Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15_bilet.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
41.35 Кб
Скачать

3. Еңбек нарығы.

Тұтыну тауарлары, өндіріс құралдарының, инвестициялық және қаржы-несие нарықтарымен қатар еңбек нарығы нарықтық механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Тұтас нарықтың экономикалық қызметінсіз оның дамуы мүмкін емес. Еңбек нарығы өз алдында жұмыс күшін шығаруға арналған еңбекке жеке қабілеттіліктің ауысымы үрдісіндегі қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығы түсінігін жұмыс күші нарығы деп түсіну керек, өйткені еңбектің өзі бұл тауар емес, яғни нарықтық қатынастардың объектісі бола алмайды. Жұмыс күші нарығының қалыптасуы тауар нарығында жұмыс күшін тауар ретінде ұсынатын бос жұмыскердің пайда болуын білдіреді.   Толық бәсекеге қабілетті еңбек нарығының болуы және қызмет етуі бірқатар шарттардың орындалуын болжайды. Олардың негізгілері:

  1. еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс жақтарын көрсететін көптеген тәуелсіз субъектілер;

  2. еңбек нарығындағы экономикалық субъектілердің іс-әрекетінің нарықтық мотивациясы;

  3. мемлекет экономикасындағы бірегей бәсекелік орта;

  4. еңбек нарығында субъектілер таңдауының еркіндігі.

Басқа да нарықтар сияқты еңбек нарығы да бағалық тепе-теңдік негізінде қызмет етеді.  Жұмыс күшінің қоғамдық бағалауға жауап беретін, теңдік баға жұмыс күшінің қызметін ұсыну шарттарына сәйкес шекті еңбек өнімділігінің деңгейінде көрсетіледі. Еңбектің теңдік бағасына жұмыс күшінің күнкөрісін және адамның физикалық қажеттіліктерінің минимумына жақын құралдармен қамтамасыз ететін еңбекақы деңгейі сәйкес болуы керек. Жұмыс күшінің бағасына бірқатар факторлар әсерін тигізеді, олардың арасында: өмір сүрудің физикалық минимумын қамтамасыз ететін ең төменгі тұтыну қоржынын ескере отырып саналған ең төменгі жалақы; жұмыс күшін шығару мен дұрыс ауыстыруға қажетті өмір сүру заттары; еңбек нарығындағы конъюктура, ұсыныс пен сұраныс әрекеттері. Еңбек нарығы ұсыныс пен сұраныс категорияларына негізделеді. Сұраныс жұмыс берушілер аумағындағы жұмыс күшіне қажеттілікті анықтайды. Жұмыс күшінің ұсынысы нақты аймақ халқының біріккен еңбекке қабілеттілігіне байланысты қалыптасады.  Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс орындарының болуы; мемлекет экономикасындағы жүйелі өзгерістері; инвестициялық потенциалы және оның өнімділік құрылымы сияқты факторлар жиынтығымен анықталады. Жұмыс күшінің ұсынысы өз кезегінде еңбекке қабілетті халық санының болуына, жалданбалы жұмыскерлер немесе кәсіпкерлердің демографиялық жағдайы; еңбек мотивациясына әсер ететін, өмір сүру минимумы және ақшалай табыстардың қатынасы; жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және қоғамның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Еңбек нарығының өзінің ерекше сегментациясы бар. Еңбек нарығын сегменттеудің мәні белгілі салаларда және мамандықтарда еңбекке жарамдылығы шектеулі жұмысшылардың жеке категориялары сегменттелген нарық сыртына шықпайтындығы және басқа да қызмет көрсету салаларындағы жұмыскерлермен бәсекеге түспейтіндігінде. Жұмыскерлер арасындағы бәсеке нарық сегментінің ішінде жүреді.  Нарықтың 3 ерекше сегменті бар: алғашқы, қайталама және жұмыссыздар нарықтары. Алғашқы еңбек нарығының сегментіне жоғары еңбекақы алатын, жұмыс істеуге қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген, тұрақты қызметпен қамтамасыз етілген, жұмыс бабымен көтерілу мүмкіндіктері бар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілген (тұрғын үй, азық-түлік, қызметтер мен кепілдемелі зейнетақымен) жұмыскерлер кіреді.  Ал қайталама нарығына жататын жұмыскерлер мүлдем басқа жағдайда. Олар толық немесе ішінара көптеген жеңілдіктерден айырылған, кейде өндірістің тұрып қалуын немесе қысқа мерзімді дайындықты күтеді. Бұл топта көп жағдайда жұмыскерлердің қысқартылуы мен жұмыстан шығарылуы болады. Берілген нарық сегменті толық жұмыста еңбек етуші тұрақты жұмыскерлерден, сонымен қатар жанама жұмыскерлерден тұрады. Еңбек нарығын сегменттеу келесі бағыттар бойынша жіктеледі.  Еңбек нарығының едәуір маңызды бөлігін жұмыссыздар сегменті құрайды. Қазақстанның 1998 жылы сәуір айында қабылданған «ҚР халқының жұмыспен қамтылуы» заңына сәйкес жұмыссыз деп еңбекке жарамды жастағы, сәйкес жұмысы және табысы жоқ, өзіне сай жұмыс іздестіру мақсатында және жұмыс істегісі келетін, қызмет көрсету орталығында тіркелген адамды атайды. Еңбек нарығының сегменттелуі келесі факторлар әсер етеді:

  1. жұмыскерлердің білімі және кәсіби дәрежесі;

  2. жынысы бойынша шектеу;

  3. этикалық және діни ерекшеліктер;

  4. жас бойынша шектеу;

Бәсекелі еңбек нарығында кәсіби тәжірибесі бар, жоғары маманданған жұмыскерлер жеңеді және оларды жұмысқа қабылдау барысында қиындықтар тумайды. Сонымен бірге басқарушылық және маманданған орындарға бірінші кезекте ерлер қабылданады, ал әйелдер біліктілігі және жалақысы төмен, беделі төмен жұмыс орындарына алынады. Сонымен қатар кемсітушілік фактор болып нақты салаларда орта жастағы жұмыскерлерді қабылдамауы табылады, ал жасөспірімдер тобы кәсіби-лауазымды сатылардың төменгі деңгейлерінде қызмет етеді.  Еңбек нарығын сегменттеу еңбекке сұраныс және еңбек қызметіне бағалардан шыға келе экономикадағы жұмыс орындарын бөлуіне негізделеді.  Еңбек нарығының 2 типі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі нарық кәсіпорын ішіндегі кадрлар қозғалысына негізделеді. Салыстырмалы жекелеген ішкі еңбек нарықтарының пайда болуы осы өндіріске қажетті мамандандыруымен сипатталады. Кәсіпорынның жұмыс күшінің тікелей жұмыс орындарында кәсіби дайындығын жүргізіп отыруы тиіс. Ішкі нарық шеңберінде жұмыс орнындағы жағдайлар мен төлемақы әкімшілік ережелермен реттеледі.  Сыртқы еңбек нарығы өндірістің циклдық дамуының қажеттілігіне жауап берсе, ішкі нарық экономикадағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес келеді.  Ұлттық еңбек нарығы аймақтық нарықтардың өзара әрекеттесу негізінде қалыптасады. Негізінде ұлттық еңбек нарығының өзі облыс, аймақ, өңірлердің аймақтық бөлінісіне сәйкес жергілікті еңбек нарықтарынан тұрады. Еңбек нарығының өңірлік сегменттелуі жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастыруда маңызды роль атқарады, өйткені оның ұдайы өндірісі көбіне нақты аумақта жүзеге асырылады. Жұмыс ұсынысы халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымына, қоғамдық-пайдалы қызметпен айналысу құрылымына, кәсіби-маманданған жалдамалы жұмыс күшінің құрылымына сәйкес қалыптасады. Өз кезегінде еңбек сұранысына табиғи шиказаттардың жағдайы, аймақтық-экономикалық ерекшеліктері, ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығы, инвестициялық және әлеуметтік саясат әсер етеді. Ауылшаруашылығында кәсіпорын еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар: *экономикалық белсенді ауыл жұмысшыларының саны. *тұрғындар құрылымы мен жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі. *шаруашылықтың мамандануы мен кешенділігі. *кәсіпорындардың материалдық-техникалық ресурстармен, шикізатпен қамтамасыз етілуі. *өндірістік деңгейі, динамикасы және тиімділігі. *кәсіпорын және ұйымдардың инвестициялық белсенділігі. *аймақтың тартымдылығы және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]