Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маш тозу информ 3билет.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
807.88 Кб
Скачать

Әдістемелік негіздері

1.1. Бағалау құндарының түрлері

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі құндардың түрлері қолданылады. Бірақ, құндарды түрлерін анықтамас бұрын оларды бағадан ажырата білу қажет.

Бағалаудағы құн – бұл:

  • меншік объектісінің ақшалай көрінісі;

  • меншік объектісінің болашақта әкелетін ағымдағы құны;

  • меншік объектісін сатудан түсетін ағымдағы табыстың ақшалай көрінісі.

Баға – бұл:

- бағалаудағы құнға тең емес, меншік объектісіне төленетін сомма.

Бағалау қызметінде нарықтық құнның түсініктемесі жиі қолданылады. Бұл құнның жалпы анықтамасы Халықаралық бағалау стандарттарында қалыптасқан. Нарықтық құн – бұл машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының ықтималды құны. Ол бойынша мәміле тараптары объектіні бағалау туралы ақпаратпен таныс болып, әрекет ететін жағдайда осы объект бәсекелестік шарттағы мәмілелер негізінде иелігінен айырылуы мүмкін, ал мәміле бағасында қандай да бір төтенше жағдайлар белгіленбейді. Тәжірибеде нарықтық құнның екі түрі қолданылады: жаңа машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының құны (бастапқы нарықтық құн) және қолданылған машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының құны (қайталама нарықтық құн).

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде келесі құндардың түрлері кеңінен қолданылады:

Қайта өндіру құны – бұл ағымдағы бағалармен есептелген нақты көшірмені қайта өндіруге жұмсалған шығындар жиынтығы.

Толық ауыстыру құны – бұл бағаланып жатқан объектіге ұқсас жаңа объектінің ағымдағы құны.

Банкрот кезінде, реструктуризация, яғни, машиналар мен жабдықтарды сатуға мәжбүр болған жағдайда кәсіпорынның активтерін бағалағанда, құнның келесі анықтамалары қолданылады:

Жоспарланған ликвидтік құн - бұл сатушының объектіні жоспарланған уақытта сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні.

Жеделдетілген ликвидтік құн – сатушының объектіні тездетілген уақытта сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні.

Утилизациондық құн – бұл активтерді немесе оның құрама компоненттерін сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні. Бұл құнды «қалдық ликвидттік құн» деп атайды.

Ауыстырудың сақтандыру құны – сақтандыру полисінде көрсетілетін толық ауыстыру құны.

Тозуды есепке алудағы сақтандыру құны – бұл сақтандыру мақсаты үшін

ауыстырудың сақтандыру құнынан тозу көлемін алыптастағандағы құн. Бұл құнды «қалдық сақтандыру құны» деп атайды.

Жоғарыда көрсетілген құндардан басқа, бағалау тәжірибесінде мынадай құндарды да жиі қолданады:

Қайтадан қалпына келтіру құны – активтің нақты көшірмесін қайта өндіруге жұмсалатын шығындары.

Қалпына келтіру құны – бұл бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың мөлшері.

1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидаттары

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі қағидаттарды пайдаланады. Бағалаудың төрт қағидат топтары бар:

  • сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген;

  • өндіріспен байланысты;

  • нарық айналасымен байланысты;

  • неғұрлым тиімді пайдалану.

Арнайы объектіні бағалаған кезде жоғарыда келтірілген қағидаттардың

бірнешеуі пайдалануы мүмкін.

Сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген қағидаттар:

Пайдалылық қағидаты – бұл объектіні иеленушінің қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті. Пайдалылық – бұл потенциалды иеленушіге объектінің табыс әкелу қабілеті.

Алмастыру қағидаты – бұл сатып алушының пайдалылығы және сапасы бірдей объектінің біреуіне көп төлемеуіне негізделген. Бұл қағидат бағалаудың

үш амалында да қолданылады.

Күту қағидаты – бұл құнның болашақта түсетін табысқа байланысты құрылуы. Бұл сатып алушы – инвестордың логикасын анықтайтын маңызды принцип болып табылады. Қазіргі уақыттағы объектіге салынған ақша, болашақта ақталатын табыс ретінде қайтарылуы керек. Бұл қағидатқа бағалаудағы табыс амалы негізделген.

Өндіріспен байланысты қағидаттар:

Салым қағидаты –жеке компоненттің құны объект құнына салынған салым арқылы өлшенеді.

Баланстанған қағидат – объектіден түсетін табыс максималды болуы үшін, барлық өндіріс факторлары қатынаста болуы қажет.

Нарық айналасымен байланысты қағидаттар:

Сәйкестілік қағидаты – объектінің құны нарықтың талаптарына сәйкес құрылады.

Сұраныс және ұсыныс қағидаты – объектінің бағасы сұраныс жоғарлаған уақытта өседі, ал ұсыныс жоғарлаған уақытта төмендейді.

Бәсекелестік қағидаты – бірнеше сатушылардың арасында болатын бақталастық. Бәсекелестік – максималды табыс пен экономиканың дамуының негізі.

Өзгеріс қағидаты – объектінің құны уақыт өткен сайын және экономикалық факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады.

Барынша тиімді пайдалану қағидаты:

Белгілі бір уақытта объектіге жоғары таза табысты қамтамасыз ететін нұсқауды пайдалану. Физикалық мүмкін, жеткілікті дәлелденген және қаржылық жүзеге асыру мүмкіндігі бар және объектінің құнын жоғарлататын нұсқауды пайдалану.

Бұл қағидат жан – жақты болып келген және бағалау қызметіне жататын барлық қағидаттарды байланыстырады.