
- •Мазмұны
- •1. Салықтардың ториялық негіздері.................................................................5
- •3.Қр-ның экономикасын салық арқылы реттеуді жетілдіру перспективалары.................................................................................................31
- •1.Салықтардың ториялық негіздері
- •1.1Салықтардың пайда болу тарихы
- •Салықтың экономикалық мәні
- •Шет мемлекеттердің салық салу ерекшеліктері
- •Еуропаның салық жүйесі оның ерекшеліктері. Германияның салық жүйесі
- •Ұлыбританияның салық жүйесі
- •Францияның салық жүйесі
- •Италияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •Швецияның салық жүйесі
- •Еуропаның салықтық құқығы
- •Жапонияның салық жүйесі
- •2.Қр-ның экономикасын салықтық реттеудің қазіргі жағдайы
- •2.1. Экономиканы қаржылық реттеудің қажеттілігі мен әдістер
- •2.2Салық-экономиканы реттеу құралы ретінде
- •2.3Қр-ның фискалдық саясатының негізгі бағыттары
- •3.Қр-ның экономикасын салық арқылы реттеуді жетілдіру перспективалары
- •Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері
- •Қорытынды
2.2Салық-экономиканы реттеу құралы ретінде
Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді.
Салық әкімшілігі – салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен жоқ.
Салық жүйесінде әлі күнге дейін нашар жиналатын салықтар көлемі өте үлкен көлемде, ол кәсіпорындағы шаруашылық қызметін нашарлатады, бұл өз кезегінде бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.
Мемлекеттік мүлікті түгендеу процесі өте баяу жүруде, дегенмен бюджеттік ұйымдардан жасырынатын, яғни салық төлеуден жалтарынатын қарапайым коммерциялық ұйымдар жиі кездеседі.
Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру мақсаттары қандай? Бұл өте маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Орта мерзімді дамуда – бұл экономикадағы салық жүктемесін төмендету, мемлекеттік міндеттемелерді реттеу, басымдылық міндеттерді шешуде қаржы ресурстарын шоғырландыру, бюджеттік кірістердің әлемдік бағалар коньюнктурасынан тәуелділігін төмендету, мемлекеттік қаржыларды басқаруды құру және бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Салық реформасы салық төлеушілерге салық ауыртпашылығын төмендетуге, салық жүйесін жеңілдетуге, салық салу шарттарын реттеуге және салық әкімшілігінің сапасын жоғарлатуға бағытталған. Салық төлеушілер тиімді сот механизмдерінің көмегімен салық және кеден инспекторларының озбырлығынан қорғануы тиіс. Сонымен қатар салық төлеушілер салықтарды уақытында төлемегенде, жауапкершілігі қатаң түрде болуы керек.[7]
Жалпы алғанда еліміздің салық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:
салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
салық жүйесін максималды түрде ықшамдау;
салық ставкаларын төмендету мақсатында, салық прессингін әзірлеу;
салық прессингін әлсіздендіру;
салықтарды алудың парасатты деңгейін қамтамасыз ету;
тікелей және жанама салықтарды оңтайлы түрде байланыстыру;
Соңғы жылдары нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде тікелей салықтарға өте үлкен көңіл бөлінеді, ал жанама салықтарға бағдарлану мынаны куәландырады: яғни әкімшілігінің тікелей салықтарды жинаудаға тиімді салықтық бақылауды ұйымдастырудың қабілетсіздігі.
тұрақты салық салынатын базасы бар мүлік салықтарының рөлін күшейту;
салықтарды төлеумен есептеудің тәртібін жүзеге асыратын салық заңдарымен басқа да заңдарды сәйкестендіру;
шаруашылық субъектілерінің нақты шығындарымен олардың өндірістік қызметімен байланысты салық салудың максималды есебі;
жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын жетілдіру;
инфляциялық процесс есебі мен салық салудың икемді шәкілін талдау;
салықтарды төлеу кезінде еркінділік принципін дамыту;
Яғни бұның негізгі ажыратылмайтын бөлігі салық төлеушілерге уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде хабарлауы, салықтарды төлеу және есептеу туралы консультациялық қызметтер көрсету болып табылады. [8]
Сонымен бірге айта кету керек, көп мөлшердегі негізгі сомалар салық салудан және салық төлеушілердің әр түрлі банктерде көптеген шоттарды ашу кезіндегі салық органдарының бақылауынан шығады.
Қазақстанда мемлекеттіміздің экономикасын өркендетіп, шаруашылықты дамытатын салық жүйесі керек.
Солардың бірі – салық жүйесінің тұрақтылығы. Салық жүйесінің тұрақтылығы – экономиканың дамуының негізгі кілті болып табылады. Салықтарда тұрақтылық және қозғалмалылық түсініктері бір мезгілде қатар жүреді. Неғұрлым салық салу жүйесі тұрақты болса, соғұрлым кәсіпкер өзін сенімді болып сезінеді. Яғни кәсіпкер қаржылық операциялардың, өткізілген келісімдердің және басқа да шаруашылық шешімдердің жүзеге асыру нәтижесі қандай болатынын алдын-ала және толық нақты түрде есептей алады.
Белгісіздік - кәсіпкерліктің жауы болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда тәуекелдікпен тығыз байланыста болады. Егер тұрақсыз нарықтық конюнктураға салық жүйесінің тұрақсыздығы ставкалардың салық алу шарттарының шексіз түрде өзгеруі қосылса, онда тәуекелдік деңгейі екі есе үлкейеді.[9]
Сонымен қатар алдағы кезеңде салық салудағы ставкалармен шарттардың қандай болатынын нақты білмей, бюджетке түсетін табыстар бөлігі мен кәсіпкерге түсетін пайда мөлшерін анықтау мүмкін емес.
Салық жүйесінің тұрақтылығы салықтар құрамын, ставкаларын, жеңілдіктерін, санкцияларын өмір бойы тұрақтандыруды білдірмейді. Яғни салық жүйесінің бір қалыпта болуы мүмкін емес.
Салық салудың кез келген жүйесі қоғамдық құрылыстың сипатын, мемлекеттік экономикалық жағдайларын, әлеуметтік-саяси жағдайлардың тұрақтылығын, халықтардың өкіметке деген сенімділік деңгейін бейнелеп көрсетеді.
Салық жүйесінің құрамы, яғни салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және тағы басқалары бірнеше жыл ішінде тұрақты болып тұруы керек. Салық салу жүйесін тұрақты деп санауға болады, егер де санкциялар мен жеңілдіктер, салық жүйесінің құрамы, салық салудың принциптері өзгермей кәсіпкерлік қызмет үшін өте қолайлы болса. Осы аталғандардың барлығы салық жүйесін дамытуда өте үлкен рөл атқарады. [10]