Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШАЖО теория.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
24.18 Кб
Скачать

2.2- Кесте Жер экспликациясы (жерге орналастыруға дейіңгі)

Жер пайдаланушылықтардың кемшіліктері оларды мұқият зерттеу барысында анықталады. Айқындалған кемшіліктерді жою нәтижесінде шаруашылықтар территориясының реттілігі едәуір жақсаруға тиіс.

Жер пайдаланушылықтың кеңістік кемшіліктері айқындалған соң нәтижелері 2.3- кестеде көрсетіліп, оларды әртүрлі әдістермен жойылады.

2.3-Кесте Жер пайдаланушылықтардың кеңістік кемшіліктерін сипаттау

(жерге орналастыруға дейіңгі ).

Жер пайдаланушылықтардың айқындалғвн кемшіліктерін жою жолдарын таңдау үшін бұл кемшіліктер бағалануы тиісті. Осы мақсатпен әрбір жер пайдаланушылық бойынша ауылшаруашылық алаптардың орналасуы , өндіріс орталығына дейіңгі арақашықтығы зерттеледі ( 2.4- кесте). Соңғысы келесі формула бойынша анықталады:

R= , бұнда

R – жер пайдаланушылық бойынша орташа салмақталған қашықтық, км;

Pn – ауылшаруашылық алаптар коньурларының аудандары, га;

Rn – контурдан өндіріс орталығына дейіңгі орташа кашықтық , км;

K – жол қисықтығын ескеретін коэффициент (1.3-1.4)

Сонан соң жер пайдаланушылықтың кеңістік сипаттамаларын бағалайтын коэффициенттер есептеледі.

Жер пайдаланушылығының кеңістік сипаттамасын бағалайтын негізгі көрсеткіш ретінде, оның ықшамдылығы қолданылады. Ықшамды деп берілген аудандарда периметрі ең қысқа жер пайдаланушылығы танылады. Ондай фигура болып тіктөртбұрыш табылады. Сондықтан, жер пайдаланушылықтың ең ықшамды формасы – өндірістік орталығы ортасында орналасқан тіктөртбұрыш. Бұл ауылшаруашалық алаптарына дейіңгі арақашықтықтың минимальды көрсеткішін қамтамасыз етеді.

Ықшамдылықтың сыртқы және ішкі (ішкішаруашылықтық) түрлері болады.

Жер пайдаланушылықтың сыртқы ықшамдылығы бағалануда, оның іс жүзіндегі периметр сол көлемдегі тіктөртбұрыштың периметрімен салыстырылады. Жер пайдаланушылықтың бұл периметрі сыртқы ықшамдылық коэффицентімен сипатталады ( Kck).

Ксы = , бұнда

ПH – жер пайдаланушылығының іс жүзіндегі периметрі, км;

P – жер пайдаланушылығының ауданы, км2 ;

Ал, жер пайдаланушылықтың ішкі ықшамдылығын бағалау кезінде өндіріс орталығынан ауылшаруашылық алаптарына дейіңгі орташа арақашықтық, тіктөртбұрышты формалы жер пайдаланушылығының сондай қашықтығымен салыстырылады. Жер пайдаланушылықтың ішкі ықшамдылығы шаруашылық ықшамдылығының коэффициентімен сипатталады ( Кіы).

КІЫ = , бұнда

RH- ауылшаруашылық алаптардың өндіріс орталығынан нақты орташа қашықтығы, км;

P – жер пайдаланушылықтық ауданы, км2 ;

Есептеудің нәтижелері 2.5- кестеге көшіріледі.

2.4- Кесте Орташа қашықтықты (жерге орналастыруға дейіңгі) есептеу.

2.5-Кесте Жер пайдаланушылықтардың кеңістік параметрлерін

(жерге орналастыруға дейіңгі) бағалау

2.2 Жер пайдаланушылықтардың кемшіліктерін жоюжәне жобалық шешімдерді техника-экономикалық түрғыдан негіздеу

Жер пайдаланушылықтарды жетілдіру жобасының негізгі мақсаты олардың кеңістіктегі кемшіліктерін жою.

Аталған жобалық міндетті жүзеге асыру барысында бірқатар талаптарды ескеру қажет:

  • бір шаруашылықтың жер пайдаланушылығын жақсарту нәтижесінде басқаларында ондай пайда болмауға тиісті;

  • жер пайдаланушылықтың межелері түзу сызықты және бұрылыстары тік бұрышты болғаны дұрыс ;

  • жер пайдаланушылықтың межелері табиғи шептер (өзендер ,жоталар және т.б.) және жасанды құрылымдарды ( жолдар, каналдар және т.б. ) бойлай жобалануға тиісті ;

  • кемшіліктерді жою барысында жер учаскелерінің алмасуы мүмкіндігінше паритетті және жер иелерінің өзара келісімі бойынша жүргізілуге тиісті.

Жер пайдаланушылықты қалыптастыру және орналастыру үрдісі келесідей әдістемелік жүйеде жүргізіледі.

Аталған талаптармен жер пайдаланушылықтардың айқындалған кеңістік сипаттамалары және олардың кемшіліктері (2.3- кесте) назарға алына отырып , жобалық сызбада олардың жаңа межелері белгіленеді. Берілетін немесе алынатын учаскелердің аудандары алаптардың түрлері бойынша графикалық және механикалық (планиметр) әдістерімен есептеліп жер пайдаланушылықтардың қалыптастырылуы жүргізіледі. Содан кейін соңғыларының жобалық экспликациялары жасалады, жоба бойынша аудандары анықталады (2.6- кесте).

Жобалық планда жер пайдаланушылықтардың межелері қалыңдығы 2мм, қызыл түсті сызықпен көрсетіледі. Учаскелердің жойылатын межелері қызыл түспен сызылып тасталады.

Жобалық шешімдерді негіздеу үшін әрбәр жер пайдаланушылық бойынша орташа арақашықтық, коэффициенттер және бағаланатын кеңістік параметрлері есептеледі (2.5- кесте).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]