Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

25 26 27

.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
92.55 Кб
Скачать

2)Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары

Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі қазіргі кезде қамтамасыз ету керек: 1. Мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін; 2. Сапалы өнімдермен жабдықтауды; 3. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігін. Ауыл шаруашылығы тиімділігіне әсер етуші факторлар көп және алуан түрлі. Біреулері ауыл шаруашылығы ұжымдарының қызметіне байланысты, ал біреулері технология мен өндірістік ресурстарды пайдаланып, ғылыми-техникалық прогресіне жету арқылы ұйымдастыру болып табылады.  Табыстың өсуі өнімнің сапасының жетілдірілуіне байланысты. Сапасыз және стандартсыз тауарлардың нарықта арзан бағамен сатылады және кейде нарықтан шығады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында бидай, қанттың, жемістердің, сүттің сапасының маңызы зор. Табысқа әсер етуші факторлар бір-бірімен тығыз байланысты және 1 фактордың өзгерісі келесі факторларға әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарының бірі ол ЖҰӨ арттыру, шығындарды азайту және оның өнімділігін арттыру. Өндірістің соңғы нәтижесіне оның өндіріске кеткен материалдық-қаржылық шығындар әсер етеді. Өндіріс көлемінің артуы, сапасының өсуі, шығындардың аз болуы көлік шаруашылығының дамуына, өндірістің тиімділігінің артуына ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда өнімнің өткізу арналарының да маңызы зор. Ол арқылы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады, табыстың өсуіне әкеледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары: 1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру:  - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі - Ауыл шаруашылығының жануарларының өнімділігі - Ауыл шаруашылығы өнімдеріне шығынның төмендеуі мен сапасының артуы - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылығы 2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне кеткен материалдық-қаржылық шығынның төмендеуі 3. Өнімнің бағасының жүйесі және өнімді өткізу арналарының дамуы. Астық өндірісінің экономикалық тиімділігі және оның деңгейін тұрақтандыру мәселесі бойынша жалпы жағдайға келер болсақ жауап өзінен -өзі тауылып отыр: елге және оның тұрғындарына жасалған көптеген эксперименттердің нәтижесінде жалпы өндірістің құлдырауы және оның салдары ретінде экономикалық тиімділіктің түсуі байқалады (бұл астық өндірісіне қатысты) Қазақстан республикасында, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазіргі кезде өндірістік резервтер мен материалдарды қамтамасыз етумен өте қиын жағдайда, ауылда жұмыс істейтін жұмыскерлер мен адамдар көп айдан бері ақшалай еңбек ақы алмайды (тек өнім түрінде). Мұндай жағдай барлық шаруашылықта байқалып жатқан жоқ , қәзір енді аз - аздап жаңа табысты шаруашылықтар пайда болып жатыр (мысалы, қожалықтар). Бірақ бұл өкінішке орай қазір барлық жерде байқалып жатқан жоқ, бұл үшін қажетті түрде шаруашылықта топырақ жағдайын тексеру үшін материалды ресуртар еркін болу керек, жаңа техника, жақсы тұқым сатып алу керек, дақылдарды егуде қорғау шаралары жүргізу керек. К/о экономикалық тиіміділігі қазіргі кезде қамтамасыз ету керек: 1. Мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігі 2..Сапалы өнімдермен жабдықтау 3.Өндіріс бәсеке қабілеттілігі

3) Жұмыс күшінің қоғамдық бағалауға жауап беретін, теңдік баға жұмыс күшінің қызметін ұсыну шарттарына сәйкес шекті еңбек өнімділігінің деңгейінде көрсетіледі. Еңбектің теңдік бағасына жұмыс күшінің күнкөрісін және адамның физикалық қажеттіліктерінің минимумына жақын құралдармен қамтамасыз ететін еңбекақы деңгейі сәйкес болуы керек. Жұмыс күшінің бағасына бірқатар факторлар әсерін тигізеді, олардың арасында: өмір сүрудің физикалық минимумын қамтамасыз ететін ең төменгі тұтыну қоржынын ескере отырып саналған ең төменгі жалақы; жұмыс күшін шығару мен дұрыс ауыстыруға қажетті өмір сүру заттары; еңбек нарығындағы конъюктура, ұсыныс пен сұраныс әрекеттері. Еңбек нарығы ұсыныс пен сұраныс категорияларына негізделеді. Сұраныс жұмыс берушілер аумағындағы жұмыс күшіне қажеттілікті анықтайды. Жұмыс күшінің ұсынысы нақты аймақ халқының біріккен еңбекке қабілеттілігіне байланысты қалыптасады.  Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс орындарының болуы; мемлекет экономикасындағы жүйелі өзгерістері; инвестициялық потенциалы және оның өнімділік құрылымы сияқты факторлар жиынтығымен анықталады. Жұмыс күшінің ұсынысы өз кезегінде еңбекке қабілетті халық санының болуына, жалданбалы жұмыскерлер немесе кәсіпкерлердің демографиялық жағдайы; еңбек мотивациясына әсер ететін, өмір сүру минимумы және ақшалай табыстардың қатынасы; жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және қоғамның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Еңбек нарығының өзінің ерекше сегментациясы бар. Еңбек нарығын сегменттеудің мәні белгілі салаларда және мамандықтарда еңбекке жарамдылығы шектеулі жұмысшылардың жеке категориялары сегменттелген нарық сыртына шықпайтындығы және басқа да қызмет көрсету салаларындағы жұмыскерлермен бәсекеге түспейтіндігінде. Жұмыскерлер арасындағы бәсеке нарық сегментінің ішінде жүреді.  Нарықтың 3 ерекше сегменті бар: алғашқы, қайталама және жұмыссыздар нарықтары. Алғашқы еңбек нарығының сегментіне жоғары еңбекақы алатын, жұмыс істеуге қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген, тұрақты қызметпен қамтамасыз етілген, жұмыс бабымен көтерілу мүмкіндіктері бар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілген (тұрғын үй, азық-түлік, қызметтер мен кепілдемелі зейнетақымен) жұмыскерлер кіреді.  Ал қайталама нарығына жататын жұмыскерлер мүлдем басқа жағдайда. Олар толық немесе ішінара көптеген жеңілдіктерден айырылған, кейде өндірістің тұрып қалуын немесе қысқа мерзімді дайындықты күтеді. Бұл топта көп жағдайда жұмыскерлердің қысқартылуы мен жұмыстан шығарылуы болады. Берілген нарық сегменті толық жұмыста еңбек етуші тұрақты жұмыскерлерден, сонымен қатар жанама жұмыскерлерден тұрады. Еңбек нарығын сегменттеу келесі бағыттар бойынша жіктеледі.  Еңбек нарығының едәуір маңызды бөлігін жұмыссыздар сегменті құрайды. Қазақстанның 1998 жылы сәуір айында қабылданған «ҚР халқының жұмыспен қамтылуы» заңына сәйкес жұмыссыз деп еңбекке жарамды жастағы, сәйкес жұмысы және табысы жоқ, өзіне сай жұмыс іздестіру мақсатында және жұмыс істегісі келетін, қызмет көрсету орталығында тіркелген адамды атайды. Еңбек нарығының сегменттелуі келесі факторлар әсер етеді:

  1. жұмыскерлердің білімі және кәсіби дәрежесі;

  2. жынысы бойынша шектеу;

  3. этикалық және діни ерекшеліктер;

  4. жас бойынша шектеу;

Бәсекелі еңбек нарығында кәсіби тәжірибесі бар, жоғары маманданған жұмыскерлер жеңеді және оларды жұмысқа қабылдау барысында қиындықтар тумайды. Сонымен бірге басқарушылық және маманданған орындарға бірінші кезекте ерлер қабылданады, ал әйелдер біліктілігі және жалақысы төмен, беделі төмен жұмыс орындарына алынады. Сонымен қатар кемсітушілік фактор болып нақты салаларда орта жастағы жұмыскерлерді қабылдамауы табылады, ал жасөспірімдер тобы кәсіби-лауазымды сатылардың төменгі деңгейлерінде қызмет етеді.  Еңбек нарығын сегменттеу еңбекке сұраныс және еңбек қызметіне бағалардан шыға келе экономикадағы жұмыс орындарын бөлуіне негізделеді.  Еңбек нарығының 2 типі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі нарық кәсіпорын ішіндегі кадрлар қозғалысына негізделеді. Салыстырмалы жекелеген ішкі еңбек нарықтарының пайда болуы осы өндіріске қажетті мамандандыруымен сипатталады. Кәсіпорынның жұмыс күшінің тікелей жұмыс орындарында кәсіби дайындығын жүргізіп отыруы тиіс. Ішкі нарық шеңберінде жұмыс орнындағы жағдайлар мен төлемақы әкімшілік ережелермен реттеледі.  Сыртқы еңбек нарығы өндірістің циклдық дамуының қажеттілігіне жауап берсе, ішкі нарық экономикадағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес келеді.  Ұлттық еңбек нарығы аймақтық нарықтардың өзара әрекеттесу негізінде қалыптасады. Негізінде ұлттық еңбек нарығының өзі облыс, аймақ, өңірлердің аймақтық бөлінісіне сәйкес жергілікті еңбек нарықтарынан тұрады. Еңбек нарығының өңірлік сегменттелуі жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастыруда маңызды роль атқарады, өйткені оның ұдайы өндірісі көбіне нақты аумақта жүзеге асырылады. Жұмыс ұсынысы халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымына, қоғамдық-пайдалы қызметпен айналысу құрылымына, кәсіби-маманданған жалдамалы жұмыс күшінің құрылымына сәйкес қалыптасады. Өз кезегінде еңбек сұранысына табиғи шиказаттардың жағдайы, аймақтық-экономикалық ерекшеліктері, ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығы, инвестициялық және әлеуметтік саясат әсер етеді. Ауылшаруашылығында кәсіпорын еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар: *экономикалық белсенді ауыл жұмысшыларының саны. *тұрғындар құрылымы мен жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі. *шаруашылықтың мамандануы мен кешенділігі. *кәсіпорындардың материалдық-техникалық ресурстармен, шикізатпен қамтамасыз етілуі. *өндірістік деңгейі, динамикасы және тиімділігі. *кәсіпорын және ұйымдардың инвестициялық белсенділігі. *аймақтың тартымдылығы және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы.

«Ауылшаруашылығы өндірісінің экономикасы» пәнінен № 27 емтихан билеті

1. Мамандандырудың деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер

2. Рентабельділік

3. Еңбек ресурстары түсінігі, еңбек ресурстарының құрамы.

  1. Мамандыруға әсер ететін факторлар және оның көрсеткіштері.

Ауыл шаруашылығын мамандандыру күрделі және тұрақты дамып отыратын экономикалық үрдіс. Мамандандыру тереңдігі экономикалық, әлеуметтік, демографиялық кешендерінен, ауыл шаруашылық өндірісінің факторларынан (табиғи шарттар, өсімдіктің және малдардың биологиялық қасиеттері, жерді өндіріс құралы ретінде қолдану ерекшеліктері және т.б.) тұрады. Салалар санының қысқаруына және мамандануының тереңдеуіне көмектесетін факторларға: Біріншіден, ғылыми- техникалық үрдістердің әсер етуі машина жөндеу ауыл шаруашылығында көрінеді. Технологиялық үрдістер негізінен механизациялау және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.  Мамандандыру үрдісінің тереңдеуіне және дамуына табиғи факторлар әсер етеді (климат, топырақ), сонымен қатар шаруашылықтың орналасуы өнімдерді өткізу нарығына көп әсерін тигізеді. Қолайлы табиғи жағдайларында орналасқан ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарында, күнделікті сұраныста болатын (сүт, көкөніс т.б.), көлікпен аз тасымалданатын және тез бүлінетін өнімдердің дамуына мүмкіндік береді.  Мамандандыруды тереңдететін тағы да негізгі факторлардың бірі хабарлардың даму жолдары болып табылады. Ауа райы жақсы аймақтар және жақсы жолдар, яғни көліктердің жетуі (кең көлемде қолданады) ауыл шаруашылық өнім концентрациясын жоғарлатады. Екінші фактор, өндірісті мамандандыруды шектелуге және шаруашылықтағы салалардың көбеюіне бағытталған. Ауыл шаруашылық ұйымдарда бір салалы мамандандыру сепкіш аппараттарды қолдануды және жерді рационалды қолдану қажеттілігін шектейді. Бізге белгілі, органикалық және минералды тыңайтқыштарды үлкен мөлшерде енгізсек те, жоғарғы өнім мен оның тұрақтылығын ала алмаймыз. Ауыл шаруашылығындағы зиян келтіру мен аурулардың және қоқыстармен күресуде себуші аппарат негізгі роль атқарады.  Мал шаруашылық өнім өндірудегі салалардың бөлек рационалды орналасуының үлкен мәні бар. Бұл мал шаруашылығының кешендерін және үлкен фермалар салуға, яғни жоғарғы деңгейлі механизациямен бірге жемді тасымалдауға және жеткізуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Олар еңбек ресурстары мен өндіру қорларын, өндіріс рентабельділігін және еңбек тиімділігін жоғарылатады. 

Сурет 4-  Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру факторлары.

Дәл мамандандыруды көрсететін көрсеткіш, ол тауарлы өнімнің құрылымы. Сонымен қатар мамандандыру дәрежесін басқа да көрсеткіштерден көре аламыз. Олар: өнімнің жалпы құрылымы; өндіріс шығындардың құрылымы; еңбек шығындарының құрылымы; салалар бойынша негізгі өндіріс қорлардың құны. Өнеркәсіпте осы немесе басқа өнім түрлерінің мамандандыру тереңдету дәрежесі мамандандыру коэффициентімен белгіленеді(Кс):    Мұндағы: Уm - бөлек саладағы тауар өнімінің жалпы көлемінің салыстырмалы салмағы.  H - бөлек саланың рангіленген орны әрбір өнімнің салыстырмалы салмағының тізбектелген номері.  Есептің нәтижесін келесі түрде бағалайды.  Көрсеткіш мәні 0,2 болса, онда ол мамандандырудың төмен дәрежесіне сәйкес, ал 0,2-0,4-дейін орташа, ал 0,4-0,6- жоғарғы дәрежелі мамандандыру. 0,6-дан жоғары болса, өте жоғары немесе тереңдетілген мамандандыру болып табылады. Мамандандырылған шаруашылықта бірнеше сала құрылады. Салалар нарықтық мәніне қарай:  -негізгі;  -қосымша; -көмекші болып бөлінеді.  Негізгі сала тауар өнімінің құрылымында салыстырмалы салмақта болады (25 аз болмау керек), ал материалдық еңбек шығындар құрылымының дәрежесі бойынша ауыл шаруашылық белгіленуде өндіріс қорының құрылымын көрсетеді.  Осы сала ғана ауыл шаруашылық өнімдерін мамандандыруын анықтайды. Негізгі саланың ішінен мүмкін болса бір негізгі сала белгіленеді.  Қосымша сала негізгі саламен салыстырғанда нарықтың мәні төмендеу, оның тауар өніміне деген үлесі 10%-дан төмен. Бірақ та негізгі саламен сәйкес келуде, кәсіпорынның өндіріс құрылымына рационалды құрылымын қажет етеді. Негізгі және қосымша саланың арасындағы жағдай, саланың дамуы деп аталынады.  Көмекші сала. Ол көбінесе шаруашылықта тауар саласын қамтамасыз етуге құрылады.   Төмен мамандандырылған шаруашылықта негізгі сала 90% тауар өнімінің құрылымын алады. Тереңдетілген мамандандыруда да, негізгі сала бар, бірақ оның бөлігі төмен 40-90%. Мамандандырылған кәсіпорындар көпсалалы болу мүмкін. Оларда 3-4 негізгі сала болады, әрбір тауар өнімінің құрылымы 25% алады. Шаруашылықтағы мамандандыру процесін бөлшектеп талдау жасауды келесі көрсеткіштерден көруге болады. Шаруашылықтағы бөлек түрдегі өнім концентрациясының көрсеткіші болып мамандандыру құрал коэффициенті табылады:    Мұндағы: - ауыл шаруашылық негізгі тауар өнімінің салыстыру баға құны, яғни шаруашылықтың мамандандыру бағытын анықтайды.  ВП-шаруашылықтың жалпы өнімінің жалпы құны. Ұйымның мамандандырылған өндірістің технологиялық бірқалыпты деңгейін бағалау үшін мамандандырудың технологиялық коэффициентін қолданамыз:

  П-ауыл шаруашылық өнімінің негізгі шаруашылық түрлерінің салыстыру бағасының құны. Ол мамандандыру деңгейін анықтайды, бөлек технологиялық циклдың өнімі болады немесе басқа кәсіпорын үшін шикізат болып келеді. ВП- ауыл шаруашылық өнімінің жалпы құны.  Технологиялық және заттық мамандандырудың жалпы деңгейінің дамуын, мамандандыру коэффициентін интеграл арқылы көрінеді:    Ауыл шаруашылық кәсіпорынның территориялық мамандандырудың  деңгейін дамыту шаруашылықтың салыстыру салмағымен көрсетеді және нақты аймақтағы жоғары деңгейдегі мамандандырудың жалпы санын көрсетеді. Сонымен қатар мамандандырылған шаруашылық аймағындағы мамандандырылған өнімнің бір бөлігі көрінеді.  Ішкі салалық технология мамандандыру коэффициенті өндіріс технологиясымен циклдік қайталану процесі ішкі сала дәрежесін бағалайды.

мұндағы: ТСфакт - өсімдік және мал шаруашылығындағы жүзеге асырылатын өндірістің технологиялық сомма саны.  ТСобщ- осы саладағы технологияның жалпы саны.  Сондықтан мамандандырудың тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде төмендегілер қолданылады: ауыл шаруашылығындағы 1 га жерге шаққандағы жалпы тауар өнімінің құны, 1 жұмыскерге кеткен негізгі өндірістік қор құны.

  1. Рентабельділік[1]пайдалылық (нем. rentabel — табысты, пайдалы) — тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. Сан жағынан табысты шығынға бөлуден алынған жеке сан ретінде айқындалады. Түрлері: инвестициялар Рентабельділікnі — ұлғаймалы өндіріс пен жаңа техникаға жұмсалған күрделі қаржыныңтиімділігі. Ол күрделі жұмсалымның пайдалылығымен және оның өтелу мерзімімен сипатталады; капитал Рентабельділікгі — жұмсалған капиталдың бір теңгесіне шаққандағы алынған пайданың шамасын сипаттайтын көрсеткіш. Абсолюттік есеппен (теңге/тиын есебімен), бірақ көбінесе салыстырмалы көрсеткішпен (пайызбен)тұлғаланады. Пайданың қандай капиталға жатқызылатынына қарай өндіріс Рентабельділікгі, атаулы меншікті капитал Рентабельділікгі, баланс бойынша капиталдың қосынды шамасының Рентабельділікгі түрлеріне бөлінеді. Капитал Рентабельділікгі мен айналым Рентабельділікгі арасында өзара байланыс болады, ол кәсіпорынныңөнімді өткізуден алған табысындағы пайданың үлес салмағымен сипатталады; өндіріс Рентабельділікгі — өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші, ол өндірістік қордың бір теңгесіне шаққанда келетін пайданың мөлшерін көрсетеді. Өндірістік ресурстардың (негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражатының) құнына баланстағы пайданың қатынасымен (пайыз есебімен) айқындалатын өндірістің жалпы Рентабельділікгі, пайданы алуға қатысатын өндірістік ресурстардыңқұнына таза пайданың қатынасымен айқындалатын өндірістің есептік Рентабельділікгі түрлеріне бөлінеді; өнімнің Рентабельділікгі — өнімнің тиісті түрін өткізуден алынған пайданың оны өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынға қатынасымен айқындалатын көрсеткіш.[2] Рентабельділік-экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз табыстан кеткен шығынды азайту. Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.  Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек. Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.  Кәсіпорындарда өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.  Тиімділік көрсеткіштерінің құрамындағы табыстылық көрсеткішін жеке топқа бөлуге болады. Активтердің табыстылық көрсеткіштері және меншік капиталының табыстылығымен қатар оларға ағымды активтердің табыстылығы, ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы, негізгі қызмет табыстылығы және қарыз капиталының табыстылығы жатады.  Егер өнім шығарылымы кез келген сараланған көрсеткіштермен есептегенде құндық көрінісімен өлшенсе, ол жалпы (мысалы, жалпы материалдық қажеттілік) деп аталады. Егер өнім шығарылымы заттай көрініспен өлшенсе, онда ол үлестік (мысалы, үлестік материалдық қажеттілік) деп аталады.

  2. Аграрлық өндірістегі еңбек ресурстары түсінігі және құрамы. Қолданылатын заңдарға сәйкес елімізде, республикада, шаруашылықта бар жұмыс күшінің саны және қоры олардың практикалық қызметінде еңбек ресурстары деген терминмен аталады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар: ер адамдар 16-дан 63 жасқа дейін, әйел адамдар 16-дан 58 жасқа дейінгілер жатады. Сонымен қатар еңбек ресурстарының құрамына ауылдық жерде тұратын еңбекке қабілетті зейнеткерлер мен жасөспірімдер кіреді.  Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің өсуі және еңбектің соңғы нәтижелілігі кадр біліктілігінің деңгейі мен еңбек ресурстарын қолдану деңгейіне тура тәуелді болады. Ауыл шаруашылығында еңбек ресурстарының ең іскерлі және қоғамдық белсенді бөлігі жұмыс күші болып табылады. Жұмыс күші түсінігімен адам ие болатын және керекті тауарлар мен қызметтерді өндіретін физикалық және рухани қабілеттілігі жиынтығы мағынасын түсіну керек. Осыдан шығатыны, еңбек ресурстары тек еңбек үрдісінде адамның физикалық және рухани қабілеттілігі жүзеге асқанда ғана жұмыс күшіне айналады. Осыған байланысты «жұмыс күші» түсінігі «еңбек ресурсы» түсінігіне қарағанда мағынасы кең және көп қырлы. Еңбек ресурстары құрамына қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлермен қатар, еңбек үрдісіне қатыспайтын, бірақ тиісті шарттарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру барысында қолданылатын жұмыскерлер кіреді. Мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелерінің еңбек ресурстарының құрамына тұрақты, маусымдық және уақытша жұмыскерлер, сондай-ақ штаттағы басқа да жұмыс категориялары ұсынылған. Тұрақты жұмыскерлер болып жұмысқа мерзімі көрсетілмей қабылданған адамдар жатады. Маусымдық жұмыскерлер белгілі кезеңге, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге, ал уақытша жұмыскерлер жұмыс барысына  қабылданады. Қажетті болған жағдайда ауылшаруашылығында еңбек келісімдері бойынша тартылған еңбек ресурстары қолданылуы мүмкін. Ұжымдық мекемелердің еңбек ресурстары жұмысқа қабілетті жұмыскерлермен, жасөспірім және ересек адамдармен көрінеді. Ауыл шаруашылығында қажетті жағдайларда еңбек келісімімен жұмылдырылған.  Республикада ауыл шаруашылығында 2007 жылы 2382,8 мың адам жұмыспен қамтылды, ол халық шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы санының 31,2 % -н құрайды.  Нарықтық қатынастарға көшу барысында жұмысқа жарамды ауыл халқының қысқаруы және жұмысқа жарамды жасы үлкен халық санының өсуі болды. Осыған орай жұмысқа жарамды жас мөлшерінен төмен жастағы ауыл халқының едәуір азаюы байқалады. Бұл жақын болашақта ауыл шаруашылығында еңбек ресурстарының жетіспеушілігі және бірінші кезекте 24 жасқа дейінгі және 35 тен 54 жасқа дейінгі халық жетіспеушілігі болу мүмкіндігін білдіреді.  Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогрестің дамуы жұмыскерлер құрамының едәуір өзгерісіне себеп болды: физикалық еңбекпен айналысатындар санының төмендеуі, білікті мамандардың, механизаторлар мен білікті кадрлардың санының өскені байқалады.  Ауыл шаруашылығының білікті кадрларға деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға Қазақстанда кең ауқымды оқу орындарының торабы жұмыс істеуде – жоғарғы оқу орындары – 167, орташа арнайы білім беру орындары -313, мұнда 100 астам мамандық бойынша мамандарды дайындайды. Жалпы мамандар кадрларын: тракторист-машинисттер, жүргізушілер, мелиораторлар, жылу комбинатының жұмыскерлері, құрылысшылар және т.б. ауылдың кәсіби-техникалық оқу орындары шығарады. Ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесіне және кадрлардың біліктілік деңгейіне байланысты.  Экономикалық белсенді халық категориясына мыналар жатады:  *жалдамалы жұмысшылар *тұрақты жұмысшылар *маусымдық жұмысшылар *объективті себептермен уақытша жұмыс істемейтін маусымдық және кездейсоқ жұмысшылар *толық емес жұмыс күні режимінде оқумен бірге жұмыс істейтін оқушылар, студенттер. *өндірісте кәсіптік дайындықтан өтіп жатқан және еңбек ақы немесе стипендия алатын оқушылар немесе адамдар Қазақстан Республикасында ауылдық жерлерде тұратын халық саны жыл сайын төмендеп келеді.

Жұмыс күшінің қоғамдық бағалауға жауап беретін, теңдік баға жұмыс күшінің қызметін ұсыну шарттарына сәйкес шекті еңбек өнімділігінің деңгейінде көрсетіледі. Еңбектің теңдік бағасына жұмыс күшінің күнкөрісін және адамның физикалық қажеттіліктерінің минимумына жақын құралдармен қамтамасыз ететін еңбекақы деңгейі сәйкес болуы керек. Жұмыс күшінің бағасына бірқатар факторлар әсерін тигізеді, олардың арасында: өмір сүрудің физикалық минимумын қамтамасыз ететін ең төменгі тұтыну қоржынын ескере отырып саналған ең төменгі жалақы; жұмыс күшін шығару мен дұрыс ауыстыруға қажетті өмір сүру заттары; еңбек нарығындағы конъюктура, ұсыныс пен сұраныс әрекеттері. Еңбек нарығы ұсыныс пен сұраныс категорияларына негізделеді. Сұраныс жұмыс берушілер аумағындағы жұмыс күшіне қажеттілікті анықтайды. Жұмыс күшінің ұсынысы нақты аймақ халқының біріккен еңбекке қабілеттілігіне байланысты қалыптасады.  Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс орындарының болуы; мемлекет экономикасындағы жүйелі өзгерістері; инвестициялық потенциалы және оның өнімділік құрылымы сияқты факторлар жиынтығымен анықталады. Жұмыс күшінің ұсынысы өз кезегінде еңбекке қабілетті халық санының болуына, жалданбалы жұмыскерлер немесе кәсіпкерлердің демографиялық жағдайы; еңбек мотивациясына әсер ететін, өмір сүру минимумы және ақшалай табыстардың қатынасы; жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және қоғамның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Еңбек нарығының өзінің ерекше сегментациясы бар. Еңбек нарығын сегменттеудің мәні белгілі салаларда және мамандықтарда еңбекке жарамдылығы шектеулі жұмысшылардың жеке категориялары сегменттелген нарық сыртына шықпайтындығы және басқа да қызмет көрсету салаларындағы жұмыскерлермен бәсекеге түспейтіндігінде. Жұмыскерлер арасындағы бәсеке нарық сегментінің ішінде жүреді.  Нарықтың 3 ерекше сегменті бар: алғашқы, қайталама және жұмыссыздар нарықтары. Алғашқы еңбек нарығының сегментіне жоғары еңбекақы алатын, жұмыс істеуге қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген, тұрақты қызметпен қамтамасыз етілген, жұмыс бабымен көтерілу мүмкіндіктері бар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілген (тұрғын үй, азық-түлік, қызметтер мен кепілдемелі зейнетақымен) жұмыскерлер кіреді.  Ал қайталама нарығына жататын жұмыскерлер мүлдем басқа жағдайда. Олар толық немесе ішінара көптеген жеңілдіктерден айырылған, кейде өндірістің тұрып қалуын немесе қысқа мерзімді дайындықты күтеді. Бұл топта көп жағдайда жұмыскерлердің қысқартылуы мен жұмыстан шығарылуы болады. Берілген нарық сегменті толық жұмыста еңбек етуші тұрақты жұмыскерлерден, сонымен қатар жанама жұмыскерлерден тұрады. Еңбек нарығын сегменттеу келесі бағыттар бойынша жіктеледі.  Еңбек нарығының едәуір маңызды бөлігін жұмыссыздар сегменті құрайды. Қазақстанның 1998 жылы сәуір айында қабылданған «ҚР халқының жұмыспен қамтылуы» заңына сәйкес жұмыссыз деп еңбекке жарамды жастағы, сәйкес жұмысы және табысы жоқ, өзіне сай жұмыс іздестіру мақсатында және жұмыс істегісі келетін, қызмет көрсету орталығында тіркелген адамды атайды. Еңбек нарығының сегменттелуі келесі факторлар әсер етеді:

  1. жұмыскерлердің білімі және кәсіби дәрежесі;

  2. жынысы бойынша шектеу;

  3. этикалық және діни ерекшеліктер;

  4. жас бойынша шектеу;

Бәсекелі еңбек нарығында кәсіби тәжірибесі бар, жоғары маманданған жұмыскерлер жеңеді және оларды жұмысқа қабылдау барысында қиындықтар тумайды. Сонымен бірге басқарушылық және маманданған орындарға бірінші кезекте ерлер қабылданады, ал әйелдер біліктілігі және жалақысы төмен, беделі төмен жұмыс орындарына алынады. Сонымен қатар кемсітушілік фактор болып нақты салаларда орта жастағы жұмыскерлерді қабылдамауы табылады, ал жасөспірімдер тобы кәсіби-лауазымды сатылардың төменгі деңгейлерінде қызмет етеді.  Еңбек нарығын сегменттеу еңбекке сұраныс және еңбек қызметіне бағалардан шыға келе экономикадағы жұмыс орындарын бөлуіне негізделеді.  Еңбек нарығының 2 типі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі нарық кәсіпорын ішіндегі кадрлар қозғалысына негізделеді. Салыстырмалы жекелеген ішкі еңбек нарықтарының пайда болуы осы өндіріске қажетті мамандандыруымен сипатталады. Кәсіпорынның жұмыс күшінің тікелей жұмыс орындарында кәсіби дайындығын жүргізіп отыруы тиіс. Ішкі нарық шеңберінде жұмыс орнындағы жағдайлар мен төлемақы әкімшілік ережелермен реттеледі.  Сыртқы еңбек нарығы өндірістің циклдық дамуының қажеттілігіне жауап берсе, ішкі нарық экономикадағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес келеді.  Ұлттық еңбек нарығы аймақтық нарықтардың өзара әрекеттесу негізінде қалыптасады. Негізінде ұлттық еңбек нарығының өзі облыс, аймақ, өңірлердің аймақтық бөлінісіне сәйкес жергілікті еңбек нарықтарынан тұрады. Еңбек нарығының өңірлік сегменттелуі жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастыруда маңызды роль атқарады, өйткені оның ұдайы өндірісі көбіне нақты аумақта жүзеге асырылады. Жұмыс ұсынысы халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымына, қоғамдық-пайдалы қызметпен айналысу құрылымына, кәсіби-маманданған жалдамалы жұмыс күшінің құрылымына сәйкес қалыптасады. Өз кезегінде еңбек сұранысына табиғи шиказаттардың жағдайы, аймақтық-экономикалық ерекшеліктері, ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығы, инвестициялық және әлеуметтік саясат әсер етеді. Ауылшаруашылығында кәсіпорын еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар: *экономикалық белсенді ауыл жұмысшыларының саны. *тұрғындар құрылымы мен жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі. *шаруашылықтың мамандануы мен кешенділігі. *кәсіпорындардың материалдық-техникалық ресурстармен, шикізатпен қамтамасыз етілуі. *өндірістік деңгейі, динамикасы және тиімділігі. *кәсіпорын және ұйымдардың инвестициялық белсенділігі. *аймақтың тартымдылығы және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы.