Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

назерке

.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
75.98 Кб
Скачать

I. Түйіршікті эндоплазмалық тордың мембранасына рибосомалар орналасады. Мембраналар протеолиттік ферменттер мен ақуыздың синтезделу әрекетіне қатысады. Рибосомада синтезделген белок молекулалары эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы белок молекуласын клетканың қажетті жеріне тасиды.

2. Тегіс эндопзамлалық тор липидтердің гликогеннің т.б. заттардың синтезделу әрекетіне қатысады және олардың тасымалдануын жүзеге асырады. Эндоплазмалық тор өзекшелерінің ішінде май тамшылары, түйіршіктер және ақуыз молекулалары болады. Бұл тордың өзекшелері әр түрлі молекулаларды ядродан цитоплазманың шеткі аймақтарына немесе керісінше, цитоплазмадан ядроға тасымалдау қызметін атқарады.

ГОЛЬДЖИ АППАРАТЫ. Бұл аппарты 1898 жылы итальян ғалымы Гольджи жануар клеткасынан тапқан. Гольджи аппараты – жануарлар, өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Пішіні орақ, таяқша жеке денешіктер түрі де болады. құрылысы 3 бөліктер тұрады: 1 мембранадан шектесіп, топтаса орналасқан қуыстар; 2 қуыстар мен байланыса орналасқан ірі түтікшелер; 3 майда көпіршіктер. Гольджи аппраты полисахаридтер мен лимидтердің синтезіне қатысатын ферменттер болады. олар биосинтез реакцияларының жүрісін жеңілдетеді. Гольджи аппаратының әсерінен плазмалық мембрана жаңарып отырады. Клетканың тіршілігіне зиянды улы заттарда сыртқы ортаға бөліп шығарады.

ЛИЗОСОМАЛАР – негізінен, зукариотты клеткаларда, фагоцитозға қабілетті жануар клеткаларында көп кездеседі. Жануарлар клеткаларындағы лизосомаларда гидролиздеуші ферменттердің жиынтығы болады. ферменттерді, нуклеин қышқылдарын, белоктарды, полисахаридтерді ыдыратады.

ВАКОУЛЬДЕР - Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларында болажы. Ваноуль – клеткалардың дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көріне бастайтын сұйықтық. Вакоульдерде ерітінді күйінде минералды тұздар, қант заттары, әр түрлі органикалық қышқылдар, пигменттер басқа да заттар шоғырланады. Вакоульдер жас клеткаларда өте ұсақ болады, ар қартайған сайын вакоульдер бір – бірімен қосылып, ірі вакоульдерге айналады.

ІІ.2. Клетканың химиялық құрамы

I. Клетканың құрамында, Менделеев системасының 104 элементінің ішінде 60 түрі кездеседі. Клетканың құрамындағы элементтерді саны жағынан үш топқа бөледі:

1 -тіопқа - 4 элемент - оттегі, көміртегі, азот және сутегі кіреді. Клеткада бұл әлементтер кеңінен тараған және клеткада құрамының 98% алады.

ІІ - топқа клетка құрамына 0,10, 0,01% болатын элементтер кіреді. Бұл 8 элемент: калий, магний, натрий, кальций Fе , Р және СІ және олар клетка құрамыньш 1.90% алады.

ІІІ - топқа қалған элементтер кіреді. Олар клеткада өте аз мөлшерде /0,01% аз/.

Клеканың құрамындағы химиялық қосылыстар.

Неорганикалық заттарға: су және тұздар. Органикалық заттарға: белок, майлар, углеводтар, нуклеин қықылдары.

Клетканың химиялық құрамы

Су 75-85

Белок 10-20

Майлар 1-5

Нуклеин қышқылдары 1-2

Углеводтар 0,2-2,0

АТФ және төмен молекул. органикалық заттар 0,1-0,5

Неорганикалық заттар 1,0-1,5

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:

сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);

байланыстырғыиі - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.

Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.

Жүйке жүйесінің маңызы[өңдеу]

Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).

Ағзалар тіршілігіндегі барлық ерекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.

Рефлекс. Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы);

сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);

жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);

қозғалтқыш нейрондар;

тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.

Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).[1]

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Мазмұны [жасыру]

1 Жалпы сипаттамасы

1.1 Қарапайымдардың Жүйке жүйесі

1.2 Ішек қуыстылардың Жүйке жүйесі

1.3 Буылтық құрттар, буын аяқтылар, тікен терілілер, моллюскілердің Жүйке жүйесі

1.4 Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі

2 Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері

2.1 Ми құрылысы мен қызметі

2.2 Жұлынның құрылысы мен қызметі

3 Дереккөздер

Жалпы сипаттамасы[өңдеу]

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Қарапайымдардың Жүйке жүйесі[өңдеу]

Қарапайымдарда (бір жасушалылар) Жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозулы жасушаның басқа бөліктеріне өткізетін торшасы болады.

Ішек қуыстылардың Жүйке жүйесі[өңдеу]

Earthworm nervous system.png

Жүйке жүйесінің ең қарапайым түрі төменгі сатыдағы ішек қуыстыларды (гидра) диффузиялы түрде болады. Бұл жүйеде қозу барлық бағытта тарал алады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішек қуыстыларды жүйке жасушалары топтанып, жүйке түйіні (ганглий) түзелген және олар бір-бірімен ұзын өсінділері (жүйке талшықтары, нервтер) арқылы жалғасады. Мұндай диффузиялы түйінді Жүйке жүйесінде маманданған қабылдағыштар - рецептерлар қатар дамиды және жүйе қозуды бір бағытта ғана өткізетін қасиетке ие болады.

Буылтық құрттар, буын аяқтылар, тікен терілілер, моллюскілердің Жүйке жүйесі[өңдеу]

Spider internal anatomy-en.svg

Буылтық құрттар, буын аяқтылар, тікен терілілер, моллюскілерде Жүйке жүйесінің түйін құрылысты түрі пайда болған. Түйіндердегі жүйкежасушалары, жүйке талшықтары арқылы бір-бірімен және тиісті рецепторлармен, орындаушы органдармен байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, дистантты рецепторлармен - сезім органдарымен байланысты болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене, ерекшелене түседі.

Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі[өңдеу]

Омыртқалы жануарлар жүйке жасушалары негізінен орталық Жүйке жүйесіне біріккен жұлын мен мидан тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында Жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқы жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, ал одан әрі қауыса келіп түтікке айналады.

Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері[өңдеу]

Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің

орталық бөліміне ми және жұлын,

ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.[1]

Ми құрылысы мен қызметі[өңдеу]

Ми

Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Ми

Ми — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

сопақша ми;

мишық (артқы ми);

ортаңғы ми;

аралық ми;

алдыңғы ми сыңарлары.

Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлынның құрылысы мен қызметі[өңдеу]

Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Жұлын

Gray 111 - Vertebral column-coloured.png

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Шартсыз рефлекс-тума, тұрақты, жұлында, ми бағанасында жасалады. Шартсыз рефлекстердің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ. Қозу-әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй. Шартты рефлекс-өмірде жасалады, уақытша, шартты рефлекстер тек ми қабығында жасалады.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.[2]

Динамикалық стереотип - үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы.

Иррадиация құбылысы - шартты рефлекстердің мида жойылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.

Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері — нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин — ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне — қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.

Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.

Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл — нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұз