Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмны-1.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Қорытынды

Android операциялық жүйесіне арналған “балаларға арналған сөйлейтін әліпби қосымшасын” құру сәтті жүзеге асты. Пайда болған алдағы күндерде кең ақымды қолданысқа ие болатындығына сенімдімін.

Алынған өнімді қолданыста қадағалау өте жақсы нәтижелерге әкелді. Кішкентай бүлдіршін қолданушыларымыз жастарына қарамай қосымшаны қолдануды әдістерін тез уақытта, әрі оңай меңгерді. Қосымшаның интерфейсі тек ашық түсті, түрлі түсті стильде болғандықтан бүлдіршіндердің қызушылығы арта түседі деген ойдамын. Жас қолданушыларымыз бұл қосымша арқылы әліппені ғана үйреніп қоймай: сурет салу қабілеттерін арттыруға, сүікті әуендерін ойнауға, қосымша құрамындағы логикалық ойынның арқасында есте сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі таңда сенсорлы экранды телефондар, планшеттер және т.б құрылғыларға арналған мобильдік қосымшалар кең ауқымды қолданысқа ие болғандықтан мобильдік қосымшалар құру өзекті мәселе болып табылады. Отандық бағдарламашылармен де құрылған мобильдік қосымшалар саны да аз емес. Олардың бірі NUROTAN.EDU.KZ қосымшасы болып табылады.

NUROTAN.EDU.KZ мобильдік қосымшаның көмегімен алдағы болатын барлық тренингтер туралы хабардар болуға, өздеріңізді қызықтыратын тренингтерге өтінім бере алатын, партияның соңғы жаңалықтарын оқи алатынболасыздар, сондай-ақ Facebook пен Twitter ресми таспаны және басқа да көптеген мәліметтерге қол жеткізетін мүмкіндіктер бар.

Тағы бір мысал ретінде «Real Dombra» алуға болады. Бұл қосымша ұлттық аспапта ойнауға үйретеді, оның көмегімен кез келген адам сүйікті күйін шерте Бұл қосымша ұлттық аспапта ойнауға үйретеді, оның көмегімен кез келген адам сүйікті күйін шерте алады.

Android операциялық жүйесіне арналған “балаларға арналған сөйлейтін әліппе” қосымшасы да бүлдіршіндеріміздің сүйікті құралдарының бірі болуы кәміл.

Бала тәрбиесіне тек ата-анасының ғана емес, сонымен қатар бүлдіршіннің өмір сүретін ортасы, қоршаған ортасы,тіпті, қолданатын заттары, ойнайтын ойыншықтары және т.б басқа факторлар әсер ететіні мәлім. Сондықтан бұл қосымша тек әліппені үйретіп қана емес, бүлдіршіндеріміздің мінез құлқының дұрыс қалыптасуына, мектепке дейінгі дайындығын жеделдетуге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Осындай оқыту бағдарламаларының көп болуы өскелең ұрпақтың уаұытын тиімді пайдалану, зиянды қылықтардын аулақ болу, және білімге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан нақ мобильдік қосымшалар дайындау бағытында мамандар дайындауға бағыттарлған оқыту курстарының да болуы артық етпейді.

Соңғы жылы ұялы телефондарының сатылу көрсеткіші бірнеше мәртеге өскен. Осы мәліметтер үнемі көтеріліп, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш әлі өзгермеген. Ұялы қосымшаларының өзекті және маңызды болуы айқын. Бағдарламалық қамсыздандырулар мен ұялы қосымшаларды дайындаушыларға сұраныс ұсынысты басып озады.

Іс жүзінде дипломдық жобаны тестілеуінен алынған нәтижелерден құрастырылған бағдарламалық қамсыздандырудың жұмысқа қабілеттілігі мен тиімділігі жөнінде жақсы қорытынды шығаруға болады.

Студенттің дипломдық жұмысы дипломдық жобалауында құрылған тапсырмаларға сәйкес орындалды және автордың қойған мақсаттарына толықтай жауап береді. Жоспар бойынша алгоритмнің орындалуы іске асырылды.

Дипломдық жұмысқа қойылған тапсырма толық көлемде орындалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]