Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15_bilet.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
41.35 Кб
Скачать

2.Өнімдердің өзіндік құнын төмендетудің мәні

Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды. Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

  • ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру- бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және  материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын ұтымды пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық үрдістерді іске асыру. Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат материалдар шығындарының нормасының өсуі еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаражаттардың қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, сонан соң табысты талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады. Шаруашылық шығындарын «технологиялық карта» жасау арқылы есептеу тиімді әдіс болып табылады. Технологиялық карта – бұл өнім өндірісінің технологиясы, агрегат құрамы, жұмыстың әр түрін және жалпы барлық технологияны  орындауға қажетті материалды және еңбек шығындары анықталған құжат. Еліміздегі экономикалық өзгерістердің өткен кезеңі экономика жүйесінің ең әлсіз тұсы ауыл шаруашылығы екенін көрсетіп берді. Онда болып жатқан келеңсіз үрдістерді мемлекет тарапынан реттеу, үйлестіру шаралары жүргізілмесе қайтып түзелмес сипат алуы: елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі, топырақты мүлдем аздырып – тоздыруы, тұқым шаруашылығы мен оның тектік қорының қалыптасқан жүйесін бұзуы, қоғамда экономикалық тұрақсыздық және әлеуметтік алаңдаушылық туғызуы ықтимал. Тауар өндірушілердің нарықтық қатынастарға  қалыптасуына кедергі болып отырған негізгі факторлар қатарында қаржы тапшылығы, сату бағасының төмендігі, баға теңсіздігі, несие алу қиындығы және оның өтем ақысының жоғарылығы, салық салмағы т.б. басты орын алады. Шын мәнінде астық өндірушілерге өндірістік, өткізу, банк және жалпы нарық инфрақұрылымына шығатын жол жоқ.  Табиғат климат жағдайының қолайсыздықтары, өндірістің маусымдылығына байланысты тауар өндірушілердің жұмсайтын шығыны, алатын өнім мөлшері тұрақты емес, астық өткізу тиімділігі де түрліше. Сондықтан бұл салаға инвестиция мен қарыз капиталын тарту өте тәуекелді іс.  Шешілуі тиіс аса маңызды мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көпшілігінің төлеу қабілетінің жоқтығы, шығынға ұшырағыштығы. Мұның өзі экономиканы қаржы тұрғысынан сауықтыру жөніндегі шараларды тұралатып, оны тығырықтан шығаруға тежеу болуда. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шығаратын тауарларының мөлшерін нарыққа  ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың  нарыққа  сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және кететін шығындарды білу   кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.  Нарық жағдайында өндірушілер өз шаруашылығын жүргізудің озық үлгісін іздеуге мәжбүр. Өндірісті қолайландырудың маңызды тәсілдерінің бірі - шығынды азайту болып табылады. Сыртқы нарықтық ортаға және өзінің ішкі резервтеріне сүйене отырып кәсіпорын өзінің алдағы іс-әрекетінің стратегиясын жасайды, бар ресурстарының шығындары мен алынатын нәтиже мүмкіншіліктерін салыстырады, бұл жағдайда олар жалпы табыс пен жалпы шығын айырмашылығы жоғары болғанын таңдап алады, басқаша айтқанда ең жоғары пайда алуды көздейді. Іс жүзінде кәсіпорын өндіріспен шұғылданғанда өндірісті ұлғайту не береді және қандай үйлесім табыс көлемі мен шығындарды  арттырады дегенді көздейді. Ол үшін өндірістің қолайлы көлемін анықтаудың екі тәсілі бар: ол – шекті табыс пен шекті шығынды салыстыру. Қосымша өнім алу үшін табыс көлеміне қарағанда шығынды көп жұмсау қажет болса, кәсіпорын өнім көлемін арттыруды тоқтатады. Шекті табыс пен шекті шығындар теңескен жағдайда өнім өндіру деңгейі қолайлы болады. Шығынды талдауда уақыт факторы ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығы адам еңбегімен өндірілмейтін ресурс – жерді пайдалануға байланысты екенін ұмытып кетуге болмайды. Нарықтық экономика жағдайында жер сатылады және сатылып алынады. Осыған байланысты жердің бағасына әсер ететін факторларды білу маңызды. Егер жерді, капиталды игілік деп есептесек, онда жердің бағасы жер рентасының мөлшеріне және несие пайызына байланысты болмақ. Шын мәнінде жерге деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар көп.  Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде бастапқы талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгені ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігінен неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық үрдістердің  түсімін өсіруге,  бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға бағыттау керек.  Тиімді жұмыс істейтін агроқұрылымдарды қалыптастыру әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылықтың өндірістегі рөлі мен орнын, олардың бәсекелестік қабілетін анықтауды талап етеді.   Теориялық тұрғыдан алғанда «бәсеке» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Көбінесе бәсекені күрес (бақталастық) және жарыс терминдерін пайдалана отырып сипаттайды. Бәсеке нарықтық экономиканың дамуында шешуші роль атқарады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жағдайлары жетілген бәсекеге неғұрлым жақын, алайда жетілген бәсекенің критерийлеріне толығымен жауап бере алатын нарықтарды кездестіру оңай емес. Бұл нарыққа тән белгі өндіруші мен тұтынушылардың көптігі болып табылады, жаңа бәсекелестердің пайда болуына оншалықты кедергі жоқ, баға сұраныс пен ұсыныс әсерінен еркін өзгереді және бәсекелестердің ешбірі бағаға айтарлықтай әсер етіп нарық жағдайын реттей алмайды.  Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндірістік  қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру. Өнімдер өндірісінің өзіндік құнының тұрақты төмендеуі - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызмет етуіндегі ең негізгі тиімді  шарты болып табылады. Келесі сызбада  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үрдісінде материалды-қаражаттардың шығындарын төмендетудің негізгі жолдары көрсетілген:

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл үрдіс  ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нарықтағы еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және  т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады. Өнімнің өзіндік құнын арзандату- еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді. Өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы өндірістік шығындарды азайту есебінен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған. Ол өндіріс факторлары әрі өндірістің басынан тауарлардың потенциалды тұтынушыларға дейінгі қозғалысындағы шығындарды стратегиялық талдаудың есебінен шығындарды қалыптастыру үрдісін реттеудің қағидаларын жасап шығаруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық қызметтің стратегиясы материалды- техникалық және тауарлы-материалдық қорларды кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін ұдайы жоғарылауын қамтамасыз ететіндей деңгейде ұстап тұрудың бағыттары мен әдістерін таңдауда жатыр.  Жинақтай келгенде төмендегідей қорытынды жасауға болады: нарық жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары пайдасын арттырғысы келсе, өздерінің жеке шығындарын объективті түрде ескертуге міндетті. Бұл жағдайдағы өндіріс шығындарын талдау кәсіпорынға өз өндірісінің ең қолайлы мөлшерін таңдауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]