Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маш тозу информ 3билет.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
807.88 Кб
Скачать

1.3. Бағалаудың мақсаты

Бағалау қызметінің негізгі мақсаты машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын иемденуі бойынша билік жүргізуге және пайдалануға, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет араларында құқықтық қатынастардың туындауында байланысты машиналар мен жабдықтардың, көлік құралдарының құнын анықтау болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын бағалаудағы сұраныс келесі жағдайларда туындайды:

1) «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қорларды қайта бағалау;

2) экспорттау және импорттау барысында кедендік құнын анықтау;

3) жекешелендіру;

4) сатып алу-сату, соның ішінде аукционды;

5) кепілді рәсімдеу;

6) жалға беру және лизингтік операциялар;

7) жарғылық капиталына салымдар ретінде рәсімдеу;

8) акционер салымдарын қоғамнан шығу барысында бөлу;

9) жоғалу, жою немесе зақымдану жағдайларынан сақтандыру;

10) зақымдану кезінде зиян құнын бағалау;

11) иелердің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) сыйға беру (салық салу мақсаттары үшін);

13) мұрагерлік (салық салу мақсаттары үшін);

14) сот тәртібі бойынша мүліктерді бөлісу;

15) айырбастау шарты және бартерлік мәмілелер;

16) мүліктерді тәркілеу;

17) есептен шығару және қосымша пайдалану.

1.4. Бағалау процессі

Бағалау процессі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Мақсатты анықтау. Тапсырыс беруші мен бағалаушының арасында бағалаудың мақсатын анықтайды. Бағалау объектісі мен бағалау күні анықталады. Бағалау күні – бұл есептеулерді жүргізу үшін арнайы бекітілген күн.

2. Құнның түрін анықтау. Бұл кезеңде берілген жағдайда қарастырылатын

және есептелетін құнның түрі мен бағалаудың мақсатын салыстырады. Машиналар мен жабдықтарды бағалағанда әр түрлі құнның түрлері пайдаланылады. Олардың негізгісі нарықтық құн болып табылады.

3. Объект меншігін анықтау. Бұл кезеңде меншікті теңестіру мен түгендеу тізімімен салыстыру болып табылады.

4. Ақпаратты жинау. Бұл жұмыстың ең күрделі кезеңі болып табылады. Бағалаушы объектіні физикалық байқаудан өткізеді, объектінің жағдайын сипаттайды, машинаның физикалық жағдайын талдайды, техникалық қызмет көрсету әдістерімен танысады. Бұл машинаның жағдайын анықтауға мүмкіндік

береді.

Ақпаратты жинау кезеңі маңызды болып табылады. Өйткені, жұмыстың нәтижесі жиналған мәліметтердің сапасына тәуелді.

Ақпаратты жинау кезеңінде үш бағыттағы мәліметтерге аса көп көңіл бөлу қажет:

  • бұл ағымдағы нақты көшірмені қайта өндіруге жұмсалған шығындар.

  • машинаның жағдайы және тағайындалуы бірдей объектілердің сатылуы,

яғни сондай жабдықтың нарығын талдау.

- берілген меншіктің иесіне қаншалықты табыс әкелуі.

5. Тозуды талдау. Бұл кзеңде бағалаушы машинаның шынайы физикалық жағдайын анықтау үшін тапсырыс берушіден алған мәліметтерді және өз мәліметтерін талдайды. Белгілі бір дәрежеде тозған машинаның құны жаңа машинаның құнынан едәуір төмен болады.

Объектінің жағдайын талдаған соң, бағалаушы жұмыстың ең маңызды бөлігіне кіріседі, яғни есептеулер жүргізеді және объектінің құнын бағалайды.

6. Бағалаудың әдістемесі. Машиналар мен жабдықтарды бағалауда үш амал қолданылады: шығын, нарықтық және табыс амалдары.