Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
60.13 Кб
Скачать

4.4. Жалпы тепе-теңдіктің классикалық үлгісі .

Қысқа мерзім кезеңіндегі жалпы тепе-теңдік жоғарыда қарастырылған үш рыноктағы тепе-теңдіктен құралады.

 

Еңбек рыногындағы тепе-теңдік:

1.     L = L(W) – еңбек ұсынысының функциясы.

2.     Y = f(L) – өндірістік функция.

3.     MPR .   – өндірушінің тепе-теңдік жағдайы.

Тауарлар рыногындағы тепе-теңдік:

4.     S = S(r) – қор жинағы функциясы.

5.     I = І(r) – инвестиция функциясы.

6.     S = І  – тауар рыногіндегі тепе-теңдік.

 

Ақша рыногындағы тепе-теңдік:

7.     М = к ∙ P ∙ Y – Кембридж мектеп нұсқасы.

 

Алдыңғы үш теңдеу жүйесі экономикадағы жұмысшылар саны мен табыс деңгейін анықтауға мүмкіндік тудырады. Мұнда әрине, жұмысшылар саны белгілі және нақты жалақы деңгейі өзгермелі. Мұндағы тепе-теңдік басқа рынокқа және пайыз мөлшерлемесіне әсер етпейді.

Бұл жүйеден бөлек тауарлар мен қызметтер рыногы қалыптасады. Классикалық теорияға сәйкес барлық өндірілген тауарлар өз тұтынушыларын табады (S = І)  және ол пайыз мөлшерлемесіне байланысты.

Соңғы теңдеу ақша рыногын сипаттайды. Ол баға деңгейіне байланысты ақша көлемін анықтайды және классикалық дихотомияға сәйкес басқа рыноктарға байланысты емес.

Тараудың басында біз мемлекеттің экономикаға араласуы мен халықаралық сауданы шектеген болатынбыз. Енді осы екі фактордың экономикалық жүйенің тепе-теңдігіне қалай әсер ететінін қарстырамыз

Классиктер еңбек, игіліктер және ақша рыноктарындағы    тепе-теңдікті анықтай келе бәсекелестік ортаға мемлекеттің араласуының қажеті жоқ деген шешімге келді. Олардың ойынша бұл рыноктардағы тепе-теңдік тұрақты.  Классикалық мектеп экономистері мемлекеттің ролін мынадай шаралар шеңберінде қарастырды:

- экономикалық агенттердің қызметін минималды шектейтін заңдар қабылдау және бақылау;

- ақша массасын реттеу арқылы қажетті баға деңгейін ұстап отыру;

- мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтау;

- қоғам үшін маңызды салаларға қолдау көрсету.

Классикалық теория ХІХ ғасырда пайда болып тепе-теңдіктің Кейнстік тұжырымдамасына дейін өмір сүріп келді. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін елдер арасындағы валюта арақатынасы алтын стандарт негізінде белгіленді. Қазіргі кезде валюта паритеті құбылмалы валюта бағамы негізінде қалыптасады.

Тұрақты валюта бағамы жағдайында импорт экспорттан жоғары болғанда төлем балансының тапшылығы орнайды. Бұл жағдайда тепе-теңдік ішкі алтын қоры есебінен қалыптасады. Елден алтынның «кетуі» сол елдегі ақшаның азаюын білдіреді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес тауарларға баға төмендейді. Ал төлем балансы қалыпты елдерге қосымша алтынның «келуі» бағаны өсіреді де ақша массасының көбейуіне әкеледі. Тауарлар мен қызметтер арзан елдер баға деңгейі жоғары елдерге экспортты көбейте бастайды. Бұл үрдіс екі елдің сауда және төлем балансы тепе-теңдікке келгенше жалғаса береді.

Құбылмалы валюта бағамы жағдайында төлем балансының тапшылығы әр елдегі тауарлар бағаларының арақатынасы емес, валюталар арақатынасы негізінде қалыптасады.

Екі жағдайда да экономикалық тұрақтандырғыштар екі елдің өзара байланысы механизміне автоматты «енгізілген». Сондықтан үкіметтің араласуын қажет етпейді

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]