Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZOOLOGIYa.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
54.23 Кб
Скачать

5. Курстың сипаты

Пәннің мақсаты. Әр түрлі типтерге жататын жануарларды оқып үйрену, жануарлардын негізгі топтарын анықтау үшін, әр студентті ылғалды және құрғақ препараттарды қолдана отырып жануарлар түрін анықтауды үйрету. Өздік жұмыстардың рефераттарын, конспектілерін дайындау үшін студенттерді ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді үйрету. Курстың мақсаты жануарлар әлемінің жүйесін, дамуын, шығу тегін, сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін, көбеюін, экологиясын оқыту. Практикалық маңызы бар және адам үшін пайдалы жануарларды оқып-үйренугеерекше көңіл бөлінеді.

Курстың қысқаша мазмұны. «Зоология» курсы жануарлар туралы комплексті ғылым, биология ғылымының негізі. Пәнді игеру кезінде сіздер жануарлардың ішкі және сыртқы құрылыстарымен танысып, олардың көп түрлілігімен, таралуымен, көбеюімен, шығу тегімен, дамуымен, тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасын, халық шаруашылығындағы және табиғаттағы маңызымен танысасыздар. Омыртқалы жануарларды, буынаяқтыларды, былқылдақ денелілерді, гельминттерді, қарапайымдыларды оқу кезінде сіздер мектепте оқыған зоология және биология пәндерінен алған білімдеріңді толық тереңірек бекітіп және ары қарай толықтыра аласыздар. Курсты игеру кезінде жалпы биологиялық заңдылықтармен, жануарлар жүйесімен танысып білесіздер, сонымен қатар негізгі топтағы туыстастарын анықтауды үйренесіздер, әр түрлі жануарлар топтарының морфологиялық құрлыстарының ерекшеліктерімен танысасыздар.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс: «Зоология» курсын оқу нәтижесінде жануарлар әлемінің сыртқы және ішкі құрылыстары, олардың эволюциялық дамуын және табиғаттағы таралуын, экологиясын меңгереді.

Білуі және түсінуі тиіс:

  • Жануарлардың құрылысы мен биологиясының нақтылы ерекшеліктерін, олардың құрылымы және эволюция сатылары туралы толықтай мәліметтерді;

  • Қызыл кітапқан енген жануарлардың құрылысы мен таралуын білу;

Студент істей білуі керек:

  • мекендеу жағдайына және қоректену сипатына байланысты жануарлардың эволюциялық дамуы мен экологиясын;

  • алынған деректерді өндірістік және ғылыми және практикалық міндеттерді шешуде;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардын сыртқы және ішкі құрлыстарын оқып, білу мақсатында түрлі зоологиялық тәсілдерді игере отырып зерттеу жұмыстарын жасауды үйрену;

Студент қолдана білуі қажет:

  • жануарлар ағзасы мен қоршаған ортаның морфологиялық байланысын табуға, лабораториялық жағдайда және өндірістік орындарда жануарларды өсіру әдістерін меңгеруге қолдануды;

  • паразиттік жолмен қоректенетін жануарлардың құрылыс ерекшеліктері мен таралуын, олардан туындайтын ауруларды білу, ағзаға әсер ету әрекетінің негізгі көрсеткіштерін білу арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Практикалық іс-дағдыларды меңгеруі тиіс:

  • филогенез бойынша жануарлардың мүшелер жүйелеріне, көбею, адам тіршілігіндегі қоректік өнім ретінде әр түрлі факторлардың әсер етуін зерттеу.

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ғылыми мәселелерді қою және зерттеу жұмыстарын, үйренген әдістерін кең қолдана білетіндей тәжірибелік дағдыларды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]