- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •5.7. Пәнді оқытудың жоспары
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6. 1 Негізгі әдебиеттер:
- •6.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс 1. Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні
- •1. Еуразия- жағрапиялық кеңістік.
- •2. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 2. Еуразия халықтары
- •1. Еуразия халықтарының шығу тарихы.
- •2. Орта Азия халықтарының этногенезі.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 3. Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтырудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 4-5.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 6. ЕуразияШылдық идеясының қалыптасу кезеңдері
- •1920-1930 Жж. Еуразияшылдық идеясының дамуы.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 8.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 9. Л.Н. Гумилевтің өмірі және ғылыми мұрасы
- •1. Л. Н. Гумилевтің өмір жолы.
- •2. Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде көшпенді халықтар тарихының зерттелуі.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 12. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың
- •1.Қр Президенті н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы.
- •2.Елбасы еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 14. Еуразиялық экономикалық қауымдастық (еуразэқ): жетістіктері мен болашағы
- •2. ЕурАзЭқ қызметінің маңызы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 15. Кеден одағы және бірыңғай экономикалық кеңістік: мәселелері және болашағы
- •1. Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы.
- •2. Бэк: еуразиялық ықпалдастық жобасы.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Семинар№15
- •Сөж орындау жоспары
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
Пәнді оқу барысында ағымдағы, аралық, қорытынды, сондай-ақ белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыру қарастырылған. Студенттерге үнемі сабаққа келу, үздіксіз оқуға және топтық пікірсайыстарға белсеңді қатысуға тұра келеді. Студенттер үшін аудиториялық сабақтардағы процесстерге белсенді қатысу міндетті болып саналады, өйткені сабақ айту сапасының негізінне қарап бағаланады.
Егерде студент қойылған талаптарға сәйкес тапсырмаларды саналы орындаса ең жоғарғы балдарға қол жеткізеді. Белгіленген уақытында өткізілмеген тапсырмалар қабылданбайды.
Бағалау жүйесі: Ағымдық бал: - 25 %. Аралық тест – 10 %. СӨЖП және СӨЖ – 25 %.
Эмтихан – 40 %. Барлығы: - 100 %.
Білімді бағалау жүйесі
|
Әріппен бағалау |
Баллдың сандық көрсеткіші |
%-е оқу пәнін меңгеру мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
|
А |
4,0 |
95–100 |
үздік |
|
А- |
3,67 |
94–100 |
үздік |
|
В+ |
3,33 |
85–89 |
жақсы |
|
В |
3,0 |
80–84 |
жақсы |
|
В- |
2,67 |
75–79 |
жақсы |
|
С+ |
2,33 |
70–74 |
қанағаттанарлық |
|
С |
2,0 |
65–69 |
қанағаттанарлық |
|
С– |
1,67 |
60–64 |
қанағаттанарлық |
|
D+ |
1,33 |
55–59 |
қанағаттанарлық |
|
D |
1,0 |
50–54 |
қанағаттанарлық |
|
F |
0 |
0–49 |
қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша пайыздық мазмұндағы қорытынды баға төмендегі формуламен анықталады:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4,
2
Онда: Р1– 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Р2 – 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест–емтихан).
Оқу пәнінің саясаты. Сабақтың барлық түрлеріне қатысу міндетті болып келеді. Сабақта өзін-өзі ұстауы ЖОО ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
Глоссарий
Адаптация – мінез-құлықтың жаңа стериотиптерін туындату жолымен жүзеге асатын этностың ландшафқа икемделуі.
Дала өркениеті – түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдык және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат.
Еуропоцентризм – мәдени аяда басқа халықтар мен өркениеттерден еуропалық халықтар мен батысеуропалық өркениеттің үстемдігін және еуропа халықтарының әлем тарихындағы рөлін жақтайтын ғылыми үдеріс немесе саяси идеология.
Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) – Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі.
ЕО – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Кейіннен бұл Одаққа –Польша,Венгрия,Чехия,Словакия,Словения,Хорватия,Эстония,Латвия,Литваелдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987),Маастрихт келісімшартында(1992) жәнеАмстердам келісімінде(1997) көрсетіліп айқындалған.
Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.
Идеология – ілім, қоғамдық сана (гр. Идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.
Алғаш
Комплиментарлық - «өзінікі» «өзгенікі» дегенді айқындаушы санадан тыс адамдар қауымдастығының өзара үйлесімі.
Ориенталистика - (лат. Orientalis – шығыстық)– Шығыс елдерінің тарихы, философиясы, өнері, әдебиеті, тілі мен экономикасын зерттеумен айналысатын ғылыми пәндер жиынтығы, шығыстану.
Орталық Азия - Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта
Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.
Пассионарлық импульс – тұлғалық және түрлі инстинктерге қарама-қарсы бағытталатын мінез-құлық импульсы.
