлгісі нақты статистикалық және эмпирикалық мәліметтермен беріледі, ал тұрғызылған үлгі бойынша есеп нәтижесі болжам және зерттеу объекттеріне баға беруге септігін тигізеді.

Мысал ретінде жақын арада жоспарда бар дайвинг-туризмді келтіруге болады. Менеджерлер алдын-ала дайвинг-туризм үлгісін құрып, оның негізгі құрауыштарын тұрғызу керек.

Оларға аквалангтер жасау, су өткізбейтін киім және аяқ киім, теңіз эллингтерін салу сияқты техникалық-экономикалық бағыттар жатады.

Туризмдағы экономикалық үлгілеуге экономикалық есептілік, оның әлеуметтік-қоғамдық және мәдени-танымдық маңыздылығы жатады. Маңызды рөлді маркетингтік зерттеулер алады,себебі солар арқылы, мысалы, туризм дамуының аймақтық бағдарламалары айқындалады. Зерттелінетін экономикалық процестер арқылы макроэкономикалық(туристтік сала) және микроэкономикалық(туристтік кәсіпорын) үлгілер ерекшеленеді. Туристтік бизнесте дескриптивті (мысалы, клубты демалыстың ары қарай даму ықтималдығы) және нормативті (клубты демалыс үшін керекті нормативті базаның болуы) үлгілер қолданылады.

Туристтік бизнесте экономикалық процестердің маусымдық ауытқушылықтары байқалады. Маусымдылық деп отырғанымыз туристтік кәсіпорынның ішкі жылдық динамикасы.

Экономикалық процестер толқуының периодты өзгеру деңгейі Фурье қатары деп аталатын математикалық теңдеулер болып табылады.

Баланстық үлгілерді жоғары санатты мамандар қолданады. Бұл үлгіде салааралық талдау немесе «шығын-шығарылым» талдауы қарастырылады.

Салааралық талдауда салааралық деп аталатын статистикалық кестелер қолданылады. Олар туристтік саланың динамикасын көрсетеді, мысалы автокөліктік, теміржол, әуе салаларымен байланысты қаржылық жыл.

Мамандар салааралық байланыстағы динамикалық үлгілердің құрылуына көңіл аударады.

Туристтік бизнесте сонымен қатар физикалық үлгілер- толық, жартылай, аналогтық; математикалық үлгілер; табысқа кеткен шығындар үлгісі; аралас үлгі жүйесі қолданылады. Олардың мақсаты- құрылымның,қызметтің, туристтік саладағы шығындардың мақсатты зерттелінуі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]