«Экономика» кафедрасы
«Ауылшаруашылығы өндірісінің экономикасы» пәнінен № 15 емтихан билеті
1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары
2. Өнімдердің өзіндік құнын төмендетудің мәні
3. Еңбек нарығы.
1.Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі қазіргі кезде қамтамасыз ету керек: 1. Мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін; 2. Сапалы өнімдермен жабдықтауды; 3. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігін. Ауыл шаруашылығы тиімділігіне әсер етуші факторлар көп және алуан түрлі. Біреулері ауыл шаруашылығы ұжымдарының қызметіне байланысты, ал біреулері технология мен өндірістік ресурстарды пайдаланып, ғылыми-техникалық прогресіне жету арқылы ұйымдастыру болып табылады. Табыстың өсуі өнімнің сапасының жетілдірілуіне байланысты. Сапасыз және стандартсыз тауарлардың нарықта арзан бағамен сатылады және кейде нарықтан шығады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында бидай, қанттың, жемістердің, сүттің сапасының маңызы зор. Табысқа әсер етуші факторлар бір-бірімен тығыз байланысты және 1 фактордың өзгерісі келесі факторларға әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарының бірі ол ЖҰӨ арттыру, шығындарды азайту және оның өнімділігін арттыру. Өндірістің соңғы нәтижесіне оның өндіріске кеткен материалдық-қаржылық шығындар әсер етеді. Өндіріс көлемінің артуы, сапасының өсуі, шығындардың аз болуы көлік шаруашылығының дамуына, өндірістің тиімділігінің артуына ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда өнімнің өткізу арналарының да маңызы зор. Ол арқылы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады, табыстың өсуіне әкеледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары: 1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру: - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі - Ауыл шаруашылығының жануарларының өнімділігі - Ауыл шаруашылығы өнімдеріне шығынның төмендеуі мен сапасының артуы - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылығы 2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне кеткен материалдық-қаржылық шығынның төмендеуі 3. Өнімнің бағасының жүйесі және өнімді өткізу арналарының дамуы. Астық өндірісінің экономикалық тиімділігі және оның деңгейін тұрақтандыру мәселесі бойынша жалпы жағдайға келер болсақ жауап өзінен -өзі тауылып отыр: елге және оның тұрғындарына жасалған көптеген эксперименттердің нәтижесінде жалпы өндірістің құлдырауы және оның салдары ретінде экономикалық тиімділіктің түсуі байқалады (бұл астық өндірісіне қатысты) Қазақстан республикасында, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазіргі кезде өндірістік резервтер мен материалдарды қамтамасыз етумен өте қиын жағдайда, ауылда жұмыс істейтін жұмыскерлер мен адамдар көп айдан бері ақшалай еңбек ақы алмайды (тек өнім түрінде). Мұндай жағдай барлық шаруашылықта байқалып жатқан жоқ , қәзір енді аз - аздап жаңа табысты шаруашылықтар пайда болып жатыр (мысалы, қожалықтар). Бірақ бұл өкінішке орай қазір барлық жерде байқалып жатқан жоқ, бұл үшін қажетті түрде шаруашылықта топырақ жағдайын тексеру үшін материалды ресуртар еркін болу керек, жаңа техника, жақсы тұқым сатып алу керек, дақылдарды егуде қорғау шаралары жүргізу керек. К/о экономикалық тиіміділігі қазіргі кезде қамтамасыз ету керек: 1. Мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігі 2..Сапалы өнімдермен жабдықтау 3.Өндіріс бәсеке қабілеттілігі