Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

назерке

.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
75.98 Кб
Скачать

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/referat/486-zhasusha_referat.html?Like

© www.ZHARAR.com

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады. 1. Тіршілікке қажетті (ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам ағзасында үнемі кездеседі. 2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында кездеседі. 3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr) Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор – көмірсулар да және липидтерде (майлар) кездеседі. Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Кейбір макроэлементтер (магний,

кальций) және көптеген микроэлементтер

ағзада аминқышқылдарын да кездеседі.

Химиялық элементтердің ағзадағы

мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар

әсер етеді.

Ағзадағы макро және

микроэлементтердің мөлшерін гормондар

реттеп отырады.

Химиялық элементтердің адам

ағзасындағы биологиялық рөлі әр түрлі

болып келеді.

Макроэлементтертің басты функциясы –

ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын,

Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар

құрамына комплексті кездеседі.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады.

Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы сот-медициналық

сараптама қолданылады.

Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний металлдары

кездеседі.

Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және т.б.) ағзаға улы болып

саналады.

Биогенді элементтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Осы биогенді элементтер қатарындағы темір мен алюминийге есеп шығарып өтейік.

Іске асыру теңдеулері

1) Fe → Fe2O3→ Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe

2) Al→ Al 2O3→ Al (OH) 3→ Al 2O3 → Al

Адам ағзасындағы тіршілікке

қажетті зат алмасу

процестерінде тамақ

құрамындағы минералды заттар

мен микроэлементтердің ролі

өте ерекше.

Олардың ағзада жетіспеуі зат

алмасуын тежеп, түрлі ағзаның

сырқатына душар етеді. Мысалы

тамаққа ең жиі пайдаланатын

минералдық зат - ас тұзы.

Әрине ас тұзынсыз тамақтың

дәмі кірмейді, ол натрий мен

хлордан тұратындықтан, тек

тағам дәмін келтіріп қана қоймай, зат алмасуды жақсартады. Ағзадағы суды ұстап, қанның

қысымын арттырады,жүрек пен бүйректің қызметін қиындатады. Сонымен бірге қан

тамырын, әсіресе мидың қан тамырын атеросклероз ауруына шалдықтыратындығы

анықталды. Күніне ересек адам 10-15 гас тұзын қабылдасажеткілікті.Адам ағзасында тағы да бір минералдық зат- калий. Ол жүректің жұмысын,

қанайналымын жақсартады,асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және ағзадағы

барлық зат алмасу үшін тікелей қатынасы бар. Натрий мен калий ерітінділері ағзаның кез

келген жасушасының құрамында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы қанның

сарысуына қарағандақанның қызыл түйіршіктерінде калий шамамен 18-20 есе көп, ал

натрий 6-7 есе аз болады. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен

импульстардың жақсы жүруін реттейді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке

талшықтарының жұмысын нашарлатады. Мысалы ішек қарынға жасалған операциядан

кейін калий жетіспеген жағдайда, ол адамның іші кеуіп,ішек –қарынның жиырылу созылу

қабілеті күрт нашарлайды. Сол үшін ауыр операциядан кейін адамқанының құрамындағы

калий мөлшерін күніне тексеріп, азайған жағдайда калий ерітіндісін құйып, қалыпты

жағдайға келтіру қажет. Калий мейіз бен кептірілген өріктің, көк пияздың, қауынның,

апельсиннің және алманың құрамында көп. Жүрегі асқазаны және ішектері ауратын

адамдар осы жемістерді асқа жиі пайдаланғаны дұрыс.

Кальцийдің де ағзада атқаратын қызметі өте зор. Сүйектің өсіп- жетілуіне,

жарақаттанғанда аққан қаның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметіне,қышқыл

мен сілтінің арақатынасын сақтауда аса маңызды процестерде кальций өте қажет.. адам

ағзасын кальциймен қамтамасыз етудің ең қолайлысы – сүт пен балық және солардан

жасалатын тағамдарды пайдалану. Қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен түрлі

сүйек ауруларына соқтырады.

Адам ағзасына жасөспірімдерге өте қажет элемент- фосфор. Фосфорда калий сияқты

сүйектің өсіп жетілуіне қажет. Сонымен бірге бұлшықет пен жүйке жүйелерінің

қызметінде жақсартады. Фосфор етте,бұршақта, жұмыртқада сүт пен балықтан жасалған

тағамдардың құрамында көп болады.

Магний- адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартатын ферменттердің құрамына

кіреді. Ағзада магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке

жүйесінің қызметін бұзады,әртүрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың

шаштары түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке мен

қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталып,ішек пен өт қызметтерінің

жақсаратынына анықталды.

Жоғарыдағы кестеде

микроэлементтердің тәуліктік қажет

мөлшерінде темір, мыс, кобальт, иод

сияқты элементтер

гормондардың,ферменттердің,

дәрумендердің құрамына ауадай

қажет.олар ағзадағы және оның

жасушаларындағы зат алмасу

процестеріне тікелей

қатысып,олардың жұмысын

реттейдіжәне қанның құрамындағы

оттегін тарататын,қызыл қан

түйіршіктерін көбейтеді. Ал иодтың

қалқанша безінің қызметіндегі және

соған байланысты бұғақ-зоб ауруын

болдырмаудағы рөлі үлкен. Таулы

аймақтардың суларында иод жетіспегендіктен ас тұзына иод қосады. Сондай-ақ фтордың

да тіс пен сүйектің жетілуіне әсері зор, Фтор жетіспеген жағдайда адамның тістері

үгілгіш,бұзылғыш келеді. Сондықтан тіс жуатын пасталарға фтор қосады.

Соңғы арнаулы жүргізілген ғылыми зерттеулер,адам ағзасына арнайы дәрі дәрмектерден

еккеннен ғөрі микроэлементтер мен дәрумендердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым

тиімді екені дәлелденіп отыр. Денсаулықты сақтаудың дұрыс жолы дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік

заттар сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтуі қажет әсіресе тамақ нормасын

әркім өз ақылымен жоғарыдағы ғылыми деректерге сүйене отырып мөлшерлегені жөн.

ІІІ бөлім Бекіту сұрақтары:

1. Жасушаны зерттейтін ғылым?

2. Жасушаны құрайтын химиялық элементердің маңыздылығы ?

3. Гипофизде жинақталатын элементтерді ата? (бром, марганец, хром)

4. Макроэлементтерді ата олардың биологиялық маңыздылығы?( С, Н, О, Азот, күкірт,

фосфор олар нәруыздың нуклейн қышқылдарының ағзаның қосылыстар құрамына кіреді.)

5. Қан құрамындағы калий мөлшерінің азаюуының себебі ?(ішек –қарын ауруларын

мүшелерінің жиырылып,созылу қабілетін нашарлатады)

6.Бас ми ұлпаларында кездесетін элементтер?(аллюминий, мыс, титан)

7.Ағзадағы кальций мөлшері?(1700 г)

Тапсырмалар арқылы ағзада кездесетін элементтер жетіспеген жағдайда

туындайтын аурулардың атауы мен емдейтін дәрігерді ата?

1. Қан ауруларын атаңыз емдейтін дәрігер (қаназдық, гемофилия; дәрігер- гематолог)

2. Жүрек ауруларын атап, дәрігерді ата?(инфаркт,миакардит; кардиолог)

3. Көз ауруларын атап, дәрігерді ата? (глаукома, катаракта; дәрігер- окулист)

4. Иод жетіспегенде туындайтын ауруларата, емдейтін дәрігерді ата?(бұғақ-зоб;

дәрігер- эндокринолог)

5. Шөптесін өсімдіктер, шаңтозаңнан туындайтын ауруларды атап,емдейтін дәрігерді

ата?(аллергия,өкпе рагы; дәрігер- аллерголог)

6. Тіс ауруларын атаңыз,емдейтін дәрігер? (кариес,пульпит; стоматолог)

7. Жүйке жүйесінің ауруларын ата?(энурез,шизофрения; дәрігер- невропотолог,

психиатр)

8. Асқазан ауруларын ата,емдейтін дәрігер?(гастрит, асқазан жарасы;

гастроэнтеролог)

9. Сүйек ауруларын ата,емдейтін дәрігер? (артрит,рахит, хирург)

10. Тыныс алу жолдарының ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (бронхит, рахит;

терапевт)

11. Ми ауруларын ата, емдейтін дәрігер?(минингит, энцефалит; невропотолог)

12. Бауыр ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (цирроз,гепатит; терапевт)

13. Бүйрек ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? (пилонефрит, уролог)

14. Қаңқа ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? ( остеохондроз; невропотолог)

Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:

химиялық құрамының біркелкілігі,

заттар мен энергияның алмасуы,

құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,

көбею,

тұқым куалаушылық,

өзгергіштік,

өсу мен даму,

тітіркенгіштік,

дискреттілік (оқшаулану),

өзін-өзі реттеу,

ырғақтылық қасиеттер де тән.

Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.

ДНҚ

Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына — нуклеин қышқылдары — ДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі азғалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.

Нәруыз құрылымы

Тірі азғалар құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына — нәруыздар (ақуыздар) жатады. Нәруыздар жасуша құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді әрі биологиялық өршіткі (катализатор) қызметін атқарады.

көмірсулар

Органикалық қосылыстардың үшінші тобына — көмірсулар мен майлар жатады. Олар ағзаларды қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзуге қатысады.

Мазмұны [жасыру]

1 Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)

2 Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы

3 Тірі организмдердің көбеюі

4 Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы

5 Тірі организмдердің өзгергіштігі

6 Тірі организмдердің өсуі мен дамуы

7 Тірі организмдердің тітіркенгіштігі

8 Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі

9 Тірі организмдердің өзін-өзі реттеуі

10 Тірі организмдер тіршілігіндегі ырғақтылық

11 Дереккөздер

Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)[өңдеу]

Метаболизм

Метаболизм гректің "metabole" сөзінен алынған, "өзгеру", "алмасу" деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі азғалар арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі азғалар өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Өлі табиғатта да зат алмасу болады. Өлі табиғаттағы зат алмасу кезінде заттар бір орыннан екінші орынға тасымалданады немесе бір күйден екінші күйге ауысады. Мысалы, топырақтың шайылып тасымалдануы, судың буға не мұзға айналуы, т.б. Тірі ағзаларда жүретін зат алмасудың сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі азғалар қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне кажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше "anabole" — "өрлеу" деген ұғымды білдіреді. Зат алмасудың екінші кезеңі — катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше "Katabole" — ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде азғалар денесіндегі күрделі органикалық қосылыстар карапайым заттарға ыдырайды да, сол ағзаның тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу аркылы тірі ағзалардың ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы камтамасыз етіледі.

Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы[өңдеу]

Барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды. Жасушаның құрылысын және оның құрамындағы әрбір органоидтердің атқаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.

Тірі организмдердің көбеюі[өңдеу]

Тірі азғалар көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі ағзалардың көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір ағзаның өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ-ның бір молекуласынан екі еселену аркылы бір-біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі орамды молекулалар тізбегі түзіледі. Тірі ағзалардың көбеюі тікелей тұқым қуалаушылық касиетімен байланысты.

Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы[өңдеу]

Тұкым куалаушылық аркылы тірі азғалар өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отырады. Тірі ағзалардың белгілері олардың түрлі тіршілік деңгейлеріндегі құрылыс ерекшеліктері арқылы айқындалады. Организмдердің касиеттері әрбір құрылымдық қосылыстардың атқаратын қызметі аркылы білінеді. Тұқым қуалаушылық касиет арнайы құрылымы бар заттардың (генетикалық аппарат) генетикалық коды арқылы беріледі. Генетикалық код ДНҚ молекуласындағы аминқышқылдарынан тұратын нуклеотидтердің орналасу ретіне тікелей байланысты болады.

Тірі организмдердің өзгергіштігі[өңдеу]

Тірі ағзалардың өзгергіштік қасиеті тікелей тұқым қуалаушылык касиетімен байланысты жүреді. Өзгергіштік кезінде тұқым қуалаушылықтың негізі болып саналатын гендердің құрылымы өзгереді. Тұқым қуалаушылық қасиет мүлде өзгермейтін болса, тірі азғалар қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделе алмайды. Өзгергіштік арқылы ағзаларда гендер құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады. Сонымен қатар өзгергіштік арқылы табиғи сұрыпталуға жол ашылады. Организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделіп, тіршілік әрекетін әрі карай жалғастырады. Осылайша бірте-бірте жаңа түрлер пайда болады.

Тірі организмдердің өсуі мен дамуы[өңдеу]

Тірі ағзаларға тән қасиеттің бірі — олардың өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте-бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті тірі ағзаларға және өлі табиғатқа тән кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Даму арқылы табиғатта жаңа қасиеттер пайда болады да, тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрылымдық құрамы өзгереді. Тірі ағзалардың жекелей дамуы — онтогенез, ал тарихи дамуы — филогенез деп аталады. Онтогенездік даму кезінде тірі ағзаларда бірте-бірте белгілі реттілікпен жеке ағзаның өзіне тән қасиеттері қалыптасады. Филогенездік даму — тірі ағзаларға тән әрі белгілі бір бағыт бойынша жүретін, кері кайталанбайтын процесс. Бұл кезде жаңа түрлер пайда болып, тіршілік күрделене түседі.

Тірі организмдердің тітіркенгіштігі[өңдеу]

Кез келген тірі ағза сыртқы орта жағдайларымен және басқа да азғалармен өзара тығыз байланыста болады. Тірі азғалар қоршаған орта жағдайларының әр түрлі тітіркендіргіштеріне түрліше жауап қайтарады. Көп жасушалы жануарлар тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі аркылы жауап қайтарады. Олардың орта жағдайларының тітіркендіргіштеріне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Жүйке жүйесі болмайтын бір жасушалы қарапайым жануарлар мен өсімдіктердің қозғалысында немесе өсуінде тітіркендіргіштердің әсерінен болатын өзгерісті таксис немесе тропизм дейді. Мысалы, өсімдіктердің жарыққа карап қозғалуын фототаксис дейді.

Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі[өңдеу]

Дискреттілік (оқшаулану) латынның "discretum" деген сөзінен алынған, "бір-бірінен айқын оқшаулану" деген ұғымды білдіреді. Жер бетіндегі тіршілік жеке — жеке оқшаулану (дискретті) формасында кездеседі. Кез келген ағзаның оқшауланған құрылысы, оның әркелкі деңгейлік құрылымдық көріністерінен айкын байқалады. Мысалы, ағзаны құрайтын жасушалар — жеке органоидтерден, көп жасушалы ағзалардағы ұлпалар — жеке жасушалардан, популяция — жеке даралардан тұрады. Мысалы, өсімдік немесе жануар мүшелері бір-бірінен құрылысы мен атқаратын кызметі әр түрлі ұлпалардан тұратындығымен ажыратылады. Жоғарыда айтылған әрбір тіршілік деңгейлерінің құрылымдық ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.

Тірі организмдердің өзін-өзі реттеуі[өңдеу]

Тірі азғалар орта жағдайларының өзгерістеріне қарамай, өздерінің химиялық құрамын, ондағы физиологиялық процестердің бір қалыпты жүруін үнемі реттеп отырады. Жануарларда бұл кезде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы (гомеостазы) бірқалыпты деңгейде сақталады. бұл процесс жүйке, эндокриндік, т.б. жүйелер арқылы реттеліп отырады.

Тірі организмдер тіршілігіндегі ырғақтылық[өңдеу]

Қоршаған орта жағдайларында оқтын-оқтын болып тұратын өзгерістер тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне ерекше әсер етеді. Соған орай тірі ағзалардың тіршілігінде ырғақты өзгерістер айқын байқалады. Мұндай ырғақты өзгерістер секундтық, минуттық, сағаттық, тәуліктік, маусымдық, жылдық, т.б. уақыттар аралығында жүріп отырады. Мысалы, адам өміріндегі тәуліктік ырғаққа байланысты ұйқы мен сергектікті, кейбір жануарлар тіршілігіндегі маусымдық ұй

Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар

Өсімдіктер, жануарлар және ұсақ ағзалар жасушаларының йод химиялық құрамы ұқсас. Тірі ағзалар жасушаларының құрамына өлі табиғатта кездесетін 70-ке жуық химиялық элементтер кіреді. Бұл тірі және өлі табиғаттың ортақ екенін дәлелдейді. Жасушалардағы элементтер мөлшерінің қатынасы әр түрлі, сондықтан элементтерді бірнеше топтарға бөледі. Макроэлементтерден: оттегі, көміртегі, сутегі және азоттан біріші топ түзіледі. Кейде оларды органогендер деп атайды. Олардың жасушалардағы массасы шамамен 98% және барлық ағза заттардың негізін құрайды.

Екінші топ элементтері - күкірт және фосфор биологиялық полимерлер - нәруыз және нуклеин қышқылдарының құрамына енеді (микроэлементтер). Осы топқа натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор да кіреді. Бұл элементтер жасушада маңызды қызмет атқарады. Мәселен, натрий, калий және хлор жүйкелер жасушаларының ақсондары бойынша жүйке серпіндерінің (импульс) өтуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ әр түрлі заттардың жасуша жарғақшалары арқылы етуіне себепші болады. Кальций жануарлар мен адам қанының ұюына қатысады, сүйек ұлпасының құрамына енеді. Темір эритроциттер гемоглобинінің құрамына еніп, өкпеден ағзаның әрбір жасушасына оттегін тасымалдайды. Темір өкпеден ағзалардын, әрбір жасушаларына оттегін тасымалдауды қамтамасыз етіп, эритроциттер құрамына енеді. Магний болса, ол да жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктердің жасушаларының құрамына кіреді. Ол фотосинтезді қамтамасыз етіп, жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласының орталық атомы болып есептеледі. Ал жануарлар жасушаларында магний ферменттер құрамына кіреді.

Көптеген макроэлементтпер әдетте жасушаларда иондар (оң зарядталған катиондар немесе теріс зарядталған аниондар) түрінде болады. Адам ағзасындағы калий, натрий, кальций және магний иондары концентрациясының қатысы жүрек әрекетінің ырғағына, бүйректің су бөліп шығару жылдамдығына, қанның ұйығыштық деңгейіне, сүйек ұлпасының пәрмені мен өсуіне ыкпал етеді.

Қалған элементтердің барлығы: мыс, мырыш, фтор, никель, селен, молибден, кобальт, т. б. ушінші топты құрайды. Олардың жасушадағы мөлшері ете мардымсыз (0,02%), сондықтан оларды ультрамикроэлементтер дейді. Мөлшері аз болғанмен олар ағзада маңызды қызмет атқарады. Йод - қалканша без гормоны тироксиннің негізгі құрамдас бөлігі. Мырыш инсулин гормоны молекуласының құрамына енеді. Кобальт - В12) витамині молекуласындағы орталық атом. Бром жүйке жасушаларының қызмет атқаруы үшін қажет. Мыс кейбір ферменттер мен тасымалдағыш жасушалар молекулаларының кұрамына енеді, сондай-ақ шаянтектестердің және ұлулардың тынысалу пигменттерінде болады. Фтор тіс кіреукесі және т. б. құрамына кіреді.

Топырақтағы, тағамдағы микроэлементтердің тапшылығы немесе молшылығынан ағзалардың физиологиялық қызметі өзгереді (ауру, көндігу немесе өлу). Мысалы, кобальттың топырақта (сондай-ақ жайылым өсімдіктерінде) жөне жергілікті мал азығында тапшылығынан қойлар мен мүйізді ірі мал қаназдың ауруына ұшырайды.

Литосферада көп кездесетін, алайда тірі табиғатта өте аз мөлшерде болатын жалғыз элемент - кремний. Бұл кремнийдің химиялық белсенділігінің шамадан тыс төмендігіне байланысты болса керек, сондықтан химиялық үдеріс шапшаңдығы төмен және қосылыстарының саны да көп емес. Ал тірі нәрсеге шапшаңдык және әр түрлі химиялық реакциялардың маңызы зор.

Егер қандай болса да бір жасушаға немесе ағзаға мөлшері 0,000001 г шамасында болса да элемент қажет болса, оның болмауынан қалай болғанда да оның опатқа ұшырайтынын есте ұстаған жөн.

Сонымен біз көптеген микроэлементтердің тірі ағзадағы биологиялық рөлін айқындап алдық.

Жасушалар мен ағзаларда суды қоспай, тұтас алғанда бейағзалық заттардың мөлшері шамамен 1% болады. Құрамында 20-22% тұз болатын сүйек ұлпасының жасушалары ғана ерекшелік білдіреді.

Су. Жасушаның барлық бейорганиқалық заттарының ішінде су бірінші орын алады, өйткені ағзада орта есеппен алғанда демо массасының 80%-ға жуығы су болады. Сүйек ұлпасының 10%-ға жуығы, ми сұр затының 80%-ға жуығы, сондай-ақ адам және жануарлар эмбрионы (ұрығы) жасушаларында 90%-дан астам судан тұрады.

Ағза жасушаларындағы судың рөлі зор. Көптеген бейорганикалық және ағзалық заттар суда ериді. Оларды гидрофильділер (лат. суды ұнататындар, сулана алатындар) дейді. Ерімейтіндері гидрофобтылар (лат. суданқорқатындар, сулана алмайтындар) дейді. Су кейбір ферменттер әрекетінен гидролиз реакциясына түседі, яғни Н+ және ОН-иондары еріген заттардың молекулаларына қосылып, қасиеті жаңа заттар түзеді. Еріген заттар осының нәтижесінде тез химиялық реакцияласуға кіріседі. Су заттардың жасушаға еніп, тіршілік әрекеті өнімдерінің бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Бұған қоса су өсімдіктерге, көбінесе бактерияларға фотосинтезді жүзеге асыру үшін қажет.

Судың жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жоғары. Судың бұл қасиеті жасуша ішіндегі температураны тіпті сыртқы ортадағы температура өзгерсе де сақтап қалуға көмектеседі.

Минералды тұздар.[өңдеу]

Минералды тұздар. Жасушада тұз иондар түрінде немесе қатты күйде болады. Na+, К+ және Са2+ иондары ағзаның өте маңызды қасиеттері - тітіркенгіштікті қамтамасыз етеді. Кальций фосфаты тәрізді ерімейтін минералды тұздар сүйек ұлпасының аралық жасушалары, ұлу бақалшактары құрамына кіріп, олардың беріктігін арттырады.

Жасушалар цитоплазмада қалыпты өлсіз сілтілі орта болуына жердемдесе алады. Жасушаның бұл қасиеті буферлілік деп аталады. Ол негізінде НСО3- аниондарымен қамтамасыз етіледі, ал қанда және жасушадан тыс сұйықтықта бұл рөлді НСО32- және CO3- иондары атқарады. [

ЖАСУШA - дегеніміз төрт тірі обьектінің бас элементарлық бірлігі. Тірі организмдердің құрамына кіретін клеткаларды екі топқа бөлуге болады. Ядро қабаты болмайтын прокариоттар, ядро қабаты болатын эукариоттар, бұған жануармен өсімдік клеткалары жатады. /1 сур/, /2 сур/.

Тірі организмдердің өмір cүруіне мынадай жасушалық органеллалар керек. Ядро, митохондрия, лезосомалар, гикроденелер, эндоплазмалық тор. Жасушалық мембраналар клетканы қоршаған ортадан бөледі және клетканың ішінде әр түрлі клеткалық бөлінділерді түзеді. Мембраналардың массалары клетканың массасының 80% алады. Мембраналар липидтер жене белоктық қабаттан тұрады. Белояты компоненттер белок молекуласынан тұрады. Олардың молекуласының массасы 5000 - 250000-ға дейін. Липидті бөлігі фосфолипидті гликолипидтерден, стероидтардан тұрады. Қазірге дейін цитоплазмалық мембрананың структурасы соңына дейін дәлелденбеген.

Қазіргі кезде клеткалық мембрананың 3 моделі жүргізіліп жатыр:

1. Элемэлентарлық мембрананың моделі. Гипотиза бойынша мембраналар 2 белоктық қабаттан тұрады. Олардың ортасында жұқа липидтік қабат, сыртқы қабат мукопротенд. Ішкі қабат глобулярлық белоктардан тұрады.

2. Глобулярлы бірлестіктің моделі. Мембрана глобулярдан тұрады. Әр глобула сыртқы жағынан белоктармен қапталған.

Глобулалардың арасында саңылаулар орналасады. Саңылаулар арққылы майда заттар және қоректік заттар өтеді.

3. Ерітінді мазайкалық модель. Мембранаяар 2 қабатты липидтерден тұрады. Ол 2 қабат белоктармен қапталған. Бірақ бұл модель бойынша белоктар липидтерден жеңіл бөлінеді. Липидтердің ішінде белоктардың молекулалары кездеседі. Ондай белоктарды интегралды белоктар деп атайды.

ЦИТОПЛАЗМА. Цитоплазма - плазмалық мембрана арқылы бөлінген клетканың қоймалжың ішкі ортасы табылады. Ол организм тіршілігіне қажетті органоидтар гиалоплазма және матрица деп аталатын массадан тұрады.

Гиалоплазма /грекше hyagos - әйнек немесе плазма/ цитоплазманың негізгі түссіз күрделі қоймалжың жүйесі, цитоплазманың түп негізі. Гиалоплазманың құрамына еріген ақуыз, еріген РНҚ, полисахаридтер, липидтер болады. гиалопдазма арқылы аминқышқылдары, май қышқылдары, АТФ-ты тасымалдаушылар, нуклеоидтер, қанттар және бейорганикалық иондар тасымалданады. Цитоплазманың қызметі: 1 цитоплазма эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, пластиндер, гольджи аппараты, лизосомалар, жасуша орталығы, вакоульдер және қосындылардың жұмысын реттепе отырады. 2. Цитоплазма жасушаның жұмысын реттеп тұратын ферменттерге, ферменттер жүйесіне бай, олар зат алмасуды тездетеді.

Митохондрия – пішіні таяқша немесе түйіршік тәрізді ұзындығы 5-7 мкм, ені 0,5 – 1 мкм. Митохондрия клеткадан ішіндегі цитоплазмадан 2 мембранадан бөлінген сыртқы мембраналары тегіс, мембранада кристалдар деп аталатын қатпарлар болады. Митохондрияның ішкі ортасы матрикс деп аталады. Митохондрияның әр бөлігінде арнайы ферменттер болады. Сыртқы мембрамада майлы қышқылда ыдырататын ферменттер мен мыс; аминооксидоза ацимо-синтаза болады. Митохондрияның бас қасиеті АТФ синтезі. Ішкі мембрананың белоктың 20-25% - ін тыныс алатын ферменттерге келеді. Матрикс тәрізді структура. Олардың құрамына 50% белок кіреді.

РИБОСОМАЛАР - негізінен эндоплазмалық тop және ядро қабықшасының сыртқы қабатында орналасқан шағын денелер. Химиялық құрамы белоктан және РНК – ның қатысуында белок синтезі жүреді. Әр рибосома екі субьединицадан құралған. Біреуінің мөлшері 12х15 нм, екіншісінікі 8х15 нм. Белоктың синтезі жүрген кезеңде екі субьединицадан матрикалық РНК мен байланысады /т РНК/. Әдетте ол ортада магнийдің иондары болған кезде жүретін РНК – ның үстінде бірнеше рибосомалар орналасса, оларды полирибосима немесе полисома деп аталады.

ЯДРО - негізінен тұқым қуалаушылыққа жауап беретін генетикалық материал жинақталады және ол клеткадағы тіршілік процестерін реттеуге қатысады. Пішіні жағынан әртүрлі болажы. Көбінесе дөңгелек немесе сопақша диаметрі 10-30 мкм – ден аспайды. Сыртқы жағынан ядро 2 мембранадан қапталған, әр мембранада өте ұқсас саңылаулар болажы. Солар арқылы ядроның ішіне макромолекулалар өте алады. электрондық микроскоппен саңылауларға қарағанда пораның 2 жағында екі – екіден глобула орналасады.

ЭНДОПЛАЗМАЛЫҚ ТОР. Цитоплазманың ішінде бір – бірімен тығыз байланысқан түтікшелердің, Вакольудердің, цистерналардың жиынтығынан тұратын күрделі жарғақшалар жүйесі. Эндозплазмалық тордың: 1. түйіршікті, 2. тегіс бетті – екі түрі болады.