Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ 2

.rtf
Скачиваний:
22
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
51.72 Кб
Скачать

Мелиорация

Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс — Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал — Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.

Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және техникалық шаралары. М. — суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. М. объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалык М. (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) — топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне — қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық М. (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) — тұзданған топырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, сорларды гипстеу, сілтілі топырақтарды қышқылдандыру және т.б. Топырақтың физикалық жағдайын жақсарту үшін, оларды тастардан тазартады, сазды топырақты құм араластыра өңдейді, тозаңды және шымтезекгі топырақты саздандырады және т.б. Эрозияға немесе дефляцияға ұшыраған жерлерде, әсіресе, таулы аймақтардағы беткейлерді террасалау тәсілі қолданылады. Биологиялық (экологиялық) мелиорацияға құмдауыт жерлер мен жыраларды ормаңдандыру, орман жолақтарын өсіру (агроорманмелиорациясы) және баска шаралар жатады; 2) ауыл шаруашылық ғылымының бірнеше саласының негізін зерттейді. Оларға: гидротехникалық құрылыстар, агротехникалық шаралар, су шаруашылығының экономикасы, топырақтану, ағаш-орман шаруашылығының салалары және т.б. жатады. Мелиорацияның негізгі мақсаты — ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (жер суландыру техникаларын, ЭЕМ және т.б.) пайдалана отырып, өсімдіктің өсіп-өнуіне, дамуына қолайлы жағдай жасау. Ылғалдың, ауаның, күннің жылылығы мен радиациясының және топырақтың қоректену режімін дұрыс пайдалана отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұракты және мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы және техникалық мелиорация болып бөлінеді. Техникалық мелиорация шараларын атқару нәтижесінде топырақ пен жер қыртысының құрылымы жақсара түседі, канал, тоған, су қоймалары мен бөгендердің жақтауларымен табаны нығайтылады. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы — жүйенің шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық шараларды, табиғаттың (топырақ, агроклимат) гидрологиялық қолайсыз жағдайларын жақсарта отырып, жер қорын өте тиімді түрде пайдалану өдістері. Суармалы жерлердің химиялық және физикалық қасиеттері нашар болса, оған агротехникалық мелиорация шаралары, сонымен қатар химиялық мелиорация қолданылады — сор және сорланған жердің топырағына әк және гипс қосып (тұзын сумен шаюдан басқа) өңдейді. Ағаш-орман мелиорациясы — жел, су эрозиясына қарсы колданылатын шара.

Мелиоративтік жүйенің және су шаруашылығы құрылысының техникалық сипаттамасы және жай-күйі туралы мәліметтер бар су шаруашылығы құрылысының және мелиоративтік жүйенің паспортына ие болуға міндетті. Мелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорттың нысанын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

Жерлерді мелиорациялау объектілеріне жерді жақсартуға бағытталған мелиорациялық іс-шаралар белгіленген, өткізілетін немесе өткізілген барлық объектілер жатады. Жерлер мелиорациялаудың типтері мен түрлері

Мелиорациялық іс-шаралардың сипаттамасына байланысты жерлерді мелиорациялаудың мынадай типтері болады:

1) гидромелиорация;

2) агроорманмелиорация;

3) дақылтехникалық мелиорация;

4) химиялық мелиорация.

Жерлерді гидромелиорациялау

1. Жерлерді гидромелиорациялау жай-күйі судың әсеріне байланысты құрғақшылық, тозған, эрозияға ұшыраған, батпақты, артық ылғалды, шайылған және басқа да жерлерді түбегейлі жақсартуды қамтамасыз ететін мелиоративтік іс-шаралар кешенін өткізуден тұрады.

Жерлерді гидромелиорациялау мелиорациялық жүйелердің, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстардың көмегімен суды көтеру, беру, бөлу және бұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы мелиорацияланатын жерлерде топырақтың су, ауа, жылу және қоректі режимдерін реттеуге бағытталған.

2. Жерлерді гидромелиорациялауға суару, құрғату, су тасқынына қарсы, селге қарсы, эрозияға қарсы, сырғымаға қарсы және жерлерді гидромелиорациялаудың басқа да түрлері жатады.

Жерлерді агроорманмелиорациялау

1. Жерлерді агроорманмелиорациялау қорғаныштық орман екпелерінің топырақты қорғайтын, суды реттейтін және өзге де қасиеттерін пайдалану арқылы жерлердің түбегейлі жақсаруын қамтамасыз ететін мелиорациялық іс-шаралардың кешенін өткізуден тұрады.

2. Жерлерді агроорманмелиорациялауға мынадай түрлері жатады:

1) эрозияға қарсы - жыраларда, сайларда, құмдарда, өзен жағалауларында және басқа аумақтарда орман екпелерін отырғызу арқылы жерлерді эрозиядан қорғау;

2) алқапты қорғау - жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шекараларына қорғаныштық орман екпелерін отырғызу жолымен қолайсыз табиғи, антропогенді және техногенді сипаттағы жағдайлардың әсер етуінен қорғау;

3) жайылымдық жерлерді қорғау - қорғаныштық орман екпелерін отырғызу жолымен жайылымдық жерлердің тозуының алдын алу.

Жерлерді дақылтехникалық мелиорациялау

1. Жерлерді дақылтехникалық мелиорациялау жерлерді түбегейлі жақсарту жөніндегі мелиоративтік іс-шаралардың кешенін өткізуден тұрады.

2. Жерлерді дақылтехникалық мелиорациялау жерлерді мелиорациялаудың мынадай түрлеріне бөлінеді:

1) мелиорацияланатын жерлерді ағаш және шөпті өсімдіктерден, төмпешіктерден, түбірлерден және мүктерден тазарту;

2) мелиорацияланатын жерлерді тастардан және басқа заттардан тазарту;

3) сортаң жерді мелиоративтік өңдеу;

4) топырақты қопсыту, құм себу, сазбалшықтандыру, жермен тегістеу, плантаж және бастапқы өңдеу;

5) өзге де дақылтехникалық жұмыстарды жүргізу.

Жерді химиялық мелиорациялау

Жерді химиялық мелиорациялау топырақтың химиялық және физикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі мелиорациялық іс-шаралардың кешенін өткізуден тұрады. Жерді химиялық мелиорациялауға топырақты әктеу, фосфорттау және гипстеу жатады.

Жерді мелиорациялауды жоспарлау.

1. Жерді мелиорациялауды жоспарлауды жерді мелиорациялау саласындағы республикалық және өңірлік (аумақтық) бағдарламаларға сәйкес, сондай-ақ жер учаскелері меншік иелерінің тапсырыстары бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өткізеді.

2. Жерді мелиорациялау саласындағы республикалық және өңірлік бағдарламаларда тиісті аумақтардың табиғи-климаттық ерекшелігіне және ауыл шаруашылығы мұқтаждарына байланысты жерді мелиорациялаудың белгілі бір түрлерінің басымдылығы көзделеді.

3. Жерді мелиорациялауды жоспарлау кезінде жер учаскелері меншік иелерінің тапсырыстары бойынша жерді мелиорациялауды қолданудың түрлері мен ауқымдары стандарттардың, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы нормалар мен ережелердің негізінде айқындалады.

Жерді мелиорациялауды жүргізу

1. Жерді мелиорациялау техника-экономикалық негіздемеге сәйкес әзірленген және құрылыс, экологиялық, санитариялық және өзге де стандарттарды, нормалар мен ережелерді ескеретін жобалар негізінде жүргізіледі және су объектілері мен олардың су қашыртқы алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететін табиғатты қорғау іс-шаралары кешенінде жүзеге асырылуы тиіс.

2. Жерді мелиорациялау жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3. Жұмыс істеу процесінде су объектілері пайдаланылатын мелиорациялық жүйелерді жоспарлау және құрылысын салу Қазақстан Республикасының су заңдарына сәйкес арнайы су пайдалануға алынған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

4. Жерді агроорманмелиорациялауды жүргізу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының орман заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мелиорациялық іс-шараларды жүргізу үшін жерді пайдаланудың тәртібі.

Белгіленген тәртіппен мелиорацияланатын жерлерге жататын жер учаскелері мелиорациялық іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынылады.

Мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік жүйелер мен су шаруашылығының құрылыстары орналасқан мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері көрсетілген жүйелер мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға жер пайдалану құқығында беріледі.

Мелиорацияланатын (мелиорацияланған) жер учаскелерімен шектескен жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңдарында көзделген тәртіппен жерді мелиорациялауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мелиорациялық жүйелерді, су шаруашылығы құрылыстары мен қорғаныштық орман екпелерін пайдалануға қабылдау.

Мелиорациялық жүйелерді, су шаруашылығы құрылыстары мен қорғаныштық орман екпелерін пайдалануға қабылдау су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте жүргізіледі.

Мелиорациялық іс-шараларды жүргізуге экологиялық талаптар

Мелиорациялық іс-шараларды жүзеге асыру қоршаған ортаның жай-күйін нашарлатпауы тиіс.

Мелиорациялық іс-шаралар экология, жер, су, орман заңнамаларының, сондай-ақ жер қойнауы туралы және жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Мелиорацияланған жерлердің есебін жүргізу

Мелиорацияланған жерлердің есебін жүргізу гидрологиялық, техникалық және мелиорацияланған жерлердің өзге де сипаттамалары туралы деректер жинау болып табылады. Көрсетілген деректер мемлекеттік жер кадастрына Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес енгізуге жатады. Мелиорацияланған жерлердің мониторингі

Суармалы жерлердің мониторингі мен мелиоративтік жай-күйін бағалау жерлер мониторингі мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі және мелиорацияланған жерлердің жай-күйін жүйелі бақылау болып табылады. Осы бақылаулар негізінде мелиорацияланған жерлер жай-күйінің өзгеруі анықталады және олардың бағасы беріледі.

Мелиорацияланған жерлерге мониторинг жүргізудің тәртібін Қазақстан Республикасының жер заңнамасы айқындайды.