Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ 1-69-1.docx
Скачиваний:
450
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

Жер - ауа халықаралық жер үсті белгілері (белгі көлемі 3x0,5 м)

I -дөрегер қажет, қатты жараланған адам бар

II - дәрі-дәрмек қажет

III - жаралыны жедел алып кету керек

X - қозғала алмайды

F - тамақ пен су қажет

I 1 - карта мен компас керек

j - радиостанция, дабыл шамы қажет

к-қозғалыс бағытының корсеткіші

Ф - бәрі де осы бағытпен жүреді

Д - қауіпсіз орналасатын сепімді орын

L - ЖЖМ қажет

LL - бәрі де ойдағыдай

N v

- жоқ i - иә

JL- түсініксіз

Тосын жағдайға ұшыраған адамның ұзақ тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды факторлар-осылар

II тарау. Төтенше жағдайлар аумағы төтенше жағдайлар аймағының зілзала, авария, апат және қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану кезіндегі сипаттамасы

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңында төтенше жағдай аймағы ретінде төтенше жағдай жарияланған аумақ түсініледі.

Осы заң бойынша ҚР үкіметі табиғи және техногендік си­паттағы төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды аймақтық немесе ғаламдық түрлерге жатқызады да, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды объектілік және жергілікті түрлерге жатқызады, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

«Қазақстан Республикасының біршама аумағында жер сікінісі болып тұрады»

Осы зілзала, әдетте, үлкен аймақты қамтиды, соның салдарынан топырақтың тұтастығы бұзылып, ғимараттар мен үй жайлар қирайды, адамдар қаза болады және жарақат болады, материалдық құндылықтар жойылады.

Жер сілкінісі кезіндегі зақымдаудың қайталама факторлары төмендегідей:

— коммуналдық-энергетикалық және газ желілерінің бұзылуы, өндірістік авариялар нәтижссінде болатын алапат өрттің шығуы;

— сел тасқынының, қар көшкіні мен сырғымалардың пайда болуы;

— тоғандардың бұзылуы нәтижесінде елді мекендер мен тас аудандардың су астында қалуы;

— химиялық және радиациялық қауіпті объектілердің қирауы нәтижесінде ҚӘУЗ ошақтары мен радиоактивті зақымдау аумағының пайда болуы. Сел тасқындарының бастапқы факторларының арасынан, ең алдымен, автомобиль және темір жолдарға, көпірлерге, электр беру желілеріне, ғимараттар мен тұрақ жайларға, ауылшаруашылығы жайылымдарына келтірілетін зілзалаларды айтуға болады.

Сел тасқындары үлкен қашықтықтарда лайлы-тасты массамен суландыру жүйесінің магистральдық каналдарын басып кетеді, соның салдарынан егістік сусыз қалып, жайылымдардың жойылуы нәтижесінде жанама шығын келтіріледі (қайталама фактор).

Гидротехникалық ғимараттардың қирауынан ықтимал су басу аймағы (өзенге, көлге, су қоймасына, су басқан тұрғылықты жерден жапсарлас аумақтың бір бөлігі) және апатты су басу аймағы пайда болады (бұзу толқыны таралатын шектегі ықтимал су басу аймағының бір бөлігі).

Апатты су басудың негізгі зақымдағыш факторлары екпіннің қиратқыш толқындары, құрлық аумағы мен объектілерді басқан су тасқыны мен жәй ағатын су болып табылады. Бұл жағдайда адамдар қаза болып мал мен егістіктер жойылады, халықтың тіршілігі мен кәсіпорындардыц өндірістік-экономикалық қызметі бұзылады, мәдени және тарихи құндылықтар жоғалады, табиғи ортаға үлкен залал келтіріледі.

Өрттің негізгі зақымдағыш факторы оттың жанып жатқан затқа тікелей әсері және сәулелену салдарынан жоғары температуралардың заттар мен объектілерге қашықтық ықпалы болып табылады. Өрт кезінде технологиялық қондырғылар мен көлік құралдары толық немесе ішінара жойылады неме­се қатардан шығады, адамдар қаза болады немесе әртүрлі деңгейде күйік алады, үй жануарлары мен малдар қырылады.

Өрт кезіндегі қайталама зақымдау факторлары жарылыстар, қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығуы болып та­былады. Өрт жайылмаған ғимараттар мен онда сақталған заттарға өрт сөндіру үшін пайдаланылған су да үлкен залал келтіруі мүмкін. Өрттің ауыр әлеуметтік және экономикалық салдары, өрт бүлдірген объектінің өзінің шаруашылық неме­се өзге де міндеттерін атқаруды тоқтату болып табылады.

Жарылыстың зақымдағыш факторларының әсерінің нәтижесінде (ауа толқынның соққысы) ғимараттар мен тұрақ жандар бұзылады немесе зақымданады, адамдар қаза болады.

Жарылыстың қайталама факторлары объект ішіндегі адамдардың ғимараттар мен тұрақ жайлардың қираған құрылғыларының сынықтарынан жарақаттануы, олардың үйінді астында қалуы болып табылады. Жарылыстар нәтижесінде зақымдалған қондырғыдан қауіпті заттар ағын өрттер пайда болуы мүмкін.

Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде химиялық зақымдану аймағы пайда болады. Ол ҚӘУЗ әрекеті нәтижесінде адамдардың тіршілігі үшін қауіптілік деңгейімен сипатталады, оларда сырқатты ахуал тудырып, тіпті қазаға ұшыратуы мүмкін.

Химиялық зақымдау ошағы — ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.

Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химялық қауіпті объектілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерекшелігіне, санына және сақтау жағдайына, авариялар, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты.

Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын ай­мактың химиялық зақымдануы болып табылады.

Химиялық қауіпті объектілердегі аварилардың қайталама (факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін.

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.

Соққы толқыны — негізгі зақымдағыш әсер факторы, жа­рылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта 5 километрге, 22 секундта 10 километрге жетеді.

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, ғимаратты, қиратады және адамдарды зақымдайды.

Соққы толқынының зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның өрісіндегі артық қысыммен сипатталады.

Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 5000 см2, тұрған адамға артық қысымы 0,5 кг/ см2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді.

Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді:

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сыртқы шекараға 0,5кг/см2 жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 — 0,3кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас ғимараттар мен жертөлелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 — 0,2кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен ғимараттар мсн тұрақ жайлармен ішінара қирауымен сипатталады.Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 — 0,1кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек.

Жарықтың сәуле шығаруы — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жары­лыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион Градусқа дсйін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт қапа әсер етеді

Жарық сәулесі күндікіннн әлде қайда күшті, ал ядролық жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.

Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі 1см2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпіпінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2 — 4 кал/см2жарық серпілі кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4 — 7,5 кал/ см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда бо­луы), 7,5 — 12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2-нан жо-ғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті.

Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Тұ­ман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды.

Өткіл радиация — ядролық жарылыс кезінде шығатын гам­ма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Ядролық қарудың зақымдаушы факторы. ӨР-нің көзі — ядролық реакция. ӨР-нің әрекет ету мерзімі 10 — 15 секундтан аспайды (ядролық реакцияпың ұзақтығы). ӨР-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле алуын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. Үсті жабылған жыралар, блиндаждар, папалау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер әсерін күрт әлсіретеді.

Жердің радиоактивті ластануы — ядролық жарылыс бұлттарынан радиоакгивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.

Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақьггқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойы мына эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әртүрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп болу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді.

Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмендейді.

Осылайша, егер радиация децгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 7 сағаттан кейін он есеге азайады.

Радиоактивті заттармен зақымданған жерде тұрган адам әрдайым сыртқы сәулеге немесе сәуле ауруына ұшырауы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал.

Электромагниттік ішпульс — ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері- және электрондар ағыны мен оң иондардың түзеленетін нәтижесінде пана болған электрлі және магнит сәулелер. Э.И-тің әсер ету ұзақтыгы — бірнеше ондаған милли­секунд. Э.И.-тің байланыс аппараттарына зиян келтірін, сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жұмысын бұзуы мүмкін. Әсіресе жартылай өткізгіштерде жұмыс істейтін радиоаппаратураларға әсері күшті. Э.И әсерінен қорғану шараларын алдынала қарастыру қажет.

Адамға радиацияның әсері.Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сөулеленуге ұшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауынан, ахмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның куаты 4 — 12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30—100 мбэр (0,03—0,1 бэр).

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен коректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.

Сағаттың жарқырауық циферблаты АЭОтегі болмашы улы заттың бөлінуіне қарағанда төрт есе артық жылдық дозаны береді.

Циферблаттан 1м қашықтықтағы сәулелену 1см қашықтықтағыдан гөрі 10000 есе әлсіз. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламаларды жыл бойында күн сайын үш сагаттан қарау 0,5 мбэр береді. Рентген кезіңде адам 30 мбэр доза, флюорогра­фия кезінде — 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір түрғыны жыл сайын орташа 200 — 300 мбэр сәулелену алады.

* Адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануы мүмкін авариялар мен бүліншіліктер кезінде ядролық энергетикалық қондырғылар мен экономикалық өзгеде объектілері радиациялық қауіпті объектіпер деп аталады. Оларға: әртүрлі мақсаттағы атом станциялары, ядролық отын циклындағы кәсіпорындар, атом су асты қайықтары, ядролық оқтұмсықтар жатады.

{ РҚО (радиациялық қауіпті объекгілер)-дағы авариялардан кейінгі алғашқы сағаттар мен тәуліктегі қоршаған орта ластануының адамдарға әсері жердегі радиоактивті ауамен араласқан (радиоактивті түскен бұлттан бөлінетін азық-түлік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулеленумен (ядролық отынды бөлу мөлшері, уранмен байытылған — 235 уран қос тотығы —238), РҚ бұлттарымен демалу салдарынан сәуленің ішке өтуімен, сондай-ақ адам денесіндегі үстіңгі жағының осы заттармен ластану салдарымен анықталады. Бұдан кейін көптеген жылдар бойында сәулелену дозасының жинақталуы ластанған азық-түлік пен суды пайдалану салдарынан өтетін болады.}

Сәулелену дозасы туралы түсінік

Иондаушы сәулеленулер тірі организммен ықдалдасқан кезде олар энергиясын ағзаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Организм сәулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе радионуклид қоспасынан алуы мүмкін. Бүл жағдайда сәулелік су көзіне организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен ауамен келуі нәтижесінде оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің нақты жағдайына байланысты бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығын және бұның қай уақытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептеледі.

Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері сіңірілген дозаның бірдейлігі кезінде альфа сөулеленудің бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескеріледі. Сондықтан дозаның келесі түрі эквивалентті доза болып табылады, ол сәулеленудің осы түрінің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілгені, сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1рад хк =1бэр; 1 Грхк=1 Зв (зиверт). Алайда, эквивалентті доза әр түрлі ұлпалардың сәулеленуді әр түрлі сезетіндігін ескермейді. Дененің бұл мүшесі басқасына қарағанда анағұрлым сезімтал:мысалы, сәулеленудің бірыңғай эквивалент дозасында қатерлі ісік қалқанша безге қарағанда өкпеде жылдамырақ пайда бола­ды, ал жыныс бездерінің сәулеленуі генетикалық зақымдану салдарынан аса қауілті. Сондықтан әртүрлі ұлпалар мен органдар үшін тиісті коэффидиенттер енгізіледі. Эквивалентгі дозаларды осы коэффициентгерге көбейтіп және барлық ұлпалар мсн организмдар бойынша қосып, организм үшін сәулеленудіц жиынгық әсерін көрсететін тиімді эквивалентті дозаны аламыз.

Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалент доза жолы тиімді эквивалент доза) тек жеке алынған дозаны көрсетеді. Егер адамдар тобы алған тиімді эквивалент дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімді эквивалентті дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкіл хайуанаттардыд немесе сол аумақта тұратын халықтың денсаулығына аса қатты әсер етеді.

СИ Халықаралык бірлік жүйесіндс дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр). Сіңірілген дозаны бағалау үшін, сондай-ақ РАД =0,04 1/кг; ІГр = 100 Рад жүйеден тыс бірлігі пайдаланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңірілген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясының санын білдіреді.

Сіңірілген доза қаупылығын бір секуңдтағы (р/с) рентген үлесі бірліктерімен өлшеу кеңінен жайылған, бір секундтағы милирентген (мр/р), бір секундтағы микрорентген (мкр/с), бір сағаттағы микрорентген (мкр/с). Бұл бірліктерде (мкр/с) әдетте тұрмыстық дозиметрлердің ақпараты беріледі.

Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі

Сәулеге ұшыраған адамдардың мынадай санаттары белгіленеді:

— А санаты — қызметкерлер (иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндер);

— В санаты — облыстардың, республиканың халқы. Органдардың үш тобы белгіленеді:

I топ — бүкіл дене, бас және қызыл (сүйек) миы.

II топ — бұлшық ет, қалқанша без, майлы ұлпа, бүйрек, көк бауыр, асқазан-шек жолы, көз бұршагы, көз және өкпе.

III топ — тері жамылғысы, сүйек ұлпасы, саусақтың ұшы, білек, сирақ пен табан.

Сәулеге ұшырағандардың әрбір санаты үшін сыныптардың екі нормативі белгіленеді:

- негізгі дозалық шек;

- негізгі дозалық шекке сәйкес келетін жол берілетін деңгей. Негізгі дозалық шек ретінде А санаты үшін органдар тобына байланысты күнтізбелік жиі үшін шекті жол берілетін доза (ШЖД), ал В санаты үшін доза шегі (ДШ) белгіленеді.

Органдагы жеке ең жоғары норматив эквиватентті негізгі доза үшін белгіленеді.

Дозалық шектер таблицасы

Жиынтық сыртқы және ішкі сәулеленудің дозалық шектері, күнтізбелік жыл ішіндегі бір

Қауіпті органдар тобы

I

II

III

А санаты үшін шекті жол берілетін доза(ШЖД).

5

15

30

15 санаты үшін доза шегі (ДШ)

0,5

1,5

3

Үстіңгі беттің ластануының жол берілетін деңгейі

Ластану

X- белсенді

нуклидтер

Р- белсенді

объектілері

жекелері

басқалары

нуклидтер

Тері жамылғысы, ЖҚҚ бет үстіңгі беті.

1

1

100

Арнайы киім,қосымша ЖҚҚ ішкі, үстіңгі беті.

5

20

800

Адамдар тұрақты келетін ғимарат-тардың және сонда тұратын ғимарат-тардың үстіңгі беті.

5

20

200

Адамдар уақыт аралығында келетін ғимараттар және сонда тұрған ғимараттар үстіңгі беті.

50

200

8000

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]