- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В060700 – биология; 5в060600 – химия, 5в070100 – биотехнолоия
- •5) Пәннің сипаттамасы:
- •5.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны:
- •5.2. Мақсаты:
- •5.3. Пәннің міндеттері:
- •5.4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •6. Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Тіршілік негіздері
- •Айналадағы орта мен адам денсаулығы
- •Бөж тапсырмалары
- •Адам және қоғам
- •Бөж тапсырмалары
- •Денсаулықты сақтау
- •Су ресурстары
- •Бөж тапсырмалары
- •Судың ластануы
- •Қазақстан табиғаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Қазақстанның жануарлар әлемі
- •Бөж тапсырмалары
- •Немного об экологии
- •Отандық биология ғылымы
- •Бөж тапсырмалары
- •Қазақстандық биолог ғалымдар
- •Бөж тапсырмалары
- •Семей сынақ алаңының тарихы
- •Биотехнология – XXI ғасыр ғылымы
- •Биотехнология ғылымына кіріспе
- •Японцы изобрели кумыс и назвали его «Билк»
- •Адам генетикасын зерттеу
- •Бөж тапсырмалары
- •Өсімдіктер биотехнологиясы
- •Бөж тапсырмалары
- •Терек ауаны азот тотығынан тазартады
- •Гендік инженерия – хх ғасыр жемісі
- •Анализ днк позволит раскопать шотландские корни Лермонтова
- •Бөж тапсырмалары
- •Химияның даму заңдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Д.И. Менделеев периодтық заңының құрылуы
- •Бөж тапсырмалары
- •Ферментациялық технологиялар
- •Бөж тапсырмалары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
- •Бөж тапсырмалары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
Бөж тапсырмалары
8-тапсырма. «Тіршіліктің жасыл тірегі» тақырыбында шағын эссе дайындаңыздар.
Ағымдық бақылау сұрақтары:
1. Биосфераны ластаушылардың негізгі көзі не?
2. Улы заттар адам ағзасына қалай әсер етеді?
3. Табиғи ауаны растайтын улы заттарлың неше түрі бар?
4. Ауадағы фторлы газ қай кезде пайда болады?
2-САБАҚ
Адам және қоғам
Мақсаты: Студенттердің қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуге, табиғатты сүюге баули отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңыз:
Ұлт, туған жер, жасы, балабақша, қалаған мамандық, ата-ана, ән салу, домбыра тарту, гитара тарту, спортпен айналысу, көңілді өткізу, қыдыру, демалу, сабаққа дайындалу, тыңдау, көру, жазу.
2-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңыздар:
- Танысып қоялық, менің атым – Арман.
- Өте жақсы. Ал менің атым – Ботагөз.
- Атың да, өзің де жақсы екенсің. Айып болмаса, жасың нешеде?
- Ешқандай айыбы жоқ. Менің жасым – 18-де.
-Мен де 18-демін. Мен Қарағандыдан келдім. Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану факультетінде оқимын. Ал сен ше?
- Мен де осында оқимын.
- Мамандығың қандай?
- Мамандығым – шет тілінің мұғалімі.
- Ботагөз, сен қай жақтансың?
- Мен жергіліктімін.
- Сабақтарың қиын емес пе?
- Біздің сабағымыз өз қиындығымен қызықты.
- Сен қай көшеде тұрасың?
- Мен Бейбітшілік даңғылында тұрамын. Арман, сен жатақханада тұрасың ба?
- Мен ақылы бөлімде оқимын, ал жатақханада көбіне грант арқылы оқуға түскен студенттер тұрады. Ал мен пәтер жалдап тұрамын. Пәтерді жалға беруші жақсы, мейірімді адам. Ол – зейнеткер. Бұрын көп жыл балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Сондықтан да болар, біздерді де өз баласындай көреді. Ботагөз, сенің отбасың үлкен бе?
- Жоқ, менің отбасым онша үлкен емес. Ата-анам, екі әпкем, бір інім бар. Ал, сенің отбасың қандай, Арман?
- Менің отбасым үлкен. Атам бар, әкем, анам, бір ағам, үш қарындасым және кішкентай інім бар. Інімнің аты – Кенжебек. Біз бәріміз оны өте жақсы көреміз. Оның қылығы, сөзі тәтті.
- Арман, сенімен танысқаныма қуаныштымын. Міне, менің түсетін аялдамам да болды. Сау бол.
- Ботагөз, мен сенімен әлі кездесемін деп ойлаймын. Жарайды, жақсы, жолың болсын. Көріскенше!
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз:
1. Менің жас… он жеті… 2. Мен биыл оқу… түс… 3. Қолым бос кезде қыдырғанды ұната… 4. Маған жыл мезгілдерінен көктем ұнай… 5. Көктемде табиғат құлпыра…, күн шуағын төге…6. Айнала жап-жасыл болады, түрлі гүлдер жайқала… 7. Алайда жыл… барлық мезгілі өзінше әдемі. 8. Сабақты кейде табиғат аясында отырып оқыған да жақсы деп ойлай… 9. Туған жерімді, ата-анам мен бауырларымды сағын… 10. Сағыныш – адамзат… тән ұлы сезім.
4-тапсырма. Төмендегі сөздерден сөйлем құраңыздар.
1. Атқару. 2. Көмектесу. 3. Жасау. 4. Түсіну. 5. Ескерту жасау. 6. Дайындалу.
5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қоғам – жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп – бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Демек, қоғам – ұжымдардың бірлігі болып саналады.