Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
60.13 Кб
Скачать

4.1. Классикалық мектептің негізгі қағидалары

Қазіргі экономикалық теорияларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: классикалық және  кейнстік

Бұл мектептер қазіргі экономикалық ілімдердің екі негізгі бағыттарын білдіреді.

Классикалық мектеп өкілдеріне кең мағынада А.Смит пен Д.Рикардоның барлық ізбасарларын Ж.Б.Сэй, К.Маркс, Т.Р.Мальтус, Д.С.Милльді қоса ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі экономистерді жатқызуға болады. Жалпы алғанда А.Маршаллдан басталатын экономикалық ілімді неоклассиктерге жатқызады.

Классикалық мектептің негізгі бастапқы постулаты «игіліктер ұсынысы өздігінен сұранысты тудырады» деген тұжырым. Бұл теория, әсірессе Ж.Б.Сэйдің (1767-1832) заңында айқын, терең ашылды. Аталмыш заңға сәйкес әр өндіруші өзінің тауарын рынокта сатып, одан түскен қаржыға бірден басқа тауарлар сатып алады. Сэй рыноктағы  еркін сұраныс пен ұсыныс жағдайында қандай да бір игіліктің артық өндірілу мүмкіндігін ескерді, алайда оның ойынша бұл кезеңде басқа салада тапшылықтың болуы ықтимал. Сөйтіп барлық экономикалық жүйеде тепе-теңдік сақталады. Бұдан Сэй заңының негізгі мәні: ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты тудыратындығы.

Қазіргі экономика тұрғысынан Сэй заңы  жетілмеген, өйткені ол ақша нарығын, яғни қаржының ақша түріндегі қорлануын қарастырмайды. Сэй теориясының кемшіліктерін Маркс те кезінде былайша атап көрсеткен “... тек бір нәрсе сатқандықтан басқа нәрсені сатып алуға ешкім де міндетті емес”. Әрине, Сэй экономикадағы ақша қатынастарын жоққа шығарған жоқ, бірақ ол тек оның тауарлар айырбасындағы техникалық роліне ғана көңіл бөлді.

Сонымен классикалық мектеп тұрғысынан экономикалық жүйе тепе-теңдігін сипаттаудың екінші ерекшелігі:  тепе-теңдік үш рынокта орнайды: еңбек, игіліктер және ақша рыноктарында. Нәтижесінде қоғамда екі рынок қалыптасады: біріншісі  тауарлар мен қызметтер және жұмыс күші сатылатын нақты нарық, екіншісі – бірінші нарыққа қызмет ететін ақша рыногі. Сөйтіп, экономикада классикалық дихотомия деген түсінік пайда болды, яғни екі парлелльді нарықтардың: нақты және ақша рыноктарының әрекет етуі.

Ақшаның экономикалық жүйедегі ролі туралы А.Маршалл былай деген, «... адамдардың тауарларды сатып алуға мүмкіндіктері  бар, бірақ олар ондай мүмкіндіктерді пайдаланбауы да мүмкін».  

Осыған орай экономист-классиктер мынадай шешімге келді: қор жинағы тек инвестиция түрінде жүзеге асса (S = I) ғана Сэй заңы орындалады, басқаша айтқанда, халықтың тұтыну тауарларына жұмсамаған ақша қоры инвестициялық мақсаттарға тартылуы тиіс.

Нақты және ақша рыноктарындағы тепе-теңдік автоматты тұрақтандырғыштар арқылы реттеледі деген қағида экономикалық саясатқа мемлекеттің араласуының қажет еместігін дәлелдеді.

4.2. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік

 Бұл мәселені зерттеуге кіріскенде алдын-ала келісетін жағдай:  алдымен қысқа мерзімдік экономикалық үлгіні қарастырамыз және мемлекет пен халықаралық сауданы шектейміз. Классикалық мектептің алғышарттарының бірі баға мен жалақының икемділігі. Онда еңбек ұсынысы жалақы деңгейіне байланысты анықталады.

Еңбек рыногының классикалық үлгісінде тепе-теңдік жұмыс күшіне сұраныс функциясы мен ұсыныс функциясы арқылы анықталады. Мұнда еңбек бағасы жалақы болып табады. Егер номиналды жалақыны W деп белгілесек, онда нақты жалақы .

 Нарықта жұмыс күшіне сұранысты кәсіпкер білдіреді. Кез келген кәсіпкер жалақының төмен денгейінде аз жұмысшы жалдайды. Ал егер жалақы жоғары болатын болса, онда жұмысшылар саны азаяды. Сондықтан -еңбекке сұраныс қисығы теріс көлбеу болады.

Микроэкономика қурсынан бізге белгілі жағдай кез-келген фирманың қосымша өндіріс факторын пайдалану шарты: MR = MC. Ал жұмыс күшіне қатысты кәсіпкердің қосымша жұмысшыны жалдау шарты  MPR  . Яғни кәсіпкер қосымша жұмысшыны жұмысшының шекті еңбек өнімі нақты жалақыдан жоғары болғанша немесе оған теңескенге дейін жалдай береді. Қорытынды жасасақ, жұмыс күшіне сұраныс нақты жалақының функциясы болып табылады..

Еңбек нарығындағы еңбек ұсынысы да нақты жалақыға байланысты қалыптасады. Нақты жалақы өскен сайын еңбек ұсынысы артады және керісінше төмендегенде жұмысшылардың ынтасы болмайды. Сондықтан еңбекке ұсыныс қисығы оң көлбеу болады.

Еңбеккке сұраныс пен ұсыныс қисықтарын қосу арқылы өнірістегі оңтайлы жұмысшылар санын көрсететін нақты жалақы деңгейін анықтаймыз (9-сурет).

 

9-сурет

 Жалақы тепе-теңдік деңгейден (w/p0) жоғары болғанда (w/p2) рынокта жұмыссыздық орнайды және керісінше, жалақы тепе-теңдік деңгейден  төмен болғанда (w/p1) жұмысшылар төмен жалақыға келіспейді де рынокта жетіспеушілік орнайды.       

Классикалық теория бойынша еңбек нарығында жалақының икемділігіне  байланысты сұраныс пен ұсыныс үнемі тепе-теңдік жағдайға келіп отырады.

Өндіріс көлемін анықтау үшін классикалық үлгіде макроэкономикалық деңгейдегі өндірістік функция қарастырылады (10-сурет).

 

10-сурет

Экономикалық жүйеде өндіріс көлемі үш факторға тәуелді: жер, капитал, еңбек. Қысқа мерзім кезеңінде алдыңғы екеуін тұрақты, өзгермейтін деп ұйғарамыз. Сонда 10-суретте көрсетілгендей функционалдық тәуелділік өнім көлемі мен жұмысшылар саны арасында қарастырылады Ү = f (L).

Егер өндіріс функциясын ұзақ мерзім кезеңінде қарастыратын болсақ, онда капитал өзгереді деп ұйғарамыз. Пайдаланылған капиталдың өсуіне қарай өндірістік функция графигі жоғары жылжиды. (11-сурет).

Бұл жағдайда бұрынғы жұмысшылар саны деңгейінде өндіріс көлемі   Ү1-ден Ү2-ге өседі.

 

11-сурет

 

Айта кететін жағдай, еңбек рыногындағы тепе-теңдіктің теориялық негізіне қарамастан жұмыспен толық қамтудың тербелісі практикада кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]